Әдебиет
1 Әуезов М. 20 томдық шығ.жин. 18 том. –
Алматы: Жазушы, 1985. – 448 б.
2 Дәстүр мен жаңашылдық. Жауапты ред.
М.Қаратаев. – Алматы: Ғылым, 1980. – 367 б.
3 Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. -
Астана: Елорда, 2003. – 424 б.
4 Әбдіғазиев Б. Асыл арна. – Алматы: Қазақ
университеті,1992. – 128 б.
5 Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. –
Алматы: Жазушы, 1966. – 348 б.
6 Ысмағұлов Ж. Абай дәстүрі және оның ХХ
ғасыр басындағы әдебиетте дамытылуы /
Қазақтың бас ақыны: Халықаралық ғылыми-
тео риялық конф. материалдары. Құраст.
С.Қорабай. – Алматы: Дәуір, 2004. – 120 б.
7 Ахметов З. «Алаш» деп ұран салған ақын /
Торайғыров С. Үш томдық шығ. жин. Бірінші
том. – Алматы: Жібек жолы, 2002. - 176 б.
8 Ахметов З. Абай дәстүрі ХХ ғасыр
басындағы әдебиетте // Ақиқат, 1993. № 2. Б. 69-
74.
9 Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі
қазақ әдебиеті: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ
университеті, 2002. – 430 б.
14
АБАЙТАНУ
2013 №2 (19)
Резюме
Resume
Автор анализирует произведения писателей начала XX века , распространения
демократических идей и традиции в творчестве Абая, которые явились вкладом в развитие
казахской литературы и культуры.
The author gives an accurate picture of the XX century writer’s works, in which the authors propagate
the intellectual, democratic ideas and traditions of Abay’s creativity that made a contribution to the
development of the Kazakh literature and culture.
15
ШӘКӘРІМТАНУ
2013 №2 (19)
Ж.ӘУБӘКІР, филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-
мемориалдық қорық-мұражайының директоры
ШӘКӘРІМ: БІЛМЕККЕ ҚҰШТАРЛЫҚ
ӘОЖ 821.512.122
Шәкәрім Құдайбердіұлы өз ұлтының біртуар
перзенті ғана емес, жалпы түркі әлеміндегі
бірегей
ақындардың,
ойшылдардың,
тарихшылардың бірі. Ғұлама ақын, данышпан
Шәкәрім ұлы Абайдың дарынды шәкірті.
М.О.Әуезов сөзімен айтсақ «Абайдың өз
тұсында, өз дәуірінде еңбек еткен, толық
мағынадағы шәкірті».
Шәкәрім ақынның өмір жолын баяндамас
бұрын ең алдымен оның ата-анасы мен туған,
өскен ортасына аса мән беру қажет. Ананың ақ
сүтімен, әке мен атаның ақыл-өсиетімен қай
адам болмасын барлығының нәр алып өсері
айқын. «Шәкәрімнің әке-шешесі туралы
деректер әзірше бізге беймәлім. Әзірше дейтін
себебіміз, кейін ізденістер жүргізілгенде
ақынның әке-шешесі туралы да деректер
кездесіп қалуы мүмкін, өйткені Кұнанбай
балаларына, немерелеріне мықтап көңіл бөлуді
ұмытпағаны, тіпті, фамилияларын анықтауға
дейін мұқият болғаны туралы мәліметтер
сақталған ғой»,- деп жазған еді 1988 жылғы
Шәкәрімнің тұңғыш шығармаларына жазылған
мақалада Әбділда Тәжібаев пен Шәмсиябану
Сәтбаева.
Шәкәрімнің әкесі Құдайберді (1829-1866) -
Құнанбайдың бәйбішесі Найман Ағанас бидің
қызы Күңкеден (негізгі аты Әйбөбек) туған
жалғыз ұлы. Құдайберді жас кезінен атасы
Өскенбай мен әжесі Зеренің тәрбиесінде
болады, түрікше, арабша сауат ашады. Ұлы
Құдайберді ер жеткенде әкесі Құнанбай
баласына Қаракесек руының «Кедей» деген
табынан шыққан орта дәулеті бар, ұл-қыздарын
ерте оқытқан, адалдықты жоғары қойған, ел
қадірлеп-құрметтеген, абыройы жоғары
Алдабергенге құда түсіп, оның Төлебике деген
қызын айттырып алып береді.
Шәкәрімнің анасы Төлебике ақындық
қабілеті болып, төңірегіндегі адамдарға,
құрбыларына арнап өлең шығарыпты. Сондай
шығарған бірқақпайы:
Бір жолдасым - Барағым – тақыстау болған
қарағым,
Бол-болшыға зорлаған, көптен жолдас
манабым!
Бір жолдасым- Жасаубай, тақтайлап жиған
жасаудай,
Шырт-шырт еткен мінезің, жаңа үйреткен
асаудай.
Шәкәрімнің өнердің әр түріне болмасын
жақын болуы анасы сүтінен дарығандығы
екендігі анық. Төлебике тігін тігіп, ою ойып, қол
өнермен айналысқан, тіпті Бәкең деген рудың
Қыздар деген кісісіне тоқым шауып берсе, руы
Әнет Сағындыққа қарала жүргізуді, ұсталықты
үйретіпті. Төлебике әкесінің өтініші бойынша
тұрмысқа шыққан соң ұсталықты тоқтатыпты.
Төлебике келін болып түскеннен кейін үш-
төрт жылға дейін бала көтермейді. Атасы
Мақалада автор Шәкәрім Құдайбердіұлының анасы Төлебике жайлы деректер келтіріліп, ақын
өміріне қатысты тың деректер баяндалады.
Тірек сөздер: Шәкәрім, Төлебике, Ботантай.
16
Құнанбайдың «Құдайберді бір анадан жалғыз
еді, баласы болмай қалып жүре ме, тағы бір әйел
әперсем қайтеді» дегеніне Төлебике келісімін
береді. Құнанбай Құдайбердіге Мамай руынан
шыққан Дулат батырдың қызы Ботантайды
айттырып, алып береді.
Төлебике екіқабат болған Ботантайды «жел
науқас болды» деп үйден шығармай, өз ішіне
жастық тығып алып жүкті әйел бейнесін
жасайды. Ел арасына «Төлебике екіқабат болды»
деген сөз тарайды. Жаңа туған баланың кіндігін
кескен Қадиша Арғынбайқызы мен Құдайберді
мен екі анадан басқа бұл жайды ешкім білмеген.
Баланың атын Төлебикенің өзі Әмір деп қояды.
Ауылдағылар «Төлебике босанды» деп оған
қалжа жегізіп, үлкен шілдехана жасайды. Өзі
тамақ жейтін дәрежеге жеткенге дейін, яғни
алты айға дейін Әмірді ешкімге көрсетпей
Ботантайға еміздіртіп жүреді. Екі жылдан кейін
Төлебикенің өзі де жүкті болып, ұл табады.
Оның атын Омар қояды, бірақ ол бір жасқа
жетпей шетінеп кетеді. Құдайбердінің
Төлебикеден туған өзге балалары - Мұртаза,
Шаһмардан (Шәке), Шәкәрім. Ал Ботантайдан
көрген балалары - Әмір, Жылқыайдар,
Ырзықбай.
Шәкәрімнің шешесі арабша, түркіше көп
оқыған. Қолөнерге өте шебер, кесте тігетін, ою
оятын, киім пішетін, пышақ соғатын істі адам
болған. Есті, сергек, ақылды, мейірімді, жомарт
болған әжеміздің құранын, «Ғибадат
исламиясын», «Мұхтасарын», тағы басқа көп
кітаптарын мен көрдім. Шешелерімнің, үлкен
әжелердің: «Дәметкен (Төлебикені солай атаған)
оқымысты, ақ мартуы бар, есті, ақылды еді», -
деп отырғандарын сан естігем. Шешесінің араб
тілін жақсы білетінін әкейдің өзі де айтып
отыратын. Және: «Араб тілін меңгеруіме
шешемнің көп пайдасы тиді»,-дейтін»,-дейді
Ахат Шәкәрім баласы.
Құдайберді әке сі Құнанбай сияқты өз
балаларын оқытуды, оларға білім алғызуды
мақсат етіп қояды. Семей медресінен терең білім
алып шыққан Өтебай және Теңізбай,
Әлімбайларды қолына ұстап, өз балаларын,
маңайдағы ауыл балаларын оқытады.
Шәкәрімнің:
Бесімде оқу білсін деп,
Ата-анам берді сабаққа,-деп жазуының себебі
осында жатқаны анық. «Шәкәрім жасынан
«Мың бір түн» әңгімелерін оқып, ертек қып
айтып, парсы, араб ақындарының бәйіттерін
жатқа төгілдіретін болған. Олармен бірге
қазақтың
«Ер
Тарғын»,
«Алпамыс»,
«Қобыланды», «Қыз Жібек» сияқты қиссаларын
оқып, жаттап алған. Ескі жыраулардан - Бұхар,
Асан, Марабай, мәтел-мақалдарын, мәнді нақыл
сөздерін оқыған», - дейді Ахат. «Әкей бала
кезімде «Қыз Жібек» қиссасындағы Төлегеннің
алты қазға айтқан зарын оқығанда, «Алпамыс»
қиссасындағы Жәдігердің зарлап айқан өтініш-
мұңын оқығанда жыламай оқи алмайтын едім»
деп отырады екен Шәкәрім кейіннен.
Елді старшындарға бөлген кезде Құнанбай
екі дәрежелі старшын бол деп әл ауқаты төмен
елу үй Әнет табы мен жиырма үй Қарабатыр
руын Құдайбердіге бөліп береді. «Бұларды
Құнанбай: «Менің іш көйлегім, шын тілектес
адамдарым» - деп, қатты аяп, жақсы қоныс
беріп, Құдайбердіге: «Сен осыларға басшы
боласың, ренжітпейсің, бұларды мен өлген соң
ренжітсең, менің аруағым күңіренеді» - деп
тапсырған. Сондықтан, бұлар бізге туысқаннан
артық болып кетті»,- дейді Ахат Шәкәрімұлы өз
естелігінде. Табиғатынан мінезі орнықты,
өнегелі Құдайберді бұл руларға бар
қамқорлығын
жас ап,
артық
шығын
тарттырмайды. Аса сыйлас болғаны соншалық
кішісі Құдайбердіні ағасындай, үлкені інісіндей
құрметтеген екен. Дәметіп келгенде бар
дүниесін аямайтын береген қолы бар бәйбішесі
Төлебикені Дәметкен атандырған да осы Әнет
пен Қарабатырлар. Әкесі қамқор болған бұларға
кейін Шәкәрім де өз ықыласын беріп, көмегін
тигізген. «Жиырма үй менің көршім -
Қарабатыр...» деп басталатын Шәкәрімнің 1913-
1915 жазған өлеңі де бар.
Құдайберді жастайынан өкпе науқасына
шалдығып, сырқатты болады.
Ахат Құдайбердиевтің естелігінде Шәкәрім
өзінің әкесі жайында былай деген: «Мен әкемді
жасынан жақсы білемін. Әсіресе, кейінгі
жылдары, күндері көз алдымда тұрады. Ақырғы
жылда бұрынғыдай аңға жиі шықпай, үйде
болатын уақыттары көп болды. Түрікше әңгіме
кітаптарды оқуын қойған жоқ. Өтер жылы
ШӘКӘРІМТАНУ
2013 №2 (19)
17
күздің басынан төсек тартып жатпаса да, жүдеу
тартып, жөтелі жиілей бастады. Сөзден қалған
жоқ, бірақ еті арылып, арықтай бастады. Қыс
ортасына тақағанда әкесі Құнанбайға сәлем
берем, шешелеріме амандасам деп, Мырзағұл
деген жолдасын ертіп, бауырға кетті. 4-5 күннен
кейін кешке жақын Бәкем келе жатыр деп,
үйдегілер тегіс тысқа шықты. Қарасақ, өзенді
өрлеп, астында тортөбел аты бар Мырзағұл екеуі
келе жатыр екен. Барақ әкемнің атын ұстап,
түсіріп жатқанда, тақап келген шешем: «Өңің
қашып кетіпті, сырқаттанып қалғансың ба?»,-
деді. Әкем «Иә. Сырқатт анып тұрмын»,-
дегеннен басқа ештеңе айтпай, үйге кірді. Мен
артынан білдім. Әкесіне сәлем беріп келе
жатқанда, әкем ат үстінде жөтеліп, атынан түсе-
мүсе қан құсып жіберіпті. Көкек айының іші,
күн жылынып, жер көктей бастаған кез. Әкемнің
сырқаты ауырлап, төсек тартып жатып қалды».
Ұзын бойлы, ақсұр, қара мұрт, қара сақал,
өткір көзді, тік иықты, сырт пішіні сұлу, қимылы
тез, сергек Құдайбердіге Абай ақ ұнтақ және
тамызып ішетін қызғылт дәрілер беріп жүріп,
«қалаға барып дәрігерге қаратсам» деген
ұсынысын білдіреді. «Қазір қыс іші ғой, жаз
шыға барамыз» деген Құдайберді 1866 жылы
көкек айында 37 жасқа шығар жасында
дүниеден өтеді. Шәкәрім әкесінен жеті жасында
айырылса, Төлебике отыз алты, Ботантай отыз
үш жасында жесір атанады. Құдайбердінің
денесі Жидебайда жерленген.
Өлтірдің, онан таптың қандай пайда?
Өмір сүріп жүріп ем жазда сайда.
Жетімдік қандайлығын көзің көрді,
Кешегі тірі жүрген әкең қайда?
Менің де жетім қалды балаларым,
Олар да жылайды аңсап аналарын.
Өзің жетім, жетімді аясаңшы,
Жоқ екен басыңда ми-саналарың,-
Әке өліміне езіліп отырған жеті жасар бала
ақынның өзі өлтіріп алған жауын құртына өлең
шығарған кезі де осы кез. Қарайласар туысы,
ақыл берер ағасы, бауырына алар анасы
болғанымен, жетімдіктің дәмін татқандай әке
өлімі жас жүрекке қатты әсер еткендігі айқын.
Жеті жаста жетім боп
Түскендей болдым абаққа.
Ардақты кенже жетім деп
Әлпештеді мені көп,
Надандыққа болды сеп
Қақпай ешкім қабаққа,-деп ақынның өзі
кейіннен жырлағандай әкесінен айырылған
Шәкәрімнің бетінен ешкім қақпайды. «Мен
пақыр өз әкем өлген соң ұлық атамыз хажы
марқұмның тәрбиесінде қалсам да, бұрыннан
ауылымыз, қыстауымыз бөлек болғанда хажы
марқұм мені «жетім» деп аяп, қысып оқыта
алмай, жетімді сылтау қылып, ойыма не келсе,
соны істеп ғылымсыз өстім. Әйтсе де түркі
танып, орысша хат танып қалдым»,-дейді
ақынның өзі.
Бірақ Шәкәрімнің тәрбиесін Құдайбердінің
тапсырмасы бойынша, әрі талапты да дарынды
інісінің болашақ тағдыры қатты алаңдататын
Абай өз қолына алады. Заманымыздың заңғар
жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы»
эпопеясында Абай мен Құдайберді арасындағы
осы бір кездердегі сәттер, төсек тартып ауырып
жатқан Құдайбердінің көңілін сұрай келген
Абайдың ағасымен қимастық сезімімен
жолыққандығы жан-жақты суреттелген.
Құдайбердінің артына қалып бара жатқан
балаларына өзінің қамқор болатындығын
білдірген жайлар бейнелеген. М.О.Әуезов:
«Қарашоқыдағы қыстауға келген соң, Абай ең
әуелі әкесіне бармай, Күнкенің үйіне кірді.
Мұнда Абайдың ең жақын көретін туысқаны
Кұдайберді көптен бері науқас болатын.
Алдымен соған амандасып, жайын білмек», - яки
болмаса: «Құдайберді өлерде Абай о ған:
«Балаларыңды әке орнына бағу қарызым
болар»,- деп «жетімдік көрсетпеспін» деп ант
еткендей болатын. Айтқанындай, Абай содан
бері Кұдайберді балаларын өзімен туысқан
Оспаннан да, өз балаларынан да қатты
еркелететін»-деп жазады. Жеті жаста жауын
құртына арнап жазған өлеңін естіп көз жастарын
тыя алмай жүріп Шәкәрімнің ақындық
қабілетіне әлі ерте емес пе деп күмәнмен қараған
Төлебикеге Абайдың «Шәкәрімге өлең жазба
демеңіз, оны тыймаңыз. Жазсын, өзім қалай
жазуды үйретемін» деген сөзінде үлкен мән
жатыр. Абай мен Шәкәрім арасындағы туыстық
қана емес, шығармашылық байланыстың, ұстаз
бен шәкірт арасындағы ізгі көпірдің алғашқы
ШӘКӘРІМТАНУ
2013 №2 (19)
18
баспалдақтарының алғаш қалыптасуы да осы
кез.
Ақындық жол өз алдына Шәкәрімнің сан
қырлылығын танытар өнер жолындағы алғашқы
ізденістер де бала ке зден бастау алады.
Жетімдіктің қамыты емес, өнерліліктің,
шеберліліктің сауыттарымен Шәкәрім ертерек
қаруланады.
Он жасыма келген соң,
Домбыра, гармонь білген соң...
Шеберлікке де бет қойдым,
Сурет с алып, түр ойдым,-дейді ақын
Шәкәрім. Тоғыз жасында шешек шығып қатты
ауырған Шәкәрім оқуын амалысыздан доғарады.
Балалықтың балдаурен күндерін ғылымды,
білімді жан-жақты игеруге арнамаса да есесіне
қолөнердің қыр-сырларын меңгеруге тырысады.
Әкесінің тірі кезінде оның қолдан қиып жасаған
арқар, қасқыр, түлкі, үйрек, қаршыға сынды аң-
құстардың суреттерімен ермек ететін, анасының
қасында отырғанда ойылған оюларға, тіккен
кестелерге қарап өзінше ою о йып, сурет
салатын, үнемі не әкесінің, яки болмасының
шешесінің қасында болып, олар болмаса жалғыз
ойнайтын бала Шәкәрім өнердің салаларын
игеруге тырысады. «Бала кезімде қолым тыныш
отырмайтын, не темірді егеп, не ою ойып, не
ағаш жонып, бірдеме жасап отыратынмын»,-
дейді екен Шәкәрімнің өзі. Жаст айынан
бұзылған сағат, іс машиналарын бөлшектеп,
құрылысымен танысып қана қоймай оларды
жөндеумен айналысатыны және бар ақынның.
Сағат, іс машиналары, темір соғуға, түрлі істерге
қажетті саймандарын Шәкәрім өле-өлгенше
сақтаған екен. Ағаштан жасаған ожаулары,
соққан пышақтары да молынан болыпты.
Шәкәрімнің алғаш кездік жасауға талпынған
әрекеті туралы Ахат естелігінде айтылады. Әкесі
қайтыс болғаннан кейінгі қыста ескі орақтың
шыбығын кесіп қый шоғына қыздырып кездік
соғып жатқан Шәкәрімге Абай келеді. Соққан
бірнеше кездіктері қыздырып судырғанда
барлығының жүзі жарылып кетіп қиналып
жатқан Шәкәрімге Абай: «Өзің ұстасың ғой.
Кездіктеріңнің мүсіні жақсы келген, бірақ
суарғанда жүздерін жарып алыпсың.
Жеңешемнен неге сұрамадың, қалай суыруды»,-
деп тұрғанда Төлебике шешесі келіп кіреді.
«Абай амандасып болған соң, «Жеңеше,
Шәкәрімнің ұста болмақ ойы бар екен, бірақ
суарудың рет-жөнін білмейтін көрінеді. Суаруды
неге үйретпейсің?»- деді. Шешем де
кездіктерімді көріп: «Кездіктеріңнің жүздері
жарылып кетуі біріншіден, өте қыздырып алып
суарғасың, екіншіден, жұқа жүз жағынан
суарғансың сондықтан жарылған»,- деді.
«Пышақтың қалың сыртынан суарған жөн деп,
суаруға дайындап қойған кездігімді қыздырып
«былай суар» деп, көрсетіп, сыртынан суарып
еді кездіктің жүзі жарылмай шықты. Сүйтіп,
пышақ соғуды да үйрендім», деген екен Шәкәрім
баласы Ахатқа.
Шәкәрімнің қазақы ғана емес, басқа бір
елдердің киімдеріне де ұқсатпай өзгеше
талғаммен өте сәнді киінетіндігі де көп
естеліктерде айтылуда. Бұл да оның балаң
кезінен қалыптасқан өнерлілігінің бір ерекше
түрі. Даралық түрде өзі пішіп, тігіп киім киген
Шәкәрім ғана шығар. Оюдың бұрынғы қошқар
мүйіз нақышына, жастық тысының, түскиіздің
кестелеу оюының нәзік, ұсақ оюларына өзгеше
түр енгізген тағы да Шәкәрім.
Шәкәрімнің домбыра тартуға деген
құмарлығын байқаған Абай керей руынан
шыққан Біткенбай деген атақты домбырашыны
күздің басында шақырып алып Шәкәрімге күй
үйретуді тапсырады. Ел жайлауға шығарға дейін
Біткенбай Шәкәрімге күй үйретеді. «Саймақтың
сары өзені», «Алшағырдың ашты күйі», «Асан
күйі»,
«Ала
байрақ»,
«Кертолғау»,
«Азаматқожа», «Терісқақпай», «Ақсақ құлан»,
«Ақпан күйі», «Аққу зары», «Бозінген», «Ақсақ
тоқты», «Боз айғыр», «Қара жорға», «Қорқыт
сарыны», «Қорамжан», «Жетім қыздың зары»,
«Әсірқалша» сияқты қазақ күйлерін о сы
Біткенбайдан үйренеді. Шәкәрім үнемі: «Менің
домбыра ұстазым - Біткенбай, оны тауып
алдырып беруші - Абай»,-деп отырады екен.
Шәкәрімнің музыкаға әуестігі, құмарлығы
нағашылары жағынан келген қасиет деп те
жатады. Ақын нағашылары музыкаға құмар,
скрипка тартуға шебер болады. Нағашыларына
жиі барып тұратын Шәкәрім он жеті жасынан
бастап скрипка тартуды үйренеді. Қыс кезінде
қаладағы музыкант орысқа «скрипка алғызып
бер» деп тапсырған өнершіл жас, көктем шыға
ШӘКӘРІМТАНУ
2013 №2 (19)
19
салысымен қалаға келіп, скрипкасын алып, сол
орыстан скрипка тартуды үйренеді. Гармонды
ертерек үйренген ол кейінірек келе Орынбасар
Мырзатайұлы, Өтегелді Сеңгірбайұлы, Сқақ
Ырсайұлы сияқты ауылдас әнші, домбырашы,
гармоншы, әрі әңгіме шеберлерін жинап алып,
барлығы қосылып музыкада ойнайтын болады.
Шәкәрім бала кезінен «Мың бір түн» сияқты
ескі қиссаларды жаттап өсуімен қатар, құрбы-
құрдастарына өлең шығарып, жастардың басы
қосылған жиын-тойларына араласа жүре ер жете
келе аңшылыққа ауаны ауады. Әкесі Құдайберді
сияқты қаршыға ұстап, құс баптап, аңшылық
жолына түседі. Шәкәрімнің жақсы мерген
болуына ағасы Абай себепкер болған екен. Абай
аулына құс атуға, қонаққа келіп жатқан аңшы
орыстан Шәкәрім мергендіктің қыр-сырын
үйренеді. «Саркөл» атты қамысты, құсы мол
көлдің жағасында бір айдай жатқанда мерген
орыспен
аңшылық
туралы
қаншама
әңгімелескені өз алдына, одан көз мергендіктен
қол мергендіктің артықшылықтарын ұғынып,
көп сығаламай екі жақтан атуды да меңгеріп
алады. Жаз кезінде жайлауға шығып, қаршыға
салып,
аң
аулаған
кездерінде
о сы
үйренгендерінің көп пайдасын көреді.
Ақын өзі балалық шағындағы білуге деген
құмарлығын төмендегі жолдар арқылы былай
деп береді:
Өзгеше болмақ сүйгенім
Осыған басты игенім.
Киімді бөтен кигенім,
Ұқсатпай орыс, қазаққа.
Телеграм жайын білуге
Оны да сынай жүруге,
Бір үйден тарттым бір үйге,
Шекті керіп қадаққа.
Он бесіме келгенде,
Қаршыға, бүркіт көргенде,
Құс салып жүрдім серуенде,
Еркіндеп шығып азатқа.
Абай Шәкәрімнің орыс тілін меңгеруіне де
өз ықпалын тигізген. Оған орысша оқу деп кеңес
берген де ұстаз ағасы Абай. Абайдың ақыл-
кеңесімен Шәкәрім Нұрпейіс деген адамды
қолына ұстап, орысша үйреніп алады. Нұрпейіс:
«Шәкәрім менің шәкіртім еді. Менен асып кетті.
Ол да жақсы. Абай айтатын еді, «Шәкірті
ұстазынан асса, оған ұстазы қуануға керек»,-деп.
Мен Шәкәрімді көргенде сол себепті
қуанамын»,- деп отырады екен Ахатқа.
Сегіз қырлы бір сырлы болып өсіп келе
жатқан Шәкәрімнің балалық, жастық шағы
текке өтпегенін, өнер-білім жолына алғашқы
баспалдақтарын нық басып, елден өзгеше
даралықпен өзін-өзі тәрбиелегенін байқай
аламыз. Жоғарыда біз айтып өткен өнер жолы
тек негізгілер ғана болар.
Ойым бар өлең айтқандай,
Ғылымға таман қайтқандай.
Жыбырлатып тартқандай,
Қармақ салып шабаққа.
Өнердің сан қырларын меңгеруге талпынып
өскен Шәкәрім енді ұстазы Абай айтқан «сөз
патшасы, сөз сарасы - өлеңді» де назарынан бір
сәт қалдырмаған. Ғылым жолы да ақыл-ой
толысқан жас жігіттің алға ұстар басты
темірқазығы еді. Шәкәрім жасы жиырмадан
асқанда ғылымның с ара жолына түседі.
«Алғызып кітап шеттен де» дегеніндей жан-
жақты білім меңгеруге қарманады. Білмегенін
білуге, оқыған дүниесін көңіліне тоқуға
тырысады. Ақынның ғылым жолына бет бұруы
тек өзім білсем деген бас пайданың қамы емес,
ел-жұрт болашағын ойлаған арлы ақ жүректі
азаматтың алдыға қояр басты мақсаты еді.
Білімге салып тілекті,
Сыбанып едім білекті,
Ағартуға жүректі,
Аршымақ болып қоқымын.
Шәкәрім өмірінің ұстанымы болар ақ
жүректілік пен арлылық, таза ақыл жолы, «ар
ғылымының» рухани негіздеріне, ғылым-білімге
құштарлығы да оянар уақыт та міне о сы
кезеңнен бастау алғаны сөзсіз.
Жиырма мен қырық арасы-
Жас өмірдің сарасы.
Бос өткенін қарашы
Жүрекке төгіп қанды ірің -,
деп кейіннен ақынның өзі өкінішпен еске
алғандай ғылым-білім жолына түскпек болған
жас Шәкәрімге «болыстықтың тоқымын
жабады».
Әдебиет
1.Шәкәрім Құдайбердиев Шығармалары:
ШӘКӘРІМТАНУ
2013 №2 (19)
20
ШӘКӘРІМТАНУ
2013 №2 (19)
өлеңдер, дастандар, қара сөздер. Құрастырған:
М.Жармұхамедұлы, С.Дәуітов, [А.Құдайбериев]
- Алматы: Жазушы, 1988.-560 б.
2.Шәкерімұлы Ахат. Менің әкем, халық ұлы
- Шәкерім. // Жұлдыз, 1992, №11
3.Шәкәрімтану мәселелері. С ериялық
ғылыми жинақ. (Құраст. Т.Шаңбай) - Семей-
Новосибирск, Талер-Пресс, 2006.
4.Әуезов М.О. Абай жолы: Роман-эпопея. -
Алматы: Жазушы, 1990. - Бірінші кітап. Абай.-
608 б.
Достарыңызбен бөлісу: |