Бас пен мойынның аймақТЫҚ анатомиясы сезім ағзалары



Pdf көрінісі
бет12/25
Дата07.04.2022
өлшемі410,98 Kb.
#30219
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
Бастың аймақтық анатомиясы-1 бөлім

        Қарашық  рефлексі.  Ортаңғы  мидың  жоғарғы  төбешіктері  ядроларының  аксондары 

өз  жағындағы  және  қарсы  жақтағы  көз  қозғалтқыш  нервтің  парасимпатикалық  қосымша 



ядросында  (Якубович  ядросында)  және  III,  IV,  VI  жұп  бассүйек  нервтерінің қозғалтқыш 

ядроларында  аяқталады.  Қосымша  ядроның  аксондары  түйінгедейінгі  тармақтар,  rami 



preganglionares,  түрінде  көзқозғалтқыш  нервтің  құрамында  кірпікті  түйінге,  ganglion 

ciliare,  келеді.  Бұл  түйінде  екінші  парасимпатикалық  нейрондар  орналасқан.  Олардың 

түйінненкейінгі  тармақтары,    rami  postganglionares,  кірпікті  бұлшықетті  және 

қарашықты  тарылтатын  бұлшықетті  парасимпатикалық  (қысқа  кірпіктік  нервтер, 



nn.ciliares  breves,    құрамында    өтеді)  нервтендіреді.  Кірпікті  бұлшықет  көзбұршақтың 

дөңестігін өзгерту арқылы аккомодацияны (көздің анық көруін) қамтамасыз етеді. 




         Симпатикалық  сабаудың  мойындық  жоғарғы  түйінінен  шығатын  түйінненкейінгі 

тармақтар  ішкі  ұйқы  артериясының,  одан  кейін  көз  артериясының  өрімдерінің  

құрамында көз алмасына келіп, қарашықты кеңейтетін бұлшықетті, m.dilatator pupillae

нервтендіреді. Жарық көп түскенде қарашық тарылады, қараңғыда кеңейеді, қарашықтың 

жарықтың мөлшеріне жауабы-қарашық рефлексі деп аталады.  

Жоғарғы  төбешік  нейрондарының  III,IV  және  VI  жұп  бассүйек  нервтерінің 

қозғалтқыш  ядроларымен  байланысы  көз  алмасы  бұлшықеттерінің  экстрапирамидалық 

нервтенуін  қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар,  жоғарғы  төбешік  нейрондарынан  төбе-

жұлындық  жол,  tractus  tectospinalis,  басталады,  ол,  жұлынның  алдыңғы  мүйізінде 

орналасқан  қозғалтқыш  нейрондарда  аяқталады.  Кенеттен  жарық  әсер  еткен  кезде  бұл  

жол  арқылы  тұлға,  қол-аяқ  бұлшықеттерінің  шартсыз  рефлекстік  (экстрапирамидалық 

жүйе)  қозғалыстары  іске асады.          





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет