Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми


Вегетативті жүйке жүйесінің физиологиясы



бет19/50
Дата25.11.2023
өлшемі1,69 Mb.
#125860
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50
Вегетативті жүйке жүйесінің физиологиясы.

Нерв жүйесінің вегетативті бөлігі ішкі органдарды, қан, лимфа тамырларын, жүректі, бездерді нервтендіреді. ВЖЖ орталық және шеткі бөліктерінен тұрады. Орталық бөлігіне ми мен жұлын жатса, шеткі бөлігіне нерв түйіндері, нерв талшықтары, нерв өрімдері жатады. Ми мен жұлыннан шыққан талшықтар түйіндер түзеді. Сондықтан «түйінге дейінгі»- преганглионарлы талшықтар және түйіннен кейінгі – постганглионарлы деп бөлінеді.


ОЖЖ-сін морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты сомалық және вегетативтік деп екіге бөледі. Сомалық жүйке жүйесі (СЖЖ) қаңқа еттерімен байланысқан, ол организмнің түрлі қимылдарын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Ал вегетативтік жүйке жүйесі (ВЖЖ) ішкі ағзалардың қызметін (висцеральдық қызметін), заттар алмасуын, өсіп-өну процестерін реттейді. Бұл жүйенің аты латынның vegetative – өсу, өсімдік деген сөзінен алынған, ол өсімдіктер мен жануарларға ортақ фунцияларға, процестерге әсер етеді. ВЖЖ-сін сомалық жүйке жүйесімен салыстыра отырып, олардың морфологиялық (құрлысындағы) және физиологиялық (қызметіндегі) ерекшеліктерін байқауға болады. ВЖЖ-нің морфологиялық ерекшеліктері: 1)Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталық нейрондары ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөз бөлімінде орналасады. Ал симпатикалық жүйке жүйесі жұлынның көкірек бөлімдегі сегменттердің бүйір мүйіздерінде орналасқан (8 көкірек-ІІ бел сегменттерінде)
2) ВЖЖ-сі 2 нейронды. Олардың біреуі ми мен жұлын бөлімдерінде, 2-шісі шеткі ганглийлерде орналасқан. ПЖЖ-нің ганглийлері-ағзалар ішіндегі интрамуральдық түйіндер, ал СЖЖ-нің түйіндері жотаны бойлай әрбір омыртқаның екі жағында тізбектелген және омыртқалар алдында алысырақ орналасқан: 3 мойын ганглийі, құрсақ қуысында – шапақ тәрізді түйін, шажырқайлық ганглийлер бар. Нейрондардың орталықтан орналасқан жүйке талшықтары преганглийлік (ганглийге дейін) талшықтар деп аталады. Олар нерв импульсті орталықтан ганглийге дейін жеткізеді. 2-ші нейрондардың жүйке талшықтары импульсті ганглийден шыққан соң белгілі бір ағзаға апарады, олар постганглийлік (ганглийден кейінгі) деп аталады.
3) Әрбір ағзада симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер тарамдалған.
4) ВЖЖ-сінде сомалық жүйкеден әлдеқайда жіңішке. Преганглийлік жүйке талшығы миелинді, постганглийлік талшық миелинсіз болады.
Симпатикалық бөлімі. Симпатикалық нейрондар жұлынның 8 мойын, көкірек сегменттері бүйір мүйізінде жатады. Омыртқа жотасынан шыққан соң ұзына бой өзара қосылыстар жасап екі жағынан симпатикалық тізбектер түзеді-симпатикалық баған деп аталады.8-ші мойын, 1-3 көкірек сегменттердің бүйір мүйіздерінен шыққан талшықтар 3(үш) мойын түйін түзеді. Бұл
1-ші түйіннен шыққан жүйкелер бас, мойын қан тамырларын, көз қарашығын кеңейтетін етті, сілекей бездерді, мұрын қуысының таңдайдың бездерін жүйкелендіреді.
2-ші түйіннен шыққан талшықтар жүректі жүйкелендіреді.
3-ші түйіннен шыққан нервтер көкірек қуысының органдарын жүйкелендіреді.
4 көкірек-10 көкірек сегменттерінен шыққан нервтер күн өрімін түзіп құрсақ қуысының келесі органдарын жүйкелендіреді -асқазанды, бауырды, ащы ішекті, қарынасты безін, бүйректі. 11-12 сегменттерден шыққан жүйкелері қолқа-бүйрек түйін түзіп тоқ ішектің төмендеу бөлігіне дейін 12 көкірек 1-2 бел сегменттерінен шыққан жүйкелер, төменгі шажырқай түйін түзіп тоқ ішектің төмендеу, кима, тік ішекті және кіші жамбас қуысының органдарын-қуықты, ішкі аналық, аталық жыныс органдарын жүйкелендіреді.
Парасимпатикалық бөлімі. Орталық және шеткі бөлімдерден түзілген. Оның орталық бөліміне парасимпатикалық жүйке жасушаларының шоғырланған жерлері-ортаңғы ми, көпір, сопақша ми және жұлынның сегізкөз сегменттері жатады. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің шеткі бөлігіне осы орталықтардан шыққан нервтер мен түйіндер кіреді. Ортаңғы мида ІІІ көз-қимыл жүйкенің ядросында парасимпатикалық ядро Якубович орналасқан. Бұл ядродан шыққан жүйкелер жоғарғы көз саңылау арқылы көз шарасына өтіп көз қарашығын тарылтатын етті жүйкелендіреді. Көпірдегі бет (VII) жүйкенің құрамындағы парасимпатикалық талшықтар тіласты және жақсы сілекей бездерін, көздің жас бездері мен мұрын қуысының кілегейлі бездерін жүйкелендіреді. Тіл-жұтқыншақ (ІХ) жүйке құрамындағы парасимпатикалық талшықтар шықшыт безін жүйкелендіреді. Кезеген (Х) жүйке сопақша мидан шығып көкірек, құрсақ қуысының бездерін жүйкелендіреді. Жұлынның сегізкөз сегменттеріндегі парасимпатикалық орталықтан шыққан жүйке талшықтары кіші жамбас ішіндегі органдарға баратын парасимпатикалық талшықтар жатады. Олар несеп бөліп шығару (қуық, несеп каналын) және жыныс органдарын жүйкелендіреді.
Қорытып айтқанда, вегетативті нерв жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық жүйке талшықтарымен барлық ішкі органдар жүйкелендіреді. Осының нәтижесінде, бездердің сөл бөліп шығаруы, бірыңғай салалы ет тканьдерінің жиырылуы, қан тамырларының кеңейіп-тарылуы, жүрек қызметі мен зат алмасу тағы басқа физиологиялық процестер реттеліп отырады. Екі жүйе бір-біріне қарама-қарсы жұмыс атқарады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет