Мен келелі қара бұлтпын,
11
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
Келе жаумай ашылман.
Қарсыласқан дұшпанға
Найзағай менен жасынмын [3, 56].
(«Белгілі туған ер едім» өлеңінен)
4. Палуан жолбарыс секілді
Алысқанды алып ұрған білегім.
Қамалаған жаудан қайтпаған
Қайнаған қара болаттай
қарсы біткен жүрегім![3,56-б.]
(«Тілек» өлеңінен)
5. Мен – тауда ойнаған қарт марал
Табаным тасқа тиер деп
Сақсынып ұшқан қиядан
(Осы аттас өлеңінен)[3, 59]
6. Қылыштай қиғыр алмас ем,
Шарға шауып мұқалдым
Суаруы қанық көк сүңгі ем,
Сұғуын таппай тот алдым.
Жалаулы найза майрылып,
Жау тауымды шаққанын.
Дұшпан қайта қайрылып,
Туымды менің жыққанын
Енді қайтып ұмытармын?!
Алайда, бір шендессем,
Ауыр жүкке кездессем,
Кара нардай-ақ,
Саздауға қарсы жұлқармын! [3 , 65].
(осы аттас өлеңінен)
7. Мен
– ақсұңқардан туған құмаймын!
Бір сұңқарға жұбаймын
Сауырыма қамшы тигізіп
Шаппай неғып шыдайын?![3,75].
(осы аттас өлеңінен)
Демек, жазушы Совет-Хан Ғаббасов шы-
ғармашылығының негізгі қозғаушы кү ші
– о ның жаратылыс болмысына тəн ша быт-
ты ойы, жаңалыққа құштарлығы, тір ші лік ті
жақсылыққа толтыру жолындағы күрес кер-
лік-қайраткерлік дүниетаным ұстанымы.
Жазушы-ғалым
шығармашылығының
та ғы бір көр нек ті саласы – педагогикалық-
пси хо ло гиялық зерттеулері.
Совет-Хан Ғаббасов – ұлттық тəлім-
тəр бие негіздерін ғылыми тəжірибелік
тұр ғы да арнайы жаңаша зерделеген, нə-
ти жесінде «Халықтық педагогика не гі-
зі» (1998) монографиясын, «Халық пе да-
гоги ка сы», «Ізгілік əліппесі» (1991) оқу-
лық та рын жазған ғалым-ұстаз. Аталған
кітаптарында ғалым-ұстаз ежелгі заманнан
қазіргі кезеңге дейінгі аралықта ұрпақтарға
жалғасқан адамгершілік-имандылық тəлім-
тəрбиесінің негіздерін ғылыми жүйелеген.
Монографияның он тарауы адамзаттың,
о ның ішінде қазақ ұрпарының балбөбек
кез дегі отбасындағы, балабақшадағы, бас-
тау ыш сыныптардағы, орталау жəне орта
мек теп
сыныптарындағы
тəрбиелеудің
физио номиялық, этнопедагогикалық, этно-
пси хо логиялық мəселелерін жүйелеп са ра-
ла ған. Халық педагогикасының психо-фи-
зио логиялық жаңа көзқарастарын ұсын ған
ғалым адамдардың отбасын құруға дайын-
ды ғы, ұрық тазалығы, этнографиялық салт-
тар ды ұстану, нəрестені емізу, бір-жеті жас
аралығындағы балалардың əр жасына лай-
ықты тəрбиелеу, ерлі зайыптылардың жы-
ныс қатынасының психологиясының, адам
тағ дырындағы шынайы махаббаттың мəні,
т.б. – саналуан ғылыми-педагогикалық, əлеу-
меттік-психологиялық мəселелерге кешенді
түрде байыптаулар, бағалаулар жасаған.
Осы салада докторлық диссертация қор-
ғап, бірнеше іргелі монографиялық зерт-
теу лер жазып, жариялады. Ғалымның «Пе-
да гогика мен психология негіздері» (2008)
атты оқу құралы – отандық көрнекті зерт-
теу лер қатарын толықтырған маңызды ең-
бек. Республикамыздың жоғары оқу орын-
дарында тұрақты қолданылып келе жат қан
бұл кітабында ғалымның медицина мен
педагогика, психология, тарих, мə де ниет-
тану, əдебиеттану, фольклортану, этно гра-
фия, философия ғылымдарының ға сыр лар
бойы қалыптасқан игі дəстүрлі ғы лы ми
тұжырымдарын қазіргі заманғы ин но ва-
циялық көзқарастар бойынша өзара сабақ-
тас тыра байыптағанын байқаймыз. Ғалым
10 тараудан тұратын бұл еңбегінде педа го ги-
калық-психологиялық озат көзқарастар же-
лі лерін жүйелеу барысында қазақтың ру ха ни
құндылықтар тарихындағы əлем өр ке ниеті
кеңістігіне танымал танымал тұл ға ларымыз
Əбу Насыр Əл-Фарабидің, хакім Абайдың
адамгершілік-имандылық ту
ра лы даналық
тұжырымдарын ата-ба ба лық қасиетті салт-
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
12
дəстүрлерімізбен,
əдет -ғұ рып тарымызбен
сабақтастыра байыптаған. Ға лым кітабының
«Кіріспе» бөліміндегі «За мана сырлары»
тарауындағы 1. «Ұлы дала»,
2. «Сақтар
дəуірі», 3. «Ғұндар дəуі рі», 4. «Түркі қағанаты»,
5. «Қарахан ханды ғы», 6. «Ал тын Орда», 7.
«Қазақ хандығы», бөлікшілері [4, 9-22] қазіргі
Тəуелсіз Қазақстан Республикасының жаңа
тарихындағы барлық ғылымдар салаларына
арналған зерттеулерге негіз – көрсеткіш бо-
лар лық тарихнамалық-методологиялық үлгі.
Се бебі, қазақ өркениеті əлем халықтары
мəдениетінің қалыптасуына, дамуына негіз
болған байырғы құндылықтар қазынасы.
Совет-Хан Ғаббасов – Тəуелсіз Қазақ-
стан Республикасы мемлекетін нығайту жо-
лын да қарымды қаламын да, насихаттық-
ұйым дастыру іс-шараларының да қалың
ор тасында болып келе жатқан нағыз ұлт-
жан ды, отаншыл, қай рат кер азамат. Жазған
ма қалаларында, жиын дарда сөй ле ген сөз-
де рін де қазақ ұл ты на зиянды сыбайлас
жем қор лықты, трай ба лизм ді (рулық-тай-
па лық жікшілдікті), еуро центр ис тік – шо-
ве нис тік
ұстанымдарды
əшке ре леу мен,
айып тау мен келеді. Қазақ тілінің мем-
ле ке т тік мəр те бе де қол данылуын Қазақ-
стан Рес пуб ликасының қазақ ұлты негі-
зін де гі қуат ты унитарлық мемлекеттік тұ-
ғы рын мəңгілік нығайтатынына сенеді.
Бұл орай да, Қазақстан Республикасының
Пре зи денті,
Ұлт
Көшбасшысы-Елбасы
Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050:
бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Жол дауын дағы Қазақ Елі – Мəңгілік Ел ұс-
та ны мы ның нығайтыла дамытылуына ға-
лым-ұс таз, қайраткер ағамыздың белсене ат
са лы с атындығы ақиқат.
Жазушы – фантаст, білікті дəрігер, ме-
ди ци на ғылымдарының кандидаты, пе да -
го гика ғылымдарының докторы, Қазақ стан
Рес пуб ликасының
Мəдениет
қайрат ке-
рі, Махамбет атындағы сыйлықтың лау-
ре аты,
Зайсан
ауданының
Құрметті
Аза маты Совет-Хан Ғаббасов – Қазақ
тарихының қазіргі заманғы əлем өркениеті
кеңістігіндегі көрнекті қайраткер тұл ға ла-
рының бірегейі. Ғалым – ұстаздың əде би,
ғылыми шығармашылықты жəне қоғам дық
– əлеуметтік қайраткерлік қызметін тұ тас-
тан дыра еңбек етіп келе жатқан жаңашыл
ұс та нымы ұрпақтарға өнеге: «Біздердің алға
қой ып отырған негізгі мақсатымыз – Фараби,
Баласағұн, Дауани, Қарабағи, Науаи, Абай
ең бек терін қайыра жандандырып, шынайы
ха лық педагогикамыздың кезінде ғылыми
жол мен дамытылған бастауларын ашудың
да, келешекте берер жемісі мен мəнінің зор
еке нін көрсету еді. Осынау, түркі жұртынан
шыққан данышпан негіздерін қалаған хауас,
иманигүл, жəуан мəрттілік ілімдерінің құді-
ре тін ғылыми негіздерде пайдаланудың адам
тəрбиесіне берері мол демекпіз. Осы тек тес
жаңа ойлар мен көзқарастарды ке ле шек те
шешілер ұлы мақсаттардың қатары на қо-
самыз. Бұл шын мəнінде, жалпы адамзаттық
мақсат екендігіне сеніміміз мол» [4, 428].
Қайраткер, ғалым-ұстаз, көрнекті жазушы
Совет-Хан Ғаббасов – қазақ өркениетінің
бұрынғы-соңғы тарихындағы өзіндей сан
қырлы қабілет-дарындарымен дараланған
тұлғалар шоғырын толықтырған ұлттық мақ-
таныштарымыздың бірегейі. Ғылыми жəне
əдеби көркем ойлау арналарын тұтастырған
көрнекті тұлғаның ұлағаты – ұрпақтарға
өне ге. Қазіргі Қазақ Елінің əлем өркениеті
кеңіс тігіндегі еңселенуі де осындай дара
тұл ғаларымыздың ерен еңбектері арқылы
жүзе ге асатыны анық. Лайым, елдің ең се сін
биіктететін абыз ұстаз Совет-Хан Ғаббасов
ағамыз Тəуелсіз Қазақстанның жаңа тари-
хын да ұзақ өмір сүріп, жаңа буын ұрпақтар
көшін алға қарай бастай бергей!
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Ислам ғұламалары. /Аудар. С.Ибадуллаев. – Алматы: Ғибрат, 2008. -120 б.
2 Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі ЖШС, 2004.-
392 б.
13
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
3 Махамбет. Жыр – жебе. – Алматы: Дайк – Пресс, 2003.-150 б.
4 Ғаббасов С. Педагогика мен психология негіздері. Оқу құралы. – Алматы: Таймас,
2008. -448 б.
ƏОЖ 37.0
Қ. Бөлеев
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДƏУІРІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ
ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ
Мақалада ғалым-педагогтардың қазақ хандығы дəуіріндегі педагогикалық ой-пікірлердің
зерттелу жайы, олардың еңбектеріне мазмұндық талдау жасалып анықталған.
Түйін сөздер: педагогикалық ой-пікірлер, қазақ тəлім-тəрбиесі, хандық дəуірдегі
педагогикалық ой-пікірлер, ақын-жырауларының поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер,
отансүйгіштік тəрбие.
В статье определены педагогические идеи в период казахского ханства на основе
содержательного анализа трудов ученых-педагогов Казахстана.
Ключевые слова: педагогические идеи, казахское народное воспитание, педагогические
идеи в период казахского ханства, педагогические идеи в поэзии акын-жырау, патриотическое
воспитание.
In the article defi ned pedagogical ideas are certain in the period of the Kazakh khanate based on
content analysis of labours of scientists-teachers of Kazakhstan.
Keywords: pedagogical ideas, Kazakh folk education, pedagogical ideas in the period of the
Kazakh khanate, pedagogical ideas in the poetries of акyn-ghyrau, patriotic education.
Қазақ хандығы дəуіріндегі педагогикалық
ой-пікірлердің зерттелуі ХХ ғасырдың 70-
ші жылдарынан бастау алады. Сол кезеңде
Қ.Жарықбаевтың «Из истории развития пе-
да го гической мысли в дореволюционном
Казах стане» атты əдістемелік нұсқауы жə-
не «Аталар сөзі – ақылдың көзі» ат ты мо-
нографиясы, С.Қалиевтің «ХV-ХІХ ғасырлар
ақын-жырауларының поэзиясындағы педа-
го ги калық ой-пікірлер» атты көмекші құра-
лы, ал Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтің автор-
лығымен «Қазақ тəлім-тəрбиесі» деген атпен
оқу құралы жарық көрді.
Қ.Жарықбаевтың болашақ мұға лім дер-
ге арналған «Из истории разви тия пе да-
го гической мысли в дореволюционном
Казахстане» атты əдiстемелiк құралын 1978
жылы шығарды [1]. Кiтапшаның екiншi жəне
үшiншi параграфтарында «ХV–ХIХ ғасырлар
ақын -жы рау ларының
шығармаларындағы
пси хо ло гия лық-педагогикалық идеялар» та-
қы ры бына əдiстемелiк ұсыныстар жа са лын-
ған. Онда хандық дəуірде өмір сүрген ақын-
жырауларының тəлім-тəрбиелік идеялары
олардың поэтикалық шығармаларынан үзін-
ді лер келтіру арқылы нақты мысалдармен
тал данып берілген.
Қ.Жарықбаевтың «Аталар сөзі – ақыл-
дың көзі» атты монографиясының екін ші бө-
лім де XV ғасырда қоғам дамуына түбегейлі,
14
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
жаңа бетбұрыс жасаған XIX ғасырдың ор та-
сы на дейінгі үлкен аралықтың есепсіз мол,
тəлім-тəрбиелік мұраның жекелеген беттері
тал дауға алынады [2]. Дəлірек айтсақ – осы
бөлімнің алғашқы тарауында XV-XVII ға-
сыр лар да өмір сүрген ақын-жыраулардың
(Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет) өр рухты,
жауынгерлік пафосқа толы толғауларынан
туындайтын көшпенді ата-бабаларымыздың
өзіндік психологиясы, тəлімдік мəні зор дана
сөздері жайлы сыр шертіледі. Бөлімнің келесі
тарауларында XVIII ғасырдағы қазақтың
қо ғам дық өмірінің өкілдері Ақтамберді,
Шал, Бұқар жырау шығармашылықтарында
көтеріліп отырған көзқарастарға сол кезең
тұр ғы сынан баға беріліп, бұлардың қай-қай-
сысының да қазіргі заман талабымен үндес
жақтары жұртшылық назарына ұсынылады.
С.Қалиевтің «ХV-ХІХ ғасырлар ақын
-жы рауларының поэзиясындағы педа-
го гикалық ой-пікірлер» атты көмекші
оқу құ ра лында ХV-ХVIIІ ғасырларда өмір
сүр ген ақын-жыраулар поэзиясындағы тə-
лім -тəрбиелік ой-пікірлер көріністерін жан-
жақты қарастыра отырып, оның озық үл гі ле-
рін бүгінгі ұрпақты абзал азамат етіп тəр бие-
леуге пайдалану жолдарын сөз етеді [3].
Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтің автор-
лы ғымен «Қазақ тəлім-тəрбиесі» деген
ат пен оқу құралының екінші тарауы «ХІV-
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ақын-
жыраулардың тəлімі» деп аталып, онда
хан дық дəуірде өмір сүрген Асанқайғы,
Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет,
Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, Шал ақын –
жы рау лар дың тəлім-тəрбиелік ой-пікірлері
қа рас ты рылған [4].
Т.Əлсатовтың «Орта ғасырдағы қа-
зақ
ғұламаларының
тəлім-тəрбиелік
идея ла ры (ХV-ХVІ ғғ.)» атты оқу құра лы
толықтырылып, «Қазақ хандығы тұ сын да ғы
тəлімдік ойлардың дамуы» де ген атау мен мо-
нография болып шықты [5]. Оны кіріспеден,
төрт тараудан жəне қорытындыдан тұратын,
бір дəуірдің педагогикалық ой-пікірін қам-
ти тын сүбелі еңбек деуге болады. Бірінші
тарауы «ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ елі-
нің саяси-экономикалық мəдени-рухани
жағ даят тары» деп аталып, онда елдің əлеу-
мет тік-экономикалық жағдаяттары жайлы
қыс қаша мағлұмат, осы кезеңдердегі елдің
ру хани дамуы, «Кейінгі ортағасырлық қа-
зақ ойшылдарының тəлім-тəрбиелік жə не
психологиялық көзқарастары (ХV -ХVІІІғғ.)»
ат ты екін ші та рауында Ө.Тілеуқабылұлы,
М.Х.Дулати жəне Қ.Қ.Жалайыр дың тə-
лім-тəрбиелік ой-пі кір лері, үшін ші «Жы-
раулардың тəлім-тəрбиелік тағылымдары»
атты тарауында жыраулардың философиялық
көз қарастары туралы бірер сөз, Асан Қайғы
жырау мен Бұқар жыраудың тəлім-тəр бие лік
ой-пікірлері, ал төртінші «Қазақ би лері нің
тəлім-тəрбиелік көзқарастары» ат ты та рауын-
да Төле би, Қазыбек би жəне Əйтеке бидің
тəлім-тəрбиелік ой-пікірлері анық тал ған.
Р.Б.Молдақасовтың «Қазақ хандығы
дəуіріндегі педагогикалық ой-пікірлер»
ат ты оқу құралында қазақ хандардың,
ғұла ма лар дың, ақын-жыраулардың тəр бие
ту ралы ой-пікірлері, билердің сөз орам-
дарындағы тəрбиелік тағылымдар, сту дент-
тер ге ұсынылатын тапсырмалар мен кейбір
де рек намалар берілген [6].
А.К.Игибаева мен Н.Б.Игисинованың
«Из истории педагогической мысли и
обра зо ва ния в Казахстане» атты əдісте-
ме лік нұсқауында Қазақстанда ХV-ХVІІ ға-
сыр лар дағы қазақ жырауларының шығар ма-
ларын дағы білім беру мен тəрбиенің проб ле-
ма лары баяндалған [7].
С.Иманбаеваның «Ұлттық патриотизм
негіздері» оқу құралында ХVІІІ ғасырдағы
ұлттық ерлік мұралары болып саналатын
Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай,
Қанкелді, Еспенбет, Қасабай, Гауһар, Жəнібек,
Қойкелді, Райымбек, Олжабай, Байғозы,
Көкжал, Баян, Жантай, Өтеген, Жауғаш қазақ
батырларының ерліктері ар қы лы жас ұрпақ
бойында елге, жерге, Отанға деген ұлтжанды
азамат тəрбиелеу көзделген [8].
Р.А.Джанабаеваның «Халық педагоги-
ка сындағы патриоттық-ерлік тəрбие сі-
нің негіздері» атты оқу құралының «Пат-
риот тық-ерлік тəрбиесінің теориялық-əдіс-
15
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
на ма лық негіздері» атты бірінші бөлімінде
Асанқайғы, Ақтамберді, Бұқар жыршы-
жырау ларының патриоттық тəрбие туралы
педа гогикалық ой-пікірлері олардың жыр-
ларына талдау жасалып, мазмұндалған [9].
А.Қ.Дүйсенбаевтың «Ерлік дəстүрлері
арқылы оқушыларды отансүйгіштікке
тəр бие леу дің педагогикалық негіздері»
оқу құралында орта мектептің оқу-тəр бие
үрдісінде хандық дəуірдегі қазақ ба тыр лар-
дың ерлік дəстүрлері арқылы оқушылардың
отан сүйгіштік қасиеттері тəрбиесін қалып-
та с тыруды негіздеген [10].
Бірінші бөлім «Оқушыларды қазақ
батыр лары ның
ер лік
дəстүрі
ар қы-
лы отансүйгіштікке тəрбиелеудің тео-
рия лық не гіздері» деп аталып, онда
«патриоттық
тəрбие»
ұғымының
даму генезисі – оқушылардың отан-
сүйгіштік тəрбиесін жетілдірудің та ри-
хи-педагогикалық кезеңдері екендігі, қа-
зақ этнопедагогикасындағы ерлік дəс тү-
рінің педагогикалық негіздері, қазақтың
көркем əдебиеті мен тарихында сомдалған
батырлардың ерлік өнегесі оқу-тəрбие үр ді-
сін дегі тəрбие құралы ретінде екендігі жəне
қа зақ батырларының қаһармандық бейнесі
ар қылы
оқушылардың
отансүйгіштік
қасиет те рін
қалыптастыру
үрдісінің
теориялық мо де лі жасалынған.
Екінші «Қазақ батырларының ерлік дəс-
тү рі арқылы оқушылардың отансүйгіштік
тəр биесін қалыптастырудағы əдістемелік
жұ мыс тар» атты тарауда оқу үрдісінде қазақ
батыр ларының ерлік дəстүрлері арқылы
оқу шылардың отансүйгіштік қасиеттерін
қа лып тастырудың педагогикалық құралы
ре тінде жəне мектептің тəрбие үрдісінде
қа зақ батырларының ерлік дəстүрі арқылы
оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қа-
лып тас тыру мəселелері қарастырылған.
Г.И.Чемоданованың
«Воспитание,
шко ла и пе да го гичес кая мысль в ис то-
рии Казахстана» атты оқу құралының екін-
ші тарауы «Қазақстанда ХV ғасыр - ХІХ
ғасырдың бірінші жартысындағы педа-
гогикалық ой-пікір» деп аталып, онда қазақ
жы раулары (Асақайғы, Шалкиіз, Жиембет,
Бұхар) поэ зиясының тəрбиелік-қолданбалы
жəне саяси-эстетикалық маңызы, қазақ хал-
қы ның ағарту саласындағы патшалық Ре-
сей дің саясаты сипатталған [11].
Б.Иманбекованың «Қазақстандағы пе-
да го ги калық ойлар мен білім беру та ри -
хы» оқу құралының үшінші тарауы «XIV-
XVIII ғасырлардағы қазақ хандығы дəуі-
ріндегі педагогикалық ойлар» деп ата лып,
онда көрсетілген кезеңдегі ақын-жы рау лар
поэзиясындағы педагогикалық ой-пі кір лер-
дің дамуы баяндалған [12].
М.С.Елубаеваның «Қазақ ақын-жырау-
ла рының тəлім-тəрбиелік мұралары» оқу
құ ралында XV-XVIІI ғғ. өмір сүрген ел өмі-
ріндегі күрделі тарихи оқиғаларға үн қосып,
өз заманының көкейкесті мəселелерін сурет-
теп, үнемі халық жанынан табылып, ел бо-
лашағы үшін замана салмағын өз жырларына
арқау еткен ақын-жыраулар поэзиясындағы
тəлім-тəрбие көріністеріне, оның ұлттық
тұл ға тəрбиелеудегі орнына тоқталған [13].
Сонымен, қазақ хандығы дəуіріндегі пе-
да го гикалық ой-пікірлер біршама зерттеліп,
нə ти жесі монография, оқу құралы, оқу-əдіс-
те ме лік құрал жəне əдістемелік нұсқаулар бо-
лып жарық көргені анықталды. Бұл ең бек тер
қазақ педагогикасының дамуын көр се ту мен
қатар, оларды болашақ мұғалімдерді дайын-
дау да оқытылатын «Педагогика тарихы»
жə не «Қазақстандағы педагогика ғылымы»
ат ты пəндерде кеңінен пайдаланып, сту дент-
тер дің патриоттық сезімін оятып, оларға
ұлт тық тəрбие берудің құрамдас бөлігі отан-
сүйгіштікке тəрбиелеуге ықпал етері сөзсіз.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Жарикбаев К. Из истории развития педагогической мысли в дореволюционном
Казахстане. Монография. – Алматы: РУМК, 1978. - 82 с.
2 Жарықбаев Қ. Аталар сөзі – ақылдың көзі. Монография. – Алматы: Қазақстан, 1980.
16
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
- 120 б.
3 Қалиев С. ХV-ХІХ ғасырлар ақын-жырауларының поэзиясындағы педагогикалық
ой-пікірлер. Көмекші оқу құралы. – Алматы: Рауан, 1990. - 88 б.
4 Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тəлім-тəрбиесі. Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1995.
- 352 б.
5 Əлсатов Т.М. Орта ғасырдағы қазақ ғұламаларының тəлім-тəрбиелік идеялары (ХV-
ХVІ ғғ.). Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. - 75 б.
6 Молдақасов Р. Қазақ хандығы дəуіріндегі педагогикалық ой-пікірлер. Оқу құралы. –
Тараз: ТарМУ, 2000. – 84 б.
7 Игибаева А.К., Игисинова Н.Б. Из истории педагогической мысли и образования в
Казахстане. Методические указания. – Усть-Каменогорск: ВКТУ, 2003. - 45 с.
8 Иманбаева С. Ұлттық патриотизм негіздері. Оқу құралы. – Алматы: ҚазМемҚызПИ,
2004. - 205 б.
9 Джанабаева Р.А. Халық педагогикасындағы патриоттық-ерлік тəрбиесінің негіздері.
Оқу құралы. – Алматы, 2010. - 263 бет.
10 Дүйсенбаев А.Қ. Ерлік дəстүрлері арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тəрбиелеудің
педагогикалық негіздері. Оқу құралы. – Ақтөбе, 2008. - 155 б.
11 Чемоданова Г.И. Воспитание, школа и педагогическая мысль в истории Казахстана.
Учебное пособие. – Петропавловск, СКГУ им.М.Козыбаева, 2009. - 83 с.
12 Иманбекова Б. Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен білім беру тарихы. Оқу
құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2010. - 158 б.
13 Елубаева М.С. Қазақ ақын-жырауларының тəлім-тəрбиелік мұралары (XV-XVIII ғғ.).
Оқу құралы. – Тараз: ТарМПИ, 2011. - 82 б.
17
ОƏЖ 37.018.1
Ə. Табылды
ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор.
Достарыңызбен бөлісу: |