Бас пен мойынның аймақТЫҚ анатомиясы сезім ағзалары



Pdf көрінісі
бет13/25
Дата07.04.2022
өлшемі410,98 Kb.
#30219
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
Бастың аймақтық анатомиясы-1 бөлім

 

Көру нерві (ІІ) 

      Көру  нерві,  n.opticus  –  ІІ  жұп  нерві,  торлы  қабықтың  соқыр  дақ  (көру  нерві  дискісі) 

аймағында  жақындасатын  торлы  қабықтың  ганглиялық  қабатының  мультиполярлы 

нейрондарының  аксондарынан  түзілген.  Көру  нервінің  құрамында  1  млн.  шамасында 

талшықтар бар, сондықтан оның жуандығы қабықтарымен бірге 4 мм құрайды. 

Топографиясы бойынша көру нерві төрт бөліктен тұрады: 

1)  Көз іші бөлігі  - склера мен тамырлы қабықты тесіп өтеді

2)  Көзұялық бөлік –   көз алмасы мен көру  өзегі аралығында

3)  Өзек іші бөлігі – көру өзегінің ұзындығымен бірдей; 

4)  Бассүйек  іші  бөлігі  –  ми  негізінде,  торлы  қабық  астындағы  кеңістікте,  көру 

өзегінен көру қиылысына дейін. 

 

Көру  нервінің  жалпы  ұзындығы  50  мм  шамасында.  Сонымен  бірге  ең  ұзыны 



көзұялық  бөлігі  (25-30  мм)  Көру  нерві  көзұяда  жан-жағынан  ішкі  және  сыртқы 

қынаптармен  қоршалған,  олар  мидың  қатты  және  жұмсақ  қабықтарының  жалғасы,  әрі 

қарай  склераға  ұласады.  Қынаптар  арасында,  мидың  қабықаралық  қуыстарына  ағып 

шығатын көзіші сұйықтығы бар саңылау тәрізді қынапаралық кеңістік жатыр. 

Көзұялық    бөліктің  орта  жерінде  көру  нервінің  сабауының  астынан  торлы 

қабықтың орталық артериясы (көз артериясының тармағы) кіреді, ол сәйкес венамен бірге 

көру  нервінің  ішінде  орналасады.  Ми  негізінде  оң  және  сол  көру  нервтері  бір-бірімен 

жақындасып жартылай көру қиылысын – «Хиазма» құрады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет