Ою-өрнектердің қазақ мәдениетіндегі алатын орны



бет1/2
Дата13.04.2023
өлшемі290,55 Kb.
#82537
түріСабақ
  1   2

Ою-өрнектердің қазақ мәдениетіндегі алатын орны
Қазақ халқымыздың көне дәуірлерден өшпес мұрасы болып ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, тізгінің ұшында өзіндік тарихынан әдет – ғұрыппен сәндік көркемдік жолмен көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзіндік ерекшілігімен таныта білген – қолөнер.
Қолөнердің халықтың әлуметтік, салт-тұрмысында алатын орынының қаншалықтты биік, жоғары екеніне сене алсаң – оның ішінде қол өнерді нақышына келтіріп әдемілік, әсемдік дүниенің ауқымын кеңейткен ол - ою-өрнек .
Ою-өрнек сөздері бір мағынаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып кесіп, қиып немесе екі затты ою кесіп, қиюластыру ою деп аталады. Ал киім-кешекке, түскиізге, т.б. қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, басқұрға және қоржынға түсірілген түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Өрнекті тасқа, ағашқа күйдіріп қашап бояп түсіруге болады. Сонымен ою және өрнек деген сөзі бірігіп келіп, латынша «Орнамент» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз көп халықтың тіліне сіңген термин, мағынасы – сәндеу, әсемдеу.
Қазақ ою-өрнегі — ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қол өнері саласын алсақ та, ою-өрнектердің өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларындағы элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі.
Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс — көктің, балық — судың, ағаш — жердің белгісі. Сол қазақ ою-өрнегінің мақұлық аты, нәубет аты, ғарыштағы, тіке сызықты, нышандық, танымдық т.б. сарындарының мазмұнын байыта түсті. Халқымыздың ғасырлар бойы мұра болып келе жатқан алпысқа жуық оюлардың мазмұны мен нұсқасын, атауларын жинақтап келеді
Бұйымдарда жан-жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т.б. және өсімдіктердің түрлері кеңінен бейнеленген. Ою-өрнек өнері — қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Мақсат, болашақ ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына өндіре отырып осы өнерді қайта жаңғырту, оған жаңа мазмұн беру.
Қазақ халқының ою-өрнек өнерін жан-жақты зерттеуге ғалымдар мен өнертанушылар, тарихшылар мен этнографтар ат салысты. Ал еуропа, орыс өнертанушы ғалымдары бұл туындыларды XVIII ғасырға дейін зерттеп, көп ғылыми еңбек қалдырды. Төл өнерімізді Зерттеуге В. Вансалов, А. Хедона, саяхатшы Джен-Кинсон, Р. Карутц, С. Дудин, В.Радлов, В. Бартольд, Е. Шнейдер, М.В. Рындин т.б. сол сияқты көптеген орыс және Еуропа ғалымдары мен жиһанкездері елеулі үлес қосты. Олар қазақтың ою-өрнектерін ғылыми тұрғыдан талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанымен, олардың жасаған тұжырымның бәрі де қазақ ою-өрнектерінің ішкі ұлттық табиғатын, мазмұнын аша алмаған еді. Бұл орайда қазақ ою-өрнегін алғашқы рет зерттеген қазақ ғалымы Т. Бәсенов былай дейді: "Қазақ ою-өрнегін зерттеуде әр уақыттың, әр саланың ғалымдары көп еңбек етті. Бірақ бұл зерттеушілер халық ою-өрнегінің жұмбақ тілін жете түсіне, шынайы сырына үңіле алмады. Олар өз ойларын халқымыздың өнер кілтін ашатын тума тілде емес, буржуазиялық жат тілде, өзге халыққа деген астамшылық көзқараспен саралады. Өнерін зерттеп отырған халықтың тілі мен зерттеушінің ойы мен тілінің үндестік таппауы көптеген бұрмалаушылықтарға, тіпті елеулі ағаттықтарға әкеп соқтырды". Көптеген зерттеушілер кеңестік кезеңге дейін. Қазақстанның халықтық өнерін, атап айтқанда, ою-өрнектерін зерттеуге экзотика немесе құрып бара жатқан мәдени мұра ретінде қарады. Мұның астарында жалпы алғанда, дамудың сарқылмас қайнарларын түсінбеу жатқан еді.
Қазақ халқы әсемдікті таңдай білген. Осындай әсемдікті таңдай білген хас шебер оюшы зергерлеріміз осы ою-өрнеке бояу түрлерін пайдалануды да, жете меңгерген. Халқымыздың ою-өрнектерінде басым түс ақ пен қара болып келеді. Бұл ою-өрнектердің ең шешімін тапқан жарасымды түрі болып есептелінеді. Ақ пен қара түс бір – бірін айқын ашып, қандай затқа пайдаланса да, анадайдан көздің жауын алып, сән беріп тұрады. Асқан шеберлер былғарын ақ күміспен әшекейлеп, түс киіз жасаған. Бұл түсті халқымыз ең жоғары бағалаған, қастерлеген. Әрбір түстің өз мән мағынасы бар.
Мысалы: қазақ қолөнерінде қолданылатын түстердің символдық мәні бар: көк түс — аспанның, қызыл-оттың, күн көзінің, ақ түс — ақиқаттың, сары-ақыл-парасаттың, қайғы-мұңның, қара-жердің, жасыл-жастықтың, көктемнің символы. Бұйымдағы ою-өрнек осы түстердің бірімен бейнелегенде ғана оған белгілі мән беріледі. Сырмақ сыруда қара мен ақ түсті пайдалану қалыптасқан, сол сияқты көк пен сары түстің, көк пен жасыл, қара мен ашық қызыл, түстің қатар пайдаланылуы ғасырлар бойы дәстүрге айналған. Көбінесе түстер нақ ортадан бастап шетке қарай түрленеді. Сонда ортада қара, ақ, қызыл, жасыл. Сары көк түс келеді. Бұл ұлт өрнегінде түстерді орналастырудың көне мәнері. Өрнек атауларын түгел қамтып, олардың әрқайсысына жеке атау беру мүмкін емес, әр шебер өзі жасаған ою-өрнекке өзі ат береді. Сол оюдың пайда болу тарихын оюшыдан артық ешкім білмейді. Ою-өрнек саласын зерттеп жүрген ғалымдар оларды бір жүйеге түсіріп, мынандай топтарға бөлген:
1. Өсімдік типтес ою-өрнек ("жапырақ", "үш-жапырақ", "шиыршық гүл", "ағаш" т. б.)
2. Зооморфтық ою-өрнек (жан-жануарлардың табиғи және мифтік бейнелері, "қошқармүйіз" жөне оның түрлі нұсқалары: "қосмүйіз" "сынықмүйіз", "қырықмүйіз", сондай-ақ "өркеш" "табан", "ботамойын", "кұсқанаты" т. б.)
3. Космогониялык өрнек («дөңгелек», шымай,төрткөз, айшық )
4. Геометриялық өрнек(«ирек», «қармақ», «балдақ» т.б)

Өнертану ғылымында қазіргі ою-өрнектерді белгілі бір тәртіппен мазмұны жағынан топтау жөнінде қатып қалған заңдылық жоқ. Соған қарамастан қазақ тіліндегі сан алуан ою-өрнек атауларын лексика-семантикалық топқа ғылыми тұрғыдан былай бөліп қарастыруға болады;


1. Ай, күн, жұлдыз-аспан әлеміне байланысты ою-өрнектер.
2. Малдың дене молшеріне, ізіне байланысты ою-өрнектер.
3. Аңға, аңның дене мүшелеріне, ізіне байланысты ою-өрнектер.
4. Құрт-құмырсқаларға, олардың ізіне байланысты ою-өрнектер
5. Құстарға байланысты ою-өрнектер.
6. Жер, су, өсімдік бейнелі ою-өрнектер.
7. Қару-құралдарға байланысты ою-өрнектер.
Ою-өрнектерді осылайша топтастыру қазақ ою-өрнектері атауларының мазмұнына жақын. Ал өсімдік бейнелі ою-өрнектердің нұсқасын алғаш рет қағазға түсіріп, оған түсініктеме берген Төлеутай Бәсенов.
Ою өрнектің көне атаулары – халықтың тарихы мен мәденеті ұлттық ерекшелігінен ертедегі дүниетанымнан мағлұмат беретін құндылық. Олар халықтың өткен тарихы, рухани, мәдени материалдық өмірнің айнасы. Қазақ тіліндегі ою-өрнек атауларының шығу төркіні сан–салалық балғанымен олардың атауларында тек қазақ тіліне ғана тән сөздер, яғни түрлі тілдерде артық атаулар ғана кездеседі.
Қазақ халқының ою-өрнек өнері байырғы ұлттық өнерлернің ішінде ең ежелігі, әрі кең тараған саласы. Бұл ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, эстетикалық мәні зор өнер. Бүгінгі таңда қазақтың 230-дай оюының ежелден келе жатқан атаулары бар.
Солардың бірнешеуіне тоқтасақ .
" Жұлдыз гүл" ою-өрнегі бес бұрыш жасап, гүлмен өрнектеліп, бес тармақтан түратын гүлді түспалдайды. Тұскиіз, төсекжапқыш, бет-орамалдың ортасына жөне сырт киімнің арқа ұсына немесе шапан етегінің алдыңғы екі бұры- салынады. Кейде жұлдыздың натуралды қалпын кесгелейді. Жұлдыздың бейнесі композицияланған ою-өрнектердің ортасында кездеседі жөне бес жұлдыздың бейнесі анық көрініп тұрады.
"Сынық мүйіз " морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әр түрлі бұйымдарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды.
"Қосмүйіз" - ою - өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде "ырғақ", кейде "ілмек" деп аталатын оюларды "қосмүйіз" дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім-кешектерді, қару-жарақтарды безендіру үшін қолданылады. Қазіргі кезде "қосмүйіз" ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, камзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.
"Тоғызтөбе" — ою-өрнегі ең көне оюлардың бірі. "Бұл өрнек қимақтар мен қарлұқтардың қол-өнерінде сақталған жөне кезінде "тоғызтөбе" ою-өрнегін Айша-бибі күмбезінің кірпіштерін өрнектеу үшін қолданған. Ал қазіргі кезде қазақ, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ қолөнерлерінде кездеседі.
"Арқармүйіз" — ою - өрнегі қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент "қошқар-мүйізге" өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді Кілем, түскиіз, сырмақ, кесте, киім-кешек пеі үй жиһаздарында кездеседі.
"Сыңармүйіз"  "қосмүйіз"', "қошқар" мүйіз'- оюдың тек бір жақ сыңарын ғана бей нелейтін өрнек түрі. Шебер орналастырылған "сыңармүйіз" өрнек композициясында дараланы түрмай, жымдасып келеді. Әдетте, "сыңармүйіз' оюы үй-жиһаздары мен тұрмыстық заттарға, сондай ақ киім-кешек, қару-жарақ т.б. бетіне салынатын ою-өрнектің бөрінде кездеседі. Жөні текеметті, сырмақты әшекейлейтін, олардың жиегіне жүргізілетін өрнектің бір түрі.
"Қошқармүйіз" — ою өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп оның қолтық тұсына қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шола мүйіз төрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық пішіні аңғарылады. Текеметте, сырмақта, басқұрда, алашада кілемде, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектер мен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.
"Қырықмүйіз" — ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған көп мүйізден құралғат-ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төрт бұрыш ішінде бейнеленеді, кейде ағаш бұтағы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. Негізінен, "қошқармүйіз" ою-өрнегінік символдық мәні бақыт-береке, байлық, мал жанының көбеюуы. Түскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, сәулет өнерінде молырақ кездеседі.
«Төртқұлақ» ою-өрнегінің төрт тармағы зооморфты немесе өсімдік оюларынан құралған, ортасы крест бейнесін жасайды. Орташа крест төрт тармағына мүйіз элементі қондырылған, бұл өрнек ең көне оюларға жатады. Алғашқыда "төртқұлақ" сөз өрнегі Пазырық қорғаннан табылған. Төрт жұмбақтан дөңгелек, төртбұрыш, төртжапырақ құрайтын ою-өрнектер жасалады. Бұл оюлар,көбежеге. жұкаяққа, аяққапқа, батырлар шапағатына жауырынына, қалқанға, шалбардың тізе түсіна дөдегенің ортасына немесе шет бұрышына салынады.
."Үшкұлақ", "үшжапырақ," ою-өрнектері барлық қол-өнерге тән үш мүйізді, үш жапырақты, үш тармақты болып бейнеленген.X—XI ғасырларда Тараз қаласындағы мазарлардың қабырғалары үш жапырақты өрнекпен бейнеленген.
"Түйемойын" ою-өрнегі түйенің мойнына ұқсап, иіле көтеріліп барып, тармақталатын мүйіз оюы. Мұндай өрнек мәнері көбінесе күрделі бір мүйіз оюларымен түтас келеді де, түйемойын - өрнегі сол топта өз алдына оқшауланып, өзге денелерден озып тұратын түйенің ұзын мойнына ұқсайды.
"Өркеш" ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмаққа, текеметке, түскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе-теңдік үшін ғана емес сонымен қатар береке-бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет