11.Тақырыбы: Есімдік.
2.Қарастырылатын сұрақтар:
Есімдіктің түрлері.
Есімдіктің түрлері, айырмашылықтары.
Есімдіктерің синтаксистік қызметі
3.Дәрістің мақсаты: Сұрау есімдіктерінің басын қосып біріктіріп тұратын негізгі белгі- олардың сұраулық мәні сұрау қалпында қолданылуы. Енді сұрау есімдіктерінің синтаксистік қызметі туралы бірер сөз. Сұрау есімдіктері негізінен сөйлем ішінде сұрау мағынасын тудыру мақсатында жұмсалады. Бұл баланы қалай оқытуым керек? Кейде сұрау есімдігі сөйлемде қосарланып та айтылады. Мұндай қолданыста сұрау мағынасынан гөрі саралау, жекелеу мәні басым болады. Үйге кім келді? Қайсың келдің?
Сөйлемнің мағыналық ерекшелігіне қарай және қолдану өзгешелігіне сәйкес сұрау есімдіктері кейде сұрау мәнін бермейтін кездер де болады. Мысалы: Ырысты, еркің, азат елім қандай,
Кең байтақ, кең дәулетті жерім қандай.
Осы сөйлемдегі қандай сөзі сұрау мағынасын емес, адамның көңіл- күйін білдіріп, экспрессивтік мағына беріп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |