Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми


Тақырып 25. Жоғарғы жүйке іс- әрекетінің физиологиясы



бет21/50
Дата25.11.2023
өлшемі1,69 Mb.
#125860
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50
Тақырып 25. Жоғарғы жүйке іс- әрекетінің физиологиясы.


Жоғарғы жүйке іс-әрекеті- үлкен ми сыңарлар қыртысы және оған таяу құрылымдары ОЖЖЖ-ның жоғарғы бөлімі болып саналады. Негізгі қызметі-жоғарғы жүйке іс-әрекетін құрайтын, яғни мінезді бейімдейтін күрделі рефлекстік әсерленісті жүзеге асыру. Алғашқы рет орыстың атақты физиологы И.М. Сеченов адамдардың мінез-құлығы, оның санасы мен ақыл-ойының ең күрделі көріністері мидың рефлекстік қызметімен байланысты туралы болжам ұсынды. Оның «Ми рефлекстері» 1863 ж жарық көрді. И.М. Сеченовтың ойларын И.П.Павлов ерекше дамытты және нақтылы тәжірибе жүзінде дәлелдеді. И.П.Павловтың көрсетуі бойынша ОЖЖ-нің төменгі бөлімінде қыртысасты ми бағанында, жұлында пайда болатын рефлекстік әсерленістер туа біткен және тұқым қуалайтын тұрақты жолдармен орындалады. Жоғарғы жүйке іс-әрекеті организм мен сыртқы ортаның күрделі қарым-қатынасын қамтамасыз етіп, оның мінез негізін құрады.Бұл шартсыз және шартты рефлекстерден тұрады. Шартсыз рефлекс- жүйке жүйесінің туа біткен түрлік әсерленісі,жауап ретінде рефлекстік жолдар ішінде пайда болады.шартты рефлекс- жеке тіршщілік кезінде жүйке жүйесінің иемденген әсерленісі. Ол лайықты рецептор аппараты аорқылы, кез келген сигналдың тітіркенудің әсеріне жауап ретінде, тұрақсыз және өзгергіш жолмен жүзеге асырылады.


Шартты рефлекс
Зерттеу әдістері:

  1. шартты рефлекс қалыптасу үшін ең алдымен шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің әсері бір мезгілде ұштасу керек.

  2. шартты тітіркендіргіштердің әсері шартсыз тітіркен-ң алдында болу керек

  3. шартты тітіркен-ш шартсыз тітіркен-шке қарағанда әлсіз болу керек

  4. шартты рефлекс түзілу үшін ОЖЖ-нің жоғарғы бөлімінің әрекеті қалыпты жағдайда болу керек

  5. шартты рефлекс жасарда бөтен тітіркен-тер әсер етпеу керек



Шартты рефлекстердің қасиеттері:

  1. организмнің жеке даму кезінде өмір тәжірибесі негізінде пайда болған қасиет

  2. тұрақсыз өзгергіш келеді, белгілі бір жағдайларға байланысты құралады, сақталады немесе жойылып отырады.

  3. организм қабылдайтын кез келген рецептор тітіркендіргішіне әсерленеді

  4. шартты рефлекс үлкен ми сыңарлары қыртысында тұйықталады

  5. шартты рефлекс тек шартсыз рефлекстің негізінде олармен бірнеше рет ұштастырылу нәтижесінде пайда болады.

Шартсыз рефлекс

  1. организмің туа біткен жеке тұқым қуалайтын әсерленісі

  2. салыстырмалы тұрақтылы бар

  3. нақтылы рецептор тітіркендіргішіне жауап ретінде пайда болады

  4. жұлын және ми бағаны деңгейіне жасалады

Шартты рефлексті қалыптастыратын тітіркендіргіш –шартты тітіркендіргіш деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет