Бас пен мойынның аймақТЫҚ анатомиясы сезім ағзалары


Көз қозғалштқыш нерві (ІІІ)



Pdf көрінісі
бет14/25
Дата07.04.2022
өлшемі410,98 Kb.
#30219
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Көз қозғалштқыш нерві (ІІІ) 


Көз  қозғалтқыш  нерві,  n.oculomotorius  –  жұп  нерві.  Ол  қозғалтқыш  және 

вегатативтік  ядролардың  аксондарынан  түзілген.  Талшықтар  құрамы  бойынша  аралас 

нерв.  Жұп  қозғалтқыш  ядросы  ірі  ол  5  сегменттен  тұрады.  Әр  сегмент  көз  алмасының 

белгілі бір бұлшықетімен жоғарғы қабақты көтеретін бұлшықеттің нервтенуін қамтамасыз 

етеді.  Сыңар  қозғалтқыш  ядро-орталық  сыңар  ядро,  қозғалтқыш  ядроның  төменгі 

сегментімен  бірге,  көз  алмасын  ортаңғы  жазықтыққа  бір  уақытта  жақындауын 

(конвергенция)қамтамасыз ететін көз алмасының медиалды тік бұлшықетін нервтендіруге 

қатынасады.  Парасимпатикалық  ядро-көз  қозғалтқыш  нервінің  қосымша  ядросы 

(Якубович  ядросы),  nucl.oculomotorius  accessotius,  қарашық  қысқышымен  кірпікті 

бұлшықеттерді  нервтендіреді.  Көз  қозғалтқыш  нерві  ортаңғы  миден  аяқша-аралық 

шұңқырдан  (сәйкес  жүлгеден)шығады,  сонан  соң  алға  бағыт  алып  үңгірлі  қойнаудың 

бүйір  бетімен  өтіп  көзұяның  жоғарғы  саңылауы  арқылы  көзұяға  келіп  шығады.  Көзұяға 

кірмес бұрын нерв, жоғарғы және төменгі тармақтарға бөлінеді.  

Жоғарғы тармақ таза қозғалтқыш, ол көз алмасының жоғарғы тік бұлшықетін  және  

жоғарғы қабақты көтеретін бұлшықетті нервтендіреді. 

Төменгі  тармақ  –  аралас.  Құрамындағы  қозғалтқыш  талшықтар  төменгі  және 

медиальді  тік  бұлшықеттерді,  сонымен  бірге  көз  алмасының  төменгі  қиғаш  бұлшықетін 

нервтендіреді.  

Төменгі  тармақтан  шығатын  вегатативтік  талшықтар  көз  қозғалтқыш  түбіршігін 

(radix oculomotorius) құрап кірпікті түйінге бағытталады. Бұл түбіршіктің құрамында көз 

қозғалтқыш  нервінің  қосымша  ядросының  түйін  алды  дейін  парасимпатикалық 

талшықтары өтеді.  

Кірпікті  түйін  жасушаларының  түйіннен  кейінгі  талшықтары  қысқа  кірпіктік 

нервтер  (nn.  ciliares  breves)  көз  алмасына  жетіп,  қарашық  қысқышын  және  кірпікті 

бұлшықеттерді нервтендіреді, сөйтіп аккомадацияны жүзеге асырады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет