Бас пен мойынның аймақТЫҚ анатомиясы сезім ағзалары


Көз  алмасының  тамырлы  қабығы



Pdf көрінісі
бет3/25
Дата07.04.2022
өлшемі410,98 Kb.
#30219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Көз  алмасының  тамырлы  қабығы,  tunica  vasculosa  bulbi,  тамырлыр  және 

пигменттермен  бай  жабтықталған  қабық.  Бұл  қабық:  нұрлы  қабық,  кірпікті  дене  және 



меншіктк тамырлы қабықтан тұрады. 

       


Нұрлы  қабық,  iris,  тамырлы  қабықтың  фронталды  жазықтықта  орналасқан 

алдыңғы  бөлігі.  Ол  мөлдір  қабық  арқылы  көрініп  тұрады  және  ортасында,  қарашық, 

pupilla,  орналасады.  Нұрлы  қабықтың  алдыңғы  камера  мен  мөлдір  қабыққа  қараған 

алдыңғы  бетін  және  артқы  камера  мен  көзбұршаққа  қараған  артқы  бетін  ажыратады. 

Артқы  беті  пигменттерге  бай  эпителиймен  жабылған.  Көздің  түсі  осы  пигменттердің 

мөлшеріне байланысты, қоңыр (“қой көз” ), қара, жасылдау, көк және т.с.с. болып келеді. 

Нұрлы  қабықтың  қарашықтық    жиегін,  margo  pupillaris,  және  кірпіктік  жиегін,  margo 



ciliaris,  ажыратады.  Кірпіктік  жиек  қырлы  байлам,  lig.  pectinatum  iridis,  арқылы  кірпікті 

дене  және  ақ  қабықпен  байланысады.  Қырлы  байлам  талшықтарының  аралықтарында 



Фонтан  кеңістіктері  деп  аталатын  саңылаулар  орналасқан.  Нұрлы  қабықтың  ішінде 

бірыңғай салалы: дөңгелек бағыттағы  қарашықты тарылтатын бұлшықет, m. sphincter 



pupillae,  және  тарамдалған  (радиарлы)  қарашықты  кеңейтетін  бұлшықет,  m.  dilatator 

pupillae,  орналасады.  Көзге  түсетін  жарық  көбейгенде  қарашық  тарылады,  жарық 

азайғанда кеңейеді.        





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет