Түйін сөздер: ақпараттық ғасыр, мобильді оқыту, мобильді технологиялар, мобильді
оқыту жүйесі.
В статье описывается опыт использования н овых мобильных технологий в иноязычном
образовании, о возможных путях и перспективах их внедрения в систему образования РК. В
связи с этим в статье подробно рассматриваются такие понятия, как «мобильное обучение»,
«мобильные технологии» и «мобильное обучение».
Ключевые слова: мобильное обучение, мобильные технологии, система мобильного
обучения.
Article descriles the experience of using the training methods of new mobile techniques and
equipments in the process of foreign education system and the possibilities of using them in the
education system of Kazakhstan and their perspectives. According to these problems the author has
spoken about mobile teaching, mobile technologies, the peculiarities of mobile teaching system.
Keywords: mobile education system, mobile techniques, mobile equipments, information
century.
Қазіргі ақпараттық ғасырда білім алудың
жол дары түбегейлі өзгерді. Өмір бойы бі лім
алуға, оқи беруге мүмкіндік туды. Сон дық-
тан бүгінде оқимын деген адамның мо биль-
дік құрылғылар арқылы күні-түні өз бе тін-
ше ақпарат табуына, оның жолдары мен ше-
шім дерін айқындауына, сыни ой лау əлеуетін
да мытуына, оны іс жүзінде қол да нуына
мүм кіндігі зор. Осы мəселелерге орай,
мақаламызда мобильді оқыту, мобильді тех-
нологиялар, мобильді оқыту жүйесінің ерек-
ше лік теріне тоқталмақпыз.
«Мобильді оқыту» термині ағыл шын-
дар дың оқыту жүйесінде осыдан он шақты
жыл бұрын қолданысқа енді. Біздің елімізде
де оқытудың бұл түрі білім беру жүйесіне
бір тін деп ене бастады. Зерттеушілер де бі-
лі мді ақпараттық-коммуникациялық тех-
но ло гия лар арқылы беру осы мобильдік
бай ла ныс құралдарынсыз мүмкін еместігін
дəлел деп отыр. Себебі, смартфондар мен ай-
фон дардың тіршілігімізге дендеп енуі, оқу-
лықтар мен бағдарламалардың басым бө-
лі гінің электронды нұсқаға көшірілуі, жес-
ти куляциялық интерфейс түріндегі жа ңа
технологиялардың көптігі білім беру са па-
сын арттырып, мобильді байланыс қыз мет-
те рінің ақысын төмендетуге əсерін тигізуде.
Білім саласындағы осы мобильді бай ла-
ныс құралдарының рөлін саралаған Еу ро па
мен АҚШ-та 2002 жылдан бастап бо лып келе
жатқан қаншама халықаралық кон фе рен ция-
лар мен симпозиумдардың, жобалардың ле-
гін санап шығу мүмкін емес.
47
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Солардың ішіндегі шетелдік ең ірі жо ба-
лар ды атап өтейік. «Мобильді оқыту жүйесі»
(Mole Net) (Ұлыбритания), «Мобильді оқы-
ту ортасы» (The Mole) (АҚШ), «Өмір бойы
үйренудегі мобильді технологиялар» (мо-
биль ные технологии в обучении через всю
жиз нь) (Motill) (Еуропалық одақ), «Мо биль-
ді оқыту консорциумы» (Канада) (Mlearning
Consortiums). Бұлар мобильді құ рыл ғылар ар-
қы лы оқытудың тəжірибесі мен тео рия сын да
нə тижесін көрсетіп келе жатқан жо балар.
Мысалы, АҚШ-тың федералды үкіметі
қар жыландырып отырған «Мобильді оқыту
ор тасы» атты халықаралық жоба 22 елдің ба-
сын біріктіріп отыр. Жоба орындаушылары
түр лі пəндер бойынша мобильді құрылғылар
ен діріп, платформалар құрады. Сөйтіп, мо-
биль ді оқыту ресурстарын қамтып, оның
əдіс темелік негізін жасауға күш салады.
Сондай-ақ, (Motill) Еуропа жобасы мо-
биль ді қондырғылардың дидактикалық мүм-
кін діктерін қарастырып, оның үйретуші топ-
тар ға əлеуетті əсерін тексереді. Бұл жоба
Еуро одақ елдерінде мобильді технологияның
сая сатқа тигізетін əсерін бақылып, жобаға
бар лық жастағы адамдардың əлеуметтік
тар ты луын кеңінен қамтуға тырысады. Ал
Кана дада 2002 жылы құрылған «Мобильді
оқы ту консорциумы» жобасының мақсаты
– уақыт пен орынға тəуелсіз жаңа оқыту ор-
тасын құру болып табылады.
Біздің елімізде жекелеген жобалар бол-
ма са, педагогикалық үдерісте мобильді
оқы ту технологиясы толығымен ене қой-
ған жоқ. Ресейде А.Н.Барковтың бас та ма-
сы мен «Мобильді оқыту мектебі» сайты
ашыл ған. Онда мектеп оқушыларына ар-
нал ған түрлі модуль-тесттер, «мобильді
Ав тор – оқытушы» бағдарламасы ен гі-
зіл ген. Бəрінен бұрын «Мобильді оқы ту»
ұғы мының аясында шет тілдерін оқыту-
дың педагогикалық жүйесінің барлық құ-
ры лым дық
бөліктеріндегі
өзгерістерін
ай қын дау мақсаты жатуы тиіс. Мысалы,
оқы ту шының
өзіндік
тұжырымдамасы,
оқы ту дың мақсаты, мазмұны, құралдары,
түр лері мен формасы, мобильді байланыс
құралдарының ерекшеліктері мен дидак-
ти ка лық функцияларының, оқу үдерісі ин-
теграциясындағы белгіленген шарттары,
осы ның барлығы бұл əдістің білім берудегі
тиім ділігін көрсетеді.
Бүгінгі таңда мобильді оқытудың пе-
да го гикалық білім берудегі тиімділігін
көрсететін,
мобильдік
құрылғылардың
тех никалық ерекшеліктеріне немесе осы
технологиялар арқылы ұсынылатын ди да-
кти калық мүмкіндіктеріне негізделген бір-
не ше анықтамалар мен пайымдаулар бар.
Технологиялық көзқарас тұрғысынан мо-
би ль ді оқыту – бұл оқу ақпараттарын кез
келген портативті мобильді құрылғылардағы
WAP жəне GPRS технологиялары арқылы
беру жəне алу болып табылады.
Дж. Тракслер мобильді оқыту оқу үде-
рі сін толығымен өзгерте алады, өйткені
мо бильді қондырғылар материалды беру,
алу формаларын модификациялап қана
қой май, менталитет пен танымның жаңа
фор маларын құруға септігін тигізеді дей-
ді. Бұл жеке жұмыстың өз уақытында, жет-
кілікті деңгейде орындалу үдерісінде іс -
ке асырылады. Мобильді оқытудың мұн-
дай
сипаттамасы
мультимедиалылық,
құ ры лым дау шылық,
модульділік,
ин-
тер бел сенділік,
қолжетімділік
сияқты
дидактикалық үдерістерге негізделген элек-
трон ды оқыту табиғатымен үндеседі. Мо-
бильді оқыту оқу үдерісі мен оқушы ара-
сын да ғы балансты реттеуші жүйе қызметіне
бағыт талған. Сондықтан, мобильді оқы ту
– бұл дистанционды немесе аралас оқы ту-
дан бөлек, адамзат қоғамының ақпа рат тан-
дырылуындағы дамудың жаңа белесін көр-
се тетін, білім берудің тың формасы деуге
болады. Бұл зерттеудің негізі оқытуды екі
түрге – мобильді жəне аралас – индивидуалды
(қашан, қайда, қандай жылдамдықпен) жə-
не міндетті емес (тұсаукесерлер, түрлі де-
рек тер, қарым-қатынас, т.б.) түрлерге бөліп
қарас ты руымен сипатталады.
М.Бренсфорд пен Дж.Дуглас та мо биль-
ді оқыту бірегейлігіне оның белгілі бір уа
-
қыт пен орын ға тəуелді емес, оқу ма те -
48
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
риал дарының кез келген уақытта ала ала-
тын дай қолжетімділігін жатқызады [1, 67].
Демек, мобильді оқыту – білім мен дағ ды ны
мобильді технологиялар арқылы кез кел ген
уақытта, кез келген орында алуға, оқу шы ның
аналитикалық ойлау дағдыларын қа лып-
тас тыруға, оқушының ақпарат тасқынының
ішіндегі дайын модульдерді ала салуға емес,
оның ішінен оқу контентін өздері іріктеуге
мүм кіндік береді.
Д.Келли мобильді оқыту – дəстүрлі дис-
тан цион ды оқытудың инновациялық тұр-
ғы дан жетілдірілген түрі деп есептейді [2,
90]. Бұған оқу микроблоктарын, Тwitter жа-
ңа лықтар топтамасын, курскастар сияқ ты
оқу материалдарының берілуіндегі мүл де
жаңа формаларды жатқызуға бола ды. Мұндай
жағдайда, мобильділік ұғы мын педагогикалық
үдерісте оқыту құрал да ры на қол жеткізу
мүмкіндігі жəне оқу интеракциясын іске
асыру формасы ре тін де айқындауға болады.
Мобильді қон дыр ғы лар қарым-қатынастың
дыбыстық, SMS,
электронды
пошта,
видеобайланыс, əлеу мет тік желілер (Twitter,
Facebook, т.б.) түрлері арқылы айту, көрсету,
жазу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Мобильді оқытуға мынадай мобильдік
құ ралдар жатады:
–
ұялы
телефондар,
смартфондар
(Bleackbery), коммуникаторлар (iPone).
– МP 3\4 плеерлер, нетбук кітаптар,
электронды ойындарға арналған құрылғылар
(Nintendo DS), касткассетaларды тыңдау
құрылғылары (iPod), GRS – навигаторлары;
– портативті компьютерлер – портативті
қалта компоненттері (ПҚК), планшетті
компьютерлер (iPad).
Зерттеушілердің пікірінше, осылардың
іші нен смартфондар мен айфондар, нетбук
кі таптар, PDAS, Нинтендо, плеерлер, ІPods-
тар жиі қолданылады.
Оқу үдерісінде материалдар түрлі мақ сат-
та қолданылады. Атап айтқанда:
- веб-ресурстарды мультимедиалық оқы-
ту да пайдалану (аудиофайлдар, видео файл-
дар, лекциялар жазылған касттар, сызбалар,
карталар, суреттер, т.б.);
- сайттарды, анықтамалықтар мен сөз дік-
тер ді жылдам қарауды қамтамасыз ету,
- оқырмандардың оқу материалдарын, мо-
биль ді байланыс құралдарына не гіз дел ген
платформаларды (SMS-тестер, оқу құрал да-
ры мен мобильді қосымшалар негізінде нұс-
қау лықтар) құруға атсалысуы.
- оқыту коммуникациясында (SMS-хабар-
ла малар, Twitter, вебинарлар, Skype, т.б.)
қол да ны ла ды.
Бүгінде мобильді оқыту əдісінің дəс-
түр лі жəне дистанционды оқытудағы та-
быс ты интеграциясына, оның оқу үдері-
сін оңтайландырған тиімді əрекеті жата-
ды. Демек, мобильді құрылғылар мен
технологияларды пайдаланудың артық шы-
лық тарына мыналарды жатқызуға болады:
- кез келген уақыт пен орында аутен ти ка-
лық оқулықтарға, анықтамалық ресурстар
мен бағдарламаларға жылдам қол жеткізу;
- оқытушы мен оқушы арасындағы үз дік-
сіз кері байланыс;
- студенттің жеке басының ерекшеліктерін
еске ру (көтеріліп отырған мəселенің диаг-
нос тикасы, оқытудағы жеке қарқын, т.б.);
- оқушылардың мотивациясын таныс
тех ни калық құралдар мен виртуалды орта
арқылы арттыру;
- автономды оқытуды ұйымдастыру;
- өмір бойы үздіксіз білім алудағы дағды
мен ерекшеліктерін дамыту;
- оқытушылардың біліктіліктерін жұмыс-
тан қол үздірмей арттырып отыру.
Сонымен қатар, мобильді оқытудың нега-
тивті аспектілеріне ең алдымен, техникалық
жəне қаржылық, əдістемелік, əкімшілік –
ұйым дастырушылық кедергілерді жатқызуға
бо лады. Оның себептері, біріншіден, оқыту-
шы лар мен оқу орнының əкімшілігін мобиль-
ді оқытуға көшіруге көндіру қиынға түседі.
Бұл əдісте оқу барысы телефон арқылы
жү зе ге асырылатындықтан, тапсырмалар
оңай орын далады. Ал барлық мобильді құ-
рыл ғыларды электронды шпаргалканың рө-
лін атқарады деп есептейтін ұстаздар қауы-
мы бұған келіспейді. Үшіншіден, мо бильді
оқытуға негізделген түрлі маман дық тар-
49
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
ға арналған дайын ресурстар мен бағ дар-
ламалардың жеткіліксіздігі. Бұл ретте ағыл-
шын тілі мамандарының қол жеткізген та-
быстары біршама. Оларда ағылшын тілін де ойын
тапсырмалары, ізденушілік, грам матикалық
тесттер жасауға қажетті көп теген қосымша
материалдар қоры бар. Төртіншіден, көптеген
педагогтар жақ сы дайындалған əдістемелік
базаның жоқ тығы мобильді оқытуға кедергі деп
есеп тей ді. Алайда, дəстүрлі жəне аралас (ин-
тег ра тивті) оқытудағы бай теориялық база ны
пайдалансақ, ондағы педагогтардың ақпа-
рат тық коммуникациялық технологиялық
құ зі реттілігін арттыру, оқулықтарға арналған
əдістемелік қосымшалар əзірлеу, ЖОО-дағы
ақпараттық ресустар мен ақпараттық оқыту
ортасын құру, педагогтардың мотивациясы,
оқу үдерісінің комьютермен қамтамасыз еті-
луі, қолжетімді интернет көздеріне шығу,
яғ ни техникамен толық жабдықталу уақыт
та лабына сай мобильді оқытуды ендіруге
əкелетіндігі сөзсіз.
Сондықтан, бүгінгі оқытушы мобильді
жа ңа технологиялармен оқытуға күш салып,
оны білім беру үдерісіне ендіруге мүдделі
бо луы тиіс.
ƏДЕБИЕТТЕР
1
Bransford M., Douglas J. How people learn: brain, mind, experiens and school. –Washington
(D.C.), 2000.
2 Kelly D. Lessons learned from the Mlearn Conf. – Backchannel, 2011.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген
нəрселермен озады»
А.Құнанбаев
50
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ƏОЖ 7.08
А.Қ. Утепова
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
«Мəдениет жəне өнер» кафедрасының оқытушысы
ТЕАТРДЫҢ БҮГІНГІ ТАҚЫРЫПТАРЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕР
Мақала киелі сахна құдіретінің сан қилы əлеміне жетелейді, драматургияның спектакльдегі
негізгі орын алтынына тоқтала келе, Шекспир театрындағы шығармашылық қайшылықтарға
толы заманнан, бүгінгі əлем театрындағы, сонымен қатар, қазақ театрындағы кемшіліктерді
баяндайды.
Түйінді сөздер: Театр əлемі, драматургия, қазақ жастары, қойылым.
Научная статья посвящена сченическому искусству актерского мастерства начиная
от истоков становления Шекспирского театра, заканчивая сегодняшним днем нашего
казахского театра. В статье четко изложена суть проблематичного будущего казахского
молодого поколения.
Ключевые слова: Мир театра, драматургия, казахская молодежь, спектакль.
Scientifi c article devoted for theatrics of acting form behind of formation Shakespeare theater
until today our Kazakh theatre. In the article distinctly stated gist of the problematic future of the
young generation of Kazakh.
Keywords: World Theatre, drama, Kazakh youth performance.
Театр. Театр – əлемді драмалық əрекет
арқы лы көр кемдік тұрғыда игеретін, оны ак-
терлар көрерменнің көз алдында іс ке асы ра-
тын өнер түрі. Театрдың негізі – драматургия.
Со нымен қатар, ол өз құрамына живописьті,
мү сін өнерін, кейде сəулет өнерін (декорация),
кейде кино, музыка, би өнерлерін де ен гі зе-
ді. Театр өнерінің синтетикалылығы оның
ұжымдық сипатымен анықталады: спек-
такль де драматургтың, суретшінің, саз гер-
дің, актердің шығармашылық күш-жігерлері
бірік тіріледі. Театрдағы көркемдік бейненің
«құ рылыс материалы» – тірі адам, актер.
Дра матург пен режиссердің ойы актер ар қы-
лы іске асады. Ол сахнадағы барлық нəрсеге
театралдылық береді. Сахнада бөлменің ин-
терье рін, пейзажды, қала көшесінің кейпін
дəл бе руге болады, алайда, егер актер өзінің
сах налық əрекетімен шындықты тірілтпесе,
бұл декорацияның бəрі өлі бутафория бо-
лып қала береді. Жəне, керісінше, актер
пъе са ның іс-əрекетіне сай жағдай мен орта-
дағы адамның бейнесін дəл, толық бе ре
алса, қоршаған ортаның ең жалпы де ген
бел гі ле рі нің өзі (мысалы, Шекспир теат-
рын дағы сияқты, «бақ», «дала» немесе «са-
рай» жазу лары бар тақтайшаларға дейін)
теат ралдық өмірмен біте қайнасып кетеді.
Театр дың ма ңыз дылығының ерекшелігі,
мұн да шы ғармашылық акт (бейнені сомдау)
көрерменнің көз алдында жүзеге асады.
Осы ған байланысты театр аудиторияға əсер
ету дің ора сан зор мүмкіншілігіне ие болады.
Кино да көрермен шығармашылықтың нəти-
же сін көрсе, ал театрда процестің өзін көр-
се теді. Спектакльдің ең басты ерек ше лі-
гі нің кілті осында. Өйткені театр – бұл ең
ал дымен актердің көрерменмен тірі бай ла-
ны сы, аудиторияның көз алдындағы шы ғар -
машылық. Эстетикалық мəдениеттің ма ңы-
зы мен əлеуметтік рөлін қарастырғанда оның
жетістіктерін өнер, фольклор, сəулет өне рі
жəне т.б. шығармаларының деңгейі мен кө-
ле мі не əкеліп тіреу жеткіліксіз болар еді. Бұл
жер де мəдениеттің, оның ішінде эстетикалық
мə де ниет тің маңызды функциялар атқа ра-
51
ҰЛТТЫҚ МƏДЕНИЕТ
тын дығын естен шығармау керек. Бұл түсінік
біз ге эстетикалық мəдениетті бүтіндей қа-
был даудың бағдарын береді. Мұндай қа был-
даудың негізін эстетикалық мəдениет құ бы-
лыс тары мен айғақтарын «заттандыру мен
зат сыздандыру» процесінің тұтастығы кон-
цеп ция сы құрайды. Бұл концепцияның қара-
пай ым мəнін эстетикалық сала құбы лыс та-
ры ның деңгейі, саласы ретінде ғана емес,
эс те ти ка лық мэдениет дамуының өлшемі
бо лып табылатын берілген қоғамдағы оның
сұ ра ныс деңгейі ретінде де көрінеді [1].
Театр, театр, театр осы сөзде қанша сыр
бар, қанша құпия жатыр. Иə, иə біз үшін əлі
то лық ашылмаған, жетілмеген көп сыр бар.
Мен өнер академиясынын бітіріп кет ке ні-
ме біршама уақыт болып қалыпты, сол кет-
кен уақыт үй шаруасына арнаған мез гіл ді
санамағанда, сахнаға ұмтылған жан дү нием-
де шіркін ай, дейтін ешбір қойылым тап па-
дым. Сол баяғы қару ұстаған батырлар, мүл-
дем ескі шапан киген бұрымды қыздар. Бұл
жа на лық емес, шаң басқан мұра болған тари-
хы мыз. Əрине, оны мұражайға қою емес айт-
па ғым, құрметтейміз, ұлттық театрымызда
көр се теміз. Ал, жастарға дамып келе жат қан
халқыма тамаша таза, инновациялық шы-
ғар ма лар ауадай қажет. Еліміздің барлық
ай мақ тарындағы театр сахналарының бəрін-
де бір ұқсастық. Əрине, ұлттық құн ды лық-
тар ешқашан жоғалмауы тиіс. Қазақтың
қи лы тарихын, өткенін, мəдени-əдеби жə-
ді герлерін, фольклорын көрсететін эт но-
гра фиялық театрлары міндеті түрде болуы
шарт. Кино мен теледидар дамыған заманда
теа тр өнері дамымау керек пе?! Маған Қыз
Жібек пен Баян эпостық жыр арқылы онсыз
да аян. Мен үшін маңыздысы бүгінгі Жібек
пен Баян. Қазір дəл осы уақытта олар не іс-
теп жүр? Əрине, киім киісі, сөйлеу мəнері,
сөз саптауы, қимылы бəрі-бəрі бөлек. Театр-
ға бет алған жас көрермен шындықты, бү-
гін гі шындықты естігісі, көргісі келеді. Ал
біз олар ға өзі міз көрмеген, тек оқыған этно-
графия лық бағыттағы, бет-бейнесін шаң бас-
қан, жаны өлген Қозы-Баяндарды көр се те-
міз. Ұлттық рухымыз осы ма? Жас көрермен
олар дың бойынан өздеріндегідей жастық
жа лын ды, аяулы арманды, үкілі үмітті көре
ал маса не пайда?
Шығармашылық жаңа идея, тосын ұсы-
ныс тар, штамптар мен қатып қалған сеңдерді
бұзу дан тұрады. Режиссердің мақсаты қа тып
қалған стереотиптерді бұзып, өнерде жа-
ңа имидж қалыптастыру. Театр мен үшін,
тек ұлттың салт-дəстүрін көрсететін мə де-
ни ошақ емес. Театр бұл саналардың қақ ты-
ғысы, шындықтың сахналық нұсқасын ай-
та тын таным мен эстетика əлемі. Көрермен
дең гейін өсіру біздің əртістік парызымыз [2].
Қалай десек те бізде халықаралық дең гей-
дегі театр тарландарымен иық теңестіре ала-
тын кəсіби өнер тұлғалары бар. Авторлық
режис сура туралы сөз қозғасақ, менің ойы-
ма белгілі сахнагер Болат Атабаев келе ді.
Қазіргі заманғы театр режиссурасы бойын-
ша «халықаралық режиссерлер лабора то рия-
сын» ашып, режиссер Б.Атабаевқа қолдау
біл діруге жоғары жақтағыларға кім кедергі
бо лып отыр? Себебі, шет тілінде еркін сөй-
лей тін режиссер дəріс беріп қана қоймай,
Қазақ станға, қазақ өнеріне шет елдегі жас
маман дар назарын бұрар еді.
Тағы бір айта кететін жайт, біздің елі-
міз де гі өнер институттары мен акаде-
мия лар да ғы болашақ театр əртістері мен
режиссер ле рін дайындау К.Станиславский
əдісіне негіз дел ген. Орыс топтарында оқитын
студенттерге қиын дық болмас, алайда қазақ
бөліміндегі сту денттерге қиынның қиыны.
Себебі, қаз ақ тіліндегі оқулықтар жоқтың қасы.
Елу ін ші жылдары қазақ тіліне аударылған
К.Станиславскийдің өмірбаяндық «Менің өнер-
дегі өмірім» кітабының тілі тіпті сын көтер-
мейді. Актер шеберлігі бағытында тек профес-
сор М.Байсеркеұлының «Сахна жə не ак тер»
кітабы ғана кəсіби деңгейдегі оқу лық болатын
жалғыз дүние. Осы ретте оқу лық тарды аудару
жүйесін реттеу де күн тəр ті бін де тұрған мəселе.
Тоқсан сөздің тобықтай түйініне келетін
бол сақ, менің ойымша театрға қажет бірнеше
тар мақтардың орындалуы керек секілді:
Біріншіден, Қазақ елінің өнері мен мə де ние тін
модернизациялай алатын мықты кон цеп ция қажет.
52
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Екіншіден, Үкімет тарапынан қазақ театр
өне рін дамытуға арналған мемлекеттік бағ-
дар ла ма қабылданып, «Театр өнері туралы»
ар найы заң қабылдайтын болса.
Үшіншіден, еуропалық білім стан дарт-
та рына жауап беретін театр педагогикасын
рет ке келтіруіміз керек. Ең бастысы, мето-
до ло гиядан бастап, оқу бағдарламасын, əдіс
тə сіл дерін жүйелеп алуымыз шарт.
Төртіншіден, режиссерлер, актерлер, сце-
но графтар, театртанушылар, менеджер лер
се кіл ді теа тр ма ман да рын Еуропа елде рін де
оқытып, кəсіби біліктілігін дамытудың ма-
ңы зы зор. Біліктілік көтерілмей, өз қаза ны-
мыз да өзіміз қайнасақ, талғам мен тағылым
көкжиегінің биікке көтерілуі өте қиын [3].
Міне, актерлерді, режиссура, театр өне рі-
не жалпы тоқталдық. Бұл менің ғана ойым
е мес, көптеген əріптестерімді мазалап жүр ген
түйткіл ойлар, жаңадан аяқ басып сахнаға қойы-
лып жатқан жаңаша туындылар. Əлі та лай-талай
талантты, дарынды қазақ жас та ры менмұндалап,
өзіндік қолтаңбасы бар қойы лым дар дүниеге
əкелері сөзсіз. Мен бұған кəміл сенімдімін.
Достарыңызбен бөлісу: |