Бас редактор с. Ж. Пірәлиев а


-тақырып. ҚР шағын және орта кәсіпкерлікті реттейтін Заңдар



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата15.03.2017
өлшемі5,03 Mb.
#9798
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

13-тақырып. ҚР шағын және орта кәсіпкерлікті реттейтін Заңдар 

Жеке  кәсiпкерлiк  туралы  Қазақстан  Республикасының  Заңы.  Жауапкершілігі  шектеулі 

жә не қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының Заңы.


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

10

«Қазақ философиясы» бағдарламасының мазмұны



(1 кредит)

Кіріспе. «Қазақ философиясы» курсының мақсаты, міндеттері мен құрылымы

1-тақырып. Қазақ болмысының философиялық ой кешу табиғаты

Қазақ халқының философиялық ой кешу табиғатындағы сыртқы ықпалдар. Дүниеауи ой-

тол ғам тудырудың ішкі-психологиялық негіздері. Қазақ руханияты және классикалық фило-

со фия лық ғылымдардың сәйкестенуі.



2-тақырып. Арғықазақтардың дүниетанымы

Қазақ мифологиясы және оның танымдық негізі мен түрлері. Ғарыш пен әлемнің пай-

да  бо луы  және  оның  заңдылығы  туралы  мифтердің  түсіндірмесі.  Тұрмыс-тіршіліктегі 

өмірмәнділік жағдаяттар туралы мифтердің тәржімасы.



3-тақырып. Түрк әлеміндегі алғашқы діни сенімдер

Алғашқы діни сенімдер және олардың түрлері. Түркі халықтарындағы бастапқы наным-

сенім. Түркі-қазақ руханиятындағы діни сенімдер.

4-тақырып. Мұсылмандық өрлеу кезеңіндегі ойшылдар

Араб-мұсылмандық  және  түркілік  өрлеу  дәуірінің  ерекшеліктері.  Әл-Фараби  мен 

А.Иүгінекидің дүниетанымы. Яссауи мен Ж.Баласағұнидің философиялық көзқарастары.

5-тақырып. Жыраулық дәстүрдегі рух философиясы

Жыраулық дәстүрдің ерекшеліктері. Ұлттық рух және оның мәні. Жыраулар тол ғау ла-

рын дағы рух мәселесінің толғанылуы.

6-тықырып. Ағартушылық және ақын-жыраулардың философиялық ойлары

ХІХ ғасырдағы қазақ руханиятының дамуының негізгі бағыттары. Ақын-жыраулардағы 

ұлт тық идея мәселелері. Қазақ ағартушыларының әлеуметтік философиялық ойлары.

7-тақырып. Би-шешендердің дүниетанымы мен ойтолғау ерекшеліктері

Қазақ қоғамындағы би-шешендер институтының сипаты. Би-шешендердің қызметі мен 

да на лық сөздерінің мағынасы. Халық даналығындағы ойлау машығының ерекшеліктері. 

8-тақырып. Бірлік философиясының өмірлік маңызы

Ұлт руханиятындағы бірлік идеясының толғанылуы. Қазақ халқындағы бытыраңқылық 

жә не оның тарихи тамырлары. Ұлт Бірлігі және оның бүгінгі күнгі келбеті.

9-тақырып. Ұлттық идея және ұлттық сана-сезім ерекшеліктері

Ұлттық идеяның құрылымы мен қызметі. Ұлттық идеяның шығу тегі өркендеу жолы. 

Ұлт тық  идеядағы психоәлеуметік құндылықтар және қазіргі заман.

10-тақырып. Қазақ дүниетанымындағы адам мен табиғат үйлесімдігі

Қазақ дүниетанымындағы ғалам мен табиғат туралы түсініктер. Халқымыздағы «адам-

табиғат» бірлігі туралы ұстанымдар. Тірі табиғатты қастерлеу және қазіргі кездегі эко ло гия-

лық  мәселелер.



11

ҰЛТТЫҚ ТАРИХ

11-тықырып. Қазақтардың этикалық ұстанымы

Қазақтардағы адамгершілік қағидалардың түпбастаулары және әлемдік көне мәдениеттегі 

эти ка.  Әдет-ғұрып  пен  салт-дәстүр  жүйесіндегі  рухани-адамгершілік  ұстанымдар.  Қазақ 

эти ка сының төлтума ұғымдық және категориялық жүйесі.



12-тақырып. Қазақтың көркемдік-эстетикалық танымы

Арғықазақтардың  материалдық  мәдениетіндегі  эстетика.  Қазақтардағы  дүниенің  көр-

кем дік-танымдық бейнесі. Ұлттық танымдағы нумерология және түс рәміздері

13-тақырып. Қазақ дүниетанымындағы тұлғатану

Ұлттық руханияттағы тұлға мәселесінің қойылуы. Қазақ қоғамындағы тұлғаның тарихи-

әлеу меттік бейнесі. Қазіргі заманғы қазақ азаматы тұжырымдамасы

14-тақырып. Жаһандану үрдісіндегі ұлт мәселесі

Жаһандану процесінің генезисі мен құрылымы. Жаһандану үрдісінің қызметі мен құры-

лы мы. Жаһандану аясындағы ұлт болмысы.

15-тақырып. Интеллектуалды ұлт қалыптастыру философиясы

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру бағдарының тарихи алғышарттары. «Интел лек туал-

ды лық» ұғымының құрылымы және мәндес түсініктер. Қазіргі кездегі интеллектуалды ұлт 

қалыптастырудың жалпы әдіснамалық бағдарлары.



«Қазақ халқының тарихы» бағдарламасының мазмұны

(1 кредит)

Кіріспе. «Қазақ халқының тарихы» курсының мақсаты, міндеттері мен құрылымы

1-тақырып.  Қазақстан  жеріндегі  алғашқы  тайпалар,  тайпалық  одақтар  және 

олардың елін, жерін қорғау үлгісі

Қазақ жеріндегі тайпалардың қазақ ұлтын қалыптастырдағы рөлі. Халықтардың ұлы қо-

ныс  аударуы және оның қазақ халықының қалыптасуындағы орны. Тайпалық одақтардың 

же рін қорғаудағы ерліктері. Аттиланың тарихи тұлғасы. Әлемдік өркениеттегі түркі дәуі рі-

нің  тарихи орны. Ұлы жібек жолының Еуразия халықтарының тарихындағы орны.

2-тақырып. Орта ғасырдағы қазақ тарихының ұлттық болмысты қалыптастырудағы 

тарихи негізі

Орта ғасырдағы мемлекеттердің әлемдік тарихи зерттеулердегі сипаты. Орта ғасырлық 

озық  мәдениеттің  ұлт  тарихындағы  сипаты.  Тұлға  қалыптастырудағы  ғұлама  ойшылдар 

қыз меті (Тұлға қалыптастырда ортағасырлық ғұламалар еңбектерінің маңызы).



3-тақырып. Монғол шапқыншылығының қазақ халқының қалыптасуына әсері

Монғол шапқыншылығына қарсы қазақ халқының күресі. Отырар қорағанысының ұлт 

тари хын дағы сипаты. Монғол шапқыншылығының қазақ халқының ұлттың қалыптасуына 

кері әсері. Алтын Орда, Ақ Орда, Монғолстан, Ноғай ордасының қазақ хандығының қалып-

та суы на ықпалы.


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

12

4-тақырып. Қазақ хандығы мемлекет бастауы

Қазақ хандығын құрудағы қазақ сұлтандары мен хандарының рөлі. Қазақ хандарының 

ұлт  қалыптастырудағы маңызы. Қазақ халының қалыптасуы ұлт негізінің бастамасындағы 

тари хи бейнесі. Жүздердің қазақ халқын біртұтас территорияны сақтаудағы ерекшелігі.

5-тақырып. Қазақ хандығын нығайтудағы хандар мен батырлардың тарихи қызметі

Хандар мен батырлардың ерліктерінің тұлға қалыптастырудағы тарихи рөлі. Жоңғар шап-

қын шы лығына қарсы күрестің Отанды қорғаудағы маңызы. Билердің тарихи мәселелерді 

шешу дегі шеберлігі ұлт тарихындағы ерекшелік.



6-тақырып. Қазақ халқының тарихындағы Рейсейге қосылудың ұлттық болмысқа 

әсері

Отар лау саясатының ұлтқа қасіреті. Рухани, әскери, экономикалық отаралудың зардап-

тары.

7-тақырып. Отарлау саясатына қарсы қазақ халқының күресі, ұлт тағдыры

Ұлт азаттық көтерілістердің ұлтты дамытудағы маңызы. Көтеріліс басшыларының тарихи  

си паты қаһармандық үлгісі.

8-тақырып. Қазақ ақын жырауларының тарихи тұлғасы және олардың шығар ма-

шы лығындағы ұлт тарихының мәселесі

Зар Заман» ақындары шығармаларындағы ұлт тағдыры.



9-тақырып. Инетелектуалды ұлт қалыптасырудағы медреселер мен мектептердің 

рөлі

Қазақ даласындағы мектептер мен медреселердің ұлт сауаттылығын қалыптастырудағы 

ор ны. Ағартушылық саладағы ұлт жанашырларының тарихи сипаты.

10-тақырып. ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының  интелектуалды  ұлтты қа-

лып  тас тырудағы орны

Ғылы ми мекемелер мен қоғамдардың қызметі. Мерзімді баспасөз. Қазақ ұлттық бас па-

сөзі нің дамуы.

11-тақырып. Тоталитарлық жүйенің ұлтқа қасіреті

Үш ғасырға созылған бодандық кезеңдегі идеялық саяси көзқарас. Жер су реформасы 

жә не қазақ ұлтының мәселесі. Алаш қайраткерлерінің аштықпен күресі ұрпаққа өнеге. Ұлт 

зия лыларының тағдыры ұлтқа құрмет үлгісі.



12-тақырып. Ұлы Отан соғының батырлары ерліктерінің тұлға қалпастырудағы 

рөлі 

Ұлы Отан соғысы батырларының Отанды қорғаудағы ерліктерін сипаттау отан сүй гіштік 

ке пілі.  Ұлттық  тұлғаға  құрмет  мәселесі.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  Қазақстан. 

Қазақстан – майдан арсеналы.



13-тақырып. Желтоқсан оқиғасы ел тәуелсіздігінің тұғыры.

Желтоқсан көтерілісінің ерекшелігі. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ жастарының 

ер лік тері арқылы отанды сүю үлгісін тану. Д.А.Қонаев және қазақ халықының тағдыры.


13

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ

14-тақырып. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен ұлттық тәуелсіздігі мәселесі. 

Әлемдік өркениет және қазақ ұлты. Ұлттық сананы жаңғыртудағы тарихи үрдістер.

Қазақстанның  мемлекеттік  егемендігі  мен  ұлттық  тәуелсіздігі  мәселесі.  Жаһандану 

жағдайындағы Қазақстан.

15-тақырып.  Ұлт  көшбасшысы  және  Тәуелсіз  Қазақстанды  дамытудағы  қызметі 

интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы бастамалары

«Интеллектуалды ұлт – 2020» мемлекеттік бағдарламасы және оны жүзеге асырудағы 

ал ғаш қы  бастамалар.  Н.Ә.Назарбаев  еңбектеріндегі  қазақ  тарихын  қарастырылуы  және 

интел лектуалды ұлт қалыптастырудағы рөлі. Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбе-

гін дегі  ұлт  тарихы.  Н.Ә.Назарбаевтың  «Сындарлы  он  жыл»  кітабының  интеллектуалды 

ұлт  қа лыптастырудағы тәрбиелік мәні. Интеллектуалды ұлтты қалыптастырудағы Тәуелсіз 

Қазақстандағы көші-қон үрдісі және «Нұрлы көш» бағдарламасының маңызы.

«Интеллектуалды ұлт мәдениеті» бағдарламасының мазмұны

(1 кредит)

Кіріспе. «Интеллектуалды ұлт мәдениеті» курсының мақсаты, міндеттері мен құрылымы

1-тақырып. Қазақ мәдениітінің бастауы.

Қазақ мәдениетінің бастаулары. Қазақтар алтай тілдес бірлестігінің түрік тобының қып-

шақ топтамасына жатады. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілері мен жарты-

лай отырықшылар жетістіктерінің жиынтығы әрі көрсеткіші.



2-тақырып. Орта ғасырдағы қазақ мәдениеті

Орта ғасырда Қазақстан мәдениеті. Қазақстандағы орта ғасырдағы қалалар.



3-тақырып. Көшпелілік- адамзат өркениетінің сатысы 

Дала өркениеті. Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері. Көшпеліліктің шығу тегі.



4-тақырып. Түркі әлеміндегі қазақ мәдениетінің ресурсы және құндылығы

Көне түркілер және барлық түркі халықтары. Түрік – түркілердің Оғыз тайпасынан тара-

ған  Осман түріктері немесе түрік мемлекеті.

5-тақырып. Қазақ халқының шешендік өнері

Тарихқа тағзым. Шешендік сөз – ауыз әдебиетінің қайнар бұлағы. Қазақ халқының ше-

шен дік өнері.

6-тақырып. Қазақ халқының қолданбалы өнері

Қазақ  халқының  қолданбалы  өнері.  Ежелгі  дәуірдегі  музыка  өнері.  Қазақ  халқының 

музы ка лық  фольклоры.  Фольклор  шығармаларының  белгілері  мен  сипаттары.  Музыка 

фоль к лорын зерттеушілер.



7-тақырып. Айтыс-жырау өнері және ұлттық идея

Айтыстың ерекшелігі. Айтыс өнерінің дамуы. Айтыс өнері – ғасырлармен қанаттасып, дәуір-

лер мен үндесіп, заманамен тілдесіп келе жатқан кемел дүние. Ауыз әдебиетінің жарқын мұрасы.


14

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

8-тақырып. Ойын-сауықтың ұлттық нышандары

Қазақтың  ұлттық  ойындары  ерекшелігі.  Қазақ  халқының  ұлттық  ойын-сауық  түрлері. 

Қазақ тың ұлттық ойындары-халқымыздың мәдени асыл мұрасы

9-тақырып. Қазақтану: ұлттық рух пен рухани тәрбие

Қазақтану және ұлттану. Қазақтану және қоғамтану. Дәстүр мен ұрпақ тәрбиесі – ұлттық 

идео логияның негізі.

10-тақырып. Жастар мәдениетіндегі адамзаттық көріністер

Жастар жаңалықтың қозғаушы күші. Жастардың әлеуметтік ортадағы субъектілігі мен 

мәде ниеті, М. Карват және В. Миляновскийдің ойынша.

Қорытынды. Интеллектуалды мәдениеті-өркениет өрісі

«Қазақстанға біздің ұлтымыздың әлеуетін оятуға және жүзеге асыруға жағдай жасайтын 

интеллектуалды төңкеріс қажет. Алыстан ойламаған жақыннан уайым табады деген бар. 

Біз – болашағымызды болжап отырған елміз. Енді тек ұмтылыс керек, еңбек пен қабілет 

керек, ең бастысы, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік керек»

Н.Ә.Назарбаев.


15

ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

ӘОЖ 92193:37.91



Т.С.Тебегенов

филология ғылымдарының докторы, профессор,

Қазақ Ұлттық әдет-ғұрып,

салт-дәстүр Академиясының академигі,

ҚР Жазушылар Одағының мүшесі,

Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі

Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі

ЖАЗУШЫ ҒАЛЫМ ҰЛАҒАТЫ

Мақалада автор, жазушы, ғалым Мамытбек Қалдыбайдың шығармашылық, ғұмыр на ма-

лық еңбек жолы жайлы жазылған. Ондағы кітаптарындағы әңгімелері, повестері, роман да-

рын дағы өмір шындығы деректерін көркем өнердің поэтикалық жинақтау заңдылығымен 

өрнектеген әсерлілігін сөз етеді. Жазушының кейіпкерлері – тарихи деректі түптұлғалық 

болмысымен халыққа танымал болған адамдар. Сол кейіпкерлер жайлы айтылады. Ондағы 

өмір шындығы, оқиғаларының саналуан сапалық сипаты мен сапырылысқан қозғалыстары, 

қай шы лықтары жайлы жазылған.



Түйін сөздер: Жазушы, ғалым, дәстүр, шындық, өмір, тарих.

В статье написано о творческом, жизненном трудовом пути автора, писателя, ученого 

Мамытбека Калдыбая. Пишется о впечатляющих фактах истин жизни, описанных законо-

мерностью  поэтического  собрания  в  рассказах,  повестях,  романах.  Персонажи  писателя 

– люди, ставшие известными народу своей исторически документальной личностной на-

турой. Пишется о персонаже. Написано об истине жизни, о различном качественном описа-

нии событий и бесконечном движении, противоречии.

Ключевые слова: писатель, ученый, традиция, реальность, жизнь, история.

The article is written about the creative, life’s career path, writer, scholar Mamytbekov Kaldy-

bay. Written about the impressive facts truths of life described by the regularity poetic meeting in 

stories and novels. Characters writer - people who have become known to the people of his his-

torically documented personal nature. Written about character. Written about the truth of life, the 

qualitative description of various events and perpetual motion, contradiction. 



Keywords: writer, scholar, tradition, reality, life, history.

Тәуелсіз Қазақ Елінің қазіргі жаңа тари хын-

да ата-бабаларымыздың ұлағатты ұстанымын 

ұрпақтарға  ұғындыру  үшін  аянбай  еңбек 

етіп  жүрген  қайраткер  тұлғалырымыздың 

өне гелі  істері  халқымыздың  ықыласына  ие 

болу да. Тіршілік қозғалысындағы барлық іс-

әрекеттерін  өзін  қоршаған  қоғамдық-әлеу-

мет тік  ортаның  ортақ  мүддесіне  арнаған 

үлгі лі  қызмет  иелерінің  ұрпаққа  пайдалы 

бол мы сының  қазіргі  және  болашақ  үшін 

қан дай  ықпалы  болатындығын  танытудың 

мы ңыздылығы  айқын.  Табиғи  қабілетінің, 

та лантының,  дарынының  ықпалы  мен  аза-

маттық  –  отаншылдық  ұстанымы  тұтас-

қан  дара  жаратылған  қайраткер  адам-

дар  дың  қызметі  арқылы  қоғамның  сапа-

лы   сипаты  танылады,  бағаланады.  Қа зақ  

тарихының  қазіргі  заманымызға  дейін-

гі  өткен  дәуірлерінде  өнегелі  өмір  сүр-

ген  қайраткер  тұлғалар  ұлағатын  ұлық та-


16

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ған   саналы  ақыл-ой  иелерінің  жаңа  бу ын 

адамдардың  қалыптасуына  негіз  бол ған-

ды ғы  –  тарихи  ақиқат.  Бұл  орайда,  қазіргі 

жаңа  тарихымыздың  сапалы,  саналы  ұр-

пақ тарын  өзінің  жазушылық,  ғалымдық, 

тәлім герлік-тәрбиешілік қызметімен қалып-

тас тыруға үлес қосып келе жатқан көр нек ті 

тұлғаларымыздың қатарында бел гі лі жазушы, 

Бауыржан Момышұлы атын да ғы сыйлықтың 

лауреаты, филология ғы лым да рының кан ди-

да ты, доцент Мамытбек Қалдыбай есімін де 

айта аламыз. 

Жазушы, ғалым Мамытбек Қалдыбайдың 

шығармашылық  ғұмырнамалық  еңбек  жо-

лын да  осы  уақытқа  дейін  жиырма  сегіз 

кіта бы жарық көрген екен. Кітаптарындағы 

әңгі ме лері,  повестері,  романдары  өмір 

шын дығы  деректерін  көркем  өнердің  поэ-

тикалық  жинақтау  заңдылығымен  өрнек те-

ген  әсерлілігімен  оқырмандардың  жүрек те-

рінен  берік  орын  алды.  Жазушының  кейіп-

керлері  –  тарихи  деректі  түптұлғалық  бол-

мы сы мен халыққа танымал болған адамдар. 

Өмір  шындығы  оқиғаларының  саналуан 

сапа лық  сипаты  мен  сапырылысқан  қоз ға-

лыс тарының,  қақтығыстарының,  қай шы-

лық тарының  қалың  ортасындағы  тари хи 

тұлғалар  тағдырларын  көркем  шығар ма-

лардың  сюжеттік  –  композициялық  же лі ле-

рін де бейнелеу арқылы ғалым-қаламгер сөз 

өнері нің эстетиқалық маңызын дәлелдеді.

Жазушының  «Бәйдібек  баба  арманы», 

«Бекасыл  әулие»,  «Баукеңнің  інісі»,  «Елім 

деген  ерлер»,  «Жорға  мінген  жолаушы», 

«Мөлдір  моншақтар»,  «Қос  аққу»,  «Ұмы-

тыл мас кездесулер» және т.б прозалық туын-

дыларында халқымыздың өткен тари хы мен 

бүгінгі  кезеңін  және  болашағын  сабақ тас-

ты ратын  ата-бабалық  дәстүрлер  тағылымы 

көр кем  шындықпен  өрнектелген.  Аталған 

туын дылардың  оқырмандарға  тез  таралып, 

әр түрлі жастағы адамдардың адамгершілік-

иман дылық  ықпалын  сезінгендігі  анық. 

Деректі  прозалық  туындылардағы  басты 

кейіп керлерінің  халық  жадында  сақталған 

қанат ты  сөздерінің,  әртүрлі  оқиғаларының 

сөз өне рінің көркемдік – эстетикалық ықпалы 

аясында  бейнеленулері  арқылы  қаламгер 

ұлттық  болмысымыздың  философиялық  – 

психологиялық тереңдіктерін танытты. 

Ғалым-қаламгердің қазақ тарихындағы қай-

раткер тұлғамыз Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев 

туралы  жазған  «Мың  жыл  аңсайды»  (2012) 

атты романы қазіргі қазақ оқырмандарының 

ыстық ықыласын иеленіп отыр. Себебі, ке-

ңес тік  дәуірдің  әміршілдік  –  тоталитарлық 

бас қару  жүйесінің  құрсауында  өмір  сүр ген 

Қазақстанды  елу  жылға  жуық  бас қа рып, 

қазақтың және тілеулес туысқан халықтардың 

рухани көсемі болған дара тұлғаның тарихи 

–  әдеби  бейнесін  эпикалық  дең гейде 

бейнелеу – аса жауапты іс. Кеңес тік  таптық 

–  шовинистік  шеңбермен  құр сау ланған, 

тек  қана  мәскеулік  –  орыстық  мүд деге  ғана 

бағындырылған  озбырлықпен  бас қа рудың 

қатаң бақылауында бола жүріп, Қазақ станның, 

қазақ  халқының  материалдық  жә не  рухани 

мәдениет  салаларында  өсіп-өркендеуінде 


17

ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

Дінмұхаммед  Ахметұлы  Қонаевтың  қалай 

еңбек  еткендігі  аталған  романда  тарихи 

де рек тер  аясында  қамтылған.  Романда 

Д.А.Қонаевтың  туып-өскен  отбасы  ортасы, 

әкесі,  атамекені,  білім,  ғылым  игеру  жо-

лын дағы қадамдары деректі оқиғалар желі-

лері мен  баяндалған.  Қазақстанның  кен 

өнді рісін,  одан  кейін  республиканың  Бас 

ғы лы ми мекемесі Ғылым академиясын бас-

қарғаны  да  уақыт  шындығы  деректерімен 

дәйектеле  жүйеленген.  Романның  сю жет  тік-

композициялық құрылысында Д.А.Қонаевтың 

Қазақ  Кеңестік  Социа лис ттік  Республикасы 

Орталық партия коми те тінің бірінші хатшысы, 

Қазақ Кеңес тік Социалисттік Республикасы 

Министр лер   Кенесінің  төрағасы  болған 

кезең де рін   қамтыған  оқиғалар  эпикалық 

туын ды ның   көркемдік  шешімін,  идеясын 

оқыр ман  дар ға  ұғындырады.  Жатжұрттық 

мем ле кеттің  құрсауында  жүріп-ақ  Қазақ 

Елі нің   көп  ғасырлық  тарихындағы  өзіндік 

ұлттық  болмысын,  әдет-ғұрыптарын,  салт-

дәстүрлерін сақтауы үшін табиғи талантын 

да,  қайраткерлік-күрескерлік  ұстанымын 

да  берік  сақтаған,  сол  қарапайым  ұлылық 

қасиеттерімен  халық  махаббатын  иеленген 

адамның  рухани  жан  ділі  әлемін  романнан 

айқын  сезінеміз.  Эпикалық  туындының 

идея лық  –  көркемдік  желілерін  құрайтын 

Д.А. Қонаевқа тән қасиеттер (қанағатшылдық, 

кішіпейілділік,  білімдарлық-оқымыстылық, 

көңіл  жомарттығы,  қазақ  ауылы  мен 

қарапайым адамдар тұрмысына қамқорлығы, 

қазақтың  рухани  мәдениетінің  сақталуына, 

өркендеуіне ықыласы, т.б.) деректі оқиғалар 

арқылы  дәлелденген.  Туындының  барлық 

бөлік тегіндегі идеялық – эстетикалық мәсе -

ле  лерді  халықтық  көзқарастар  тұр ғы сынан 

қорытындылап  тұрғандай  әсер  бере тін  

«Тарихшының бағасы», «Ауыл азам аты ның 

ойы»  тарауларындағы  дерек тер дің,  кейіп-

кер лер  атынан  айтылатын  баға лау лар дың 

маңыз дылығы айқын байқалады.

Ғалым-қаламгер Мамытбек Қалдыбайдың 

«Мен  –  халқымның  Бауыржанымын»  деп 

ата латын деректі романы да қазіргі Тәуелсіз 

Қа зақ  Елінің  жаңа  әдебиеті  дамуындағы 

маңызды туынды болып саналады. Жазушы 

бұл  шығармасына  дейін  осы  тақырып  же-

лі сінде бірнеше көлемді туындылар жазған 

еді.  Жаңа  туындысында  өзіндік  дербес 

қа лам герлік  мәнерімен  шығармашылық 

сұхбат  үлгісіндегі  шағын  сюжетті  бөліктер 

жүйесімен  жазу  тәсілін  қолданған.  Себебі, 

екінші  дүниежүзілік  соғыс  батырларының 

бірі,  көрнекті  жауынгер  қолбасшы,  қазақ 

әскери  ғылымының  негізін  салушы,  қазақ 

әдебиетіндегі әскери тақырыптағы прозалық 

шығармалар жазудың классикалық деңгейін 

қалыптастырушы,  Кеңес  Одағының  Баты-

ры  Бауыржан Момышұлымен 21 жыл бойы 

үздіксіз  дидарласқан,  сұхбаттасқан  қа лам-

гер дің осы шығарманы жазуы да табиғи заң-

ды лық.  Тарихи  тұлғамен  шығармашылық 

сұх бат  түрінде  түзілген  сюжеттік  бөлік тер-

де  Бауыржан  Момышұлының  туып-өс кен 

ортасы,  ата-бабалары,  білім  алған,  қыз мет 

істеген  жылдар  деректері  жүйелене  баян-

далған. Шығарманың оқырмандарды еліктіре 

тартып отыратын басты ерекшелігі – автор мен 

кейіпкердің  диалогтарының,  кейде  кейіпкер, 

автор  монологтарының  көркемдік  таным  ая-

сын да  поэтикалық  шешіммен  өрілгендігі. 

Автор-қаламгер  кейіпкер  Бауыржанның  ұлт-

тық  және  жалпы  адамзаттық  гуманизм  тұтас-

тығындағы  дүниетаным  болмысын  ай қын-

дауда шығарманың композициясында ав торлық 

эпикалық баяндаулар аясында тари хи тұлғаның 

халықтық  өнегелі  тәлім-тәрбие  ұла ға тын 

берік сақтайтын ұс та ны мын ай рық ша даралап 

көрсете  алған.  Бауыржан  Момышұлының 

қанды майдан шай қас та рын дағы қолбасшылық 

– батырлық істері мен кейінгі бейбіт замандағы 

азаматтық  –  отан шылдық,  қайраткерлік  – 

күрескерлік көз қа растарының да ұрпақтар тәр-

бие сіндегі ық палы айрықша дараланған. 

«Мен  –  халқының  Бауыржанымын»  атты 

осы  ро манның  құрылысындағы  сюжеттік 

–  тақы рып тық  бөліктерді  құрап  тұрған  көр-

кем дік-идеялық  желі  –  қазіргі  Тәуелсіз  Қазақ 

Елін  мәңгілік  даму  жолына  бастай  алатын, 

қазақтың ұлттық болмысын берік сақтайтын 

рухани  әлеует ті,  білімдар  қайраткер  – 

күрескер жаңа буын ұрпақты қалыптастыру, 


18

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

тәрбиелеу.  Бұл  орайда,  романдағы  «Көкейімде 

жүрген  көп  сұраққа  жауап»  тарауындағы 

Бауыржан Момышұлы монологының көркемдік 

мәні айрықша баға лы: «Күрескер болу жұрттың 

бәрінің  қолы нан  келе  бермейді.  Күрескер 

болу  үшін,  бүгінгі  күннің  ғана  емес,  одан 

арғы  күндердің  хал-ахуалын,  максатының 

келешекке қалай қыз мет ететінін сезе білетін 

болуы,  сезгенін  тек  арман  –  қиялға  емес, 

ғылымға негіздеуі қажет. 

Күрескер  қоғамдағы  күшті,  мүмкіндікті 

пайдалануға міндетті. Қоғамда қандай күш бар, 

соған сәйкес күрестің түрлерін, әдіс – ай ла ларын 

пайдаланған адам – нағыз күрес кер.  

Мінбеден  «өйту  керек,  бүйту  керек»  деп  кез 

келген ақымақ айқайлай алады. Сөзбен күрескер 

болу кімге қажет? Халықты ізінен ерте біліп, пәлен 

жылдан кейін емес, халыққа пайдасын сол күрес 

күндерінде  тигізген  адам  –  нағыз  күрескер» 

[1]  Тарихи  деректі  осы  романның  сюжеттік-

композициялық  бөлік теріндегі  кейіпкерлердің 

сұхбат – әңгі ме диалогтарынан, монологтарынан, 

автор лық  эпикалық  баяндаулардан  Қазақ  Елі 

тари хының  бұрынғы-соңғы  кезеңдеріндегі  ұлт-

тық  қасиеттеріміздің  асыл  дәстүрлерін  қазір-

гі  және  болашақ  ұрпақтар  санасына  сіңі-

ру ді  көздеген  ғалым  –  жазушы  Мамытбек 

Қалдыбайдың  азаматтық  шығармашылық 

көзқарасын  сезінеміз.  Халқымыздың  тари-

хын дағы ақын-жырауларымыздың, жазу шы-

лар дың  мыңдаған,  миллиондаған  оқыр ман-

дар дың  қабылдау  психологиясын  иеленуі 

туын ды ларындағы ұлттық және жалпы адам-

заттық  адамгершілік  ұстанымдардың  қуат-

тылығынан  екендігін  мәлім.  Халықтың  жан 

ділі  әлеміне  тән  биік  мұраттар,  асқақ  ұс та-

нымдар деңгейінде бола алмаған ақын дардың 

да,  прозашылардың  да,  дра ма тург тердің  де 

әдебиет  тарихындағы  орны  бел гі сіз деніп 

қалатыны – тарихи шындық. Таны  мал жазушы, 

ғалым-ұстаз  Мамытбек  Қалдыбайдың  сөз 

арқауындағы 

эпикалық 

шығар масының 

«Баукен  тағылымы»  ат ты  қорытынды 

бөлігіндегі  толғанысты  тұжы рым дары  ұлт 

тағдырына алаңдаған жаңа ұрпақ тар мақсатын 

айқындайды:  «Баукең  үйреткен  тағылым  – 

ұлы сенім. Болашаққа деген сенім еді.

Баукең үйреткен тағылым, ол – ұлы шын-

дық.  «Жалғандықтың  балын  жеп  өмір  сүр-

ген ше, шындықтың уын ішіп өлген артық» 

деп Баукең сияқты орақ тілді, от ауызды жау-

жүрек азаматтар ғана кесіп айта алады.

Баукең үйреткен тағылым – өз халқыңды 

ағы нан жарылып, жаныңдай жақсы көру.

Баукең үйреткен тағылым – ұлт ар-на мы-

сына, ұлт тарихына, ұлт санасына, ұлт мә де-

ние тіне қамқор болу еді» [1]

Тәуелсіз Қазақ Елінің қазіргі жаңа әдебиеті 

да муы үдерісінде ұлт тарихындағы көрнекті 

тұл ғалар  туралы  деректі  прозалық  көркем 

туын дылар  жазып  жүрген  белгілі  жазушы 

Мамытбек Қалдыбай көп жылдар бойы Абай 

атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық уни-

вер  ситетінің  «Журналистика»  мамандығы 

бөлі мінде  дәрістер  оқып  ұстаздық  қызмет 

атқарды.  Қазіргі  кезде  осы  университеттегі 

академик Мәлік Ғабдуллин атындағы «Тұлға-

тану» орталығының ғылыми қызметкері бо-

лып еңбек етіп жүр. Ғалым-ұстаздың жетек-

шілігімен  талай  буын  түлектер  журна лис-

тиканың  өзекті  мәселелері  бойынша  дип-

ломдық жұмыстарын қорғады. «Тұлғатану» 

орталығының жұмыс жоспары аясында қазақ 

әдебиетінің классикалық мұраларының және 

Тәуелсіз  Қазақ  Елі  қазіргі  әдеби  үдерісінің 

өзекті  мәселелеріне  арналған  әдеби,  мәдени 

–  танымдық  дидарласуларды,  жүздесулерді 

жиі  ұйымдастырып  келеді.  Жылдың  барлық 

мезгілдерінде  де,  тәуліктің  барлық  сәттерінде 

де  үнемі  жарқылдаған  жайдары,  аңқылдаған 

ақ көңіл  мінезімен  маңайындағы  адамдардың 

кө ңіл-күйлерін  сәулелендірген,  жадыратқан 

жар қын  келбетті  Мәкең  ағамыздың  жетпіс 

бес жастың биік белесіндегі тұлғасы бәрі міз ді 

қуантады, сүйсіндіреді. «Сүйер ұлың бол са сен 

сүй, сүйінерге жарар ол» деп ха кім Абай айтқан 

бағалауды  біз  құрметті  Мәкең  ағамыздың 

ұлағатты тұлғасына бай ла ныс ты ра аламыз.

Қорыта  айтқанда,  халқымыздың  жаңа  тари-

хындағы  ұрпақтары  үшін  тынымсыз  шы ғар-

машылық  еңбек  жолында  келе  жат қан  ұстаз 

ғалым жазушы Мамытбек Қалдыбайдың Тәуелсіз 

Қазақ  Елінің  алдағы  асуларында  да  тұлпар 

шабысының бәсеңдемейтініне сенеміз.


19

ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет