Барлығы – 45 сағат



бет71/96
Дата06.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#12956
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   96
Байланысты:
Мор.Ниязғалиева

Жіктеу есімдіктері

Саны жағынан өте көп емес, бірақ қызметі жағынан жиі қолданылатын есімдіктер тобы. Оларға мына сөздер жатады: мен, сен, сөз, ол, біз, біздер, сіздер, сендер, олар. Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты болып, әрқашан белгілі бір жақты көрсету үшін қолданылады. Сондықтан үнемі адаммен байланысты, яғни сөйлеуші, тыңдаушы және басқа адам деген ұғымды беру үшін айтылады.

Мысалы: мен есімдігі тек I жақта айтылады да сөйлеуші дегенді, сен есімдігі II жақта айтылады да тыңдаушы дегенді, ал ол есімдігі III жақта беріледі де бөгде кісі деген түсінікпен байланысты болады.

Жіктеу есімдігінің III жағы ол сілтеу есімдігімен ортақ болып келеді. Оның мағынасы сөйлем ішінде ғана дифференцияланып / сараланады, бөлінеді/ анықталады. Мысалы: Ол келді.- Ол адам. Алғашқысы жіктеу есімдігі болса, соңғысы сілтеу есімдігі. Лингвист- ғалым Ә.Төлеуов ол есімдігінің о бастағы түбірі о болуы керек деп топшалайды. Ғалым бұл пікірінің көптік формасын қабылдаған кездегі өзгерісіне байланысты айтады. Мысалы: о- лар. Сондай-ақ бұл есімдіктің септелу үлгісіде ерекше. Жіктеу есімдіктерінің бәрі де септік жалғауларын қабылдай алады. Мынадай формада септеледі:

Жекеше:

А. мен, сен, сөз,ол.

І. менің, сенің, сіздің, оның.

Б. маған, саған, сізге, оған.

Т. мені, сені, сізді, оны.

Ж.менде,сенде, сізде, онда.

Ш.менен, сенен, сізден, онан/ одан/

К. менімен, сенімен, сізбен, онымен.

Көпше:

А. біздер, сендер, сіздер, олар.



І. біздердің, сендердің ,сіздердің, олардың.

Б. біздерге, сендерге, сіздерге, оларға.

Т. біздерді, сендерді, сіздерді, оларды.

Ж.біздерде,сендерде, сіздерде, оларда.

Ш.біздерден, сендерден, сіздерден, олардан.

К. біздермен, сендермен, сіздермен, олармен.

Осы септеуде тек сіз есімдігі ғана есімдер сияқты түрленбей септеліп отыр. Ал мен, сен, ол есімдіктерінің септелу жүйесінде біраз ерекшеліктер бар. Олар мыналар:


  1. Ілік, барыс, табыс, шығыс септіктерінде соңғы -н дыбысы түсіп қалады;

  2. Мен, сен есімдіктері барыс септігінде ма, са болып өзгеріп отырады;

  3. Барыс септігі ған түрінде болып келеді;

  4. Көмектес септігінде дәнекер -ы,-і дыбыстары қолданылады;

  5. Ол есімдігіндегі соңғы -л дыбысы -н дыбысына айналады.

Бірақ бұл ерекшеліктерді қопармалық белгі деп есептеуге болмайды.Бұл ерекшеліктер есімдіктердің көпшілігінде сақталған ерекшеліктер деп айтуға болады.

Енді тәуелдену туралы бірер сөз. Тәуелдік жалғауын тек III жақтағы ол есімдігі ғана қабылдайды. Мысалы: оны, оларың. оларым т.б. Жіктеу есімдіктері өзінің жеке жақтық мағынасында қолданылғанда меншікті білдіретін - нікі, -дікі жұрнақтарын қабылдайды.

Біз есімдігінің мағыналық реңкі әр түрлі болып келеді. Біріншіден, біз жақтағы көпше форма. Әдетте көптің атынан айтылады. Екіншіден, бұл есімдікті жеке адам да айтуы мүмкін. Әсіресе, ғылыми стильде автор сыпайыгершіліктен мен демей біз дейді.

Жіктеу есімдіктерінің жіктелуі. Жіктеу есімдіктеріне жіктік жалғауы өзіндік ерекшелікке сәйкес жалғанады. Есімдік қай жақта тұрса, оған сол жақтың ғана жіктік жалғауы жалғанады.

Мысалы: I жақ менмін, бізбіз, біздерміз

II жақ сенсің, сізсіз, сендерсіңдер, сіздерсіздер

Жіктеу есімдіктері III жақта жіктелгенде ешбір қосымша қабылдамай, сол күйінде қалады.

Сілтеу есімдіктері.

Есімдіктердің бұл тобына бұл, сол, осы, анау, мынау т.б. сөздер жатады. Бұл есімдіктер сілтеу, нұсқау, көрсету сияқты қызмет атқарады да, қай, қандай деген сұраққа жауап беріп, сөйлемдегі субстанциялардың, құбылыстардың субьектіге алыс не жақын сияқты аралық қатынастарын білдіреді.

Сілтеу есімдіктерінің бәрінің мағыналары бірдей болып келе бермейді. Семантикалық жағынан әр сілтеу есімдігінің өзіне тән мағыналық реңкі болады.

Бұл, осы есімдіктері жақын мандағы түсінікті беру үшін қолданылады. Ал сол есімдігі алысырақ жерді сілтейді. Анау, сонау есімдіктері тіпті алыстағы затты сілтейді. Осындай мағыналық ерекшеліктеріне сәйкес үш жікке бөлінеді: жақындық, орталық және алыстық есімдіктері.

Кейде бұл, ол, сол есімдіктерінің соңғы үнді -л дыбысы түсіріліп, ықшамдалып бұ, со, о түрінде айтылады. Бұл есімдіктер әдетте осы ықшамдалған формада септеледі. Ал бұлар тәуелдік жалғауын қабылдағанда- -н дыбысы жалғанады.

Анау, мынау, осынау есімдіктері тікелей септелмейді. Олар тәуелденіп барып септеледі.

Сілтеу есімдіктері саны жағынан көп болмағанына қарамастан, көптеген сөз таптарынын орнына қолданылады.

а) зат есім орнына. Алдыңғы топта жуан қара жігіт келе жатыр. Бұл- Елемес батырақ.

ә) сын есім орнына: Биікке қада қызыл ту

Сол ту болар тірегің.

б) сан есімнің орнына: Басында жүздеп келе жатқан қонақтар күн батар шақта мыңға жетіп, одан да асып кетті.

в) есімдіктер орнына. Итбай бірдемелерді айтып еді, оны ол тыңдаған жоқ.

Сілтеу есімдіктері жеке етістіктердің орнына қолданылмайды. Керісінше сілтеу есімдіктері түгел бір сөйлемнің және ондағы берілген әр қилы оқиға, іс- әрекет орнына қолданыла алады. Мысалы: Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп шошынғаннан, шешесі есінен танып қалды. Мұны көрген Сейіт жыламақ түгіл қабағын да шытпай қалыпты.

Қазіргі қазақ тілінде сілтеу есімдіктері түгелімен жеке грамматикалық тұлғалар және дербес сөздердің кірігуі арқылы жасалынған. Тарихи тұрғыдан олар түгелдей дерлік кіріккен түбірлер. Алайда олардың кірігу дәрежесі біркелкі емес. Осы тұрғыдан ғалымдар сілтеу есімдіктерін екіге жіктейді:

а) іштей байырғы сілтеу есімдіктері

ә) кейіннен жасалған сілтеу есімдіктері

Алғашқылардың сапына бұл, ол, міне, осы, сол, сона, түу есімдіктері кіреді. Ал кейіннен пайда болғандар деп ана-у, мына-у, осы- нау т.б. есімдіктерді айтады.

Бұл есімдіктердің барлығы есімдіктердің бірігуі не кірігуі арқылы аналитикалық жолмен жасалған.

Сілтеу есімдіктері сирек болса да жаңа сөз тудырушы формаларды қабылдайды. Одан бірнеше жаңа сөз жасалады.

1. Аналитикалық тәсіл /синтаксистік/ Бұл тәсіл арқылы қалыптасқан сөздерді екі топқа бөліп қарастырамыз: сөздердің қосарлануы арқылы қалыптасқын және сөздердің бірігуі арқылы жасалған сөздер.

а) ол, бұл есімдіктерінің қосарланып айтылуы арқылы ол-пұл, анау және мынау есімдіктерінің қосарлануы арқылы анау- мынау сөздері жасалған

ә) сона, ана есімдіктеріне ғұрлым сөзі бірігіп келіп анағұрлым, сонағұрлым секілді туынды үстеулер пайда болады.

б) бұл, ол, сол есімдіктерінен бұлай, олай, солай туынды үстеулері дүниеге келеді. Осы үстеулер ет етістігімен бірігіп бұйт, өйт, сөйт секілді туынды етістіктер жасалған. Сондай- ақ ол есімдігінен өйткені, сол есімдігінен сондықтан сияөты шылау сөздер жасалған.

2. Синтетикалық тәсіл. / морфологиялық/

а) әне, міне сілтеу есімдіктеріне -ки/ кей/ қосымшасы жалғану арқылы әнеки, мінеки сөздері жасалады.

ә) бұл, сол, ол есімдіктері жатыс септігі жалғауын қабылдап, мезгіл және мекен мағыналарында қолданылып, үстеу сөздері қатарына ауысқан: мұнда, осында, сонда.

б) сілтеу есімдіктеріне -дай, -гі қосымшалары жалғану арқылы сын есім сөздер жасалған: ондай, әнеугі, сондай т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет