Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми



бет24/50
Дата25.11.2023
өлшемі1,69 Mb.
#125860
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50
Ажырататын тежелу жаңа қалыптасқан шартты рефлекстің алғашқыда жалпылама өзгешелігі болады.Өйткені ол үйренген шартты тітіркендіргіштен басқа оған ұқсас немесе көптеген бірайлы тітіркендіргішке де жауап ретінде пайда болады. Ал егер тек шартты тітіркендіргіш ғана бекітіліп, басқалары елеусіз қалса, біраз уақыттан кейін ұқсас тітіркендіргішке әсерленіс өшеді.
Шартты тежейтін-егер кейбір қосымша агентпен ұштастылылған тітіркендіргіш нығайтылса ал жеке қолданған шартты сигнал әрдайым нықтанса, жүйке орталықтарында шартты тежелу пайда болады. Қосымша тітіркендіргіш күшті болған, сайын шартты тежегіш тез туады. Организммен сыртқы ортаның өзара қатынасының шартты рефлекстік әсерленіс анықтауда, шартты тежегіштің биологиялық маңызы зор.
Кешіктіретін тежелу- кешіктіретін шартты рефлекстер бірден құрылмайды, тек нығайтудың басталуы біртіндеп ұзартылғанда барып жасалады. Бұл тежелу шарттсыз рефлекстің күшінен тәуелді, егер ол күшті болса, бұл тежелудің пайда болуы қиынға соғады. Бұл тежелу арқылы әр уақытта шартты рефлекстік әсерленістер кезінде іске қосылады. Сөйтіп шартты тежелу организмнің бейімделу іс-әрекетін реттеп отырады. Егер шартты тежелу қалыптаспаса организмде табиғи қажетсіз қолайсыз әсерленістер көп болар еді.
Шартты тежелу өте нәзік төзімсіз келеді. Әртүрлі аурулар қажу, зорлану бұл тежеуді әлсіретеді. Организмнің сыртқы ортаға жеке дейімделуі оның әсерленісінің сыртқы жағдайларға өте сәйкес келуі тежелу процесіне байланысты болады. Негізгі жүйке процестері қозу мен тежелудің көрсеткіштері ,олардың өзара организмге көптеген тітіркенуді талдап және синтез жасап, өзін әртүрлі жағдайда бағдарлауына мұмкіндік туғызады.
Мидың анализдік-синтездік іс-әрекеті
Анализ және синтез үлкен ми сыңарлары қыртысының өте маңызды қызметі. Организм өзінің тіршілік іс-әрекетінде сыртқы және ішкі ортаның тітіркендіргіштеріне үнемі анализ-синтез жасап отырады.
Анализ- әркелкі сигналдарды айыру, бөлу ,организмге тиетін әсерлерді ажырату.
Сигнал- біріктіру, талдап қорыту, ми қыртысының әр түрлі бөліктерінде туатын қозуларды бірлестіру.Үлкен ми сыңары қыртысының синтездік көрінісі, әрбір шартты рефлекстің негізін құрайтын, уақытша байланыс түрінде жасалады. Ол әртүрлі нейрондар мен олардың топтарының арасында қалыптасады. Қарапайым анализ- синтез іс-әрекеті әрбір талдағыш рецепторынан басталады. Олар эволюциялық даму кезінде организмге әсер ететін тітіркенудің белгілі түрін қабылдауға маманданған. Рецепторларда пайда болған қозу толқынына қыртысасты құрылымдар арқылы үлкен ми сыңарларының бастапқы проекция аймақтарына өтеді.
Жүйке жүйесінің төменгі бөліктері арнайы және бейарнамалы қыртысасты құрылымдары тітіркенуді қарапайым анализ және синтез жасайды. Олардың ең күрделі түрлері үлкен ми сыңарлары қыртысында жүзеге асырылады. Ми қыртысының аймағындағы әр түрлі нейрондар өзара ұштасып, ерекше нейрондар жарасымын құрайды. әрбір осындай нейрон топтары түйсіктің белгілі бір түріне жауапты болады. Әрбір осындай нейрон топтары түйсіктің белгілі бір түріне жауапты болады. Бір нейронда қозу пайда болса, ол басқаларына тарайды. Сөйтіп адамның біртұтас түйсігі туады. Ми қыртысының синтездеу іс- әрекетінің өте күрделі динамикалық стереотип немесе жүиесіне қарағанда мидың күрделі талдау синтез іс-әрекетінде қалыптасады. Сыртқы ортада организмге жүйелі және дәлме-дәл бір ізділікпен белгілі бір мезгілде әсер ететін тітіркендіргіштер кездеседі. Мұндай тітіркендіргіштердің өзгермейтін рет-ретімен жасалатын ықпалын сыртқы стереотип деп атайды. Осы тітіркендіргіштердің әрқайсысы ми қыртысындағы тиісті қозу және тежелу процестері арқылы организмнің белгілі әсерленісін туғызады. Сондықтан сыртқы стеротипті тітіркенуге сәйкес мида осы сияқты әрекеттік қатынастың бірізді өзгерісі пайда болады. Олар сол тәртіппен бірнеше рет қайталанған жағдайда біртұтас біріккен рефлекстер жүйесіне айналады. Мұндай қозу мен тежелудің мидағы бекітілген белгілі бірізді қалыптасуы динамикалық стереотип д.а. Табиғи жағдайда динамикалық стереотип әртүрлі әдеттерімен дағдыларын мінез-құлығының белгілі жүйесін құрайды. Олар өте қиын құралады, алайда кейін тым берік сақталады. Егер олар бұзылса, жоғарғы жүйке қызметінің әрекеттік аурулар пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет