Бас мидың құрылысы. Үлкен ми сыңарларының дамуы және оның жалпы сипаттамасы. Үлкен ми


а) ферменттік жүйелерді белсендіру немесе бәсеңдету жолы, оның ішінде цитоплазма ферментінің әсері. б)



бет35/50
Дата25.11.2023
өлшемі1,69 Mb.
#125860
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50
а) ферменттік жүйелерді белсендіру немесе бәсеңдету жолы, оның ішінде цитоплазма ферментінің әсері.
б) ядродағы генетикалық процестерді күшейту, мысалы,итбалықтың тез өзгерістеріне әсер ететін тироксин РНК алмасуын және арнайы ақуыздарды жасауды күшейтеді.
2. Гормондар ағзалардың қызметіне тікелей әсер етіп қоймай,олардың қан тамырлары мен тіндердің әртүрлі хеморецепторларын тітіркендіре отырып, рефлекстік жолмен де әсер етеді.
3. Гормондардың әсер етуінің 3-ші механизмі ОЖЖ-сі арқылы орындалуы. Гормондар бір жүйке орталығын құрайтын нейрондардың кернеуін жоғарлату не төмендету арқылы олардың қозғыштығын өзгертеді.
4. Кейбір жағдайларда гормондардың шартты–рефлекстік әсерін байқауға болады.


Гормондардың физиологиялық әсері:
Гипофиз – түрік ершігінің ойысында орналасқан, салмағы 0,5-0,6г. алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы – аденогипофиз, ортанғысы – меланогипофиз, артқы – нейрогипофиз деп аталады. Құрылысы мен қызметі жағынан олар әртүрлі, сондықтан әр қайсысын бөлек без деуге де болар еді. Соматропин денеде биосинтезді күшейтеді, барлық органикалық заттардың алмасуына, минералдық алмасуға әсер етеді, әсіресе ақуыз түзілуін, айталық РНК синтездік қасиетін күшейтеді, амин қышқылдарының қаннан тіннің жасушаларына өтуін, сіңуін тездетеді, сөйтіп жасушалар мен тіндердің өсіп дамуын қамтамасыз етеді. Соматотропин гликогеннің ыдырауын – гликогенолиз, гликонеогенез процестерін тездетеді. Сондықтан СТГ гормоны шектен тыс көп шығатын болса қанда глюкоза, қант деңгейі жоғарлайды – гипергликемия байқалады. СТГ әдеттегіден аз түзілетін болса - гипофункция жағдайында, адамның бойы өспей қалады, ол тіпті 1 метрден аспауы мүмкін. Мұндай адамды гипофиздік ергежейлі дейді (карлик). Ергежейлінің дене бітімі дұрыс қалыптасқан: бастың көлемі, аяқ-қолдың, кеуде – көкіректің ұзындық өлшемдері бір-біріне сәйкес болады. СТГ шектен тыс көп болса, адамның бойы тез өсіп 240-250 см-ге, ал салмағы 150 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Оны гипофизарлық алып (гигант) дейді. Өсуі тоқтаған ересек адамда СТГ гиперсекрециясы акромегалия дертіне әкеліп соғады . Адам денесінің өсіңкі, шығынқы жерлері (иегі, мұрын, еріні, жағы, маңдай төлшешектері, бармақтары) өседі. СТГ үзілместен өмір бойы шығарылады.
Адренокортикотропин – бүйрекүсті безінің жұмысын реттейді.
Тиреотропты гормон қалқанша тінін ұлғайтып, оның сөліністік қабілетін күшейтеді.
Гонадотропин – жыныс бездерінің жұмысын реттейді.
Лактотропты гормон – сүт безінің жұмысын реттейді.
Гипофиздің артқы бөлігі – нейрогипофиз.
Вазопрессин гормоны қан тамырларын тарылтып қысымын күшейтеді. Вазопрессин құрамына антидиурездің гормон кіреді. Ол бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сіңуін үдетіп, несеп көлемін азайтады.
Окситоцин жатыр еттерін жиырылтады, жатырдың жиырылуы әсіресе толғақ кезінде күшейе түседі. Бұл гормон құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді, сүт түзілуін, оның шығуын үдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет