Барлығы – 45 сағат



бет62/96
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#12956
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   96
Байланысты:
Мор.Ниязғалиева

Дәріс мазмұны:

Сын есімнің синтаксистік қызметі. Семантикалық жағынан сын есімдер екі топқа бөлінеді: 1) сапалық сын есім; 2) қатыстық сын есім. Сапалық және қатыстық сын есімдердің ерекшеліктері, өздеріне тән негізгі қасиеттері үнемі сақтала бермейді. Сондықтан бұларды бір-бірінен ажырататын ең басты белгі – олардың құрылысы мен мағынасы. Құрылысына қарай қатыстық сын есімдер басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалып, заттың, құбылыстың белгісін екінші бір зат, құбылыс не қимылдың қатысы арқылы білдіреді. Ал сапа сындары түбір тұлғалы болып, сындық белгіні тікелей білдіреді.

Сапалық сын есімдер семантикалық жағынан заттың әр алуан сын-сипатын, сапалық белгілерін, шырай тұлғаларымен түрлене алады. Сапалық сын есімдер қосымшасыз тұрып, семантикасы жағынан тікелей заттың сынын білдіреді: Терең ой, терең ғылым іздемейді. Сапалық сын есімдердің морфологиялық сипаты – шырай тұлғаларымен түрлене алуы: әдемілеу, қызғылт, жұп-жұмыр, үлкендеу. Сапалық сын есімдер негізінен түбір сөздер болып келеді. Олардың қатарындағы сөздердің біразы тарихи жағынан туынды түбірлер де, түбір мен қосымшаның жігі ажырамастай бірігіп кеткен.

Қазіргі қазақ тілінде қатыстық сын есімдерге бір заттың белгісін басқа бір заттың, қимыл іс-әрекеттің, сынның қатысы арқылы білдіретін сөздер жатады. Қатыстық сын есімдер көбіне-көп әр түрлі жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалатын туынды сөздер болады да, сол затқа, қимыл, іс-әрекет, құбылысқа қатысын білдіреді. Қатыстық сын есімдер морфологиялық құрамы жағынан сөзжасам қосымшалары арқылы жасалған туынды немесе күрделі сөздер болып келеді. Мағыналық жағынан қатыстық сын есімдер заттың сынын білдіре отырып, белгілі бір сапалық заттың екінші бір затқа я ұғымға қатысын немесе сондай сапаның жоқтыңын, яғни заттың түрі мен түсіне, сыры мен сынына, я ішкі қасиетіне, сол сияқты мезгіл мен мекенге тағы басқа сол тәріздес белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Қазақ тіліндегі қатыстық сын тудырушы қосымшалар: -лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті, -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік, -ғы/-гі, -қы/-кі, -сыз/-сіз, -шыл/-шіл, -и, -паз, -қой, -ық/-ік, -қ/-к, -ғыш/-гіш, -шақ/-шек, -ғыр/-гір, -қыр/-кір. Бұл сөзжасам қосымшалары зат атауын білдіретін немесе есім мәнді және қимылды білдіретін сөздерге жалғанып, сол сөздің мағынасына қатысты ол ұғымдардың бар я жоқ, соған бейімділік, мекендік т.б. тәрізді сөзжасамдық мағына тудырады да, ол екінші бір затқа қатысы болу арқылы қатыстық сын есім болады.

Тілдің даму барысында туынды түбір кейбір қатыстық сын есімдер қатыстық мағынамен бірге заттың сапалық сипатын да білдіреді, сөйтіп, бара-бара сапалық сын есімдерге ауысып кетеді. Оны ажыратудың бірден-бір белгісі – мағыналық жағымен бірге шырай қосымшаларының жалғана алуы немесе керісінше жалғана алмауы. Қатыстық сын есімдерге шырай қосымшалары жалғана алмайды. Ал қосымша арқылы жасалған туынды сын есімдерге шырай тұлғалары жалғанса, олар сапалық сын есімдерге ауысқан сөздер болып табылады: өткір, тұнық, ақылды, ақылсыз. Демек, кейбір қатыстық сын есімдер семантикалық жағынан қатыстық мәннен сапалық мәнге ауыса бастайды. Сөйтіп, қатыстық сын есімдер басқа сөз таптарынан жасалған туынды сөздер болып келеді. Қатыстық сын есімдердің бір тобы бір сөзде заттық белгінің бар екенін көрсетсе, екінші бір тобы керісінше оның жоқ екенін, ал үшінші тобы бір затқа, құбылысқа бейімділікті, икемділікті, төртінші тобы қимыл, іс-әрекетке, амалға, мекенге, мезгілге қатыстылықты білдіреді. Бұл мағыналардың қай-қайсысы болсын морфологиялық көрсеткіштер арқылы беріледі.

Қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдер морфологиялық құрамы жағынан негізгі және туынды түбір болып бөлінеді. Негізгі сын есімдерге әрі қарай бөлшектеуге келмейтін бір түбір морфемадан тұратын сөздер кіреді: жарық, ақ, көк, мөлдір.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет