Барлығы – 45 сағат



бет59/96
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#12956
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   96
7.Тақырыбы: Сын есім.

2.Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Сын есім және оның жасалуы.

  2. Сын есімнің жасалуы, ерекшелігі, түрлері.

  3. Сын есімнің семантикалық сипаты.

3.Дәрістің мақсаты: Сын есім – семантика, грамматикалық жағынан, яғни морфологиялық ерекшелігі мен сөзжасам, сөз түрлендіру амалы жағынан да, синтаксистік қызметі мен басқа сөздерімен тіркесіп қолданылуы жағынан да қазіргі қазақ тіліндегі өзіне тән еркшелігі бар сөз табының бірі

4. Дәріс мазмұны: Сын есім – семантикалық жағынан заттың, құбылыстың түрлі сапа, белгісін, түсін, көлемін, затқа, құбылысқа, іс-әрекетке қатысын білдіретін сөздер. Сын есімнің маңызды белгілері:

  • заттың түр-түсін білдіреді: ақ, қызыл, боз, сары.

  • Заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді: мол, ауыр, жүйрік, жуас, берік.

  • Заттың сапалық белгі, сипатын білдіреді: ақ етті, ашаң жүзді, әдемі, надан.

  • Заттың дәмі, иісі және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: қалың, жұмсақ.

  • Затқа, қимыл, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді: нұрлы, білікті, атақты, биылғы, жылдағы.

Сын есімнің табиғи қызметі – ешбір өзгеріске түспй-ақ зат есіммен тіркесіп, заттың әр алуан қызметін, сындық белгісін анықтау. Абзал адам азбайды арын сүйген. Жақсы тәртіп әдетке айналса ырыс, жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.

Морфологиялық жағынан сын есім – түрленбейтін сөз табы. Шырай тұлғалары жалпы сын есімге тән түрлену жүйесіне емес, сын есімнің бір ғана мағыналық тобына, сапалық сын есімге ғана тән, ал қатыстық сын есімге шырай тұлғалары жалғанбайды.

Сын есімге септік, тәуелдік, көптік жалғауларының бірі жалғанып қолданылса, онда ол заттанып, зат есімдердің орнына жұмсалады. Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек ... (Абай). Балаға тең көрінер бай мен кедей (С.Торайғыров).

Сын есімнің синтаксистік қызметі – зат есіммен сөз байланыстырушы тұлғаларсыз, орын тәртібі арқылы қабыса байланысып, анықтауыш болуы. Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй (Абай). Сын есім етістікпен синтаксистік қатынаста жұмсалғанда адвербиалдық (үстеу) мәнде пысықтауыш қызметін атқарады. Арық сөйлеп, семіз шық.

Атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып заттанып толықтауыш қызметін атқарады. Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат. Сын есім жеке тұрып та, көмекші етістікпен тіркесіп те жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Бұл ауыл – малға бай.

Сын есімнің сөйлемдегі негізгі және басты қызметі – анықтауыш болу. Ол сын есімнің сөз табы ретіндегі маңызды семантикалық белгісі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет