Қазақ халқының ұлттық ойын-сауық
түрлері. Қазақ – ойын-сауықшыл халық. Бү-
гiн де қазақтың 100 ден аса ойын түрлерi мə-
лiм. Соның ішінде ұлттық ойындардың жиі
қол данылатын түрлері: «Бəйге», «Көкпар»,
«Ал тын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу»,
«То ғыз құ малақ», «Сайыс», «Күрес», «Теңге
алу» жə не т.б.Қазақ «баланы жастан» деген-
де, ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тəр-
бие лiк жұмысты ертерек жəне жас ерек ше-
лiк те рiне қарай жүргiзудi пайымдайды.
Ұлыстың ұлы күні ойналатын ойын-
сауық ты «наурызнама» деп атаған. Ол күнде
жаз ғы тұрым наурыз деген мейрам болып,
ха лық наурызнама деп той-тамаша болады
екен. Бұл күні үлкендер мен кішілер осы
мей рамға жиналып, көңілді ойын-сауықтар
жа сай ды. Тойда ат жарыс, палуан күрес, бас-
қа да спорт бəсекесі өткізіліп, айтыс, түр лі
ойындар мен əн-жырлар, өлеңдер, нау рыз
жырлары айтылады. Наурызнама он шақ-
ты күнге созылатын əрі халықтың ұлттық
дəстүрі мен əдет-ғұрыптары кеңінен қол да-
ны ла тын ерекше үлкен той.
Қыз қуу. Қазақ халқының ұлттық ойын да-
рының ішіндегі аса бір ерекше түрі – «Қыз
қуу» ойыны. Ол ұлттық спорттың де не шы-
нық тыру ойыны ретінде дамыған. «Қыз қуу»
кең далада үлкен топтың арасында намыс ты
ер жігіт жас қызды ат үстінде қуудан бас та-
ла ды. Егер ер жігіт қызды қуып жетсе, қыз-
дың бетінен сүйеді. Ал қызға жете алмаса,
жұрт қа күлкі болып, өз жазасын алады.
Арқан тартыс. Халық арасында ерекше
қызығушылық тудыратын ұлттық ойындар-
дың бірі - «Арқан тартысу». Бұл ойында екі
топ адамдары бір-бірімен күш сынасады. Екі
топ қа адам тең бөлініп, ортаға сызық бел гі леп,
арқан тартысады. Арқанды өзіне тартып ал ған
топ күшті, жігерлі ұжым болып саналады.
Айгөлек. Қазақ халқының ұлттық ойын да-
рының ішіндегі ең көп тараған түрі – «Ай-
гө лек» ойыны. «Айгөлекті» жасыл желек ат қан
көк темде, салқын самалды күзде ашық алаң да
ойнаған. Жас қыздар мен жігіттер ойын ның негізгі
көркі болып табылады. Кеш ке жиналғандар өзара
екі топқа бөлініп, ара сы бір бірінен 15-20 қадам
қарама-қарсы екі сызықтың бойына тізіледі.
Екі топ бір-бі ріне кезекпен екі жақтан адам
шақырады. Ша қыр ылған адам қарсы топтың
қолын бұзып өтуі керек. Егер қолын бұзып өтсе,
сол топтан өзімен қоса бір адамды ала кетеді. Ал
егер бұ за алмаса, өзі сол топта қалады. Қай топ та
адам саны көп болса сол топ жеңіске же теді.
Алтыбақан. Алтыбақан ойыны көбіне
жазды күні ауылдың сыртында өтеді.
Алтыбақан құру үшін əрқайсысының ұзын-
ды ғы 3-4 метрдей 6 салма мен жуандау бір
бел ағаш жəне жуан ағаш керек. Үш-үштен
ал ты ағаштың бір жақ басынан матайды. Со-
лай екеуін екі жерге тұрғызып, ортасынан
көл денең бел ағашты жоғары қисайтып тұр-
ғы зып байлайды. Ортасынан бел ағаштың екі
53
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН
жағынан арқан орайды. Содан соң алты ба-
қанды тебушілер отыратын, болмаса, аяқ пен
тұруға лайықталған орындық ретінде көл-
денең тақтай кигізеді. Əдет бойынша алты-
ба қан ды жұп болып қыз бен жігіт тебеді.
Аударыспақ. «Аударыспақ» – халық ара-
сында кең тараған ұлттық ойындардың бірі.
Ол қа зақ халқында ертеден келе жатқан ойын
бо лып саналады. Ойын ережесі бойын ша екі
ат ты адам арасы 40-50 адымдай екі көм бе де
тұ рады. Ойын жүргізушінің берген бел гі сінен
кейін бір-біріне қарама-қарсы ша ба жөнеледі.
Екеуінің бірі аттың үстінен ау да рылып түссе,
сол адам жеңілген болып есеп те ле ді.
Сақина салу. Қазақ топырағында ертеден
ке ле жатқан ойынның бірі – «Сақина салу».
Оған он шақты жас жігіттер мен қыздар қа-
тынасады. Тізіліп отырған жастардың бі-
рі не сақина салушы сақинаны білдірмей
тас тайды. Ойынды жүргізуші ойынға қа ты-
су шы лар ды айналып өткен соң «сақинам,
са қи нам ортаға шық» дейді. Əлгі сақина са-
лын ған адам ешкімге білдірмей тез арада ор-
та ға ұмтылып шығуы керек. Ал егер ол ешбір
адам ға білдірмей ортаға кедергісіз шықса, он-
да ол адам сақинаны салып, жүргізуші бола-
ды, егер шыға алмаса, қайта орнына отырады.
Асық ойыны. Қазақ халқында ертеден ке-
ле жатқан ойындардың бірі – «Асық ойында-
ры». Халық арасында асық ойындарының
бір неше түрі сақталған. Бұл ойынды тек
асы ғы бар ер балалар ғана ойнаған. Асық
ой наушылардың саны 4-8-ге дейін барады.
Бұл ойының мақсаты – асық ұтып алу. Ой-
ын ережесі: Көнге барлық ойыншы бір-бір-
ден асық тігеді. Содан соң бір бала ойын-
шы лардың кім-кімнен кейін ойнау керек ке-
зек те рін анықтау үшін басқалардың сақасын
жи нап алып иіреді. Иірген кезде алшы түскен
са қа ның иесі – бірінші, тəйке түскеннің ие сі
– екінші, бүк түскендікі – үшінші, шік түс-
кен ді кі – төртінші болады.
Тоғыз құмалақ. Келесі терең ойды талап
е тетін, ойнасаң қызығына ешбір қанбайтын,
ха лық даналығынан шыққан ойындардың
бі рі – «тоғызқұмалақ» ойыны. Тоғызқұмалақ
– қа
зақ халқының ертеден келе жатқан есеп
ойы ны. Өйткені, бұл ойын тақ сандар мен
жұп сандардың өзара тартысына құралған.
Бұл күндері оны арнаулы тақтада ойнайды.
Тақ таның ойып жасалған он сегіз ұяшығы
бар. Əрбір ойыншының тоғыз-тоғыздан
отауы, құмалақ жи найтын бір-бірден қазаны
болады. Отаулар тоғыз-тоғыздан қарама-
қарсы түске боя лып қойылады. Мысалы,
қызыл мен көк, ақ пен қара. Отаулардағы
құмалақтардың бар лығы да тоғыз-тоғыздан
болады, яғни тақ сандар. Ойын осы тақ
сандармен
бастала ды.
Ойыншы
сол-
дан оңға қарай кез келген отау дан бастап
жүреді. Тоғызқұмалақ ойы ны, негізінен,
Орталық Азиада кеңінен та ра ған. Қазақ пен
қырғыз мемлекеттерінде рес публикалық,
халықаралық
жарыстар
өтіп
тұ рады.
Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойын да-
ры ның көптігі соншалық, оларды адамның
жас ерекшеліктеріне қарай топтауға да бола-
ды. Мəселен, «тоғызқұмалақ», «хан дойбы-
сы» секілді ойындар жас-кəріні талғамайтын
бол са, кейбір басқа ойындар тек əр жас өкіл-
де ріне ғана тəн.
Ойын-сауықтың мақсаттары да əр қи лы.
Ең алдымен уақытты көңілді өткізу, жас-
тардың басын біріктіру, бірімен – бірін та ныс-
тыру. Сонымен бірге əрбір ойын-сау ық тың
жастарды сергітуден басқа, белгілі тəр бие лік
мəні де болған. Əрине, ойын-сауық тың əр
халықта да болғаны да, бары да рас. Қа шан-
да еңбек пен ойын-сауық қатар өмір сүр еді.
Ойын – сауықтардың түрлері жете тү сін дір-
сек: 1) Ойын-сауық алдымен елді сергітіп,
кө ңі лін көтеруге қажет. «Көтермесең көңілді
кір ба сады» дейді қазақ əндерінің бірінде. 2)
Ойын-сауық жастардың талантын саралау
үшін де қажет. Кім неге ыңғайлы, кімнің қа-
бі леті өнердің қай саласында, ойын-сау ық
арқылы соны байқауға болады: өлең ай ту
арқылы кімнің əншілік қабілеті қанша да-
мы ған, дауысы қандай т.б. 3) Ойын-сауық
жас тарды пайымдаушылыққа, тапқыштыққа
үй ре теді. Жастар арасында кең дамыған
ойын дар дың бірі - жаңылтпаш айту. Ол ар-
қы лы тіл ширатылған. «Аңға шықтым. Сөй-
тіп, ойды дамыту үшін жұмбақтар, тілді
шынықтыру үшін жаңылтпаштар тапқан.
Жастардың бірімен-бірі кездесіп, жарасуы
үшін ойынның басқа да түрлері болған. Мы-
салы, «Күзет» ойыны - Ауыл жігіттері мен
54
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
қыз дары түнде таң атқанша от жағып жылы-
нып ойнайды. Сонымен бірге малды қыста
да, күзде де күзетеді, өздері де бірімен-бірі
кез десіп, мауқын басады. «Белбеу» ойыны –
Жігіттер мен қыздар дөңгелектеніп турады.
Бі реу оларды айналып жүріп, қалаған бі реуі-
нің сыртына белбеу тастап кетеді. Оны қа рап
көруге болмайды, сезу керек. Сезбеген жі-
гіт ті, не қызды белбеумен соғады, айналып
ор ны на жеткенше. Ойын сақтыққа үйретеді.
Жас тар ойынының тағы бір түрі – «Ақ сүйек»
ойы ны. Қойдың жілігін тазалап, оның бір
жа ғын тесіп, оған қырғауылдың құйрығын
ты ғып, лақтыруға ыңғайлы етеді. Ойынды
ай лы түнде жазда, күзде ойнайды. Бір топ
жас тар жиналып тұрғанда əлгі сүйекті, оны
«Құс бек» дейді, бір жігіт қалыңға қарай
лақ тырады. Қалған қыз-жігіттер жаппай бəрі
соны іздеуге лап қояды. Оны іздеп табуға 15-
20 минуттай уақыт кетеді. Ғашықтардың бі-
рін -бірі табысуына бұл ақылмен табылған
қо лай лы жағдай. Ал жігіттер арасындағы
ойын да ры ішінде жылқы малына байланыс-
ты «Бəйге», «Көкпар», «Жамбы ату», «Ау да-
рыспақ», «Қыз қуу» сияқты түрлері бол ған.
Үлкен тойларда, ас беру кезінде сəй гү лік-
тер дің жасына қарай «Қунан бəйге», «Дөнен
бəйге», «Бесті бəйге» деп бөліп 15, 25, 40 км
жарыс ұйымдастырылған. Оған жан-жақ тан
ел жиналып, сəйгүліктерін бəй ге ге қосқан.
Атқа отыратын, əрине, 12-13 жасар жас бала-
лар болатын. Бəйге де, егер той үл кен болса,
пəлен жүз аттан қай ат келеді, озып келген ат
үстінде отырған бала руының ұранын ай қай-
лап айт қанда, аты озған ру үлкен қуанышқа
бө лен ген. «Көкпарды» спорттық ойынның
ең ауыр, күшті түрі десе де болады. Əрине,
көк парды бір үй серке сойып, жиналған ат-
ты адамдарға береді. Алғашқы бастамада ең
ауыры дода басталады. Көкпарға бəрі бір-
дей тартысып, бір күшті, аты мықты адам
алып шығып, аты жүйрік болса ала қа ша ды.
Қалғандары қуа жөнеледі. Қуып жетсе тары
тартыс басталып, аяғы додаға ай на лады.
Дода кезінде қамшы тиіп, көзі шы ғып, не
басы жарылып, қолы сынатындар да, тіп-
ті жазым болатындар да болған. Көк пар ды
алып қашқан кісі оны бір үйге əкеп салады.
Көкпар түскен үй əлгі жігітке сый лық бе ре ді.
Келесі жолғы көкпарды əлгі көк пар түс кен үй
беретін болған. Жамбы ату мер ген дік ке бау-
лыса, шауып келе жатқан ат үстінде оты рып
жерде жатқан орамалды іліп кету ма шық-
тық қа баулыған. Аударыспақтың да өзіндік
мə ні болған. Ойынның қалған түрі «күрес»,
«жа яу бəйге», «доп ойнау», «қыз қуу» деген
сияқ ты. Күреске əдісқой, палуан жігіт түгіл,
əйел де шыққан, доп ойнау көктемде наурыз
ке зін де болған. Допты сиырдың асығынан
жа сап, жігіттер басы имен таяқпен ұрып ой-
наған. «Қыз қуу» ойынында шабандоз қыз
жүйрік атпен жігітті қамшымен тартып жі-
бе ріп шаба жөнеледі. Жігіт атпен оны қуып
же тіп, бетінен сүю керек. Оған жете алмаған
жігітті ел күлкіге айналдырған. Бұл ойын-
дар біріншіден, халықты бірлікке, жарысқа
ша қы рып, машықтыққа, ерлікке баулыған.
«Ағай ынның аты озғанша, ауылдастың тайы
оз сын» деген мақал ауылдас адамдардың
бір-біріне жақын болатындығын көрсетеді.
Екін шіден, ол ойындар дене мен бойды шы-
нықтырып, шыңдап, жалпы елге қозғау сал-
ған, рухын көтерген. Қазақ халқының руха-
ни өмірі аса бай, əсіресе ауыз əдебиеті кең
та ра ған. Табанда жанынан бір-екі шумақ
өлең шы ға ра алмайтын қазақ кемде-кем де-
се болады. Көшпелі халықтардың ондай
ерек шелік қабі леттерін кезінде Шоқан
Уəлиханов та айт қан. Қазақ кез келген құбы-
лыс ты өлеңге ай нал дыра білген. Бі рін ші кі сі
өлең ұйқасын бас та са, екінші кісі оның жал-
ға сын табанда тау ып іліп əкететін бол ған,
не ме се табанда бі рін ші кісіге жауап қай-
тар ған. Сондықтан да бол са керек, қазақ-
та суырып салма, айтыс, ше шен дік сөз кең
та ра ған. Айтыс өнері ғажап нəр се. Табанда
өлең мен айтылған сынға өлең мен жауап
қай тару, мүмкін болса, одан асып түсу қажет.
Бұл компьютер машинасына да келешек-
те мүмкін бола ма, жоқ болмай ма, əйтеуір
əзір ше, қол жетпейтін бізге ғана тəн ерекше
құбылыс. Сонда адам миы – компьютерден
асып түскені. Қазақ арасында құрдас адам-
дар дың ойыны, бірін-бірі кекетіп сынауы,
əзіл -күлкі түрінде кемістіктерін бетіне ба су,
оны елдің көзінше айтып жариялау, бұл өр ке-
ниеттіліктің үлкен бір көрінісі десек те бола-
ды. Керек десеңіз Бұхар жырау Абылайхан-
55
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН
ның да кемістіктерін бетіне басып, халыққа
жа рия еткен. Бұл өзара сынның ең күшті кө-
рі ні сі еді. Сол сын арқылы халық өз ке міс-
тік те
рін көріп, жөндеуге тырысты. Абай дың
қа ра сөздерінде де қазақ халқының кей бір
кемістіктері баса айтылады. Алтайдан Аты-
рау ға дейінгі мыңдаған шақырым алқапты
қам тып жатқан көшпелі тілінде диалекті
бол маған дедік. Олардың əдет-ғұрпы, салт-
са насы, қисса - ертегілері бірдей болған. Ел-
дің бір шетіне жау тисе, жан-жақтан жиы-
лып, бірге қорғаған, бас қосып жиын, той
өт кі зген, ас берген. Қазақ жұрты бір-бірімен
тез əрі тығыз байланыс орнатып отырды.
Мə се лен, арасы алты айлық жердегінің бір
өңір ге болған оқиға жөнінде шыққан хабар
кешікпей екінші шетіне жетіп отырған.
«Ұ зын-құлақ» деген сөз де содан қалған.
Кей ін ғылыми техникалық прогресс кезінде
осын дай тəсілмен жеткен хабарды «шуда
жіп те лефон» деп күлетін болдық [4].
Қазақтың ұлттық ойындары-хал қы мыз-
дың мəдени асыл мұрасы болып табылады.
Ойын-сауық қазақ үшін мереке-мейрам, той-
ду ман - əлеуметтік-көркемдік құбылыс қана
емес, ол үлкен этно-мəдени оқиға. Мамандар
ойын-сауықтардың түбір-түйінін талдай оты-
рып, оларды тəрбиелілік, рəсімдік, əскери-
жо рықтық, жарыстық жəне т.б. əлеуметтік
қыз меттерін, келесілері - тəрбиелік, са уық-
тық, кəсіптік, белсенділік, рəсімдік, əдеп-
ғұрыптық, дене шынықтырушылық, əлеу-
меттік жаттығу сияқты қызметтерге жік те ген.
Тарихпен бірге тұлға, заманмен бірге оның
ұрпақтарының ойы-сауықтарының түрлелі
де өзгергенін, жаңарғанын, жетілгениі бі ле-
міз. Ойын-сауық - қауымдастықтағы мə де-
ни ет пен қарым-қатынастың жетілген, көпке
жа қын түрлері, ұрпақтың көңілін көтеретін
жə не оны баулып тəрбиелейтін қызметтер
жи ын тығы жəне əдіс амалы [5].
Ойын-сауық көп нəрсені ұқтырды, көп
нəр се ге куə бол ды. Ойын-сауықта іздегендер
сұ рағанына жетеді. Мұндайда ойын-рəсімге,
рə сім-ойынға, рəсім-салтқа, салт-ойынға
ай на лып кетеді. Осындай реттілікпен адам-
ның табиғатпен үйлесімділігі жарас ты, ту-
ған ел-жұртқа ұлттық ойындар туындады.
Ой ын тұлға еркіндігінің терең негіздерін
қа лай ды. Балалық шақта аз ойнаған адам
іш тей еріксіз, оның санасында еріктілік пен
шығармашылық күші жетісе бермейді. Шы-
ғар ма шылық бастаулар ойында қаланады.
Ер кін дік, шығармашылық жəне ойын бірі нен
-бірі ажырамайды. Ойын барысында адам:
1) еркін, болмыстан қысым сезінбейді, ол
сыртқы əлем заттарымен де, адам қа бі леті мен
де еркін қатынаста болады; 2) адам дық жəне
əлеуметтік қатынастарды жасайды. Ой ын
жауапсыз қылық емес. «Ойнап айтсаң да, ой-
лап айт», деген ескертпе бар. Ойынның шар
ты тіл табысу:
Тіл алмасаң, түбінде өкінерсің,
Өлген соң шықпастай боп бекінерсің.
(Балықшы илə ғибрит қиссасы, 215).
Жақынды оңынан тапқан, қиянат шы ғар-
ма ды. Тіпті ойында əр қимыл- өнер, əр өнер-
ге лайықты қимыл-əрекет ойлап табы лады.
Көп шіліктің алдындағы сөз өнері үлкен-кі-
ші нің өрісін ұлғайтып, өресін биіктетті. Сөз
бен ойдағы, мінез-құлық пен жүріс-тұ рыс та-
ғы көрік өзгеге үлгі бола алады. Үлкен де кіші
де ойнап көңіл көтереді, бір нəрсеге бе рі ле
қызығады, əр жетістіктен қанағат табады.
Қортыа келгенде, өмір кейде ойын-сауық қа
ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмі рін көз
алдыңа елестету киынға соғады. Өмір дің
мағынасы, оның қызығында, қуа ны шында,
қанағатында. Қызығу, қуану, қа на ғат тану-
өмірді тамашалаудың көрінісі не ме се өмірде
сауық құрудың нышаны. Өнер паз дық-
ұқыптылық пен ынталылық нəтижесі, тəр-
тіп ті лік пен қабілеттілік көрінісі, халықтың
бола шақ дамуының кепілі. Өнерпаздық –
ойын -сауықтың шарықтаған, шалықтаған
жə не шиеленіскен көрінісі мен қызметі.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 http://bilim.idhost.kz/tarbie-sagaty/2549-ulttyk-oyyn-halyk-murasy.html
2 «Жанталас», Алматы, «Жазушы» баспасы, 1973, 35-бет.
3 Е. Сағындықов «Қазақтың ұлттық ойындары», Алматы, Рауан 1991 ж.
4 М.Сəтімбекова. «Тəрбиелеу мен білім беруді жаңарту негізі».Алматы.2004ж.
56
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
5 Төтеней Б. Қазақтың ұлттық ойындары (Тарихи-этнографиялық зерттеме) Алматы,
1998 ж.
6 Қазақ халқының философиялық мұрасы. 7-том, Астана, 2006 ж, 452-бет.
ОƏЖ 94 (574)
Ж.Ш Саметова
Абай ат.ҚазҰПУ «Интеллектуалды ұлт
қалыптастыру» ҒЗИ эксперті
МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ «ЕҢБЕККЕ БАУЛУ» ПƏНІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Бұл мақалада, жасөспірімдерді еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, еңбек мəдениетін
үйретуге бейімдейтін, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға
бағыттайтын – еңбек тəрбиесі туралы жазылған. Еңбек тəрбиесі барлық халықтар мен
ұлттардың дəстүрлі халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамуы болып
табылады. Оқу еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы
қалыптасады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу процесінде өзіне-өзі қызмет
ету, оқу құралдарын дайындау, мектеп үйін жөндеу, табиғатты қорғау, т.б. қоғамдық пайда-
лы жұмысқа қатысуы олардың ой-өрісінің кеңеюіне, қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің
дамуына мүмкіндік жасайды.
Онымен қоса оқушыны еңбек арқылы тəрбиелеуде мектеп бағдарламасының «Еңбекке ба-
улу» пəнінің рөлі ерекше. Мақалада əсіресе баланың интеллектуалын арттырудағы еңбекке
баулу пəнінің атқаратын қызметін, оқушының жан-жақты дамуын қалыптастырудағы
ерекшеліктерін анықтау мен жетілдіру жолдары талданған.
Түйін сөздер: Еңбек тəрбиесі, əдістеме, бағдарлама, еңбекке баулу, технология
В статье написано о культуре труда, которая воспитывает подростков к уважению труда,
обучению культуры труда, формирует мастерство и навыков в этом. Воспитание труда яв-
ляется частью народной педагогики всех народов и народностей. В ходе труда у подростка
формируется аккуратность, трудолюбие и навыки трудиться. По возрастным особенностям
у учеников в процессе учебы развивается самообслуживание, подготовка учебных пред-
метов, ремонт здание школы, защита природы и уважение к др. общественному полезному
труду, которые развивает мышление, способность и приспосабливаемость детей.
В воспитании через труда имеет значительная роль предмет «Технология» который
заложена в школьной программе. В статье анализируется особенности и пути развития
предмета культивирование труда который повсеместно способствует развитию интеллекта
подростков.
Ключевые слова: Культура труда, методика, программа, культивирование труда,
технология.
In the article is written about the work culture that fosters respect for teenagers to work, work
culture of learning , forms the skill and expertise in this . Parenting work is a part of folk pedagogy
of all nations and nationalities. In the course of work at the teenager formed accuracy , diligence
and skill to work. By the age peculiarities of the students in the learning process develops self-
service training of school subjects , school building repairs , protection of nature and respect for
others in sociaЫlly useful work that develops thinking , the ability and adaptability of children .
57
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
In education through labor has a signifi cant role subject “ Cultivating a work” which is incor-
porated in the school curriculum. The paper analyzes the characteristics and the development of
the subject cultivation work that contributes to the development of intelligence everywhere ado-
lescents.
Keywords: Work culture, methodology, software, cultivation of labor, technology.
Еңбек тəрбиесі – тəрбиеленушілердің
жал пы еңбектік біліктері мен қабілеттерін,
ең бек ке психологиялық дайындығын да-
мы туға, еңбекке жəне оның өнім де рі-
не жауапкершілікті қатынасты қа лып-
тас тыруға, мамандықты саналы таң дауға
бағытталған тəрбиеші мен тəр бие лену ші-
лер дің бірлескен іс-əрекеті [1]. Еңбек тəр-
бие сі – жасөспірімдерді еңбекқорлыққа,
ең бекті құрметтеуге, еңбек мəдениетін үй-
ренуге бейімдеп, олардың еңбек ету ше бер-
лігі мен дағдысын қалыптастыруға ба ғыт-
тайды. Еңбек тəрбиесі барлық ха лық тар
мен ұлттардың дəстүрлі халықтың пе да го-
ги касының негізгі құрамдас бөлігі ретінде
да муы болып табылады. Қазақстанның ха-
лық қа білім беру жүйесінде еңбек тəр бие сі
отбасында, мектепте, мектептен тыс ме ке ме-
лер де жүзеге асады. Отбасында бала кішкене
ке зінен еңбек тапсырмаларын орындауға,
ең бекқорлыққа, төзімділікке баулынса, мек-
тепте білім берумен тығыз байланыста жү-
зеге асады. Оқу еңбегінің барысында ба-
ла да ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету
дағ дысы қалыптасады. Оқушылардың жас
ерек шеліктеріне қарай оқу процесінде өзі не-өзі
қызмет ету, оқу құралдарын дайын дау, мектеп
үйін жөндеу, табиғатты қор ғау, т.б. қоғамдық
пайдалы жұмысқа қа ты суы олардың ой-өрісінің
кеңеюіне, қа бі лет ті лік терінің, бейімділіктерінің
дамуына мүм кін дік жасайды.
Онымен қоса оқушыны еңбек арқылы тəр-
биелеуде мектеп бағдарламасының «Еңбекке
бау лу» пəнінің рөлі ерекше. Бұл пəннің əсіресе
баланың интеллектуалын арттырудағы атқа-
ра тын қызметін, оқушының жан-жақты да-
му ын қалыптастырудағы ерекшеліктерін
анық тау үшін Қазақстан Республикасы Білім
жə не Ғылым министрлігімен бекітілген жал-
пы білім беретін мектептің 1-11 сы нып тарына
арналған оқу бағдарламасына (Қа зақ стан
Республикасы Білім жəне ғылым ми нистрінің
09.07.2010
жылғы
№367
бұй ры ғымен
бекітілген «Еңбекке баулу» пəні бой ынша
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ) талдау жа салды.
Ең бірінші байқағанымыз, пəн 1-4 сы-
нып тарда «Еңбекке баулу» деп аталса, 5-11
сыныптарда «Технология» пəні деп ата лы-
на ды. Біз 1-9 сыныптарда «Еңбекке баулу»,
ал 10-11 сыныптарда «Кəсіптік бағдар» деп
атауды ұсындық. Себебі, біріншіден, мек-
теп оқушысы 1-9 сыныптарда еңбек етуге
тəр биеленеді, яғни, нені қалай жасауды үй-
ре неді. Екіншіден, «технология» ұғы мы ның
аясы өте кең. Оқушы емес, үлкен адам дар-
дың өздері «Технология» ұғымының неше
ма ғы насы бар екенін, қай жерде қандай
ма ғы нада қолданылып тұрғанын жете тү сі-
не бермейді. Сол себепті, қарапайым мек-
теп бағдарламасының пəні үшін бұл күр-
делі атау деп шештік. Үшіншіден, 10-11
сыныптарда «Кəсіптік бағдар» деген атау-
ды ұсынған себебіміз, жоғарыда айтып өт-
кен дей «Еңбек» пəні мамандықты са на-
лы таңдауға бағытталған тəрбиеші мен
тəрбиеленушілердің бірлескен іс-əре ке ті.
Сондықтан да, 10-11 сыныптарда оқу шы-
лар ды біз еңбекке баулымаймыз, белгілі
бір кə сіпке бағыттаймыз. Бұл тіпті, қазіргі
таңда өзек ті мəселелердің бірі 12-жылдық
білім беру жүй есінің бағдарламасына да
сəйкес келеді деп түсінеміз. Өйткені ол
бағдарламаның бейінді мектеп деп аталатын
сатысында, дəл осы кəсіпке баулу стратегиясы
жүргізілуде. Жал пы білім беретін мектептің
10-11 сы нып тарына арналған сол «Технология»
пə ні нің бағдарламасының өзі «Шаруа қожалығы:
құ ры лысы, күтімі, жөндеуі», «Компьютерде іс-
қағаздарын жүргізу», «Өндірістік тех но ло гиялар
негізінде конструкциялық ма те риалдарды өңдеу»,
«Кəсіпкерлік не гіз дері» [2] деген курстарға
бөлінген. Яғ ни, пəнді «Кəсіптік бағдар» деп
атауды ұсын ға ны мыз дың мə ні осыда.
58
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Оқытудың əдістемелік жүйесінің ерек ше-
лік терінде, бастауыш сыныптарда əдістер
өте күрделі берілген деп есептейміз. Бір ға на
мысал келтіре кетейік, 1-сыныпта «Көр кем
еңбек» тарауы бойынша 20 сағат бе ріл ген,
онда жұмыста қолданылатын əдістер: пішу,
өлшеу, қию, біріктіру. Ша ма мен берілетін
тапсырмалар, жасайтын бұй ымдар: мата
түрлерінен
жиынтықтар
(коллекция)
дайындау, бөрік, сəукеле, тақия, ша пан,
көйлек, етік, шалбар т.б. деп жазып қой ған.
1-сыныпқа жаңа келген бала мата түр лерін
емес, əріптерді жаңадан ажыратып оты ра-
тыны анық, ал біз келіп оларға пішуді, өл-
шеу ді үйретеміз дейміз.
Оқу бағдарламасының базалық маз-
мұ ны на келетін болсақ, 5-7 сыныптар
аралығында та қы рыптық жоспар ұлдар
мен қыздарға, қа ла мектептері жəне ауыл
мектептерінің оқу шыларына деп бөлінген.
Яғни, бұл «Технология» пəнінің екі топқа
(қыздар, ұл дар) бөлініп оқытылатынын
аңғартады. Ал, та қырыптар мен сағаттар
санына
қарасақ
сəй кес сіздіктерді
байқаймыз. Мысалы үшін, 6-сыныпты
алайық, барлығы 68 са ғат (аптасына 2
сағаттан) берілген, ал бағ дарламадағы
тақырыптар бойынша берілген сағат
сандарын санасақ, ауыл мектептерінің ұл-
дарына 42 сағат, қала мектептерінің ұлда-
ры на 52 сағат шығардық. Ал қыздардың
ен ші сіне берілген сағаттар саны одан да
аз, ауыл мектептерінің қыздары үшін 20
сағат, қала мектептерінің қыздары үшін 32
сағат. Қалған сағаттардың барлығын жоба
ретінде қалдырған, яғни 6-сынып оқушысы
үшін біз осынша сағат жоба жұмысын жасау
көп деп есептейміз.
Ал, 8-сыныпта ұлдар қала мектептері мен
ауыл мектептерінің оқушыларына бөлініп
бе рілсе, қыздарға берілген тақырыптар олай
бө лінбеген. Біздің ойымызша, керісінше, қыз
балаларға арналған тақырыптарды ауыл жəне
қала мектептерінің ерекшеліктеріне қарай
бө лу қажет. Мысалы үшін, практикалық жұ-
мыс тарда, тағам дайындау, ашыған қа мыр
дайындап, одан тағам пісіру сияқты тап-
сырмалар беріген. Ауыл мектептерінде та-
мақ пісіретін құрал-жабдықтар жоқ еке нін
білеміз, сондықтан да қыз балаларға бе рі-
летін тақырыптар мен тапсырмаларда да ау-
ыл мен қала мектептерінің ерекшеліктерін
ес ке ру қажет деп есептейміз.
Тағы бір айтатын мəселе тақырыптарда
қай та лау өте көп. 1, 2, 3, 4 сыныптарда да
Достарыңызбен бөлісу: |