Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми


Мүшелер Симпатикалық жүйке жүйесі



бет20/50
Дата25.11.2023
өлшемі1,69 Mb.
#125860
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50
Мүшелер

Симпатикалық жүйке жүйесі

Парасимпатикалық жүйке жүйесі

Көз қарашығын

бездердің сөл бөлуін


жүрек соғуын


Ішкі қуысты мүшелерінің, еттерінің жиырылуын

бронхылардың өзегін


Жүрек тамырларын


басқа ағзалардың қан тамырларын
Сфинктердің тонусын

Кеңейтеді

Азайтады

Жиілетеді жүрек соғуын күшейтеді.

Күшейтеді


Кеңейтеді

Тарылтады


Тонусын күшейтеді

Тарылтады

Күшейтеді


Сиретеді, жүрек соғуын төмендетеді.


Бір қалыпты ұстайды


Тарылтады

Кеңейтеді


Босаңсытады

Вегетативтік жүйке жүйесінің физиологиясы және ерекшеліктері.
Вегетативтік жүйке талшықтарының ұшынан медиаторлар ацетилхолин немесе адреналин бөлінеді. Медиатордың түріне қарай вегетативтік жүйкелер холинергиялық (ацетилхолин бөлетін) және адренергиялық (адреналин бөлетін) жүйкелер болып екі топқа бөлінеді. Холинергиялық жүйкелер тобына:
1) парасимпатикалық және симпатикалық преганглийлік жүйкелер
2) симпатикалық постганглийлік жүйкелер
3) симпатикалық постганглийлік тер бездерінің жүйкелері жатады. Адренергиялық жүйкелер қатарында симпатикалық постганглийлік тер бездері жүйкелерімен қатар барлық постганглийлік симпатикалық жүйкелер болады.
ВЖЖ-ның функциялық мәні. ВЖЖ-сі ішкі ағзалар қызметін сыртқы және ішкі орта әсеріне бейімдеп, реттеп отырады. Парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер ағзалар қызметіне, әдетте қарам-қарсы әсер етеді. Мәселен, симпатикалық жүйке жүректің соғуын жиілетіп, күшейтсе, парасимпатикалық жүйке, керісінше, оны сиретіп, әлсіретеді. Симпатикалық жүйке көздің қарашығын кеңейтеді, ал парасимпатикалық жүйке оны тарылтады. Кезеген жүйкенің активтігі көтерілсе (парасимпатикалық жүйке) бронхолардың тонусы күшейеді, бронхолардың өзегі тарылады. Симпатикалық жүйке бронхылардың ет қабатының тонусын түсіріп, өзегін кеңейтеді. Парасимпатикалық жүйке қуысты органдарды босатады (өт қабын, қуықты, тік ішекті). Симпатикалық талшықтары ас қорыту бездерінің сөл бөлуін азайтады, ал парасимпатикалық жүйке-көбейтеді. Зат алмасуында реттейді. Симпатикалық жүйке диссимиляция (ыдырау), ал парасимпатикалық жүйке ассимиляция (түзілу) процестерін күшейтеді. Симпатикалық жүйке трофикалық (қоректік) әсер етеді. Мұны 1-ші рет тәжірибе жүзінде И.П.Павлов дәлелдеп берді. СЖЖ-нің трофикалық әсерін кейін Л.А.Орбели, А.Д. Сперанский зерттеді. Жүйке жүйесінің трофикалық әсері әлсіресе, адам денесінде трофикалық жаралар пайда болуы мүмкін. ВЖЖ-сі функцияларды заттар алмасуы мен қоректенуді өзгерту арқылы да реттейді. Жұлынның сегізкөз бөлім сегменттерінде тіршілік етуге өте қажет функцияларды қамтамасыз ететін зәр, нәжіс шығару және жыныс қатынасы орталықтары орналасқан.


Тақырып бойынша бекіту сұрақтары:



  1. Вегетативті жүйке жүйесі өзара қалай бөлінеді?

  2. Симпатикалық жүйке жүйесінің орталығының топографиясын

  3. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталығы қандай жерде орналасады?

  4. Симпатикалық жүйке жүйесінің ганглийлерінің орналасу бағыты.

  5. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің ганглийлерінің орналасу топографиясы.

  6. Ганглийге дейін(преганглийлік)талшықтар қозуды қандай жерден қай жерге дейін жеткізеді?

  7. Ганглийден кейінгі талшықтар қозуды қандай жерден қандай жерге дейін жеткізеді?

  8. Вегетативтік жүйкелер негізінен қандай жүйкелерге жатады?

  9. Вегетативті жүйке жүйесінің қозу қабілеті қандай болып байқалады?

  10. Вегетативті талшықтары қозуды қалай өткізеді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет