Бас редактор с. Ж. Пірəлиев а



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата03.03.2017
өлшемі1,49 Mb.
#7059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Аға – бір əке-шешеден туған (немесе бір 

рудағы  ағайын-туыстың)  жасы  үлкен  жі гіт. 

Ағаның жөні де, жолы да үлкен деп есеп те-

ле ді. Жасы кішілер аға алдында əдеп сақтап 

отыр ға ны  жөн.  Олар  жұмыс  істеп  жатса, 

жас тар: «Мен істейін», – деп қол ұшын бе руі  

ке рек. Аға – жасы кішілер үшін айбар, қор-

ған,   сүйеніш əрі мақтаныш.



Іні – бірге туған ағайынды адамдардың ер 

жынысты жасы кішісі. Оның жасы кіші бол-

ғандықтан жолы да кіші болады. Ол аға,   апа 

алдында  кішілік  міндетін  түсінуге,  мой ын-

дау ға  тиіс.  Ағайындылар  бас  қосқанда  же-

ңіл-желпі жұмысты іні атқаруға тиіс. Іні – аға 

мен  апаның  ізбасары,  сүйеніші,  қоланаты, 

сенімі, үміті. Ескере жүретін бір жай – інінің 

баласы  ағаға  бала  болады,  ал  сол  балалар 

іні нің апасына іні болып қала береді.



Əке – ұрпақ  иесі,  панасы,  айбары,  үй 

басшысы жəне асыраушысы жəне тəр бие ші-

сі.  Жеті  атадан  санағанда  екінші  ұрпақ.  Ол 

тек  бір  отбасы  ғана  емес,  ауыл,  ру  қам қор-

шы сы, үлкен-кішіге бірдей азамат, ел ағасы 

ре тінде көрінеді.

Əр отбасы – жеке мемлекет. Бұл мем ле кет-

тің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, ота-

ға сы – əке. Отбасының рухани, материалдық 

жағынан  құлдырамай,  мықты  болуы  əкеге 

байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың ие-

сі  болып  табылатын – əке.  Əке  өсиеті  мен 

тəлім-тəрбиесінің  маңызы  ерекше.  Қанша 

де генмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде 

тым   еркелетіп  жібергенде,  əкенің  салмақты 

сө зі ауадай қажет болып жатады. Əке – əулет 

бас шысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап 

сақтаушысы,  қамқоршысы.  Отбасындағы 

ба ла  тəрбиесінде  əкенің  орны  ерекше.  Əке 

үйі барлық балалары үшін «үлкен үй», «қара 

ша ңырақ» деген киелі ұғымдармен сыйлы да 

құр метті. Əке тəрбиесі арқылы, ұл мен қыз 

бала лардың өздеріне тəн мінез-құлықтарын 

ерек ше сергектікпен қалыптастыратындығы 

да анық. Əсіресе, ұл бала үйдегі де, сырттағы 

да ер адамға қажет тағылымдарды, көбінесе 

əке сінен үйренуге ұмтылады. Сондықтан да, 

əке тəрбиесі дұрыс та, мейірімді болу керек. 

«Əке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пі-

шер», – деп бекер айтпаса керек.

Əкенің  мінез-құлқы,  өзгелермен  қарым-

қа тынасы,  өнер-білімі  ұл  баланың  көз  ал-

дын дағы  үлгі-өнеге  алатын,  соған  қарап 

өсе тін  нысанасы.  Қазақта  біреудің  баласы 

жақ сы,  өнегелі  азамат  болса: «Оның  əкесі 

не месе  атасы  жақсы  кісі  еді,  көргенді  бала 

екен, өнегелі жерден шыққан ғой», – деп ма-

дақ тайды.  Отбасында  ұлдар  əкелері  немесе 

аталарының  бойындағы  қасиет  пен  өне рін 

үйреніп  өскен.  Шығармашылықта,  ақын-

дықта танылған жас баланың тəрбиесіне аса 

на зар  аударылған.  Ата  өнерін  ұрпағының 

қу уы,  оны  мирас  етуі  қазақ  отбасыларында 

жиі  кездесетін  дəстүр. «Əкесінің  баласына 

қал дырған  ең  үлкен  мұрасы – оны  жақсы 


41

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

тəрбиелеуі»  дей  отырып,  баласын  оқытып, 

күнін  көре  алатындай  мамандық  иесі  етіп 

қал дыру,  балаларды  жақсы  көріп,  оларға 

көңіл бөлу, үйленер жасқа келгенде баласын 

үй лен діру, баласына ат қою, баласын сау етіп 

өсіру – бұлар əкенің басты міндеттерінің бірі.

Баланың өмірінде болып жатқан əр түр лі  

жағдайлардың  бəрі  баланың  ақыл-ой,  са на-

сы на байланысты. Дегенмен, дұрыс ба ғыт қа 

бағдарлау  көп  жағдайда  əкеге  бай ланысты. 

Ары  қарай  өмір  теңізінде  кез  болар  қиын-

дыққа төтеп беру де, суға кету де осы ба ғыт-

тың нəтижесін бермек.

Бала тəрбиесі жөніндегі түсініктер жи нақ-

талып, педагогикалық тұрғыда практикадан 

тексерілген,  халықтың  педагогикалық  мə-

дениетінің байлығын көрсететін ереже, ақыл 

кеңес, ұсыныстарда көрініс тапты. Халықтың 

тəрбиесіне ерекше тамсанып, таңданған эт-

ног раф,  фольклорист,  зерттеушілер  де  бел-

гілі.  Мəселен,  Шиле: «Қазақтың  өз  əйеліне 

немесе  балаларына  қол  жұмсағанын  біреу-

мі реу көрді ме екен?! Олар, əсіресе балаларға 

мей ірімді» деген пікір білдірген екен [1,315].

Ер-азамат – отбасы  атты  институттың 

тіре гі  һəм  қорғаушысы.  Задында,  Табиғат-

Ана  ер-азаматтың  мойнына  осындай  мін-

дет ті  жүктеген.  Əйтсе  де,  соңғы  жылдары 

от басы,  ошақ  қасындағы  ер  адамның  рөлі 

һəм қызметі жайында əрқилы пікір айтылып 

жүр. Біреулер «ер-азаматтар тым ұсақталып 

бара ды»  десе,  енді  біреулер  «бөріктілер 

жауап  кершілікті  сезінбейді»  деп  кінə  арта-

ды. Зерттеулерге сүйенсек, ер адамның ба ла  

тəрбиесінде рөлі маңызды. Мəселен, 3 жас қа  

дейін  бала  əкені  қажетсінбейді.  Ал 3-8 жас  

аралығында əке баланың досы атануы тиіс,  

7-18  жас  аралығындағы  балаға  бағыт  көр-

сетіп, ақыл айтқаны дұрыс. Осы орайда, пе-

да гог  Нəзира  Жұманазарова  өтпелі  кезеңде 

ер  ба ла ларға қатал тəрбие ауадай қажет еке-

нін   ай тады. «Соңғы  кездері  ер-азаматтар 

ұсақ талып барады» дегенді жиі естиміз. Мұ-

ның  бірден-бір  себебі  тəрбиеде.  Байқап  қа-

расаңыз,  тал  бесіктен  бастап,  баланың  тəр-

бие сі тікелей əйелдерге, аналарға, əжелерге 

ға на байланысты. Балабақшада, мектепте ер-

аза мат ты  əйел  тəрбиелейді.  Əйел  затының 

тəр биесін  көрген  ер  адам  сол  ортаға  бейім 

ке ле ді  де,  өзінің  табиғи  ерекшеліктерінен 

ажы  райды. Сол себепті бала тəрбиесіне ер-

азаматтарды  көптеп  тарту  керек»  дейді  ол. 

Саяси  шешімдер  институты  жуырда  «от-

ба сындағы  ер-азаматтың  рөлі  қандай  болу 

ке рек?»  деген  сауалдың  аясында  зерттеу 

жүр гіз ген. Сұралғандардың 53,6 пайызы «ер 

адам – отбасының  асыраушысы»  деп  жауап 

қат са, 36,3 пайызы  ер-азаматты  қорғаушы 

һəм көшбасшы деп атаған. Ең қызығы, сұ рал -

ған дардың 3,6 пайызы  ер-азамат  үй  ша руа-

сымен жəне бала тəрбиесімен ай на лы су керек 

деп  жауап  беріпті.  Жуырда  «өзіңізді  ере сек 

ер адам сезінесіз бе?» деген сұраққа 7 пайыз 

«ия, сезінем» депті, 33-пайыз «көбіне со лай» 

депті, 40 пайызы «уақыттың басым бө лі гінде 

олай  сезінбеймін»  депті,  қалған 20 пайы зы 

«ересек  ер  адам  болып  сезіну  қиынға  түсе-

тінін»  мойындапты.  Неге  олай?  Неге  ер лер 

өздеріне бақытты, өздеріне сенімді бо лып ер 

жетпейді?  Жауабы  қарапайым.  Соң ғы  кезде 

оларды ешкім ер болуды əдейі үйретпейді… 

Балаға ер идеалы қалай кө рі не ді?

Отбасыңызда өсіп келе жатқан азаматтың 

тəрбиесі мен дамуына ерекше көңіл бөліңіз, 

не ге  үйрету  керек,  нені  білуі  керек,  мұның 

бə рін білу МАҢЫЗДЫ!

Көпшілік  жағдайда  ата-аналар  балаға 

жал пы «бала» ретінде қарайды. Ұл қыз деп 

бө ле бермейді. Отбасында тəрбие дұрыс бо-

лу керек. Ал, қазір көп айтылып жүрген ген-

дер лік  саясат,  ұл  мен  қыздың  арасындағы 

пси хи калық,  қылықтық  айырмашылықтар 

есей ген де  емес,  өте  ерте  балалық  шақтың 

өзін де басталады. Шығар қорытынды ұл мен 

қыз ға бірдей тəрбие беруге болмайды.

Жиырмасыншы  ғасырдың  басында  біз-

дің   аталарымыз  ұл  мен  қызды  тəрбиелеу 

ұс та нымдарының  əртүрлі  екенін  білді. 7-8 

жастан  кейін  ұлдар  ер  азаматтардың  орта-

сы нан табылды (Абай жолында). Ұлдар оқу 

үшін ауыл молдасына (қыз бен ұл бөлек-бө-

лек дəріс алады) кəсіп үйрену үшін ұс та ха-

на ларға  барды.  Мал  баққанның  өзінде  ер-

лер   қауымының  ортасына  түсті.  Өз  нанын 



42

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

өзі  табуға  қазіргі  уақытпен  салыстырғанда 

мек теп  табалдырығын  аттайтын  жастан-ақ 

əре кеттенді. Осыдан небəрі 100 жыл бұрын 

ұл дар үйдің еркекке қатысты шаруасын дөң-

ге ле тіп əкетпесе де меңгере бастады. Ал, ол 

кез дің осы жастағы ұлдары аға буынның, аға-

ларының, əкелерінің ортасында жүріп, олар-

дан өмір сүрудің сабақтарын «ер аза мат ша» 

меңгере бастайды. Ал, ер азаматтар ат қа ра-

тын  міндеттер өзгерді. Аң аулау, балық аулау 

бұ рын күнкөріс қамы болса, бүгінде хоббиге 

ай налды.  Ауылдық  жерлерде  болмаса  ағаш 

та жармайды, жер де аудармайды. Ер-аза мат-

қа   тəн  мінездер,  жылдам  шешім  қа былдау, 

ба тылдық,  төзімділік  сияқты  қасиеттерді 

шың дай тын  ауыр  жұмысты  бүгінде  ерлер-

дің  белгілі  бөлігі  ғана  атқарады.  Ал,  ұлда-

ры мыз да əкесін жұмыс орнында көретіндей 

мүмкіндік  жоқ  (Бүгінгінің  ер  азаматтары 

төзімділігін,  іскерлігін  бəрін-бəрін  жұмыс 

орнында  көрсетеді).  Өмір  солай,  амал  жоқ  

ота ға ла рын  (əкелерін)  ұлдары  үйде  ана сы-

ның берген тапсырмасын орындап жүргенде 

кө реді. Отағасы үйде теледидар көреді, газет 

оқи ды.  Өсіп  келе  жатқан  ұлдың  көретіні 

осы.   Мұнан  не  тəрбие  алуға,  не  үйренуге 

бо ла ды? Сонан кейін бүгінгінің азаматы əл-

сіз  деген  қорытындыда  жүреміз.  Ер  ба ла-

ға қоғамда өзіне тəн ролді ойнау үшін, өзін 

ерлер  қауымының  мүшесі  ретінде  се зін ге ні 

маңызды  (өз  құндылығы,  ережесі,  шек теу-

лері мен еркіндігі бар үлкендер одағы). Бұл 

балаға  ерлердің  мінез-құлығы  қан дай   бо-

лу  керек,  содан  хабар  береді  жəне  елік тей-

тін  адамын  табуына  көмектеседі.  Мəсе лен,  

мұндай  одақтар  қатарына  кіретін  əс ке ри 

мектептер, мінезді бапкері бар спорт сек ция-

ла рына  барып  жүрген  ұлдар  ерте  есейеді, 

12-14  жасында-ақ  өздерін  үлкендер  сияқты 

се зі неді,  өзінше  шешім  қабылдайды.  Ал, 

егер мұндай орта болмаса, ұлдар оны ойдан 

шы ға рып  алады.  Футбол  фанаттары,  рокер 

клуб та рының пайда болуы ер азаматтар ода-

ғы на деген осындай қажеттіліктен туған. 12-

15 жасар жасөспірімдер үлкендердің əле  мі -

не  жетелейтін  ағаларының  ықпалына  оңай 

тү сіп қалады. Сондықтан да, олардың дұрыс 

жолға жетелейтініне көз жеткізгеніңіз абзал! 

Қыздан гөрі ұлды өсіру қиынырақ. Олар дың 

тəрбиесінде  маңызды  көрінбейтін  бір  ерек-

шелік  бар.  Ер  баладан  кішкентай  ке зін де 

көргіміз келетін жақсы əдеттерді, үл кей ген-

нен соң да көргіміз келетіні бар. Бірақ бұл дұ-

рыс емес. Жақсы бала – мейірімді, тілалғыш. 

Егер  қыз  бала  үлкейгенде  де  осылай  болса 

ке ре мет, өйткені бұл қасиеттер əйел үшін аса 

қа жет. Ал ұл үшін өзгеруге тура келеді.

1. Табандылық, Еркіндік күші. Өз де ге нін-

де тұра алмаған бала, үлкен болғанда өз мақ-

са тына жетуде табандылық таныта ал май ды. 

Мұндай  мінезді  тəрбиелеуге  қолайлы  сəт 3 

жас. Бала бізді осы жасында өзінің қайт пай-

тындығымен, не ойласа соны істету əре кет-

те рімен  əбден  əбіржітеді.  Оның  солай  істе-

ге нін  көтеруіміз  керек.  Бұл  еркіндік  күшін 

тəр бие лейді.  Бала  өзіне-өзі  сенімді  бола 

бас тайды.  Сіз  нəтижені  бірден  күтпеңіз, 

ұлыңыз дың  бұл  қасиеті  күрес  пен  жеңіске 

жету де көрініс табады. Балаға айтқанын іс-

теу ге 60 пайыз жағдайда мүмкіндік беріңіз.

2. Өзіне деген сенімділік. Бұл жерде абай 

бо лу керек. Баланы бар уақытта мақ тау,   мақ-

таншақтыққа əкеледі. Қанағаттанбаушылық, 

сынмен қарау сияқты аса маңызды қасиеттер 

жоғалады.  Егер  «Əрине  мұны  істеу  оңай 

е мес, бірақ сені оны істей аласың, сенің қо-

лың нан ке леді», «Адамның бəрінде келең сіз-

дік тер кездеседі, соған қарамастан жетістікке 

жетуге  болады»  деген  сөздер  бала  кезінде 

ай тылса, онда ол өмір бойына қалады.

3. Батылдық. Кішкентай бала төбелесу ке-

рек (Кейбір аналар мен əжелер мұнысы несі 

де уі мүмкін). Егер оның əрекеті қорғану, өзін  

қор ғау  мақсатында  болса.  Бұл  ер  бала  өмі-

рі нің  ажырамас  бір  бөлігі  жəне  ол  осылай 

есей еді.

4. 


Қамқорлық. 

Сенімділік. 

Егер 

анасы  оның   баласы  қамқор  əке,  жолдас 



болатынына  сен се,  ол  шын  мəнінде 

солай  болады.  Ол  үшін   анасы  ерлер 

қауымы  туралы  жақсы  ойлар  ойлауы, 

жақсы сөздер айтуы керек. Ер-азаматтың 

балаңыз  үшін  өте  жағымды  бейнесін 

жасаңыз.


43

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

5.  Қайырымдылық  пен  мəрттік.  Ұлдар 

мəж бүр легенге  көндікпейді.  Ұлыңыздан 

шы найы қайырымдылық көру үшін, ерлерге 

тəн мынадай ерекшелікті кəдеге жаратыңыз. 

Ер-азаматтар жастарына қарамастан мақтау 

сүй еді,  өздерін  мақтағанды  тəуір  көреді. 

Мақ тау  қыздармен  салыстырғанда  ер  бала 

үшін  маңызды.  Сондықтанда,  ұлыңыздың 

жа ғымды қылықтары туралы міндетті түрде 

ай тып, қолдауыңыз керек. 

6.  Ашық-жарқындық. «Ұлдар  жыламау 

ке рек»  деген  үйреншікті  сөзді  мейлінше  аз 

ай ты ңыз.  Ой,  сезім  дүниелерін  талқылауға, 

ор та ға  салуға  шектеу  қоймаңыз.  Барлық 

мə се ле ні  ортаға  салып  шешуге  болады. 



Тəрбиеленген  ұлыңыз  болашақта  күшті 

де  ба тыл,  епті  де  енселі  азамат  болсын 

де се ңіз,  қазірден  бастап  солай  ержетуіне 

жағ дай жасаңыз.

- Отбасыңызда өсіп келе жатқан азаматтың 

тəрбиесі мен дамуына ерекше көңіл бөліңіз.

- Оны неге үйрету керек, нені білуі керек 

екенін жоспарлаңыз.

- Оған «бала» ретінде қарауға болмайды.

- Ұл мен қыздың арасындағы психикалық, 

қылықтық  айырмашылықтар  балалық  шақ-

тан басталады. Сондықтан ұлға қыздың тəр-

бие сімен  бірдей  тəрбие  беруге  болмайды. 

Қа талдау қараудың да зияны жоқ.

-  Əкенің  көңілінен  шығатын  іс  жасауға 

дағдыландырған абзал.

-  Ер  баланың  қолы  қашанда  жұмыстан 

босамауы тиіс. Кішкентайынан айналысатын 

нəрсе тауып беріп отыру керек. Қыз баламен 

са лыс тырғанда  ұл  баланы  аз  еркелеткен 

лəзім.


-  Ер  балаға  еш  уақытта: «Бұл  сенің  əлің 

келетін нəрсе емес»,-деп айта көрмеңіз.

-  Ер  азаматтардың  ортасында  көбірек 

болуын қарастырыңыз.

-  Үйдегі  шегеге  дейін  арнайы  шебер 

алдырып  қақтырмай,  мұндай  істерді  ұлы-

ңыз ға сеніп тапсырыңыз.

- Баланы ерлерше тəрбиелеуді 3 жастан бастау 

керек.  Бұл  жаста  баланың  бойында  бетінен 

қайтпайтын қайсарлық, ойлаған нəрсесін істеуге 

əрекеттену, еркіндікті сезіну байқалады.

Бала – ол өте нəзік те сезімтал адам. Оның 

жанын жаралап алу өте оңай, алайда осы бір 

жара  өмір  бойы  сыздап  жүруі  ғажап  емес. 

Бала кезінде шешілмей қалған мəселелердің 

салдары ер жеткен кезде кейбір психикалық 

ауытқуларға негіз болатынын ұмытпаңыз.

Көптеген  ата-аналарды:  бір  мезгілде 

қатал да мейірімді бола білу, өз баласының 

алдындағы  ата-аналық  биігінен  түспей  тұ-

рып,  оған  қалайда  ең  жақын  дос  бола  білу 

жайы көп ойлантады. Төмендегі өте маңызды 

ақыл-кеңестер  бала  тəрбиесі  барысында 

ерек ше орын алуы тиіс деп ойлаймыз:

1. Көңіл күйіңіз болмай тұрған кезде еш-

қа шан  да  бала  тəрбиесімен  айналыспаңыз. 

Өз  балаңызбен  тығыз  қарым-қатынас  ор на-

ту ға тек қана Сіздің көтеріңкі көңіл күйіңіз, 

оң  көз қарасыңыз ғана əсер етеді. Тəрбие са-

ты лы деңгейде жүргізілгені дұрыс. Əр биік-

ке  өз  уақытында,  біртіндеп  көтеріліп  отыр-

ған дұрыс.

2.  Бала – біздің  айнамыз.  Олар  ең  ал ды-

мен  ата-анасынан  үлгі  алатынын  жəне  көп  

жағдайда біз өмірде қандай қадамдар жа са-

сақ, олар да сондай қадамға баратыны есте 

жүр сін. Балаңызбен əңгімелесу нəтижелі бо-

луы үшін, ең алдымен ашық жарқын се нім-

ге  құрылған  риясыз  əдісті  таңдаңыз.  Сіз дің 

сөздеріңіз  қатал  естілуі  мүмкін,  бірақ  еш-

қа шан  да  ауыр  əрі  өрескел  болмауы  керек. 

Ақы рын  əрі  сенімді  айтылған  əңгіме  ғана 

ата-ананың  талаптары  мен  ойларын  балаға 

жет кі зе алады. Балаңыз үшін керек уақытта 

қа жет ті  ақыл  қосатын,  оның  қадамдарын 

айып тамайтын ең жақын досына айналыңыз.

3.  Өзін  жəне  оны  қоршаған  адамдарды 

жақ сы  көруге  үйретіңіз.  Бұл  оны  өзіне  өте 

сенімді  адам  ретінде  қалыптастырып,  қор-

ша ған ортамен байланысын жолға қоюға кө-

мек береді.

4. Бір мезетте қатал да мейірімді бола бі лі ңіз. 

Егер сіз балаңызға деген ыстық ықы ла сыңызды 

үнемі білдіре отырып, тек керек уа қы тында ғана 

ұрсатын  болсаңыз,  онда  бұл  сіз дің  тəрбиеңіз 

барысында міндетті түрде же місін береді.

5. Оған өмірдегі өз ұстанымына тұрақты 

болуды үйретіңіз.



44

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

6. Баланы əр кезде оның көзіне қарап тұ-

рып, мұқият тыңдаңыз, өйткені тек сол сəтте 

ғана оның ішкі жан дүниесі мен алаңдатқан 

мəселеге сіздің бей-жай қарамайтыныңызға 

сенімі  болады.  Өзіңіздің  бос  уақытыңызды 

үне мі балаңызбен өткізуге тырысыңыз. Он-

дай  сəттер  баланың  өзіндік  орнын  сезініп 

өсу ге мүмкіндік береді.

7.  Жанжалдасқан  күйі  екі  жаққа  бөлініп 

жү ре  беруге  болмайтынын  ұмытпаңыз,  ең 

ал ды мен балаңызбен татуласып алыңыз, со-

дан  кейін  ғана  өз  жұмыстарыңызбен  жүре 

бер сеңіз болады.

8.  Əр  уақытта  оған  қажет  болғанда  үйде 

бол ға ны қандай жақсы екенін жадына салып, 

мақ тап отырыңыз, себебі ол өзінің қажеттігін 

тү сі ніп, үнемі үйге асығатын болады.

9. Өзінің жақсы адам екенін ескертіп оты-

ру   керек,  алайда,  басқалардан  артық  емес 

еке нін естен шығармай, айтып отырған жөн, 

се бе бі оның тым тəкəппар жəне екіжүзді бо-

лып  өспегені жақсы.

10. Оның таңдауы мен пікіріне құлақ тү-

рі ңіз. Тіпті сіз онымен келіспейтін болсаңыз 

да,   оны  ешуақытта  сынамаңыз.  Оны  өз  қа-

дамдары үшін жауап беруге үйретіңіз. Оның 

өзін емес, əруақытта жақсы қадамын бағалап, 

егер ол дұрыс емес жасаған болса, қателігін 

көрсетіңіз,  оның  орнында  өзіңіз  болғанда 

бы лай  істер  едім  деп,  таңдау  жəне  шешім 

қа был дау құқығын оның өзіне қалдырыңыз. 

Ешуақытта  оның  осыған  дейін  жасаған 

қателіктерін еске алмаңыз. Болған нəрсенің 

барлығын өткен күнге қалдырыңыз.

11. Оған тым қатты талап қойып, ұзын-со-

нар ақыл-кеңес айтудан аулақ болыңыз, оның 

жанын жаралайтын немесе намысына тиетін 

ащы əзіл не теңеулер, əжуа айту ешуақытта 

дұрыс  болмайды.  Егер  сізді  оның  мінез-

құлығы ренжітсе, бұл жайлы өзіне айтыңыз. 

Бұн дай кезде оның тəртібін талқылымаңыз, 

тек өзіңіздің көңіл-күйіңіз туралы айтыңыз.

12.  Шектен  тыс  бақылауды  азайтыңыз, 

бұл  көп жағдайда табыс əкелмейді.

13. Ол ақтай алмайтын үмітті, көтере ал-

май тын жүкті оған артпаңыз. Бастапқыда өзі-

ңіз  одан не талап ететініңізді анықтап алған 

жөн. Содан соң барып, міндетті түрде оның 

не қа лайтынын біліңіз, ұстаным жасауға тиіс 

аса  маңызды  жағдайлар  бойынша  міндетті 

түр де келісімге келуге ұмтылған дұрыс.

14. Əңгіме барысында оның маңызын жо-

ғалт пау үшін көпсөзділіктен арылу керек.

15. Сіздің баланы мəжбүрлеуіңіз тым нə-

зік, жан-жақты əрі жалғаспалы сипатта əсер 

ете тіндей болуы керек. Əр уақытта баламен 

үл кен адамдарша, оны кішірейтіп, еркелетер 

сөз дер ді  барынша  аз  қолдана  отырып  сөй-

лес кен абзал.

16. Даулы мəселелер орын алған жағдайда 

бала өзін үнемі қателесуші ретінде сезінбес 

үшін  оған  жол  беріңіз.  Бұл  арқылы  сіз  ба-

лаңызға біреуді кешіруді, өз қателігін түсінуді, 

жеңілістер мен қателіктерді мойындай білуді 

үйреткен болар едіңіз. Оны ақылы, таланты, 

сұлулығы  немесе  тума  дарыны  үшін  емес, 

қа рапайым  ғана  оның  осылай  бар  болғаны 

үшін ғана жақсы көріңіз.

17.  Есіңізде  болса,  балаға  үш  негізгі  қа-

сиетті  дарытуға  міндеттісіз:  шешім  шы ға-

ру,  құрмет,  жауапкершілік.  Қандай  жағ дай 

болса да, еңсесін тік ұстайтын, жан-жағын-

да ғыларға  құрметпен  қарайтын  жəне  өз  қа-

дам дары  үшін  жауап  бере  алатын  адамдар 

көп жағ дайда табысқа жететіні белгілі [2,4].

«Тəрбие»  деген  сөз  араб  тілінен  аудар-

ғанда, «көктету,  өсіру,  жетілдіру»  деген 

ұғымды береді. Яғни, сəбидің болашағы осы 

ал ған  тəрбиесіне  тікелей  қатысты  болары 

хақ.  Осы  жөнінде  ақын  əрі  педагог  Мағжан 

Жұмабаев: «Тəрбиеден мақсұт – адамды һəм 

сол  адамның  ұлтын,  асса,  барлық  адамзат 

дүниесін  бақытты  қылу.  Ұлт  мүшесі  əрбір 

адам  бақытты  болса,  ұлт  бақытты,  адамзат 

дүниесінің  мүшесі  əрбір  ұлт  бақытты 

болса,  адамзат  дүниесі  бақытты.  Қысқасын 

айтқанда,  тəрбиеден  мақсұт – адам  деген 

атты  құр  жала  қылып  жапсырмай,  шын 

мағы насымен  адам  қылып  шығару» - дейді. 

Демек,  баланы  тəрбиелеудегі  мақсат – оны 

жан-жақты  кемелдендіріп,  қоғамға  пайдасы 

тие тін азамат етіп қалыптастыру. Дана қазақ 

ұрпаққа  тəрбие  беру  жолында  еш  аянып 

қалған емес.


45

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Қорытындылай келе, Сізге шын мəніндегі 

жақсы,  жауапкершілігі  жоғары,  бəріне 

сыйлы, табысты азаматты тəрбиелеп шығару 

керек  болса,  ешқашан  өзіңізді  кінəлап, 

өкінішке  ұрынбас  үшін,  бар  мүмкіндікті 

қолдануға тырысыңыз, бəлкім сонда ғана сіз 

өз перзентіңізбен мақтана алатын боласыз.



ƏДЕБИЕТТЕР

1  Мұқанова Б., Ильясова Р. Этнопедагогика. Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2008.

2  Базарбаева Н.А. Педагогикалық кеңес. – Алматы, 2009. №1

3  Шадриков.В.Д.  О  содержании  понятий  «способности»  и  «одаренность». // 

«Психологический журнал», Т.4. №5, 1983. 

4  Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т.1-4. – М., 1989.

«Əке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»

Халық даналығы

.


46

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

ОƏЖ 00.4.9



А.О. Тымболова

Филол. ғыл. докторы. Абай ат. ҚазҰПУ

Магистратура жəне PhD докторантура институты

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МОБИЛЬДІ БАЙЛАНЫС

ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ РӨЛІ

Мақалада  шетелдік  білім  беру  үдерісіндегі  жаңа  мобильдік  технологиялар  мен 

құрылғылардың  қолданылу  тəжірибесі,  Қазақстандық  білім  беру  жүйесіне  қолдану 

мүмкіндігі  мен  перспективалары  қарастырылады.  Осы  мəселелерге  орай,  мақаламызда 

мобильді  оқыту,  мобильді  технологиялар,  мобильді  оқыту  жүйесінің  ерекшеліктеріне 

тоқталдық. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет