2.Қарастырылатын сұрақтар: Сын есімнің семантикалық сипаты.
Сын есімнің морфологиялық сипаты.
3.Дәрістің мақсаты:Сын есімнің синтаксистік қызметі. Семантикалық жағынан сын есімдер екі топқа бөлінеді: 1) сапалық сын есім; 2) қатыстық сын есім. Сапалық және қатыстық сын есімдердің ерекшеліктері, өздеріне тән негізгі қасиеттері үнемі сақтала бермейді. Сондықтан бұларды бір-бірінен ажырататын ең басты белгі – олардың құрылысы мен мағынасы. Құрылысына қарай қатыстық сын есімдер басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалып, заттың, құбылыстың белгісін екінші бір зат, құбылыс не қимылдың қатысы арқылы білдіреді. Ал сапа сындары түбір тұлғалы болып, сындық белгіні тікелей білдіреді.