Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми



бет23/50
Дата25.11.2023
өлшемі1,69 Mb.
#125860
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50
Шартты рефлекстің тежелуі
Орталық жүйке жүйесіндегі тежелуді ашқан орыстың атақты ғалымы И.М.Сеченов. Тежелудің сыртқы-шартсыз және ішкі-шартты түрлері болады.
Шартсыз тежелу-жүйке жүйесінің туа біткен қасиеті. Ол сыртқы бөтен қозғыштардың әсерінен мінез ақтысының кенеттен әлсіреуі немесе басылып қалуы. Мұның себебі әртүрлі жаңа тітіркендіргіш бағдарлау рефлексін туғызады. Егер осы тітіркендіргіш бірнеше рет қайталанса. Бағдарлы әсерленіс бәсеңдейді және оның шартты рефлексті тежелу әрекеті әлсірейді. Мұндай бөтен тітіркендіргішті И.П.Павлов ״өшетін тежелу״ деп аталады. Мәселен қатты аурыратын тітіркендіргіш шартты рефлексті тежейді. Осы сияқты ішкі ағзалардан шығатын тітіркендіргіштерге әсер етеді. Кейбір мүшелердің қабынуы, қуықтың несепке аса толуы, құсу т.б. шартты рефлексті басып тастайды. Мұндай тежелулердің бәрінің жалпы қасиеті олар осы шартты рефлекске бөтен сыртқы тітіркену ықпалынан пайда болады. Сондықтан бұл сыртқы тежелу деп аталады. Шартты тітіркендіргіш күші шектен аса өссе, яғни, шартты рефлекстің әлсіреуіне әкеледі. Мұндай тежелуі И.П.Павлов шектен тыс тежелу деп атады. Бұл тежеуіштің қорғаныш маңызы зор. Өйткені ол жүйкені шамадан тыс күшті немесе ұзақ тітіркендірудің әлсірету әсеріне кедергі жасайды. Бұл тежелу жүйкені уақытша жұмыстан босатады және оның қалыпты қозығыштығы мен жұмыскерлігін қайта орнына келтіруге жағдай жасайды. Сыртқы және шектен тыс тежеулер жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттеріне байланысты болғандықтан И.П.Павлов оларды шарттсыз тежелу қатарына жатқызды.
Шартты тежелу-ішкі тежелу жүйкенің жүре пайда болған қасиеті. Ол шартты рефлекс сияқты құрылады. И.П.Павлов шартты тежеуді;
1. өшіретін
2 ажырататын
3 шартты тежейтін
4 кешіктіретін деп 4 түрге бөлген.
Өшуден тежелу егер шартты тітіркендіргіштің шартсыз тітіркендіргішпен ұштасуы тоқталса, бұрынғы қалыптасқан тұрақты шартты рефлекс әлсірейді, кейін шартты сигнал бірнеше рет қайталанбаса тіпті жойылады. Егер шартты тітіркендіргіш тағы біраз уақыт қолданылса, өшкен шартты рефлкес қайтадан қалпына келеді. Бұл құбылысты тежелуден босау деп атайды. Өшуден тежелудің маңызы беімділігі жойылған қажетсіз шартты рефлексті өшіру. Сөйтіп, организм тіршілігінің жаңа жағдайларына жаңадан икемделу әсерленісі қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет