Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми



бет33/50
Дата25.11.2023
өлшемі1,69 Mb.
#125860
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50
Аталық без андрогендер бөледі. Андрогендерге тестостерон және андростерон жатады. Тестостерон еркектердің алғашқы реттік белгілері (ұрықтың даму кезенінен бастап)- аталық жыныс мүшелерінің қалыптасып, дамуына және еркектің екінші белгілері қалыптасуына әсер етеді. Андростерон тек ер адамның екінші белгілері қалыптасуына әсер етеді.
Аналық без эстроген және прогестерон гормондарын бөледі. Эстроген фолликулаларда түзіліп, аналық жұмыс мүшелерінің қалыптасып дамуына, яғни алғашқы реттік белгілердің дамуына және әйелдің екінші реттік ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер етеді. Осы гормонның әсерінен етеккірдің келуі реттеледі.Прогестерон сары денеде пайда болады. Ол бала көтеруге, плацента дамуына қатысады.
Бала жолдасы – плацента - әйел жүкті болған кезде түзіліп, ұрық пен ана ағзасының көп қырлы байланысын қамтамасыз етеді. Плацента олардың зат алмасуын іске асырады, бұған қоса газ алмасу, трофикалық, шығару, қорғаныш, эндокриндік қызмет атқарады. Бұл қызметтер екі ағзаның да өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызуына бағытталған.
Плацентаның физиологиялық әсері жағынан әр түрлі қажетті заттардың ана қанынан ұрыққа және керісінше өтуін реттеу қабілеті бар.
Бұлардың өзара байланыстарының құрылымдық және әрекеттік ерекшеліктерінің жиынтығы фето-плацентарлық барьер деп аталады.
Уақытша эндокринді без бола отырып, плацента жүктіліктің сақталуына және оның дұрыс өтуіне қажетті гормондар шығарып отырады.
Плацента ұрықтың өсуі мен дамуына, туу акті мен сүт жасалып бөлініуінің іске асуы үшін қажетті ана ағзасындағы бейімделу өзгерістеріне қатысады.
Плацентаның гормондары хорионда жасалады.
Гормондар екі топқа бөлінеді: ақуыздық және стероидты.
Ақуыздық гормондар – гонадотропин, лактогенді гормон, релаксин;
Стероидты гормондар – прогестерон және эстроген.


Тақырып 16. Эндокрин жүйесінің физиологиясы.
Ішкі сөлініс бездерінің физиологиясы
Адам денесіндегі көптеген жасушалар (жалпы саны 100 триллионнан артық) арнаулы тіндер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасын жүйке және гуморальді реттелуінде манызды рольді ішкі сөлініс бездері атқарады.
Ішкі сөлініс бездердің шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан мен лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Гормон деген терминді (грекше homon-қоздырамын, қозғалтамын)1904ж. Бейлисс пен Старлинг енгізген, гормондардың ішінде ағзалардың қызметін күшейтетін және тежейтін гормондар бар екені мәлім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет