Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми



бет32/50
Дата25.11.2023
өлшемі1,69 Mb.
#125860
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50
Модуль 11. Эндокрин жүйесі.
Тақырып 15. Эндокрин жүйесінің анатомиясы.
Адам денесіндегі көптеген жасушалар арнаулы ұлпалар, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелу арқылы іске асады. Гуморальды жол – қан, лимфа, ұлпааралық сұйықтық.
Адам денесіндегі бездер сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы секрециялық бездер (экзокринді бездер) бөлген сұйықтығын өзектер арқылы бір мүшенің ішіне немесе терінің сыртына шығарады.
Қызметтердің гуморальды реттелуінде үлкен роль эндокринді бездер атқарады.
Олар ағзаның ішкі ортасына биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Бұл заттар гормон деп аталады. Гормондар арқылы зат алмасу, өсу, даму процестері реттеледі. Гормон көбеюге де әсерін тигізеді. Ішкі секрециялық бездерде (эндокринді бездер) өзектер болмайды, қантамырларға бай, бөлген сұйықтықтары тікелей қанға сіңеді.
Бездермен гормондардың көп бөлінуі – гиперсекреция, ал аз бөлінуі – гипосекреция деп аталады. .
Ішкі бездер бірімен-бірі өзара күрделі байланысты. Егер бір эндокринді бездің қызметі бұзылса, оның басқа бездердің қызметіне әсері тиеді.
Эндокринді бездердің жұмысын зерттейтін ғылым эндокринология деп аталады.
Эндокринді бездер: гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы бездер, айырша без, бүйрекүсті бездері, жыныс бездері.
Гипофиз (ми қосалқысы) аралық мида сына сүйегінің түрік ершігінде орналасқан, сопақша без, салмағы 0,5-0,6 г., үш бөлігі бар: алдыңғы, ортаңғы, артқы.
Алдыңғысы – аденогипофиз, ортаңғысы – меланогипофиз, артқысы – нейрогипофиз.
Аденогипофиздің гормондары: соматотроптық, тиреотроптық, адренокортикотроптық, гонадотроптық гормондары түзіледі.
Гипофиздің алдыңғы бөлігі 20-шақты гормондар бөледі. Солардың бірі – соматотропты гормон, бұл өсу гормоны. Егер бұл гормон жетіспей қалса адамның денесі дамымай, ергежейлік байқалады. Ал гормон көп болса, жас өспірімдер алып болып, ересек адамдар акромегалия ауруына ұшырайды: төменгі жақ, бет, мұрын сүйектері және табан, саусақ сүйектері өсіп кетеді. Мұны сүйектердің тасуы деп атайды. Алдыңғы бөлігінде және гонадотропты гормондар бөлінеді, ол сүттің пайда болуына әсер етеді.
Гипофиздың аралық бөлігі нейрогипофиз деп аталады, ол меланин гормонын бөледі. Меланин терінің, шаштың, көздің түсін реттейді.
Гипофиздың артқы бөлігі окситоцин және вазопрессин гормондарын бөледі. Бұл гормондар қан қысымын көтереді, бірыңғай салалы бұлшықеттердің, әсіресе, жатыр бұлшықеттерінің жиырылуына әсер етеді. Вазопрессиннен бөлінген антидиуретикалық гормон бүйректен несеп бөліну қызметін тежейді.
Эпифиз немесе томпақ без, жеткіліксіз зерттелген, аралық мида орналасқан, салмағы 100-180 мг, бұл бездің қызметі осы кезге дейін белгісіз. Тәжірибе арқылы эпифиздің жыныс бездерінің қызметіне қатысы бар екені ғана дәлелденіп отыр. Бала эпифизінің ісігінде уақытынан бұрын жыныстық жетілу байқалады. Эпифиз бірнеше биологиялық белсенді заттар – серотонин, адреналин, гистамин бөледі.
Қалқанша безі сыңар, ең үлкен эндокринді без. Мойындағы бұлшықеттердің астында кеңірдектің алдында орналасқан. Үш бөліктен тұрады: оң, сол, аралық. Аралық бөлігінен кейде жоғары қарай пирамидалық бөлік жалғасады. Қалқанша без көпіршіктерден тұрады, сыртынан шандырлы қабықшамен қапталған. Гормондары: тироксин және трийодтиронин; олар зат алмасу процессін арттырады, дене қызуын реттейді, сүйектің ұзарып өсуіне, қанның құрамына, көңіл-күйге әсер етеді. Қалқанша бездің ерекшелігі - қаннан йодты сіңіріп алады. Йод тироксин мен трийодтиронин гормондары үшін өте қажет.
Бездің гиперсекрециясында бақшанкөз ауруы пайда болып, қалқанша без үлкейеді, адамның көзі аларып, айналып алға шығады (экзофтальм). Жүректің соғуы жиіленеді (тахикардия), қолдың басы дірілдейді.
Бездің гипосекрециясында адамның бойы кішірейеді, келбетсізденеді, адам ақылсызданады, меңіреу (кретинизм) болып микседема (кілегейлі қабаттардың ісуі) пайда болады және жыныс безі жоғала бастайды. Егер ағзадағы қалқанша безді алып тастаса минералды заттың алмасуы бұзылады, сүйек жұмсарып қисая бастайды, бұлшықеттің жұмысы кемиді, адамның мінез-құлығы өзгереді.
Қалқаншамаңы бездері ең кішкене без, 4-8 дана болады, қалқанша бездің екі бүйірінің артқы бетінде орналасады. Қызметі жақсы зерттелмеген. Бөлетін паратгормоны сүйектің және тістің өсуіне әсер етеді, қандағы кальцийді, фосфорды реттеуге қатысады. Қалқаншамаңы бездерді алып тастаса қалтырауық (тетания) пайда болып адам өледі. Егер 1-2 жастағы сәбилерде гипосекреция болса спазмофилия ( қалтырап дірілдейтін) пайда болады.
Айырша без немесе төсасты безі, кеуде қуысында төстің семсершісінің алдында орналасқан, екі бөлігі бар: оң және сол. Ортасында милы, сыртында қыртысты зат орналасқан. Айырша без жаңа туған балада (әсіресе екі жас шамасында) үлкейе бастайды. Ал 13-15 жас арасында өте аз өзгереді, содан соң кішерейе бастайды. Гормоны – тимозин, қызметі кәмелетке жеткенше жасөспірімдердің жыныс бездерінің дамуын тежеп тұрады. Тимозин қанмен келген лимфоциттерді ағзаға зиян келтіретін бөтен денелерді жоятын иммундық Т-лимфоцитке айналдыруға және бездер мен талақтың қызметін арттыруға да белгілі септігін тигізеді.
Бүйрекүсті безі екі бүйректің үстінде орналасқан, жұқа дәнекер ұлпамен қапталған,
Екі заты бар: ішкі – милы, сыртқы – қыртысты.
Милы зат адреналин және норадреналин гормондарын бөледі. Бұл гормондар ағзада симпатикалық жүйкеге ұқсас әсер етеді: жүрек жұмысын күшейтеді, қан тамырларының қабырғаларын тарылтады, қан қысымын көтереді және бұлшықеттердің жиырылуын күшейтеді.
Қыртысты заттың қызметіне қарай үш аймағы болады: сыртқы – түйінді, ортаңғы – будалы, ішкі – торлы. Түйінді аймақ кортикостерон, дезоксикортикостерон; будалы аймақтан- гликокортикоидтар, торлы аймақтан – андроген, эстроген мен прогестерон бөледі.
Тек қыртысты заттан ғана 20 шақты гормондар бөлінеді. Олардың ішінде ағзадағы тұз бен судың алмасуын реттеуге қатысатын кортикостерон және дезоксикортикостерон, қантамырлары қабырғаларының өткізгіштігін реттеуге және көмірсулар, ақуыз, майдың алмасуына қатысатын глюкокортикоидтарды атауға болады. Адамның бүйрек безі қызметінің нашарлауынан Аддисон ауруы пайда болады. Онда тері күңгірт тартып, қола түске енеді де, қан қысымы кеміп, арықтайды, көмірсулардың алмасуы бұзылады.
Ұйқыбезі аралас бездерге жатады. Эндокринді бөлігі Лангерганс аралшықтарынан тұрады. Аралшықтарда L және B жасушалар бар. L жасушалары глюкагон, ал B жасушалары инсулин бөледі. Инсулин қандағы қант мөлшерін реттейді. Қанттың мөлшері қалыпты жағдайда 3,5-5,5 ммоль/л. Инсулиннің бөлінуінің бұзылуы қант диабетіне соқтырады. Қанның құрамындағы қанттың көбеюі гипергликемия, ал азаюы гипогликемия деп аталады. Глюкагон да қандағы қанттың мөлшерін реттейді, бауырда гликогеннің ыдырауына қатысады
Жыныс бездері аралас бездерге жатады, бөлген гормондары екінші реттік жыныс белгілеріне әсер етеді. Екінші реттік жыныс белгілері ер адамдарда – бұлшықеттері жақсы дамыған, теріде түктер өседі, қалқанша безіде күшті жетілген, ал әйелдерде бөксесі үлкен, теріасты майлы қабаты қалың, сүт безі дамыған, қалқанша безінің қызметі нәзік, соңдықтан дауыстары жіңішке.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет