ЛИТЕРАТУРА
1 Гамова Е.М. Формирование нравственно-волевой устойчивости подростков к виктими-
зации в условиях общеобразовательного учреждения: автореф. дисс. ... к. пед. н.: 13.00.02.
– М., 2010.
2 Жарова М. // http://www.relga.ru/Environ/WebObjects/tgu-www.woa/wa/Main? textid=336
4&level1=main&level2=articles
3 Здоровое поколение: подпрограмма Федеральной целевой программы «Дети России»
на 2007-2010// http://www.zpzr.ru/healthcare_education/.
4 Казин Э.М., Литвинова Н.А. //http://sociosphera.com/publication/conference/ 2012/143/
socialnoe_zdorove_cheloveka/
5 Павлов А.В. Формирование творческой воспитывающей среды учреждения дополни-
тельного образования: автореф. дисс. ... к. пед. н.: 13.00.02. – М., 2011.
6 Падылин Н.Ю. Развитие безопасной социокультурной воспитательной среды школы //
Вестник государственного университета управления. – 2013. – №3. – С. 272–275.
7 Падылин Н.Ю. Формирование основ социального здоровья старшеклассников в соци-
окультурной воспитательной среде школы: автореф. дисс. ... к. пед. н.: 13.00.02. – М., 2013.
8 Пряхин Д.А. Уникальность историко-культурной территории как фактор образователь-
ного процесса в регионе (На примере Ельца и его исторической округи): автореф. дисс. ...
к. пед. н.: – Елец, 2000.
9 http://www.telenir.net/zdorove/formula_zdorovja/p3.php.
10 http://med-books.info/valeologiya_739/ponyatie-sotsialnom-zdorove.html/
32
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ӘОЖ 37.018.1
А.Е.Садыкова
Абай атындағы ҚазҰПУ
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директорының орынбасары
Б.Ж.Сағиева
Абай атындағы ҚазҰПУ
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ
«Ұлттық тәрбие» журналының жауапты хатшысы
ОТБАСЫНДАҒЫ ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ
Тәрбиені сөз еткенде қыз тәрбиесіне ең бірінші көңіл бөлеміз. Өйткені, қыз – өмірдің бас-
тауы. Бастауы дұрыс болмаған не нәрсенің де аяғы да еш жетіспейді. Сондықтан да, сонау
атам заманнан қыз тәрбиесіне аса мән берілген. Бұл мақалада қыз балаға берілетін тәрбие
мен беріліп жатқан тәрбие жайлы жазылған. Қыз балаға тәрбие берудегі отбасының ролі,
қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға мүлдем болмайтындығы қарастырылған.
Сонымен қатар, қыз бала бойжетіп, әке-шешесінің, бауырларының ортасында бұлғақтаған
дәуренін қалдырып, басқа бір үйге келіп келін атануы жайлы айтылған.
Түйін сөздер: қыз бала, отбасы, тәрбие, әдемілік, қыз әдебі.
Когда мы говорим о воспитании, в первую очередь уделяем внимание воспитанию деву-
шек. Неправильно начатое до конца не доводится. Поэтому, с ранних времен воспитанию
девушек придавалось огромное значение. В этой статье написано о воспитании, которое да-
валось и дается девушкам. Совершенно не допускается небрежное отношение к роли семьи,
чувству стыда, порядочности в воспитании девушек.
А также, написано о времени, в котором девушка взрослеет и становится снохой, остав-
ляя свое колыхающееся время среди родителей и родных.
Ключевые слова: девушка, семья, воспитание, красота, порядочность.
When we talk about upbringing, especially pay attention to the upbringing of girls. What start
wrong not bringing to the end. Therefore, from the earliest times for upbringing of girls was given
great importance. This article is written about the upbringing which was previously given and
given now to girls. It is not permitted to neglect the role of family, a sense of shame and decency
in the upbringing of girls.
And also written about the time in which a girl grows up and becomes a daughter in law, leave
their heaving time among parents and relatives.
Keywords: girl, family, upbringing, beauty, decency.
Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әде-
мі лік тің, әдептіліктің, жан-жақты сұлу лық-
тың символы ретінде қолданады.
Тәрбиені сөз еткенде қыз тәрбиесіне ең
бірін ші тоқталамыз. Өйткені, қыз – өмірдің
бас тауы. Бастауы дұрыс болмаған не нәрсенің
де ая ғы да еш жетіспейді. Сондықтан да, со-
нау атам заманнан қыз тәрбиесіне аса мән
беріл ген. Сондай-ақ, қыз – өмірдің гүлі.
Жүр ген жерінің сәнін кіргізіп, көркіне көрік
қо сып, байытып отырады. Сол себепті, ала-
қа нына салып аялай отырып, өзгені де ая-
лау ға, еркелете отырып, еркелете білуге үй-
ре тіп, бетінен жасқамай еркін де, ибалы етіп
өсірген. Сөзбен ғана емес, істерімен де тәр-
бие беріп отырған.
Содан болар, қызды қырық үйден тыйып,
ата ларымыз қыз тәрбиесіне көп көңіл бөлген.
33
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Түске дейін ұйықтауға тыйым,
Бұраңдап қылымсуға тыйым!
Тамақты обырлана асауға тыйым,
Ұрлық-қорлыққа тыйым.
Салт-дәстүрден аттауға тыйым [1],
Ұрыс-керіске тыйым. Қыздарға осы тый-
ым сөздерді әр уақытта естен шығармауға
үн деп отырған!
Қыз – ата-анасының, отбасының айнасы іс-
петтес. Бұл жерде қыз бала тәрбиесіне тек ана
ға на жауапты болып қалмай, баршамыздың
ор тақ ісіміз екендігіне көзіміз жетеді. Деген-
мен де, «Қыз ақылы – шешеден» демекші,
қыз дың анаға бір табан жақын екені ақиқат.
Тәр биенiң негiзi «ананың әлдиiнен» бастала-
ды. Ана қыз үшін тұлға, әрі жанашыр адамы.
Со нымен бірге, мұңдасы. Ол анасына ғана
ашылып сырын айта алады. Ол анасынан
үлгі алып қана қызға тән қасиеттерді бойы на
сіңіріп, ізеттілік пен ар-ұяттың және адам-
гершіліктің мағынасын түсінеді. «Қазақ айт-
пай ма «алып (яғни батыр, балуан) анадан
туа ды» деп. Бұған қарағанда, ана жақсы бол-
са, онан туған бала да жақсы болады. Ана
– бір жаман, ғылымсыз, меңіреу болған соң
онан туған бала не қайтіп оңсын?!», [2] - деп
Мәшһүр Жүсіп айтқандай ана сүтімен бойға
сіңген асыл қасиеттер, сәбидің көкірегінде
жатталып, ұлттық рух болып сіңетінін еске-
ру керек. Көргенді отбасылары қыз бала-
ны «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп өсірген.
Бой жеткен, ару қыздарын сырт көзден сақ-
тап, оларды биязылыққа, ибалылыққа тәр-
бие леген. Сол арқылы, қыздарын нәзік те
қайратты, алғыр, салмақты да ширақ, тө-
зім ді жан иесі етіп өсірген. Қыз бала бой-
же тіп, әке-шешесінің, бауырларының орта-
сын да бұлғақтаған дәуренін қалдырып,
басқа бір үйге келіп келін атанады. Өз ша-
ңы ра ғын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп,
түтін түтетеді, ана болып өмірге перзент
әкеледі. Жар құшып, ана болу – қыз бала ның
мақтанышы, әрі бақыты. Бұған әсі ресе ата-
ана қуанады және қобалжиды. Қобалжитын
себебі қыз баланың тәрбиесі ата-анаға
да үлкен сын болған. Жүн түту, жіп иіру,
құрақ құрау, көрпе көктеу тағы басқа өнер-
ді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып-
ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу ар қылы
отбасы алдындағы жауапкершілік сезі мін
дамытып, психологиялық жағынан даяр-
лап отырған. Сол баулып, үйреткен нәр се-
лерін баласының түскен жерінде калай көр-
сететіндігі, өзін қалай ұстайтындығы жай лы
ойлап қамығады. Сонымен қатар, осы ұят-
әдеп жоралғыларын белден басып, отыр ған-
да, тұрғанда өзінің әйелдік жаратылысын
ес кермейтін, қызға жарасатын қымсыну,
қы за ру, тартыну, имену дегендер ойына кі-
ріп-шықпайтын қыз өзіне ғана емес, ата-ана,
бауыр-туғандарына сөз келтіріп, жерге қа ра-
та ды. Сондықтан, қыз ибасы, қыз әдебі деген-
ге жеңіл-желпі қарауға мүлдем болмайды.
Қыз намысы дегеннің орны үлкен. Қыз
бала отырған жерде абайлап сөйлеу, бейпіл сөз
айтпау – оны әдептілікке тәрбиелеу емес пе?!
Қыз намысын сақтап, оның адалдықпен жаңа
бо саға аттауын аналар қатты қадағалаған.
Бола шақ отбасының тұрақтылығы да қыз
ары ның тазалығымен байланысты саналған.
Бүкіл әдебиет, фольклор адал махаббатты,
сезім тұрақтылығын бақытты болудың кілті
са наған. Қыздың барған жерінен қайтып ке-
луі жай ғана ұят емес, масқара деп есептел-
ген. Сондықтан, ата-ана қызын ұзатарда,
бар ған жеріңе «тастай батып, судай сің» деп
ба та берген. Осындай үлкен тәрбиеден өтіп,
ел анасы атанған. Домалақ ана, Қарашаш,
ке ше гі Шоқанның (Мұхамедқанапия) әжесі
Айғаным, ел билеген Томирис сұлулық пен
әде мі ліктің, адалдықтың үлгілері болып ел
есін де сақталған.
Соңғы кездері қыздарымыздың арасында
темекі тартып, нашақорлыққа салынғандар
да кездеседі. Келешекте ондай қыздар өмірге
қан дай ұрпақ әкеліп, қандай тәрбие бермек?
Қыз баланың тым әлем-жәлем киініп, көз ге
түсуге тырысуы, орынсыз боянып сыла нуы
ерсі болады. Сонымен қатар, өзінің сырт
пішініне, киім сәніне немқұрайлы, сал ғырт
қарауы да келіспейді. Бұл оның тәр бие сі-
нің жетімсіздігі, төмендігі деп білеміз. Же-
рі мізде қаптап кеткен жетім балалар үйі-
нің себебі не?... Бәрімізге түсінікті отба сы
34
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
тәр биесін көрмей өскен қыздарымыз бен
ұлдарымыздың ісі. Махаббаттың же лі гін-
де жүріп үйленіп, ертең бірін-бірі түсін-
бей ажырасып жатады. Ортада қалған ба-
ла қайда барады? Әрине жетімдер үйі не.
Осындай отбасылардың көбеймеуі өзі міз-
дің қолымызда деп ойлаймыз. Бұл жер де
ата-ананың да ролі басым. Әр ата-ана қы-
зы на дұрыс тәрбие беріп, бұрынғы әже ле-
рі міздің даналығын айтып, төзімділік пен
шыдамдылыққа үйретіп отыру керек. Құлақ-
қа құйылған сөз әр қыз баланың көкейінде
қа ла ды. Мысалы, бұрынғы кезде үйде ата-
ене, атасының әке-шешесі, 12-13 бала, арасы
1 жастан болған. Ол кездері аналарымыз қы-
зыл ша ға шығып өкіметке жұмыс істеген.
Сол кы зылшадан келіп тамағын жасап (от
жағып), кірін жуып (қолмен), ата-енесіне
шайын беріп және сол кісілердің көңілінен
шы ғу ға тырысқан. Далада қазанға тамақ жа-
сайды, тамақ жасағанда қазанның астына са-
бан жағатын. Сабан деген тез жанып кететін
шөп. Оны қайта-қайта салып отыру керек.
Бұ ның өзіне де мықты, төзімді адам ғана
шы дай алады. Осындай ананың тәрбиесінен
шық қан балалар қазір үйлі, балалы-шағалы
болып отыр. Бұндай істі, тәрбиені көріп өс-
кен қыздарымыз ешқашан барған жерінде
жа ман қылық көрсетеді деп ойламаймыз.
Осы ны оқып отырып, қазір заман басқа деп
айтуларыңыз да мүмкін.
Ия, түсінеміз қазір заман дамыған бар-
лық техника бар, дайын ыстық су, дайын
жы лы үй, газ, бір нәрсені жылыту үшін
казан ның астына от жағып жатпайды, элек-
тр толқынды пешке жылыта салады. Жә не
де көп қыздарымыз ата-енесімен тұр май-
ды да. Соның өзінде не жетпейді. Ұрыс-
жанжал, аяғы ажырасумен тынады. Бұлар-
дың барлығын тізіп жазуымыздың себе бі
– қыздарымызды төзімділлікке, шы дам ды-
лық қа, қанағаттылыққа тәрбиелеу.
Бұрынғы кезде естуші едік, қыз бала, ер
бала дан бір саты төмен тұрады деп. Қазір біз
қыз дарымызды ұлдарымызбен тең қылып
өсі ріп отырмыз. Қыздарымыз саясатқа арала-
сып ер адамдармен бірдей жұмыс жасап
отыр. Автокөлік жүргізіп, әскер қатарына
жа зылып жатқан қыздарымыз да аз емес.
Бұл да қуанарлық жағдай, тек қыз бала өзінің
нә зік, бия зылық, ибалылық қасиетінен айы-
рылмаса екен дейміз.
Қазіргі заман ағымына сай қыздар тәр-
бие сін де төмендегідей басты мәселелерге
көңіл бөлінуін баса айтқымыз келеді:
•
Қыз бала аналармен тығыз байланыста
болу,
•
Баласы туралы пікір алмасып, олардың
пікірімен санасып отыру керек (әңгіме
жүргізіп отырып тәрбиелеу өз нәтижесін
бермек). Себебі, қай бала болса да (қыз, ұл)
алдымен тәрбиені отбасынан алады, ата-ана-
сына еліктейді, соларды қайталағысы келеді,
ал бала жас шыбық тәрізді, қалай баулыса
солай қарай бой түзейді.
•
«Қызға қырық үйден тыйым» деп, қыз
баланың әлдебір іс-әрекетіне үзілді-кесілді
тыйым салу, жылылық танытпай ұрысып,
зе ку зиян, керісінше баланың жағдайымен
са на сып сеніміне кіру, сырласып дос бола
бі лу керек.
•
Отбасындағы қарым-қатынастың жақсы
бо луы.
•
Өз ұлтының намысын жоғары қоя білетін,
елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты баулып,
тәр биелеу үшін «мұны білуге әлі ерте, оған
тыйым салынады» деген тежеулерді алып
тастап, баланы бұғаулы ойдан, шектеулі
ұғымдардан құтқару қажет, қайта баланы
ойын еркін айта білуге жетілдіріп, білігіне
жетелеп отыруымыз керек.
•
Жас ұрпақты адамға тән табиғи сезіммен
өмір ді, табиғатты сүйе білуге, құрметтеуге
үйрету.
•
Жаратылыстың ақиқатын, болмыс ты
ашық, бүкпесіз көрсетіп ұғындыруға ар нал-
ған мектеп – шындықты үйрету мектебі бо-
луы керек [3].
Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұл-
дан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар,
ақы лы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан
қа пы қалма» деген екен. Демек, болашақ
жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды,
өне гелі, өнерлі етіп тәрбиелеу – қазіргі от-
35
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
басына үлкен міндет. Осындай ауыр жүкті ел ертеңі
қыз баланың мойнына жүктейміз. Се бебі, тіршіліктің
нәрін, өмірдің сәнін кір гізетін әйел – Аналар, яғни,
қазіргі әр ша ңы рақтағы буыны қатып үлгермеген
жас қыз дар. Осы қыздарымызды ұлттық әдет-ғұрпы
ар қылы тәрбиелейтін болсақ, ибалы да, көр кем
мінезді ұрпақ қалыптасатыны айдан анық.
Сонымен, қазақ отбасында тәрбиенің не-
гі зі – ұлттық салт-дәстүрлер. Тәрбие отбасы-
нан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала
тәр биесі оң жолға қойылуы керек. Келешек-
те ұлттық салт-дәстүрлермен тәрбиеленген
қыз дар, ел қорғайтын, ұлтжанды жас ұрпақты
тәр биелей алатынына біз сенімдіміз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Тәрбие – тек айтудан ғана емес, көрсетуден... //Ұлттық тәрбие. – 2010. – №3. – 116.
2 Ұлттық тәрбие (ұлттық тәрбиенің этика-эстетикалық негіздері): оқу құралы.
Құрастырушылар: Пралиев С.Ж., Нуриев М.А., Якупова А.Н., Сейсенбаева Ж.А.,
Аганина Қ.Ж. – Алматы, 2010. – 224б.
3 Ұлттық тәрбие (салт-дәстүр, әдет-ғұрып негізінде): оқу құралы. Құрастырушылар:
Пралиев С.Ж., Нуриев М.А., СейсенбаеваЖ.А., Оразымбетқызы Ә. – Алматы: Абай
атындағы ҚазҰПУ, 2011. – 164б.
4http://asyl-bilim.kz/load/ashy_saba_tar/adam_zh_ne_o_am/yz_andaj_bolu_kerek/39-1-0-722
5 Ибатова Н. Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. baq.kz/regional_media/post/6991
Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей – бесігіміз түзелмейді, бесігіміз
түзелмей – еліміз толық түзелмейді»
Н.Назарбаев.
36
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ӘОЖ 37.018.11-055.25
Т.Н.Жүндібаева
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Магистратура және
PhDдокторантура институты педагогикалық мамандықтар
кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.
ОТБАСЫНДА БАЛА ТӘРБИЕЛЕУ
ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
Қазіргі қоғамдағы болып жатқан әртүрлі дағдарыстар отбасына, ондағы бала тәрбиесіне
үлкен әсерін тигізіп жатқаны белгілі. Мақалада әр халықтың отбасында берілетін тәр бие-
сінен дәлелдер келтіріліп жазылған. Ұлы Абайдың және басқада ғалымдардың бала тәр бие-
сі не байланысты ойлары айтылған. Сонымен қатар, отбасында баланы қарапайым еңбек
түр леріне араластыру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу жолдарын көрсеткен.
Түйін сөздер: отбасы, тәрбие, қоғам, тәжірибе, ұрпақ.
Известно, что различные кризисы которые происходят сегодня в обществе оказывают
огромное влияние на семью, на воспитание детей. В статье фактами доведено о воспитании
в семье разных народов. Сказаны мысли о воспитании детей великого Абая и других уче-
ных. А также, указаны пути воспитания у детей трудолюбивости способом привлечения к
простым видам труда в семье.
Ключевые слова: семья, воспитание, общество, практика, потомок.
It is known that various crises that occur in society today have a huge impact on the family, the
education of children. The article about the facts brought up in a family of different nations. Told
thoughts about parenting of great Abay and other scientists. And also, shown ways of bringing up
in children hardworking by the attracting to the simple types of labor in the family.
Keywords: family, education, society, practice, descendant.
Білім беру ұйымдарындағы бала тәр бие-
леу әдістерінен отбасындағы тәрбие әдіс-
те рінің өзіндік айырмашылықтары бар.
Отбасындағы тәрбие әдістері таби ғи лы ғы-
мен, әр отбасының өмірлік тәжірибесімен,
әдет-ғұрыптарымен ерекшелінеді. Ол өмір-
ге қажетті жанды әрекеттер арқылы жү зе ге
асып отырады. Отбасының бала тәр би е леу
әдістері ғылыми тұрғыдан емес эм пи ри ка-
лық жолмен күнделікті өмір тәжірибесі ба-
ры сында қалыптасып, дамиды. Отбасы ба-
ла тәрбиесінде алдымен өзіндік өмір тәжі-
рибесіне, сондай-ақ халықтың салт-дәс түр-
ле рі не сүйенеді. Бірақ, әр адамның өзіндік
тә жі ри бесі соншалықты бай болмауы мүм-
кін, ал халықтық салт-дәстүрлердің озығы
мен тозығы болады. Сондықтан, бала тәр-
бие леу де көптеген кемшіліктер де орын
алып жатады. Отбасы жағдайында жүйелі,
рет ке келтірілген бала тәрбиелеу жүйесін
қалыптастыру үшін әрбір ата-ана сонау
заман нан қазірге дейін өзіндік мәнін жой май
келе жатқан бала тәрбиелеудің әдіс-тәсіл де-
рін меңгеруі қажет.
Отбасындағы бала тәрбиелеу әдістері – бұл
ба ланың тәртібі мен мінез-құлқына ата -ана-
ның мақсатты тұрғыда ықпал ету амалдары.
Әр отбасының дербес бала тәрбиелеу әдіс-
тері бар. Тәрбие әдістерін таңдап алуы ата-
ана лардың педагогикалық мәдениетіне, яғни
тәр бие мақсатын, өзінің ата-ана ретіндегі
рө лін түсінуіне, құндылықтар туралы түсі-
нік теріне, отбасындағы қарым-қатынас сти-
лі не және т.б. байланысты болып келеді.
37
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Сон дай-ақ төменде көрсетілгендей бірқатар
жағ дайларға да байланысты болуы мүмкін:
- ата-ананың өз баласының жағымды, жа-
ғым сыз қасиеттерін білуі, яғни неге қы зы -
ғады, нені ұнатпайды, нені ынтамен орын-
дайды, неге құлықсыз, қандай қиын шы лық-
тар ды басынан кешірді және т.б.;
- әр ата-ананың өзіндік тәжірибесі, беделі,
өзі нің жеке үлгісі негізінде тәрбиелеуге ты-
ры суы;
- ата-ана отбасында барлығын бірлесіп іс-
те ген ді қаласа, онда практикалық әдістерді
кө бі рек пайдалануы мүмкін.
Отбасы жағдайында көбіне төмендегідей
әдіс тер пайдаланылады:
1) Сендіру әдісі. Бұл өте күрделі әрі қиын
әдіс тердің бірі. Оны өте сақтықпен орынды
пай даланған жөн. Себебі, сендіру баланың
сан сезіміне ықпал етеді. Отбасы тәрбиесін
жақ сы меңгерген ата-аналар дау-дамай, ай ғай
-шусыз-ақ балаларына белілі бір талаптар ды
қойып, орындата біледі. Олар нақты жағ дайға
талдау жасай алу сырын жетік мең герген.
Сондықтан балаларының мінез-құлық-
тарының себебі мен салдарларын, олар дың
берер жауаптары мен әрекеттерін ал дын ала
болжап біліп отырады. Соған бай ланысты әр
түрлі тәсілдерді пайдаланады. Дер кезінде,
дәл орнында айтылған сөз бірнеше сағат мо-
раль оқығаннан әлде қайда тиімді. Сендіру
құ ралы ретінде кітапты, кинофильмдерді,
му зы ка мен суретті орынды қолдана білудің
ма ңызы зор. Олар баланың жан жүйесіне,
сезі міне үлкен әсер етеді. Сендіру әдісін
пай даланғанда сөз бен істің алшақ болма-
уы қажет. Себебі балалар, әсіресе кіші жас-
тағылар ата-аналарының жағымды да жа-
ғым сыз да әрекеттерін қайталауға тырысады.
Ата -аналар өздерін күнделікті өмірде қалай
ұс таса, балалары да соны істеуге бейім бо-
лып келеді.
2) Талап. Талапсыз тәрбие де болуы мүмкін
емес. Талапты біртіндеп күрделендіріп және
оның орындалғандығын үнемі қадағалап
оты рудың маңызы зор. Сонымен бірге, бала-
ға қажет болған жағдайда көмекке келе білу-
дің мәні ерекше. Балаға талап қоюдың не-
гіз гі формасы – әр түрлі тапсырмалар бе ру.
Тапсырманы ашуланбай, байсалды түр де
берген орынды. Қойылатын талаптың ба ла-
ның жас ерекшеліктері мен күшіне сәй кес
болуы орынды. Сондай-ақ не әкесі не ана-
сы тарапынан қойылған талаптың екін ші-
сі тарапына бұзылмауы керек. Сонда ға на
бала талапты орындауға үйренеді. Ке рі сін-
ше болған жағдайда бала жеңілдің асты мен
ауырдың үстімен жүруге, ешкімді тың да мау-
ға үйренеді.
3) Мадақтау, мақтау – отбасы жағдайында
ке ңінен қолданылатын әдістердің бірі. Ба-
ла лық шақта оның жүріс-тұрысы мен
мінез-құлқы қалыптасу үстінде бола ты ны
белгілі. Олар өз әрекеттерінің дұрыс ты ғын
мақұлдауды қажетсініп тұрады. Сон дық-
тан, баланың жағымды, дұрыс әре кет те рін
мадақтап, қолдап отыру керек. Ма дақ тау –
ата-ананың баланың белгілі бір әре кет тері
мен мінез-құлқындағы жағымды кө рі ніс-
терге қанағаттануын көрсету амалы. Ма дақ
-
тауды баланың орынды әрекетін, жақсы қы-
лы ғын қолдау үшін пайдаланудың мәні зор.
Алайда оны шектен тыс пайдалану жа ғым-
сыз салдарларға алып келуі мүмкін. Мадақ-
тау кезінде баланың жас және дербес ерек-
ше лік терін, тәрбиелік деңгейін, мінез-құлық
ерек шелігін, әрекет ету сипатын ескеру қа-
жет.
4) Сенім. Сенім білдіру балаға деген
құр меттің белгісі. Сенім білдіру кезінде бала-
ның жас ерекшелігі мен жеке мүмкіндігін ес-
кер ген жөн. Егер ата-ана баласына: «Сенен
түк шықпайды, сен ешуақытта түзелмейтін
шы ғар сың, саған ештеңені сеніп тапсыруға
бол май ды» деген сияқты сөздерді айтса, онда
бала ның ерік жігерін басып, оның өзіне де-
ген сенімділікті, құрметті жоғалтуына алып
ке луі мүмкін. Сенімсіз жағымды нәрселерге
бау лу мүмкін емес.
5) Жазалау. Жазалау әдісін пайдалану
ке зін де төмендегідей талаптарды ескерген
орын ды:
- жазалау әдісі жиі пайдаланылатын болса,
оның кү ші мен тиімділігі төмендеуі мүмкін;
- жазалау кезінде баланың жас ерек ше лі-
38
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
гін ескеру қажет. Мысалы, үлкен адам дар ға
дөрекі сөйлеген мектепке дейінгі жас та ғы
бала мен ересек жастағы балаға бір дей жа-
залау әдісін пайдалануға болмайды. Се бебі
біріншісі өзінің әрекетін толық түсін бе ген-
дік тен, ал екіншісі әдейі жасауы мүмкін;
- баланы ашу үстінде жазалауға болмай ды.
Жазалау үшін оның себебін анықтап ал ған
жөн. Негізсіз жаза баланы кекшілдікке, ыза-
қор лыққа және ата-анасымен қарым-қаты на-
сы ның бұзылуына алып келуі ықтимал.
- жазаның нақты әрекетке сай болуы және
оның орынсыз бұзылмауы.
Әр елдің бала тәрбиелеу дәстүрлері сияқ-
ты әдістерінде де өзіндік ерекшеліктер бар.
Г.Н.Филоновтың пікірінше белгілі бір ха-
лық тың белгілі бір жерде қолданылатын
тәр бие тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы
бола ды. Олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа
беріліп отырады және олар ең алдымен
адам дардың тіршілік ету барысында ие бол-
ған белгілі бір дағдылары мен білімі ретін де
меңгеріледі. Адамзат баласының пайда бол-
ған кезінен бастау ала отырып, ол өз бойы-
на бала тәрбиесіне деген ғасырлық ғұрып-
тары мен талаптарын сіңірген. Бұл пі кір әр
халықтың бала тәрбиесінде өзіндік ерек ше-
лік тері болуының заңды құбылыс екенін
дәлел дей түседі.
Қазақ отбасында ежелден қолданып келе
жат қан өзіндік әдіс-тәсілдері жетерлік.
Олар ды бір шене топтарға бөліп қарастыруға
бо ла ды:
- адамгершілік сезімдеріне әсер ету бары-
сында пайдаланатын әдіс-тәсілдер. Оларға
бала лар ға қайрымды, ізгі қатынас жасау,
жана ма ықпал жасау, қолдау, өзіне деген
сені мін нығайту, сенім арту;
- үйрету мақсатындағы әдіс-тәсілдер.
Олар: түсіндіру, мысал келтіру, үлгі-өнеге,
ғиб рат айту және т.б.;
- тыйым салу, ескерту жасау мақсатында
пай да ланатын әдіс-тәсілдер. Олар: реніш,
нара зы лық білдіру, тыю, айыптау, бұйыру,
ерке лік те кінәсін мойындату, ұрсу, ымдау,
қас-қа бақпен айтайын деген ойын білдіру
т.б.
Бұлардың көпшілігі қазіргі педагогика са-
ласында қолданылып жүрген әдіс-тәсілдер
бол ғандықтан біз тек солардың ішіндегі бір-
қа тарына тоқталып кетуді жөн көрдік.
Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне
көп көңіл бөлген. Оны жүзеге асыруда олар
үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілік ар ту
әдіс терін шебер пайдаланған. Баланы ер те
жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отыр-
ған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп,
бәй ге ге қосқан, қозы баққызып, үлкендердің
ара сын дағы дауды шешу, келіссөз жүргізу
т.с.с. іс терге бірге ертіп жүрген.
Қазақ отбасы тәрбиесіндегі өзіндік ерек-
шеліктер қатарына жататын әдіс-тәсілдердің
бірі бұл – тұспалдап айту арқылы шешендікке
баулу. Сонымен қатар, тұспалдап сөйлеуді –
сыйластықтың керемет бір үлгісі деуге бола-
ды, өйткені ол белгілі біреуге қадап, айыбын
бетіне басып айтылмайды.
Сондай-ақ қазақ халқы айтайын деген ой-
ын ымдау арқылы жеткізу, қас-қабақпен біл-
діру тәсілдерін өте ұтқыр қолданылған. Ым-
дау – бұл өте нәзік тікелей немесе жанама
түр дегі тежеу әдістерінің бірі. Бала әке-ше-
ше сі нің қас-қабағынан олардың көңіл-кү-
йін байқап, ым арқылы айтқанын түсініп өз
әрекетінің орынды не орынсыз екенін бай-
қап, соған байланысты әрекет еткен.
Балалар алғаш өзіне еркелетіп, тұспалдап
ай тыл ған мазақтамалар арқылы зеректікке,
тап қыр лыққа жаттықса, өсе келе өзіндік
шы ғар машылық танытатын болған. Ол үшін
қазақ отбасында даярлық ерте жастан жүр гі-
зіл ген. Мысалы, үйге қонақ келгенде алды-
мен қонаққа арнап балаларға өлең, жұмбақ,
жа ңылт паш айтқызатын болған.
Этикалық ізгіліктерді адам бойына дары-
ту да әл-Фараби тәрбиелеудің екі түрлі әдісін
атап көрсетеді: бірінші – иландырғыш на қыл
сөз, сезімге әсер еткіш нақыл сөздер әді сі;
бұл әдіс арқылы адамдарды өз еркімен игі-
лік ті істер жасауға жігерлендіруге болады;
екін шісі – өз еркімен, өз қалауы бойынша
жөн ге келмейтін және сөзге құлақ аспайтын
«бүлік ші, көнімсіз», ересек адамдарға қол-
да ны латын күштеу әдісі.
39
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Осы әдістердің ішінде әл-Фараби иланды-
ру немесе ерікті түрде тәрбиелеу әдісін жо-
ға ры бағалайды. Адам сезіміне ерекше әсер
ететін, оның жан-күйін баурап алатын эти ка-
лық нақыл сөздермен адамды дұрыс бағытқа,
игілікті мінез-құлыққа тәрбиелеуге болады.
Тәрбиенің нәтижесінде адам бойында пайда
болған ізгілікті қасиеттерді, мінез-құлықты
тұрақты күйге айналдыру үшін дағды қажет.
«Жаратылысынан біткен бейімділік, - деп жа-
зады. Фараби – қайырымдылық әрекеттерге
ба ғыт талса және бұл әрекеттер қайталана келе
адам жанында сол әрекеттердің өзін туды-
ра тын күйді тудыратындай дәрежеде әдет
түрінде нығайып, бекісе, әрекетпен орнық қан
бұл күй қайырымдылық деп саналады».
Қазақ табиғатында отбасы иелері ең әуелі
өз ұлы мен қызының алдында тәр бие лі,
өнегелі, көрегенді, үлгілі болуға ты рыс қан.
Оның ең басты себебі, «ұлдың ұя ты – әкеде,
қыздың ұяты – шешеде» деп баға ла ған-
дықтан. Алғашқы мүшелі 13 жасқа тая ған
кезінен бастап ата-ана өз балаларын тұр мыс
пен салтқа бейімдеген. Сол кезеңнен бас тап-
ақ, әке қызына айтар ескертпесі мен қол қасы
болса анасы арқылы жеткізген. Қы зын – арға,
ұлын – нарға балаған. Алайда, осы лайша
үкілеп, үлбіретіп отырған қыз бала ның өзіне
де қатал талап қойылған. Ана сы қызына шол-
пы таққан шашы ажарлы, сүмбіл, сұлу бол-
сын деп не қатықпен, не ірімшіктің сары суы-
мен мезгіл-мезгіл жу ғы зып, ең әуелі өз басын
қадірлеуді үйретеді. Ана лар өз қыздарына
киім киісі, төңірегіне деген көзқарасы, кісіні
жатсынбауы, кең пейіл ді лігі, мейірімді жүзі
арқылы ықпал еткен.
Жоғарыда айтылған әдіс-тәсілдермен қа-
тар бүгінгі таңда отбасы мүшелерінің өз де-
рі нің қуанышы мен қайғыларын ортаға са-
лып бөлісудің, өмірде кездесетін түрлі сая си,
әлеуметтік мәселелерді, жаңа көркем фильм-
дерді, кітаптарды бірлесе отырып талдаудың,
сүйікті әндерін орындап отырудың мәні зор.
Отбасы тәрбиесінде балаларды таза, де-
ні сау етіп өсіру, алысқа жібермей үйде тәр-
бие леу, жақсы әдеп пен тәрбиеге үйрету,
жақ сы мі нез-құлық қалыптастыру, ұл мен
қызға білім үйрету, балаларды еңбекке бау-
лу, қоғамға пайдалы азамат етіп тәрбиелеу,
олар ды қанағатшыл болуға үйрету, әділдік
қасиет терді бойына сіңіру, уақыты келгенде
қыз ды тұрмысқа беру мен ұлды үйлендіру
бә рі де осы әдістер негізінде іске асырылып
жат қан.
Бұдан біз, шығыс халықтарының отбасы
тәр биесінде үлгі-өнеге көрсету, сұхбат, жат-
ты ғу, машықтану, орта шаманы табу, түзету,
ма дақ тау, жазалау және т.б. әдістердің тәр бие-
де қолданылғандығын байқауымызға болады.
Сонымен қатар, отбасы жағдайында қол-
да нылып келе жатқан кейбір әдістердің тәр-
бие ісінде оң нәтиже бермейтінін байқауға
бола ды. Мысалы, кейбір ата-ана баласының
әр бір әрекетін жақтырмай оған өте жоғары
талап тар қояды. Баласына қажетті дәрежеде
жан жылуын бере алмай, сәл ғана жіберген
қате ліктері үшін жазалауға дайын тұрады.
Мұн дай жағдайда өскен балалар өздеріне
сенім сіз, қорқақ, өздерін қорғай алмайтын
ын жық болып өседі.
Кейбір ата-аналар балаларының барлық
та лап тілектерін орындауға дайын тұрады.
Олар дың айтқандарын екі етпей, шектен тыс
ерке летіп өсіреді. Мұндай жағдайда өскен
бала да өз дегенін ғана жасату, менменділік,
қой дегенді түсінбейтін бірбеткейлік, жауап-
сыз дық, қанағатсыздық сияқты жағымсыз
қасиет тер пайда болады.
Сондай-ақ баланы шамадан тыс өбектеу
де оң нәтиже бермейді. Баланың өзбетінділігі
мен белсенділігі басылып, мүмкіндіктері да-
мымайды. Ондай балалар өмірге бейімсіз,
әл жуаз, өзбетінше шешім қабылдауға қабі-
лет сіз болып өседі. Себебі ол ата-анасының
өзі үшін бәрін жасап беретініне сенеді.
Кей жағдайда ата-ана өзінің баласының
әлеу меттенуіне, өмірде ненің жақсы ненің
жа ман екенін ажыратуына мүлде көңіл бөл-
мейді. Бала өз бетінше өмір сүреді. Ал, кей-
де, баласының мүмкіндіктерін ескермей,
оған өте жоғары моральдық талаптар қояды.
Олар дың ойынша бала ата-анасының үмітін
ақ та уы тиіс. Сондай-ақ дене жазасын пайда-
лану да орын алады. Мұндай әдістер ба ла-
40
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ның жүйке жүйесіне қатты әсер етіп, оның
бойын да әлеуметтене алмау, басқа адамдар мен
тіл табыса білмеу, қатігездік сияқты жа ғым сыз
қасиеттің қалыптасуына әкелуі мүм кін.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, әр
от ба сы тәрбие әдістерін таңдап алуға жете
мән беруі керек. Себебі баланың қандай бо-
лып өсуі көбіне отбасына байланысты.
Қазақ отбасы тәрбиесінің құралдары де-
ген де халық ауыз әдебиетін: шешендік сөз-
дер ді, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мә-
тел дерді, ертегі, аңыз-әңгімелерді, айтыс,
ше жі ре, сондай-ақ ұлттық ойындарды, ой ын
-сау ықтарды айтамыз.
Халық ауыз әдебиеті шығармалары ға сыр -
лар бойы қалыптасқан рухани құндылық ре-
тін де баланың қиялын тербеп, сезімін оята-
ды, ұлттық дербестігін ұғынуға көмектеседі.
Бұ ған қазақтың зиялы қауымы Шоқан мен
Абай дың және басқа да ірі тұлғалардың бәрі
ха лық ауыз әдебиетінен сусындап өскенін дә-
лел ретінде көрсете аламыз. Мысалы, Шоқан
он жасына дейін өзінің туған ауылында әжесі
Ай ғаным мен әкесі аға сұлтан Шыңғыстың
тәр биесінде өседі. Уәли, Шыңғыс ауылдары
қазақтың ақын-әнші, сал-сері, өлеңші-жыр-
шы, бақсы-балгер, құсбегі-саяткер сияқ-
ты өнер қуған қауымның жиі жиналып,
сөз сайысына түсетін өнер ортасы болған.
Орынбай, Жанақ, Шөже, Нысанбай сияқты
атақ ты айтыс ақындары Біржан, Ақан, Үкілі
Ыбырай сияқты жезтаңдай әнші-ақындар
Тәттімбет, Тоқа, Қанғожа сияқты күйші-ком-
по зиторлар Абылай тұқымының маңына
үйі ріліп, өз өнерлерін дүйім жұртқа жайған.
Мі не, осындай той-думан, өлең-жыр, аңыз-
ертегі, айтыс өнерінің ортасында өскен
Шоқан ның дүниетанымы кеңейіп, ұлы тұлға
бо лып қалыптасты.
Қазіргі кезде балаларды халық ауыз әде-
бие ті үлгілерімен таныстырудың басқа да
жолдары дамып отыр. Бұл тұста радио, те-
ле дидардан берілетін хабарлардың мүм кін-
діктерін ұтымды пайдаланған жөн. Мыса лы,
«Тыңда балам, ертегі» айдарымен ұсы ны ла-
тын әжелердің ертегілерін тыңдату, «Бала-
пан», «Еркетай», «Толағай», «Сөз мер ген»,
«Сөнбес сәуле», «Сегіз қырлы», «Жүз ден
жүйрік», «Жан жылуы», және т.б. бағ дар ла-
ма лар ын бірлесе тамашалаудың мәні зор.
Қазақ халқының басты тәрбие құрал да ры-
ның бірі – дастарқан басында айтылатын әр
түрлі тәрбиелік мәндегі әңгімелер, өмір ден
алынған мысалдар. Бұлар балаларды отба-
сы ның рухани және тарихи өмірімен таныс-
ты рып, тәрбиелейді.
Жоғарыда аталған тәрбие құралдарының
бәрі нің мәні өте зор. Халқымыз оларды
бала ның жас ерекшеліктерін ескере отырып,
ұтым ды пайдалана білген.
Достарыңызбен бөлісу: |