Қабақтар. .Жоғарғы қабақ, palpebra superior, және төменгі қабақ, palpebra inferior,
көз алмасын алдыңғы жағынан жауып қорғаныш қызметін атқарады және көзжас
сұйықтығының көз алмасының алдыңғы бетінде біркелкі жайылуын қамтамасыз етеді.
Қабақтардың алдыңғы және артқы беттері ажыратылады. Олардың алдыңғы беттері
қатпарларға жиналатын жұқа терімен, артқы беттері конъюнктивамен жабылған. Терінің
астында көздің дөңгелек бұлшықетінің қабақтық бөлігі, жатады. Қабақтардың ішінде,
конъюнктивамен тұтасып кеткен, тығыз дәнекер тіндік табақшалар орналасады. Олар
қаттылығына байланысты жоғарғы және төменгі шеміршектер (tarsus superior et tarsus
inferior) деп аталып кеткен. Бұл шеміршектер көз ұяға қабақтың медиалды және
латералды байламдары, lig.palpebrale laterale et lig.palpebrale mediale, арқылы бекиді.
Шеміршектердің ішінде шеміршектік бездер ( Мейбоми бездері ), glandulae tarsales,
орналасқан. Олардың түтіктері қабақтың артқы жиегіне жақынырық ашылады. Жоғарғы
шеміршктің алдыңғы бетіне жоғарғы қабақты көтеретін бұлшықет, m. levator palpebrae
superioris, бекиді. Қабақтың алдыңғы және артқы беттерімен шектелген бос жиегінде,
сәйкес, қабақтың алдыңғы жиегін, limbus palpebralis anterior, және конъюктиваға өтетін
артқы жиегін, et limbus palpebralis posterior, ажыратады. Алдыңғы жиекке жақынырақ
2-3 қатар құрайтын кірпіктер, cilia, орналасады. Жоғарғы және төменгі қабақтардың
арасындағы көз саңылауында, медиалды және латералды бұрыштар ажыратылады.
Көздің медиалды бұрышы аймағындағы қабақтардың алдыңғы жиегінде, кішкене
көзжастық бүртікше, papilla lacrimalis, орналасқан. Одан көзжастық өзекше, canaliкulus
lacrimalis, басталады.
Конъюктива, tunica conjunctiva, шырышты қабықтың бір түрі болып табылады,
қабақтардың артқы бетін,көз алмасының мөлдір қабықтан басқа, алдыңғы бөлігін жауып
жатады. Конъюнктиваның қабақтардан көз алмасына өтетін жерлері конъюнктивалық
жоғарғы және төменгі күмбездер, fornix conjunctivae superior et inferior, деп белгіленеді.
Қабақтардың артында, көз алмасының алдында конъюнктивамен жабылған кеңістік,
конъюнктивалық қап, saccus conjunctivae, орналасқан. Көздің медиалды бұрышындағы
тереңдеу жер - көзжастық көл, lacus lacrimalis, деп аталады. Көзжастық көлдің медиалды
бөлігінде
көзжастық
бүртікті,
caruncula
lacrimalis,
латералды
бөлігінде
конъюнктиваның жартыайлы бүрмесін, plica semilunaris conjunctivae, ажыратады. Бұл
бүрме төменгі сатыдағы омыртқалыларда кездесетін үшінші қабақтың (кірпік қағу
қабағының) қалдығы болып табылады.
Жоғарғы қабақ пен маңдайдың шекарасында қас, supercilium, орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |