12.Тақырыбы: Етістік.
2.Қарастырылатын сұрақтар:
Етістік туралы түсінік.
Етістіктің есім сөздерден айырмашылығы.
Етістіктің морфологиялық сипаты.
Оның мағыналары мен лексика- семантикалық топтары.
3.Дәрістің мақсаты:
Туынды етістіктер есімдерден де, етістіктен де жасала береді. Сондықтан, тіліміздегі туынды етістік жасайтын жұрнақтарды екі топқа бөліп қарастырамыз: есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар және етістіктерден етістіктер жасайтын жұрнақтар. Осыған сәйкес туынды етістіктер де екі топқа бөлінеді.
А) есім нешізді етістіктер; б) етістік негізді етістіктер
1. Есімдерден етістік тудыратын қосымшалар:
-ла, -ле, -да, -де, -та, -те жұрнақтары. (Қысқаша –ла жұрнағы, қалғаны варианттары).
Етістік тудыратын жұрнақтардың ішіндегі ең өнімді, өрісі кең қосымша болып табылады. Тек есімдерден ғана етістік тудырмай, сондай-ақ етістіктерден де, басқа сөз таптарынан да етістікті мол жасай алатын форма. Бұл қосымша көне тілімізде де кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |