Бас редактор с. Ж. Пірәлиев


ӘДЕБИЕТТЕР: 1.  Жұмабаев М



Pdf көрінісі
бет15/16
Дата03.03.2017
өлшемі2,48 Mb.
#6082
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Жұмабаев М. «Педагогика». – Алматы: «Ана тілі», 1992. – 14 б.
Резюме 
В этой статье рассматриваются воспитание молодого поколения народной культурой, обычаям, традициям 
в семейном очаге
Summary
The article is demoted to the upbringing of the youth. The main core of the upbringing is our nation’s mental 
treasure. To  bring  up  the  generation  on  the  base  of  national  culture,  public  customs  and  ceremonies  begin  from 
home.

94
Б.Д. Керімбекова – 
филология ғылымдарының кандидаты,
С.Демирел атындағы қазақ-түрік 
университетінің оқытушысы
ҚЫЗДАРЫМЫЗ ҚЫЛЫҚТЫ БОЛСЫН ДЕСЕК...
«Қыз  –  қонақ»  сөзі  қылтиып  қыз  бола 
бастағаннан-ақ  құлағына  сіңетін  қазақ  қызы 
өзінің  өзге  бір  үйдің  үміті  екендігін  есей-
мей  тұрып  ұғынған.  «Қыз  туғанда  қырсықтың 
келгені  деп,  Қырын  қарап  еркегі  жатып  алған» 
/Ф.Оңғарсынова/  кездері  де  болғанымен,  біздің 
халықтың қыз тәрбиесіне атүсті қарамағандығы 
анық.  Ата-бабамыз  «он  үште  отау  иесі»  бола-
тын ұлын шаңырақтың иесі, қызын отбасының 
ұйытқысы  деп  біліп,  оларды  отбасылық  өмірге 
ерте  жастан  дайындайтын.  Осы  тәрбиенің 
дұрыстығына өмір тәжірибесінде талай рет көз 
жеткізсек те, біздің кей кездері өз жолымыздан 
өзіміз үркіп, «біреудің қаңсығын таңсық көріп» 
кететіндігіміз өтірік емес.  
Менің әжем сол кездегі «құрбылары» секілді  
мектепке  бармаған.  Қалаға  шықпаған,  қымбат 
киімдер  киіп,  қыдырмаған.  Мағжан  ақынша 
айтсақ,  «білгені  қазан-ошағы»  болғанымен, 
түйгені том-том кітапты жолда қалдыратын. Үй-
ішінің  ұсақ  шаруаларын  былай  қойып,  ағайын 
арасындағы  ірі  мәселелердің  өзін  жымын 
білдірмей реттеп отыратын. Бұл жағынан келген-
де ол кісіні куәлігі бар кейбір заңгерге ойланбай 
кеңесші  етіп  ұсынуға  болатын  сияқты.  Көкірек 
көзі ашық, көңілі ояу әжем ұлдардан гөрі біздерге, 
яғни қыз немерелеріне тым қатал болатын. Қызу 
ойыннан қағылып, әжеміздің қасында көмекшісі 
қызметін атқару бізге аса ұнай қоймайтын. Іске 
жарайтынымызға  жұмыс  тауып  беретін,  жасы 
толмағандарға жүн түту, тігіліп жатқан көрпенің 
бір  шетін  басып  отыру,  ине  сабақтау  т.б.  ұсақ 
істер табылатын. Менің жұмысым «ісмерлерге» 
кітап оқу болатын. Содан болса керек, әжеміздің 
ісмерлік  өнерінің  басы-қасында  болғаныммен, 
іс тігуден гөрі кітап оқуға әлдеқайда бейім бол-
дым. Әжеміз бізге қонақ келсе құрақ ұшып асты-
на көрпе, шынтағына жастық ұсыну керектігін, 
қонаққа  берер  тамағыңды  созып  жүрмей  ерте-
рек  беруді,  әрі  оның  дәмді,  әрі  ыстық  болуын, 
ыдыс-аяқтың таза болуын  үйретті. «Қойшының 
қызы  қой  келгенде  іс  қылады»  деп  үйде  мей-
ман бар кезде басқа үлкен жұмыстарды кейінге 
қалдыртатын. «Көрген көргенін, көсеу түрткенін 
істейді», «Ақ қоянның етін жеген тоймайды, қыз 
күніндегі дағдысын әйел болғанда да қоймайды» 
деген  мақал-мәтелдерді  мен  әжемнен  басқа 
ешкімнен  естіген  емеспін.  «Көргенді,  тәрбиелі 
жердің  қызы  десін»  деп,  сол  кезден-ақ  біздің 
барар  жеріміздегі  беделімізді,  абыройымызды 
ойлап отыратын. Өйтпесе кеш боларын «жоғары 
білімі жоқ» аналарымыз қалай білген десеңізші! 
Қазір ойлап отырсам, біздің әжелеріміз әрі педа-
гог, әрі психолог екен. Кімнің қандай іске бейім 
екенін жазбай танып, соған орайластырып тап-
сырма береді. Яғни, қазіргі тілмен айтқанда «ин-
дивидуальный подход». 
Жоғарыда  айтылғандар  менің  әжемнің 
«тәрбие сағаттарының» кейбір көріністері ғана. 
Демек,  қазақ  отбасындағы  қыз  тәрбиесінің  түп 
тамыры, алтын қазығы әжелер, аналар мектебінде 
жатса  керек.  Қазіргі  таңда  бір  өкініштісі, 
үлпілдеген  қыздарымызға  үлбіретіп  тәрбие 
беретін әжелеріміз жоқтың қасы. Ауылдық жер-
лерде  біршама  болғанымен,  қалада  саусақпен 
санауға  болатын  болар.  Қалада  балабақша  бар 
ғой дейміз кейде. Бірақ, балабақшадан келгеннен 
соң  балаларыңыз  немен  айналысады?  Ертегіні 
оған кім айтып жүр? Қай тілде айтып жүр? Ба-
тыр  Баукеңнің  бір  кездегі  қорқынышы  әлі  сол 
қорқыныш күйінде ме?
«Қазақ  баласы  ұлттық  тәрбиеден  ең  ал-
дымен  мына  қасиеттерді  сіңірсе:  Өз  халқын 
шексіз  сүйетін,  оны  мақтаныш  тұтып,  салт-
дәстүрін  құрметтейтін  Өр  рух.  Салауаттылық, 
Парасаттылық,  Білімділік»,  –  дейді  белгілі 
ғалым  Алма  Қыраубаева  өзінің  «Жаным 
садаға»  еңбегінде.  Баланың  нағыз  адам  болып 
қалыптасатын кезеңі мектептегі тәрбиеге тікелей 
байланысты.  Рас,  бүгінгі  оқушылар  өздерінің 
уақыт  көшіне  ілесе  білетін  зеректіктерімен 
ерекшеленеді.  Бүгінгідей  әлемдік  жаһандану 
кезеңінде  бұл  таптырмас  қасиеттер  болуы 
мүмкін.  Олар  биік  мақсаттар  қояды,  өмірде 
белгілі бір жетістікке жеткен жандарға еліктейді. 
Алға ұмтылады, алайда, өз ұлтының  өткеніне аса 
қызығушылық танытпайды. Ұлт ретінде өзімізді 
өзге  ұлттардан  кем  санау  синдромы  әлі  біздің  
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

95
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
қан тамырларымызда қалып қойған сияқты.  
Мектептегі  балаларға  ұлттық  тәрбие  беру 
ісі  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімдерінің 
еншісіндегі дүние іспеттес. Ұлттық тәрбие беру 
дегенді  ұлттық  шапан  кию  деп  түсінетіндер 
әлі  де  баршылық.  Шапанның  өзі  де  мерейтой-
лар  мен  мерекелерде  ғана  еске  түседі.  Қазақы 
шапандарымыздың сценарий бойынша киілетін 
киімнен  сәнді  (модный)  киімге  айналғанын 
қалаймыз!  
Сән дегенен шығады, қазақ қызының қашанда 
сәні  мен  салтанатының  жарасым  тапқанын 
көркем  әдебиеттерден  талай    оқыдық.  «Үкілі 
кәмшат, бүрмелі көйлек» киген қыздарымыздың 
сұлулығы  бірталай  ән-жырға  арқау  болды.  Әлі 
күнге лиро-эпостық жырлардағы сұлуларымызды 
тілге  тиек  етіп,  тамсанумен  келеміз.  Ал, 
бүгінгінің  аруларын  суреттеуге  келгенде  неге 
тілімізді  тістей  қаламыз?  «Әлемді  құтқаратын» 
сұлулық  та  заманға  сай  өз  миссиясын  өзгертіп 
алды ма екен, ә?  
Қандай  жала  жапсаңыз  да  дұрыс  болып 
шығатын бір нәрсе бар. Ол –  уақыт. Көбімізге 
ортақ  таныс  тіркес  «Уақыт  жоқ!»,  «Қолым 
тимейді...».  Қазір  уақыт  шіркін  әдеттегіден 
де  жүйрік,  күн  де  қысқа.  Бәрі  қысқарған. 
Оқырман    көлемді  шығарманы  қажет  етпейді. 
Роман,  поэманың  күні  өткен,  қысқа  жанрдағы 
шығармалар 
болмаса. 
Қызметкерлердің 
айлығы  да  қысқарған,  нарық  қыспағына  бай-
ланысты.  Жалақы  түгіл  жұмысшылардың 
өздері  де  қысқарған,  жұмыс  көлемі  азайғасын. 
Адамдардың  дене  тұрқы  кішірейіп,  бойлары 
да  «қысқарған»,  экологиялық  зардаптардың 
кесірінен. Адамдардың  өздері ғана емес, сөздері 
де қысқарған, әсіресе студент жастардың.  Мыса-
лы: «Бара жатырық, келе жатырық» (бара жатыр-
мыз,  келе  жатырмыз),  «универ»  (университет), 
«скидовать ет» (мұның қазақша қалай боларын 
білмедік),  «звонить ет» (қоңырау шал), «Тема!», 
«Жынды!» (керемет!) т.б. Р.S.Тізімді созып, он-
сыз да қысқа уақытыңызды алмай-ақ қоялық. 
Жігіттеріміздің 
шашы 
ұзарғанымен, 
қыздарымыздың  бұрымы  көзден  бұл-бұл 
ұшқалы қашан. Қазір оған мүлде таңқалмаймыз, 
өйткені  оған  да  экология  кінәлі.  Шашымыз-
ды  өсірейік  десек  те  өспейді,  оның  үстіне 
әбден  жұқарғасын  амалсыз  қиып  тастауға  тура 
келеді. Қыздарымыздың киімдері де қысқарған, 
дағдарысқа  қарай  мата  үнемдеу  үшін  емес, 
әрине.  «Қуырдақтың  көкесін  түйе  сойғанда 
көресің» демекші, қыздарымыздың етектерімен 
қоса кеудешелерінің қысқарғанын көргенде әлгі 
«қысқартулармен» жылап көрісесіз. «Жаздыгүні 
шілде болғанда» мұндай көрініспен күнде бетпе-
бет келуіңізге тура келеді. Бір күн бетіңізді ба-
сарсыз, екінші күні аздап қысылуыңыз мүмкін, 
үшінші  күні  осылай  болу  керек  сияқты    «бей-
марал»  жүре  бересіз.  Ол  қыздарға  да  «әй 
дейтін  әже,  қой  дейтін  қожа  жоқ».  Бірдеңе 
деу  ойыңызға  да  келмесін,  шынашақтай  ғана 
қыздың аузынан шыққан сөз сіздің өміріңіздегі 
естіген  ең  ауыр  сөзіңіз  болуы  мүмкін.  Кезінде  
қазақ  қыздарының  тәрбиесіне  ауыл  болып  мән 
берген десеңіз, біреу сенер, біреу сенбес. Әрине, 
көргенділігін көрсетіп, тектілігін сақтап жүрген 
қыздарымыздың  барына  қуанамыз.  Қашанда 
«Бұдан  жаман  күнінде  тойға  барғанын»  місе 
тұтатын халықпыз ғой... 
  Соңғы  жылдары  ұлттық  тәрбие,  ұлттық 
идея,  ұлттық  сипат  туралы  көп  айтылып  жүр. 
Егер,  әркім  сол  тәрбиені  дәл  бүгін  өз  балала-
рынан бастамаса, бұл әңгіменің әлі біраз жылға 
азық болар түрі бар.  
Резюме
В данной статье автор поднимает вопросы современного воспитания девушек. В настоящее время число 
воспитанных девушек уменьшается, поэтому так необходимо приложить все усилия для решения этой  про-
блемы. Автор приводит примеры из жизни, описывая опыт воспитания полученной от своей бабушки.
Summary
In the given article the author brings up questions of modern education of young ladies. Nowadays the number of 
the brought up young ladies decreases, therefore it is necessary to use the best efforts for the decision of this problem. 
The author results examples from a life, describing experience of education received from his grandmother.

96
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
  
А.С. Мұхаметкәрімова – 
№147 мектеп-гимназиясының бастауыш
 сынып мұғалімі, Алматы қаласы
ҰРПАҚ ТАҒДЫРЫ – ҰЛТ ТАҒДЫРЫ
Әрбір шаңырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын!
Н.Ә. Назарбаев
Ұрпақ  тағдыры  дегеніміз  –  ұлт  тағдыры. 
Әрбір ұлттың болашағы оның білімді, талантты, 
тәрбиелі ұрпағының қолында. 
Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері 
тарихымен  біте  қайнасып  келе  жатқан  ұрпақ 
тәрбиелеудегі  тәжірибелері  бізге  сол  рухани 
мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын 
құрайтын  ұлттық  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлер, 
әдеби,  музыкалық,  кәсіби,  тұрмыстық  фоль-
клорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен 
бірге, ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың руха-
ни дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік 
ой-пікірлерді Қорқыт ата, әл-Фараби, Қожа Ах-
мет  Йассауи,  Мұхамед  Хайдар  Дулати,  Жүсіп 
Баласағұн,  Махмұт  Қашқари,  Асан  қайғы  т.б. 
қазақ ақын-жыраулырының мұраларынан, билер 
мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз.
Ұрпақ  тәрбиесі  қай  уақытта  болсын  күн 
тәртібінен түспеген келелі мәселелердің бірі де 
бірегейі десек, артық айтқандық болмас еді. Бұл 
мәселе  қазіргі  күні  де  айрықша  мәнге  ие.  ХХІ 
ғасырдағы  тасқындаған  толассыз  ақпараттар, 
қоғамдағы күрделі өзгерістер мен даму қарқыны 
ағымында  өмір  сүріп  жатқан  жас  ұрпақты 
тәрбиелеу  оңай  шаруа  емес.  Оларға  ұлттық 
тәрбиені дарыту одан да күрделі. Осы тұрғыдан 
алғанда,  біздің  халқымыздың  ғасырлар  бойы 
жинақтаған ұлы мұрасын оқу-тәрбие ісінде пай-
далану –кезек күттірмейтін мәселе. 
Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына 
байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен 
тәрбие  жұмысын  қайта  қарауды  міндеттейді. 
Бүгінгі  таңда  тиянақты  білім  беру  жүйесінде 
оқушылармен  тәрбие  жұмысын  дамыту  ба-
сты  мақсат  болып  отыр.  Осыған  байланысты, 
мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің 
бірі 
өркениетті, 
прогресшіл 
бағыттағы 
азаматтық, адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ, 
ұлттық  тілін  жоғалтпаған,  өзге  елдегі    заман-
дастарымен  тең  дәрежеде  бәсекелесе  алатын 
биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. 
Ал,  мұғалім  мен  мектептің  ең  қасиетті 
міндеті  –  рухани  бай,  жан-жақты  дамыған, 
жеке,  дарынды  тұлғаны  зерттеп,  дамы-
тып,  қалыптастыру.  Болашақты  гүлдендіріп, 
тәуелсіздікті нығайтатын ұрпақ алдымен рухани 
ұлттық тәрбие нәрімен сусындауы қажет. Рухани 
байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-
салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп-
тамырында жататыны белгілі.
Сол  ұлттық  байлықты  бүкіл  адамзаттың 
өз  ұрпағын  тәрбиелеудегі,  білім  берудегі  озық 
ұстанымдарымен  байланыстыра  отырып,  әр 
баланың  қабілетін,  талантын  ашу,  өзіне-өзінің 
сенімін  нығайтып,  өзіне-өзінің  жол  ашуына 
түрткі  жасау.  Міне,  бүгінгі  білім  беру,  тәрбие 
ісінің басты міндеті осы... 
Жаңа  білім  парадигмасы  бірінші  орынға 
баланың  білімін,  білігі  мен  дағдысын  емес, 
оның  тұлғасын,  білім  алу  арқылы  дамуын 
қойып  отыр.  Ендеше,  тәрбие  ауадай  қажет.  Иә, 
егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас 
ұрпаққа терең мазмұнды білім беру мен ұлтын 
сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі алға 
қойған  басты  міндет.  Ертеңгі  ел  тізгінін  ұстар 
азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы. Жас ұрпақ 
тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен 
түскен  емес.  Тәрбие  мәселесі  адам  баласының 
ғұмырындағы  көнермейтін,  ажырамайтын  баға 
жетпес  құндылық,  бала  тәрбиелеу  мәселесінің 
негізгі өзегі өмір тәжірибесі, өз халқының әдет-
ғұрпы. 
Ата-бабаларымыз  ежелден  бала  тәрбиесіне 
аса қатты көңіл бөлгендігі бізге тарихтан белгілі. 
«Рухы күшті ұлт озады» демекші, жаратылысы-
нан ақ көңіл, кішіпейіл, зерек, намысшыл, пара-
сатты, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсете білетін 
ынтымағы  жарасқан  халқымыз  ұлттық  мінез-
құлықты  ұрпағының  бойына  қалыптастыра 
білген. Сондай-ақ, тектілік деген киелі ұғымды 
ежелден  қастерлеп,  оны  атадан  балаға  ми-
рас  етіп  қалдырған.  Ұлдарын  ержүрек,  батыр, 

97
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
қыздарын  ибалы,  инабатты,  көрікті,  ақылды 
етіп  тәрбиелеген.  Отбасында  өсіп  келе  жатқан 
өскелең  ұрпаққа  жеті  атасын,  руын,  шыққан 
тегін үйретуді парыз деп санаған. Осы тұрғыда 
«Жеті  атасын  білмеген  –  жетесіз»,  «Жеті  ата-
сын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер», «Текті 
жерден қыз алсаң, төрден орын аларсың, тексіз 
жерден  қыз  алсаң,  тұңғиыққа  батасың»  де-
ген  ұлағатты  сөздер  де  тектен-тек  айтылмаған. 
«Ата  салған  жол  бар,  ана  пішкен  тон  бар», 
«Ата  көрген  оқ  жонар,  ана  көрген  тон  пішер» 
деуі де, өз отбасындағы тәрбиеге өте зор көңіл 
бөлгендігінен  туған  ойлар.  Осы  ретте,  бүгінгі 
мектеп  пен  отбасы  арасындағы  байланысты 
тереңдету қажеттігі туралы төмендегідей ойлар 
менің білім беру тәжірибемде туындап жатады:
1.  Ата-аналар бүгінгі таңда бала тәрбиесін 
мектепке артып жатуы кездесіп жатады. Осын-
дай  кереғар  пікірлердің  әсерінен  бүгінде  бала 
тәрбиесі  қиындап  бара  жатыр.  Сондықтан 
да,  отбасы  тәрбиесінде  ата-аналар    бала 
тәрбиесіне  мұқият  қарап,  дұрыс  жолға  қоюға 
негізінен  жауаптылықтарын  терең  түсіне  білуі 
керек.  Ол  үшін  арнайы  телебағдарламалар 
ұйымдастырылып,  мектепте  ата-аналар  жина-
лысын  ашып,  осы  туралы  талқылаулар  өткізуі 
қажет.  Осындай  іс-шаралар  өткізілген  кезде 
балалардың тәрбиесі бір дұрыс жолға қойылары 
хақ. 
2.  Бүгінгі  таңда  бала  тәрбиесіне  арналған 
іс-шаралар  көптеп  ұйымдастырылып  жатқаны 
анық.  Олардың  көбісі  әрине,  ұлттық  тәрбиеге 
бағытталып жатқандары да жетерлік, бірақ сол 
ұйымдастырылып  жатқан  іс-шаралар  отбасы 
тәрбиесімен  қиюластыра  жасалынса,  ол  білім 
алушының  тәрбиелік  қырын  жетілдіре  түседі. 
Ондай іс-шаралар ананың қыз тәрбиесімен бай-
ланысы немесе әкенің ұл баланы тәрбиелеудегі 
ролі  сынды  тұрғыда  ұйымдастырылуы  керек. 
Тіпті, отбасындағы бауырлардың арақатынасын 
терең  түсіндіруге  арналған  ұлттық  сипатты 
тәрбиеге арналған іс-шаралар бүгінгі таңда белең 
алып  жатқан  отбасындағы  түсініспеушілікпен 
мектептегі  тәртіпсіздіктерді  жоюға  бір  қадам 
болса да пайдасы тиер еді деп ойлаймын.
Қазақ  халқы  баланы  тәрбиелеуде  мақал-
мәтел, тыйым сөздерді қолдана білген. Бұл сөздер 
есі  кірген  балаларға  жаман  әдет,  жат  пиғыл, 
орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып 
отырған. Саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында со-
нау  ғасырларда  Шоқан,  Ыбырай,  Абай  сынды 
ғұламаларымыз  адамның  табиғаты  мен  жан 
дүниесін  зерделеген  шығармаларымен  әлемдік 
ғылымның дамуына үлес қосқан.
«Баланы  –  жастан»  дегенді  қазақ  бе-
кер  айтпаған.  Демек,  жас  ұрпаққа  мектеп 
қабырғасында  келген  кезден-ақ,  ұлттық  тәрбие 
туралы  ұғымды  үнемі  айтып  отыру  –  ең  үлкен 
міндет. 
Егеменді  еліміздің  ертеңі  жас  ұрпақты 
әдепті,  адамгершілігі  жоғары  болып  өссін  де-
сек,  өркениетті  ел  қатарына  қосыламыз,  келе-
шекте көш бастайтын көшбасшы ұрпақ өсіреміз 
дейтін болсақ, ұлттық тәрбие сырларын, ұлттық 
тағылымдарын  еш  уақытта  естен  шығармай, 
халқымыздың рухани байлығын бүгінгі күн та-
лабымен  ұштастыра  білсек,  ұлттық  тәрбиенің 
берері мол болмақ.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім, 1995. 
2.  Ізбасарова  Ж.Ж. Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту.
3.  Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. – Алматы: Ана тілі, 1994.
 
Резюме
В статье рассмотрена идея воспитания подрастающего поколения, так как судьба поколения – это будущее 
нации. В статье много внимания уделяется наследию наших предков, приводятся высказывания знаменитых 
писателей и поэтов о духовном и национальном воспитании.  
Summary
In article the idea of education of rising generation is considered. Because the destiny of generation is the future of 
the nation. In the article a lot of attention is given to a heritage of our ancestors, statements of the well-known writers 
and poets about spiritual and national education are resulted.

98
Т. Байтасов  –
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің
филология факультетінің 1курс магистранты
БАСТЫ МАҚСАТ - ЖАСТАРДЫ ҰЛТТЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУ
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен  жастарға  сенемін»,  –  деп  ақиық  ақын 
Мағжан  жырлағандай  бұл  күнгі  жастар  еркін 
ойлай алады, Кеңестік жалтақтау жоқ, қорықпай 
ашығын  айтады.  Жазса  да,  сөйлесе  да  ақты  ақ 
деп,  қараны  қара  деп  айтуға  толық  мүмкіндігі 
де, құқығы да бар. Жасыратыны жоқ, еңбектеген 
бала  мен  еңкейген  кәріге  дейін  70  жыл  бойы 
Кеңестік  идеологиямен  өсті,  атеист  қылып 
тәрбиеледі.  Маймылдан  жаратылдық  деді,  әлі 
де  оқулықтарда  солай.  Саналы  адам  өзі  тара-
зылап  алады.  Тәуелсіздіктен  кейінгі  жылдары 
«тәуелсіз білім» (Кеңестік иделогия мақсатының 
шеңберінен тыс), тәрбие алған жастар басқаша 
ойлайды. Себебі, орыс ғалымдары Радлов, Ма-
лов,  Щербиналар  қазақ  тілі  мен  жерін  тек  Ре-
сей мемлекетінің мүддесі тұрғысынан зерттеді. 
Оларға  қазақ  ұлтын  барлық  жағынан  отарлау 
керек  болды.  Аға  ұрпақ  сол  оқулықтармен 
оқыды.  Дүрбелеңді  тоқтата  алатын,  жерінің 
тәуелсіздігін  аңсаған  Кенесары,  Сырым,  Ма-
хамбет, Исатай бабаларымыздың арқалы, батыр 
ұрпақтары,  Алаш  азаматтары  ту  көтерсе,  одан 
кейін жастар тек 1986 жылы ғана бірігіп, «оқиға» 
емес  көтеріліс  жасады.  Желтоқсан  көтерілісін! 
Әбден  желкеге  батқан  арқан  жіп  ақыры  үзілді, 
300  жылғы  орыс  боданынан  құтылдық.  Осын-
дай  намысқой,  өжет  ұрпақтан  ұлты  үшін  ұлып 
тұратын,  жері  үшін  жұлқынып  тұратын,  тілі 
үшін  тістеніп  тұратын  ұрпақ  тәрбиеленді.  Бұл 
ұлтшылдық емес, қайта ұлтжандылық, ұлт жана-
шыры болу. «Қазіргі жастар  патриот емес, жері 
мен тілінің қамы туралы еш ойланбайды, кітап 
оқымайды, білімге құштары жоқ» деп кінәлаудың 
еш қисыны жоқ! Қас тұлпардың алдыңғы басқан 
тұяғынан  артыңғы  басқан  тұяғы  асып  түседі 
дейді.  Құдайға  шүкір,  патриот,  білімді,  сана-
лы  жастар  өсіп  келеді.  Жас  журналисттер  мен 
ғалымдар  газет-журнал  басылымдарында  өз 
мақалаларын  кез  келген  тақырыпта  ақиқатын 
ашып  жаза  алады,  кез  келген  жанрға  бара 
береді.  Шындықтың  шылбырын,  туралықтың 
тізгінін  іздеуге  құштар!  Әрдайым  тың  жолдар-
ды,  ашылмаған  жаңалықтарды,  қолданбаған 
әдістерді  іздеп  тұрады.  Дәл  осындай  бәсекеге 
қабілетті  саналы  да  сапалы  ұрпақ  тәрбиелеу  – 
бүгінгі аға ұрпақтың тарихи миссиясы, міндеті. 
Бұл  күнгі  жаста  алғыр,  ізденімпаз. 
Жаһандануға  бет  алған  уақытта  білімді  жан-
жақты  ізденіп  алуға  машықтана  отырып,    өз 
маманының  шебері  болуға,  өз  қызметіне  адал 
болуға  тырысып,  талпынған  ұрпақ.  Қаланың 
баласы  және  даланың  баласы  деп  бөліп-жару 
да ерсі қылық. Ең бастысы, аға ұрпақ барлығын 
бір мақсатқа, ұлт мүддесіне бағытталған арнаға 
бұра  білуі  керек.  «Етікші  –  етік  тігуі  керек» 
дейді, бүгінгі жастар өзіне ұнаған, өзінің жаны 
қалаған мамандықты, пәнді, кітапты оқи алады. 
Елімізге  еніп  жатқан  «Кредиттік  технология» 
тәртібі бойынша өз мұғалімін де, пәнді де сту-
дент  өзі  таңдайды.  Білім  жүйемізге  бұл  үрдіс 
қағаз  күйінде  енгенімен,  іс  жүзінде  әлі  жасала 
қойған жоқ.
Қазіргі  жастар  аз  уақыт  жұмсап,  көп  білім 
алғысы  келеді.  Танымын  тез  кеңейтіп,  білім 
базасын  жылдам  байытқысы  келіп  тұрады. 
Сол  себепті,  интернетті,  жаңа  технологияны 
жақсы  пайдаланады.  Бұл  да  дұрыс!  Өйткені,  
білім мен ғылымды ешкім тауыса алмайды, бір 
адамның  ғұмыры  оған  жетпейді.  Әдебиеттегі 
«Постмодернистік» ағым секілді, аз сөзбен көп 
мағына беретін, сол аз сөзден көп мағына алатын 
кез  жетті.  Бұл  күнгі  талапты  жастар  әр  салаға 
талпынып тұрады. «Жігітке жетпіс өнер аз» деп, 
барлығын  үйрене  бергісі  келеді,  игере  бергісі 
келеді. Бар ғылымды бір нүктеден тарқата білген, 
мәдениеттен  бастауын  тапқан  Аристотель,  әл-
Фарабилер тек бір саланың ғалымы болып қалған 
жоқ, әрі математик, әрі тарихшы, әрі музыкант-
композитор, әрі ақын, әрі филолог, әрі астроном 
бола білді, бірнеше тілді меңгерді. Олар да пен-
де ғой, ол бұл күнгі пенденің де қолынан келеді. 
Бүгінгі жастар – әмбебап, кез келген тақырыпта 
ой қозғай береді, төркінін біледі. 
Ғ.Мұратбаев,  Т.Рысқұлов  сынды  саналы 
жастардың басын құрап, ұлт мүддесін қорғауға 
белсене  араласып  жүрген  жалынды  жастар 
да  жетерлік.  «Алаш»,  «Ұлт  тағдыры»  сын-

99
ҰЛТТЫҚ НАМЫС
ды  саяси  топтар  мен  басылымдар  құрып,  өз 
азаматтық міндетін атқарып та жатыр. Бағытын 
да, бағдарламасын да толық түсінбей жатып пар-
тиясын  «ұрандап»  ойбайлап  жүрген  жастар  да 
жетерлік.  Туған  тілінде  сөйлеуді  ар  санайтын, 
салт-дәстүрін  ұят  көретін,  білімнен  жұрдай, 
туысқанын  көрмеген,  руының  атын  білмейтін, 
жеті  атасын  танымайтын  жастар  да  бар.  Бес 
саусақ бірдей емес. 
«Балық басынан шіриді» дейді қазақ, құдайға 
шүкір,  жастарымыздың  басым  көпшілігі  ис-
лам  жолына  түсіп,  бес  уақыт  намаздарын  қаза 
қылмайды,  ораза  ұстайды.  Ислам  жақсылыққа, 
имандылыққа,  адалдыққа,  тазалыққа,  ұлтына 
адал  болуға,  туған  тілі  мен  жеріне,  тарихына 
қамқор болуға,  ғылым-білім үйренуге шақырады. 
Ұлдарымыз да, қыздарымыз да дерлік сауатты. 
Туған тарихын жақсы біледі. Осындай болашақ 
азаматтары  бар  қазақ  жерінің  гүлденуіне,  өрге 
өрмейлейтініне ешкім шүбә келтіре қоймас. 
Жастарды  тек  сабақпен  байлап,  матап 
тастауға да болмайды. Оқытқан оқуын, үйреткен 
тәлімін  ұстаз  шәкіртінің  өмірде  пайдалана 
білуіне жағдай жасауы міндетті. Оқумен қатар, 
тәжірибені  бірге  алып  жүруіне  мүмкіндік  беру. 
Мысалға, шынайы өмірден алайықшы, кей сту-
дент  жастар  бір  ғана  сабағымен  айналысып, 
одан басқаға қолы тимей жатады. Өйткені, тап-
сырманы  мұғалім  үйіп  тастаған.  Сөйтіп,  төрт 
жыл  бакалаврды  бітіріп,  алған  дипломының 
жемісін көрейін десе, жұмыс таба алмай, нанын 
жей алмай, өмірдің әділетсіз тұстарын кейіннен 
көреді. Тәжірибе жетіспейді, бәсекеге қабілетсіз. 
Бармағын  тістейді,  тұрмыстың  жайымен  басқа 
салаға кетіп қалады. Ал, кей студент сабағымен 
қатар тәжірибе жинап, өз саласымен жұмыс істеп 
жүреді. Жемісін көреді. Теория мен практиканы 
ұштастыра, байланыстыра өседі. Бірақ, арасын-
да  жұмыс  барысымен  сабаққа  келе  алмай  жа-
тады, ал оны мұғалім дұрыс түсінбейді, бағасы 
оңбайды.  Бірақ,  ол  студент  өмірден  ұтылған 
жоқ, теория бағасы төмен болғанмен, практика 
бағасы жоғары, болашағының, жейтін нанының 
қамын жасады. 
Ұлттық рухы жоғары, намысы берік, жігері 
мықты,  иманды  жастар  жоғары  жақтан  орын 
алып  жатса,  елін  де,  жерін  де  одан  әрі  биік 
шыңдарға  көтере  алады.  Ұлттың  несібесін, 
Құдайдың сүйген құлдарының бағына берген жер 
асты, жер үсті байлығын тек өз туған ұлтының 
қажеттілігіне  жарата  алады.  Жалтақтамай, 
қаймықпастан  турасын  айтар  өжет  ұрпақ  өсіп 
келеді. 
Бұл  күнде  тарихи  маңызы  зор  игілікті 
істер  аз  жасалып  жатқан  жоқ.  «Мәдени  мұра» 
бағдарламасы  бойынша,  шетелдерде  жатқан 
сан  мыңдаған  тарихи  жәрігерлеріміз,  тарихи 
деректеріміз  қайтарылды,  туған  тарихымызды 
байыттық.  Моңғолиядан  Орхон-Енисей  өзені 
бойынан руникалық жазбаларымызды, Күлтегін 
жырларын,  Қытай  мен  Европадан  түркі-
қыпшақтарға  қатысты  аса  құнды  деректерді 
алып, тарихымызды толықтырдық. Кеңес үкіметі 
кезеңіндегі ұлтымызға қатысты тыйым салынған 
«жабық»  тақырыптар  бұл  күнде  жан-жақты 
зерттеліп жатыр. Қазақ жерінен қолөнердің баға 
жетпес жәдігері «Алтын адам» табылды. Қазақ 
ұлтының  жазу  мәдениеті  мен  өнерінің  тамыры 
тереңде жатқанын әлемге мойындаттық. Әлемге 
аты  мәшһүр  Шыңғыс  хан  мен  Әмір  Темір, 
Бейбарыстардың  бүгінгі  ұрпағы  кім  десек,  ол 
– қазақ екендігіне әлемнің ешбір ғалымы шүбә 
келтіре қоймас. 
Демократияның  шегіне  жеткен  Амери-
ка  Европа  елдері  мәдениетінен  де,  ұлттық 
менталитетінен  де  айырылды.  Басшылары 
соғысқұмар,  жастары  нашақор,  болашағы 
бұлыңғыр  елдер  көбейіп  кетті.  Қазір  Батыстың 
өзі Шығысқа қызыға, қызғана қарайды. Кезінде 
сол Батысқа мәдениетті алып барған ғұндар. Рим 
папасын  тізерлетіп,  орамал  жамылып  жүрген 
Европалықтарға шалбар кигізген Еділ патшаның 
империясы.  Галилей  мен  Коперникке  ғарыш 
әлемі жайлы «нанды шайнап берген»  әл-Бируни 
болды. Шығыстың Шыңғыс ханының ұрпағы – 
қазақтың мақтаныш тұтар пассионат тұлғалары 
жетерлік.  Сол  тұлғалар  бүгінгі  ұрпаққа  дұрыс 
дәріптелуі керек. Кеңестік кезең Шыңғыс ханды 
жауыз, Алаш ардақтыларын жау деп оқытты. Енді 
аттың  жүгені  қолымызға  тигенде,  егеменді  ел 
атанып отырғанда, жоғалтқанымызды қайтарып, 
барымызды  жоғалпайық.  Туған  тілімізде  ең 
болмағанда бір тәулік сөйлейтін телеарна сұрап 
едік, шүкір, үш телеарна ашылғалы жатыр. Тек 
сапалы, саналы болғай. Сол арналардан ұлттық 
құндылықтармыз: салт-дәстүр, дәстүрлі музыка, 
қолөнер, ұлттық мейрамдар,  айтыс, сөз өнеріміз 
туған тілімізде елімізге және әлемдегі шашырап 
жатқан қандастарымызға дейін  дәріптеліп жат-
са нұр үстіне нұр болар еді. Еліктегіш халықпыз 
ғой,  үлгі  тұтар  тұлғаларымызды  балаларға  ар-
нап анимациялық фильмдер, көпшілікке көркем 

100
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
фильмдер арқылы көрсетсек қанеки. Еділ патша, 
Томирис ханым, Түрік қағандары, Шыңғыс хан, 
Әмір Темір, Керей мен Жәнібек, Абылай, Есім, 
Қасым  хандар,  Төле,  Қазыбек,  Әйтеке  билер, 
Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек батырлар, Ақан 
сері,  Біржан  салдар,  Жиренше,  Асан  Қайғы, 
Бөлтірік  шешендер,  Кенесеры,  Исатай,  Сырым 
батырлар,  Махамбет,  Абай,  Шәкәрім  сынды 
ақындар,  Алаш  ардақтылары  жайлы  деректер 
жетерлік,  тек  соны  қалың  қауымға,  еңбектеген 
сәби  мен  еңкейген  кәріге  дейін  арнайы 
анимациялық және деректі фильмдер түсіріліп, 
оны  әлгі  арналардан  дәріптеуіміз  –  біздің  бас-
ты  мақсат.  Мұндай  өнімдерді  дүниеге  әкелуге 
қазақ  киносының  қайнар  бұлағына  айналған 
«Қазақфильмнің»  қайраты  да,  қаражаты  да 
жетерлік, тек ниет болғай. Сонда жас ұрпақ ба-
тыр,  данышпан  ата-бабаларына  еліктеп  өседі, 
өзін  тектілікке  баулиды,  ұсақтыққа,  қиянатқа 
бармайды,    елінің  шын  жанашыры,  ажырамас 
бөлігіне айналады. 
Ұлттық тәрбиені жанұядан, балабақша, мек-
тептен бастаған абзал. Алаш азаматтары медре-
седе оқып, арабша хат таныды, исламнан сусын-
дады. Көшет қалай егілсе, ағаш солай өседі. Сол 
себепті, балабақшада қыздар қара шашты қазақ 
қуыршағымен,  ұлдар  қамшы  ұстап,  ойыншық 
тұлпармен ойнаса немесе ешкімде кездеспейтін 
«ұлттық балабақшамыз» ата мен әженің тәлімін 
алса  (балабақшаға  берілген  балалар  ата-
аналарын қарттар үйіне өткізбесіне кім кепіл?!), 
жас нәрестеге әкесі «папа» дегізбей,  (Рим папа-
сын құрметіне «папа» делінген), шешесі «мама» 
дегізбесе,  баласын  «манежге»  салмай,  бесікке 
бөлесе, сәбиді тасбауыр, дүбара қылып шетелдің 
химия  сүтін  бергенше,  ана  сүтімен  емізсе  (ана 
сүтімен ана тілі де, ұлттық қасиет те бірге енеді), 
мектепке  дейін  мешітке  беріп,  намаз  үйретсе,  
мектеп оқулықтары қайта жаңартылып, атеистік 
деректер  алынып  тасталса,  тарих  оқулықтары 
жаңа  деректермен  толықтырылса,  әр  сынып 
оқулықтары  сол  санаттағы  оқушының  ойлау 
қабілетіне  сай  жасалса,    оқу  орындарында 
ұлттық мейрамдар, ұлт мақтанышына айналған 
тұлғаларымызды  еске  алу  кештері  көптеп  жа-
салса,  ұлттық  құндылықтарымыз  дәріптелетін 
арнайы  пән  дайындалып,  оқытылса  –  біздің 
арманымыздың, мақсатымыздың орындалғаны.
Біз, бұл күнгі жастар, қай саланы оқысақ та, 
ұлттық рухта тәлім алып, сол жинаған білім мен 
қайратымызды  тек  ұлтымыздың  мүддесі  үшін 
жұмсасақ,  өмір  көкпарындағы  өз  бәйгемізді 
алғанымыз!...
Биыл  Халық  Қаһарманы    Бауыржан 
Момышұлының  туғанына  100  жыл.  Осындай 
ұлтымыздың  пассионат  тұлғаларын  дәріптеп, 
болашақ ұрпаққа насихаттауымыз азаматтық па-
рызымыз. Бауыржан атамыздың ұлтшылдығын, 
батылдығын,  өжеттілігін,  тектілігін,  ірілігін, 
кісілігін өскелең ұрпақ біліп, еліктеп өсуі керек. 
Ұрпаққа  ұлттық  тәрбие  береміз  десек,  Бауыр-
жан  секілді  ұлттық  рухы  жоғары  азаматтарды 
жиі еске алып, жастардың жадында жаңғыртып 
тұрғанымыз  дұрыс.  207  рет  ұрысқа  шығып,  7 
рет  жарақат  алса  да  тайсалмайтын  қаһарман 
полковник Бауыржан Момышұлына арнауымды 
ұсынып отырмын:
Арыстанның айбатынан жаралған,
Жолбарыстың қайратынан нәр алған.
Қыран құстың тектілігін сіңіріп,
Қас тұлпардың намысымен оранған.
Абылай, Қабанбай мен Бөгенбайлар,
Кенесары, Махамбет, Исатайлар —
Тудырған батыр ұрпақ – сол кісі еді,
Батырлардың қазақтың  соңғысы еді.
Қаймықпастан турасын айтар шындықты,
Бұл күндері қайда екен ондай жан?!
Қара қылды қақ жарған әділетті —
Бұл қоғамға керек-ақ бір — Бауыржан!
Төріне басын Көкбөрінің іліп қойған,
Қазақтың батыры Бауыржан біліп қойғын.
Болса болсын,  Дарвин маймылдан деп,
«Мен – Көкбөрі ұрпағымын» деп айтқан ойын.
Ұлтыма нәсіп етсе батырдың қасиетін,
Ұлжанды боп, ескерсе өсиетін.
Өсіп шығар кішкене Бауыржандар —
Ұлты үшін арнаған ет-сүйегін.
Аңыз болған ерлігі шартарапқа,
Үлгі болар өр тұлға әр қазаққа.
Кітабы мен суреті тұру керек,
Тұратын әрбір қазақ  шаңырақта. 
Молда Момышұлы – батыр Бауыржан!
Дивизия, баталъон командирі – Бауыржан!
Әдебиетке 16 кітап әкелген,
Халықтың жазушысы – Бауыржан!

101
ҰЛТТЫҚ НАМЫС
Атағын алған жоқ — Кеңестік Батырдың да,
Бұйырған  жоқ,  егеменді  «Қаһармандық» 
атақтың да.
Халықтың  Қаһарманы  —  Момышұлы  Ба-
уыржан,
Осылай ұлт жадында, қазақтай халқың барда.
Батырдың ғасыр тойы келіп қапты,
Құдайға шүкір ұлты ұмытпапты.
Ескеріп халқы адал ұлын,
2011-ді —
«Бауыржан Момышұлы» жылы атапты!   
   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет