Барлығы бір жердегі көз мәзірі 4 2 Жоғарғы таңдаулар 4 3 Медиа шолғыш 5 2 Орнату



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата31.03.2017
өлшемі4,62 Mb.
#10804
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Желіге қосылу
Сымсыз байланыс
Сізге не қажет
Теледидарды интернетке сымсыз жалғау үшін интернет
қосылымы бар Wi-Fi маршрутизаторы қажет.
Жылдамдығы жоғары (кең ауқымды) интернет
қосылымын пайдаланыңыз.
Байланыс орнату
Ток сымысыз
Сымсыз байланыс орнату үшін…
1 -  түймесін басыңыз да, Барлық орнатулар опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Wireless and Networks (Сымсыз байланыс және
желілер) тармағын таңдап, мәзірге кіру үшін  (оң жақ)
түймесін басыңыз.
3 - Сымды байланыс немесе Wi-Fi > Желіге қосылу
тармақтарын таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Сымсыз опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
5 - Табылған желілер тізімінен сымсыз желіні таңдаңыз.
Желі атауы жасырын болғандықтан, желі тізімде болмаса
(маршрутизатордың SSID таратылымын өшіріп қойғансыз),
желі атауын өзіңіз енгізу үшін Add New Network (Жаңа
желі қосу) тармағын таңдаңыз.
6 - Маршрутизатордың түріне байланысты шифрлау кілтін
енгізіңіз - WEP, WPA не WPA2. Осы желіге шифрлау кілтін
бұрын енгізіп қойсаңыз, бірден байланыстыру үшін OK
түймесін басуға болады.
7 - Байланыс сәтті болғанда хабар көрсетіледі.
Wi-Fi функциясын қосу/өшіру
 
 
Байланыс орнатуға әрекет етпестен бұрын Wi-Fi
функциясының қосылып тұрғанын тексеріңіз…
1 -  түймесін басыңыз да, Барлық орнатулар опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Wireless and Networks (Сымды және сымсыз байланыс
желілері) опциясын таңдап,  түймесін (оң) басыңыз.
3 - Сымды байланыс немесе Wi-Fi > Wi-Fi қосу/өшіру
тармақтарын таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Егер ол өшіп тұрса, Қосу опциясын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
WPS
Маршрутизаторда WPS болса, маршрутизаторға желілер
үшін сканерлеместен тікелей жалғауға болады. Сымсыз
желіңізде WEP қауіпсіздік шифрлау жүйесін пайдаланатын
құрылғылар болса, WPS пайдалана алмайсыз.
1 -  түймесін басыңыз да, Барлық орнатулар опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Wireless and Networks (Сымсыз байланыс және
желілер) тармағын таңдап, мәзірге кіру үшін  (оң жақ)
түймесін басыңыз.
3 - Сымды байланыс немесе Wi-Fi > Желіге қосылу
тармақтарын таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - WPS тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
5 - Маршрутизаторға өтіп, WPS түймесін басыңыз және 2
минут ішінде теледидарға оралыңыз.
6 - Байланыс орнату үшін Қосылу түймесін басыңыз.
7 - Байланыс сәтті болғанда хабар көрсетіледі.
PIN коды бар WPS
Маршрутизаторда PIN коды бар WPS болса,
маршрутизаторға желілер үшін сканерлеместен тікелей
жалғауға болады. Сымсыз желіңізде WEP қауіпсіздік
шифрлау жүйесін пайдаланатын құрылғылар болса, WPS
пайдалана алмайсыз.
1 -  түймесін басыңыз да, Барлық орнатулар опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Wireless and Networks (Сымсыз байланыс және
желілер) тармағын таңдап, мәзірге кіру үшін  (оң жақ)
түймесін басыңыз.
3 - Сымды байланыс немесе Wi-Fi > Желіге қосылу
тармақтарын таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - PIN коды бар WPS тармағын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
5 - Экранда көрсетілген 8 санды PIN кодын жазып, оны
компьютердегі маршрутизатор бағдарламалық құралына
енгізіңіз. PIN кодын маршрутизатор бағдарламалық
құралының қай бөлігіне енгізуді маршрутизатор
нұсқаулығынан қараңыз.
6 - Байланыс орнату үшін Қосылу түймесін басыңыз.
7 - Байланыс сәтті болғанда хабар көрсетіледі.
37

Мәселелер
Сымсыз желі табылмады немесе бұрмаланған
 
• Жақын жердегі қысқа толқынды пештер, DECT
телефондары немесе басқа Wi-Fi 802.11b/g/n
құрылғылары сымсыз желіні бұзуы мүмкін.
• Желідегі қорғаныс жүйесі теледидардың сымсыз
қосылымына кіру мүмкіндігін беретінін тексеріңіз.
• Егер үйіңізде сымсыз желі дұрыс жұмыс істемесе, сымды
желіні орнатып көріңіз.
Интернет жұмыс істемейді
 
• Маршрутизатормен байланыс дұрыс болса,
маршрутизатордың Интернетпен қосылымын тексеріңіз.
Компьютер және Интернет байланысы баяу
 
• Үй ішіндегі ауқым, беру жылдамдығы және сигнал
сапасының басқа факторлары туралы ақпаратты сымсыз
маршрутизатордың пайдаланушы нұсқаулығынан
қараңыз.
• Маршрутизатор үшін жылдамдығы жоғары Интернет
қосылымы қажет.
DHCP
 
• Байланыс сәтсіз болса, маршрутизатордың DHCP
(Динамикалық хост конфигурация протоколы) параметрін
тексеруге болады. DHCP параметрі қосулы болуы қажет.
Сымды байланыс
Сізге не қажет
Теледидарды интернетке қосу үшін интернет
қосылымы бар желі маршрутизаторы қажет. Жылдамдығы
жоғары (кең ауқымды) интернет қосылымын
пайдаланыңыз.
Байланыс орнату
Сымды байланыс орнату үшін… 
1 - Маршрутизаторды теледидарға желілік кабельмен
(Ethernet кабелі**) қосыңыз.
2 - Маршрутизатордың қосылып тұрғанын тексеріңіз.
3 -  түймесін басыңыз да, Барлық орнатулар опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Wireless and Networks (Сымсыз байланыс және
желілер) тармағын таңдап, мәзірге кіру үшін  (оң жақ)
түймесін басыңыз.
5 - Сымды байланыс немесе Wi-Fi > Желіге қосылу
тармақтарын таңдап, OK түймесін басыңыз.
6 - Сымды параметрін таңдап, OK түймесін
басыңыз. Теледидар желі қосылымын үздіксіз іздейді.
7 - Байланыс сәтті болғанда хабар көрсетіледі. 
Егер байланыс орнатылмаса, маршрутизатордың DHCP
параметрін тексеруге болады. DHCP параметрі қосулы
болуы қажет.
**EMC ережелерін орындау үшін қорғалған FTP Cat. 5E
Ethernet кабелін пайдаланыңыз.
Желі параметрлері
Желі параметрлерін көру
Ағымдағы барлық желі параметрлерін осы жерден көруге
болады. IP және MAC мекенжайы, сигнал күші,
жылдамдығы, шифрлау әдісі, т.б.
 Ағымдағы желі параметрлерін көру үшін…
1 -  түймесін басыңыз да, Барлық орнатулар опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Wireless and Networks (Сымсыз байланыс және
желілер) тармағын таңдап, мәзірге кіру үшін  (оң жақ)
түймесін басыңыз.
3 - Wired or Wi-Fi (Сымды байланыс немесе Wi-Fi) > View
Network Settings (Желі параметрлерін көру) тармақтарын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін  (солға) түймесін
қайталап басыңыз.
Желі конфигурациясы
Тәжірибелі пайдаланушы болсаңыз және желіні
статикалық IP мекенжайымен орнатқыңыз келсе,
теледидарды Static IP (Статикалық IP) параметріне
орнатыңыз.
Теледидарды Static IP (Статикалық IP) параметріне орнату
үшін…
1 -  түймесін басыңыз да, Барлық орнатулар опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Wireless and Networks (Сымсыз байланыс және
желілер) тармағын таңдап, мәзірге кіру үшін  (оң жақ)
түймесін басыңыз.
3 - Сымды байланыс немесе Wi-Fi > Желі
конфигурациясы тармақтарын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
4 - Статикалық IP мекенжайы тармағын таңдап, 
Статикалық IP конфигурациясы параметрін қосу
үшін OK түймесін басыңыз.
5 - Статикалық IP конфигурациясы түймесін басып,
байланысты конфигурациялаңыз.
6 - IP Address (IP мекенжайы), Netmask (Желі
маскасы), Gateway (Шлюз), DNS 1 немесе DNS 2 нөмірін
орнатуға болады.
7 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін  (солға) түймесін
қайталап басыңыз. 
38

Wi-Fi желісімен қосу (WoWLAN)
Теледидар күту режимінде болса, бұл теледидарды
смартфоннан немесе планшеттен қоса аласыз. Switch on
with Wi-Fi (WoWLAN) (Wi-Fi желісімен қосу (WoWLAN))
параметрі қосулы болуы қажет.
WoWLAN қосу үшін… 
1 -  түймесін басыңыз да, Барлық орнатулар опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Wireless and Networks (Сымсыз байланыс және
желілер) тармағын таңдап, мәзірге кіру үшін  (оң жақ)
түймесін басыңыз.
3 - Сымды байланыс немесе Wi-Fi > Wi-Fi желісімен қосу
(WoWLAN) тармақтарын таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - On (Қосу) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
5 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін  (солға) түймесін
қайталап басыңыз.
Wi-Fi желісімен қосу
Теледидардағы Wi-Fi байланысын қосуға немесе өшіруге
болады.
Wi-Fi қосу үшін… 
1 -  түймесін басыңыз да, Барлық орнатулар опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Wireless and Networks (Сымсыз байланыс және
желілер) тармағын таңдап, мәзірге кіру үшін  (оң жақ)
түймесін басыңыз.
3 - Сымды байланыс немесе Wi-Fi > Wi-Fi қосу/өшіру
тармақтарын таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - On (Қосулы) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
5 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін  (солға) түймесін
қайталап басыңыз.
Digital Media Renderer - DMR
Егер мультимедиалық файлдар теледидарда ойнатылмаса,
Digitial Media Renderer (Сандық мультимедиа өңдегіш)
қосулы екенін тексеріңіз. Зауыттық параметр ретінде DMR
қосулы болады.
DMR қосу үшін…
1 -  түймесін басыңыз да, Барлық орнатулар опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Wireless and Networks (Сымсыз байланыс және
желілер) тармағын таңдап, мәзірге кіру үшін  (оң жақ)
түймесін басыңыз.
3 - Wired or Wi-Fi (Сымды байланыс немесе Wi-Fi) > Digital
Media Renderer - DMR тармақтарын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
4 - On (Қосулы) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
5 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін  (солға) түймесін
қайталап басыңыз.
Wi-Fi Smart экраны
Цифрлық теледидар арналарды смартфонда немесе
планшетте Philips теледидарды қашықтан басқару
қолданбасы арқылы қарау үшін Wi-Fi Smart Screen (Wi-Fi
Smart экраны) функциясын қосу қажет. Кейбір шифрланған
арналар мобильді құрылғыда қолжетімді болмауы мүмкін.
Wi-Fi Smart Screen (Wi-Fi Smart экраны) функциясын қосу
үшін…
1 -  түймесін басыңыз да, Барлық орнатулар опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Wireless and Networks (Сымсыз байланыс және
желілер) тармағын таңдап, мәзірге кіру үшін  (оң жақ)
түймесін басыңыз.
3 - Сымды байланыс немесе Wi-Fi > Wi-Fi Smart экраны
тармақтарын таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - On (Қосулы) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
5 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін  (солға) түймесін
қайталап басыңыз.
Теледидар желісінің атауы
Үйдегі желіңізде бірнеше теледидар болса, теледидарға
бірегей атау беруге болады.
Теледидар атауын өзгерту үшін…
1 -  түймесін басыңыз да, Барлық орнатулар опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Wireless and Networks (Сымсыз байланыс және
желілер) тармағын таңдап, мәзірге кіру үшін  (оң жақ)
түймесін басыңыз.
3 - Сымды байланыс немесе Wi-Fi > ТД желі атауы
тармақтарын таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Қашықтан басқару құралының пернетақтасы арқылы
атауын енгізіңіз.
5 - Аяқтау үшін  опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
6 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін  (солға) түймесін
қайталап басыңыз.
Интернет жадын тазалау
Интернет жадын тазалау мүмкіндігімен Philips серверлік
тіркеу және ата-аналық рейтинг параметрлерін, бейнелер
дүкені қолданбасының кіру мәліметтерін, Philips
қолданбалар галереясының барлық таңдаулы
қолданбаларын, интернет бетбелгілерін және журналды
тазалауға болады. Сондай-ақ, интерактивтік MHEG
қолданбалары «cookie» атты файлдарды теледидарға
сақтай алады. Бұл файлдар да жойылады.
Интернет жадын тазалау үшін…
1 -  түймесін басыңыз да, Барлық орнатулар опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Wireless and Networks (Сымсыз байланыс және
желілер) тармағын таңдап, мәзірге кіру үшін  (оң жақ)
түймесін басыңыз.
3 - Сымды байланыс немесе Wi-Fi > Интернет жадын
39

тазалау тармақтарын таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Растау үшін OK түймесін басыңыз.
5 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін  (солға) түймесін
қайталап басыңыз.
Файлды бөлісу
Теледидар сымсыз желідегі компьютер немесе смартфон
сияқты басқа құрылғыларға қосыла алады. Компьютерді
Microsoft Windows немесе Apple OS X жүйесімен бірге
пайдалануға болады.
Бұл теледидарда компьютерде сақталған фотосуреттерді,
музыканы және бейнелерді ашуға болады. Жақында DLNA
сертификатын алған кез келген медиа сервер
бағдарламалық құралды пайдаланыңыз.
7.2
Google тіркелгісі
Кіру
Philips Android теледидарының толық мүмкіндіктерін
пайдалану үшін Google тіркелгісімен Google жүйесіне
кіруге болады.
Жүйеге кіру арқылы телефон, планшет және теледидар
арқылы таңдаулы ойындар ойнауға болады. Сонымен
қатар, YouTube, Google Play және басқа қолданбаларға кіру
құқығымен қоса, теледидардың басты экранында бейне
және музыка ұсыныстарын алуға болады.
Кіру
 
 
Теледидарда Google жүйесіне кіру үшін бар Google
тіркелгісін пайдаланыңыз. Google тіркелгісі электрондық
пошта мекенжайынан және құпия сөзден тұрады. Егер
Google тіркелгіңіз әлі болмаса, оны жасау үшін компьютер
немесе планшет пайдаланыңыз (accounts.google.com).
Google Play жүйесімен ойын ойнау үшін Google+ профилі
керек. Егер алғашқы теледидар орнату барысында жүйеге
кірмесеңіз, жүйеге кейін кіруге болады.
Теледидар орнатымынан кейін жүйеге кіру үшін…
1 -  түймесін басыңыз да, Барлық орнатулар опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Android Settings (Android параметрлері) тармағын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
3 -  (төмен) түймесін басып, Personal (Жеке) > Add
account (Мазмұн қосу) тармағын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
4 - SIGN IN (Жүйеге кіру) опциясын OK түймесін басыңыз.
5 - Қашықтан басқару пернетақтасымен электрондық
пошта мекенжайын енгізіп, пернетақтаның оң жағында
кішкентай OK түймесін басыңыз.
6 - Құпия сөзді енгізіп, жүйеге кіру үшін бірдей
кішкентай OK түймесін басыңыз.
7 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін  (солға) түймесін
қайталап басыңыз. 
Егер басқа Google тіркелгісімен жүйеге кіру керек болса,
алдымен жүйеден шығып, басқа тіркелгімен жүйеге кіріңіз.
Android параметрлері
Android жүйесіне тән параметрлерді немесе ақпаратты
орнатуға немесе көруге болады. Теледидарға орнатылған
қолданбалар тізімін және қажетті сақтау орнын табуға
болады. Voice Search (Дауыспен іздеу) мүмкіндігімен
пайдаланғыңыз келген тілді орнатуға болады. Экрандық
пернетақтаны реттеуге немесе қолданбаларға орныңызды
пайдалануға рұқсат беруге болады. Әр түрлі Android
параметрлерін пайдаланып көріңіз. Осы параметрлер
туралы қосымша ақпарат алу
үшін 
www.support.google.com/androidtv
 сайтына өтуге
болады.
Осы параметрлерді ашу үшін…
1 -  түймесін басыңыз да, Барлық орнатулар опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Android Settings (Android параметрлері) тармағын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
3 - Әр түрлі Android параметрлерін пайдаланып көріңіз.
4 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін  BACK түймесін
басыңыз.
7.3
Philips App Gallery (Philips
қолданбалар галереясы)
Philips қолданбалары
Philips ұйымымен таңдалған қолданбаларды пайдалану
үшін теледидарды интернетке қосыңыз. Philips
қолданбалар галереясы қолданбалары теледидарға
арналып жасалған. Қолданбалар галереясы
қолданбаларын жүктеп алу және орнату тегін.
Philips қолданбалар галереясының қолданбалар жинағы
әрбір ел немесе аймақ үшін әр түрлі болады.
Кейбір қолданбалар галереясы теледидарға алдын ала
орнатылады. Қолданбалар галереясының басқа
қолданбаларын орнату үшін пайдалану шарттарымен
келісуді сұрайды. Реттеуге сәйкес құпиялық параметрлерін
орнатуға болады.
Қолданбалар галереясы қолданбасын орнату үшін…
1 -  HOME түймесін басыңыз.
2 - Төменге айналдырып,  Philips Collection (Philips
жиынтығы) >  App Gallery (Қолданбалар галереясы)
тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
3 - Қолданба белгішесін таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Install (Орнату) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
40

Пайдалану шарттары
Philips қолданбалар галереясы қолданбаларын орнату
және пайдалану үшін пайдалану шарттарымен келісу
қажет. Егер алғашқы теледидар орнату барысында осы
шарттармен келіспесеңіз, олармен кейін келісуге болады.
Пайдалану шарттарымен келіскен кезде, кейбір
қолданбалар дереу қолжетімді болып, басқа
қолданбаларды орнату үшін Philips қолданбалар
галереясын шолуға болады.
Теледидар орнатуынан кейін пайдалану шарттарымен
келісу үшін…
1 -  HOME (Басты бет) түймесін басып, Philips Collection
(Philips жинағы) > App Gallery (Қолданбалар галереясы)
тармағын таңдап, қолданбалар галереясын ашу үшін OK
түймесін басыңыз.
2 - Пайдалану шар. опциясын таңдап, оқу үшін OK
түймесін басыңыз.
3 - Accept (Қабылдау) пәрменін таңдап, OK түймесін
басыңыз. Бұл растауды орындамау мүмкін емес.
4 - Мәзірді жабу үшін BACK түймесін басыңыз.
Құпиялылық параметрлері
Philips қолданбалар галереясы қолданбаларының кейбір
құпиялық параметрлерін орнатуға болады. 
• Philips ұйымына техникалық статистиканы жіберуге
болады.
• Жеке ұсыныстарға мүмкіндік беруге болады.
• Cookie файлдарына мүмкіндік беруге болады.
• 18+ қолданбалары үшін балалардан қорғау құлпын
қосуға болады. 
Philips қолданбалар галереясының құпиялық
параметрлерін орнату үшін…
1 -  HOME (Басты бет) түймесін басып, Philips Collection
(Philips жинағы) > App Gallery (Қолданбалар галереясы)
тармағын таңдап, қолданбалар галереясын ашу үшін OK
түймесін басыңыз.
2 - Privacy Policy (Құпиялық саясаты) опциясын таңдап, OK
түймесін басыңыз.
3 - Әрбір параметрді таңдап, рұқсат беру немесе бермеу
үшін OK түймесін басыңыз. Әрбір параметр туралы
толықтай ақпаратты оқуға болады.
4 - Мәзірді жабу үшін BACK түймесін басыңыз.
7.4
Android параметрлері
Android жүйесіне тән параметрлерді немесе ақпаратты
орнатуға немесе көруге болады. Теледидарға орнатылған
қолданбалар тізімін және қажетті сақтау орнын табуға
болады. Voice Search (Дауыспен іздеу) мүмкіндігімен
пайдаланғыңыз келген тілді орнатуға болады. Экрандық
пернетақтаны реттеуге немесе қолданбаларға орныңызды
пайдалануға рұқсат беруге болады. Әр түрлі Android
параметрлерін пайдаланып көріңіз. Осы параметрлер
туралы қосымша ақпарат алу
үшін 
www.support.google.com/androidtv
 сайтына өтуге
болады.
Осы параметрлерді ашу үшін…
1 -  түймесін басыңыз да, Барлық орнатулар опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Android Settings (Android параметрлері) тармағын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
3 - Әр түрлі Android параметрлерін пайдаланып көріңіз.
4 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін  BACK түймесін
басыңыз.
7.5
Home (Басты) мәзір
Home (Басты) мәзірі туралы ақпарат
Android TV артықшылықтарын толығымен пайдалану үшін,
теледидарды интернетке қосыңыз.
Android смартфонында немесе планшетінде сияқты Home
(Басты) мәзірі теледидардың орталығы болып табылады.
Home (Басты) мәзірінен кез келген қолданбаны іске қосуға,
теледидар арнасына ауыстыруға, фильмді жалға алуға, веб-
сайтты ашуға немесе қосылған құрылғыға ауысуға
болады. Теледидарды орнатуға және елге байланысты
Home (Басты) мәзірінде түрлі элементтер болуы мүмкін.
Home (Басты) мәзірі қатарларда ұйымдастырылады…
Ұсыныстар
 
 
Бірінші қатар таңдаулы бейнелерді, музыкалық
бейнелерді немесе Интернет хиттерін ұсынады. Жеке көру
әдістері негізінде ұсыныстарға рұқсат беру үшін Пайдалану
шарттарында Құпиялылық параметрлерін орнатуға
болады.

 Philips Collection (Philips жинағы)
 
 
Бұл жол қолданбалар ұсыныстарын қамтиды.

 Қолданбалар
 
 
Apps (Қолданбалар) қатары теледидармен бірге келетін
барлық қолданбалардан және Google Play дүкенінен
жүктеп алынған қолданбалардан тұрады. Бұл
қатарда Watch TV (Теледидар қарау), Sources
(Көздер), Media (Медиа) және тағы басқа теледидар
қолданбаларын табуға болады. Соңғы іске қосылған
қолданбалар қатар алдында пайда болады.

 Games (Ойындар)
 
 
Осы жерден теледидар ойынын іске қосуға болады. Егер
ойын жүктеп алынса, осы қатарда пайда болады.

 Параметрлер
 
 
Осы жерден параметрлер таңдауын ашуға болады.
41

Дегенмен барлық параметрлерді табу үшін  түймесін
басып, All Settings (Барлық параметрлер) опциясын
таңдаңыз. Сонымен қатар, осында Help (Анықтама)
бөлімін ашуға болады.
Сондай-ақ, www.support.google.com/androidtv веб-сайтын
қараңыз
Home (Басты) мәзірін ашу
Home (Басты) мәзірін ашу және элементті ашу…
1 -  HOME түймесін басыңыз.
2 - Элементті таңдап, ашу немесе іске қосу
үшін OK түймесін басыңыз.
3 - Ешқандай әрекетті іске қоспай, «Негізгі» мәзірін жабу
үшін  BACK түймесін басыңыз.
Іздеу және дауыспен іздеу
«Негізгі» мәзіріндегі  белгішесі арқылы интернеттен
бейнелерді, музыканы немесе кез келген басқа элементті
іздеуге болады. Іздеп жатқан элементті айтуға немесе
теруге болады.
Шектеулі профиль
Теледидарды шектеулі профильге ауыстыру арқылы
кейбір қолданбалардың пайдалануын шектеуге болады.
Шектеулі профиль сіз таңдаған қолданбалардың
пайдалануына мүмкіндік береді. Бұл профильден PIN код
арқылы шығуға болады.
Шектеулі профильге ауысқан теледидар арқылы келесі
әрекеттерді орындау мүмкін емес…
• Рұқсат етілмеген деп белгіленген қолданбаларды табу
немесе ашу
• Google Play дүкеніне кіру
• Google Play Games арқылы емес, Google Play Movies & TV
қызметі арқылы сатып алу
• Google жүйеге кіру мүмкіндігін пайдаланбайтын үшінші
тарап қолданбаларын пайдалану 
Шектеулі профильге ауысқан теледидар арқылы келесі
әрекеттерді орындауға болады…
• Google Play Movies & TV қызметінен сатып алынған
немесе жалға алынған мазмұнды қарау
• Google Play ойындары қызметінен сатып алынған және
орнатылған ойындарды ойнау
• Келесі параметрлерге кіріңіз: Wi-Fi желісі, Сөйлеу және
арнайы мүмкіндіктер
• Bluetooth аксессуарларын қосу 
Теледидардағы Google тіркелгісі жүйеге кірген күйінде
қалады. Шектеулі профильді пайдалану Google тіркелгісін
өзгертпейді.
42

8

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет