Майлықожа
12
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
С.Ж. Піралиев –
п.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры
Жетекші автор
М.А. Нуриев –
т.ғ.к., профессор, ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, Абай атындағы
КазҰПУ, Жаңартпа технологиялар және білім беру мазмұнын ҒЗИ-ның директоры
Р.К. Төлеубекова –
п.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ «Ұлттық тәрбие» кафедрасының
меңгерушісі
Л.К. Керимов –
п.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі
Қ. Бөлеев –
п.ғ.д., профессор, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының "Педагогика
және этнопедагогика" кафедрасының меңгерушісі
Ж.А. Сейсенбаева –
ф.ғ.к., Абай атындағы КазҰПУ, Жаңартпа технологиялар және білім беру
мазмұнын ҒЗИ-ның оқу үдерісін жетілдіру бөлімінің басшысы
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Пәнді білім беру процесіне жүйелі ендірудің негізі
«Ұлттық тәрбие» пәнін білім беру
жүйесіне ендірудің өзектілігі: Қазіргі жағдайда
жастарға ұлттық тәрбие беру өзекті мәселеге
айналуда. Себебі, еліміздің өркениеті мен эко-
номикасын тұрақтандыру, патриоттық сезімін
арттыру жолында ұлттық тәрбие көздерімен
сусындата білім беру қажеттігі туындап отыр.
Осы мәселені іске асыру үшін болашағымыздың
рухани дамуын дұрыс жолға қоя білуіміз керек.
Халқымыздың орасан зор адамгершілігімен,
үлкенге деген құрметімен, кішіге ізетімен,
қонақжайлылығымен,
ақыл-парасатымен,
көсемдігімен, шешендігімен, әділдігімен, өз
мүддесін ұлт мүддесімен ұштастыруымен,
ұлтжандылығымен,
көрегендігімен
ерек-
шеленетін салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын,
мол мәдени, рухани мұраларын сақтап, оны
заман өткен сайын еселеп жаңғырта түсетін
қырларын жастарға ұғындыра білім беруді
негіздеу қажеттігі айқындала түсуде.
Еліміздің тәуелсіздік алып, әлеуметтік-
экономикалық дамуы, ұлттық сананың қайта
жаңғыруы жағдайында ұлтымыздың сан
ғасырлар бойы жинақтаған тәлімдік тәжірибесін
бүкіладамзаттық құндылық тұрғысынан са-
ралап, қазіргі жастар тәрбиесінде пайдалана
білу қажеттілігі туындауда. Ұлттық тәрбиені
білім беру үрдісіне ендіру бүгінгі таңда өзіндік
ерекшеліктерімен айшықталары анық. Бұл жол-
да біз ұлттық құндылықтарды, мәдениетті, та-
рих, дәстүрімізді бүгінгі күнмен сабақтастыра
өзге халықтарға таныту ол пәннің ғылыми
мағынасын тереңдете түседі. Жастарға оқыту
процесінде ұлттық тәрбие негізінде құрылған
білім мен икемділік жүйесінен нәр алып, ұлтқа
тән іс-әрекет түрлерін меңгерту және ұлттық
тұрпаттық қадір-қасиетті таныту өз еліне де-
ген сүйіспеншілігін оята отырып, өзге ұлт
өкілдерінің тұрып жатқан жері мен елінің ұлттық
қасиеттеріне деген қызығушылығын тудырар
бірден бір жол.
Осыған орай, Абай атындағы Қазақ Ұлттық
педагогикалық
университетінде
жастар
тәрбиесінің тиімділігін арттыруға негізделген
“Ұлттық тәрбие ” атты жаңа пәнін түзуді ғылыми
тұрғыда негіздеу және оны оқу үрдісіне ендіру
мәселесі қолға алынды.
Ұлттық тәрбиені жеке пән ретінде
құрудың негізгі тұғырлары мен қағидаларын
белгілеуде, базалық білім мазмұнын таңдап,
оны түзуде ғұлама-ғалым, ойшылдарымыз:
Жүсіп Баласағұни, әл-Фараби, А.Яссауи,
Абай, Шәкәрім, Мағжан, Ахмет, Жүсіпбек,
Міржақып және т.б.еңбектері мен қазіргі тәрбие
мәселесімен айналысып жүрген ғалымдарымыз:
А.Айталы, С.Қирабаев, Ғ.Есім, Қ.Б.Жарықбаев,
13
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
К.Қ.Құнантаева, С.Қ. Қалиев, Қ.Бөлеев,
С.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, Ә.Табылдиев,
Ш.Таубаева, І.П.Халитова, Ш.И.Джанұзақова
және т.б. еңбектері басшылыққа алынды. Бүгінгі
таңда білім беру үрдісіне ұлттық тәрбиелік
білім беру негізін жүйелі түрде оқу үрдістеріне
ендіру мақсатында С. Пралиев, Л. Керимов,
Р. Төлеубекова, М. Нуриев, К. Нарибаев, Ж. Сей-
сенбаева, К. Аганина сынды ғалымдарымыз
жұмыстар атқаруда. Университеттің жанынан
ашылған Жаңартпа технологиялар және білім
беру мазмұнын Ғылыми Зерттеу институ-
ты мен «Ұлттық тәрбие» кафедрасы ғылыми
қызметкерлерінің қатысуымен «Ұлттық тәр-
бие» пәнінің тұжырымдамасы, типтік оқу
бағдарламасы дайындалды. Білім стандарты, оқу
бағдарламасы, лекциялар курсы дайындалуда.
«Ұлттық тәрбие» пәнінің мазмұнын
негіздейтін ортағасыр ғұламаларының ой-
пікірлері, көзқарастары, ұлтымыздың тілін,
дінін, ділін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын
дәріптейтін
қазақ
ағартушыларының,
зиялыларының
шығармалары,
ақын-
жыраулардың өлең-жырлары, тәрбиелік ойын
түрлері, би-шешендердің даналық сөздері, ба-
тыр халқымыздың елін-жерін жаудан қорғаған
ерлік-өнегелері ғылыми тұрғыда сараланып,
талданып, заман талабына сай жүйелену
жұмыстары жүргізілуде. Сонымен, «Ұлттық
тәрбие» – жеке тұлғаның тілін құрметтеуге,
дінін қастерлеуге, ділін қалыптастыруға,
әдет-ғұрып, салт-дәстүрге бейімдеуге, ұлттық
құндылық қасиеттерін үйренуге, бүгінгі күн
талабындағы жетістіктерді нақты жағдайда
пайдалануға үйрететін пән.
«Ұлттық тәрбие» пәнiнің мақсаты
– ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық
мүдденің өркендеуіне өз үлесін қоса алатын,
ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық
құндылықтарды ұштастыра алатын толық
кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Егер
халық педагогикасындағы ұлттық тәлiм-тәрбие
берудің ғылыми педагогикалық негіздері
айқындалса, онда оқушы-жастардың ұлттық
сана-сезімі жетіліп, тұлғалық қасиеттері жан-
жақты дамиды, өйткені оқушыларға әлемдік
құндылықтар мен ұлттық ерекшеліктерді
кіріктіре меңгертуге мүмкiндiк туғызылады.
«Ұлттық тәрбие» пәнiнің мiндеттерi:
өскелең ұрпақты қазақтың ұлттық
-
тәрбиесінің негiзгi ұғымдарымен, бiлiмдерiмен,
дүниетанымдық идеяларымен және әдiстерiмен
таныстыру;
өскелең ұрпаққа қазақтың тілін, тарихын,
-
дінін, ұлттық салт-дәстүрін, ұлттық мәдениетін,
әдет-ғұрпын таныстыра отырып, сана сезімін,
намысын,
мінез-құлқын,
дүниетанымын
қалыптастыру;
өскелең
ұрпағымызда
қазақтың
-
ұлттық құндылықтары негізінде әлеуметтiк-
психологиялық,
құқықтық-экономикалық
және логикалық ойлауды дамытудың қажеттi
дағдылары мен шеберлiгiн меңгеруді, дұрыс
және шешен сөйлеудi, қоғамдық ортада өзiн-өзi
ұстай бiлудi, бәсекеге қабілетті құзыреттілікті
қалыптастыру;
жат қылықтардан сақ бола отырып, жан
-
сұлулығы мен тән сұлулығын ұштастыра білу
және оны дамыту;
қоғам мен табиғат ресурстарын адам
-
игілігіне ұқыпты, ұтымды пайдалануға бейімдеу,
ұлттық құндылықтарды жалпыадамзаттық
құндылықтармен ұштастыру;
қазақ халқының терең де, мәнді тәрбиесін
-
басқа ұлт өкілдеріне насихаттай отырып,
ұлтаралық қарым-қатынасты жетілдіру.
«Ұлттық тәрбие» пәні білім мазмұнының
негізгі мазмұндық желілері ұлттық тәрбиенің
негізгі діңгектері - ұлттық сана, ұлттық тіл,
ұлттық мәдениет, ұлттық діл, ұлттық салт-дәстүр
мен әдет-ғұрып категорияларына сүйенеді.
«Ұлттық тәрбие» пәні білім мазмұнын іріктеуде
дәстүрлі классикалық педагогикадағы тәрбие
бағыттарын толық қамту ескерілді.
Ерекше назар аударатын мәселелер ретінде
қазақ халқының ұлттық ойындарының, мақал-
мәтелдерінің, өсиет сөздерін, тәрбиелік мәні,
туыстық қатынастары, жеті ата түсінігінің
тәрбиелік мәні, қыз тәрбиесі, ұл тәрбиесі, келін
тәрбиесі, ер азамат тәрбиесі, отбасы мүшелерінің
өзара қарым-қатынасын реттеудегі ұлттық
тәрбиенің ролі, қазақ халқына тән әдет-ғұрып,
салт-дәстүрлері, қазақ халқының адамгершілік
құндылықтары, ұлттық тәрбие берудегі діннің
алатын орны, тақырыптары белгіленген.
Қазіргі жастардың әлеуметтік-тұлғалық
мәселелері ретінде жас ерекшеліктеріне бай-
ланысты ұлттық тәрбиенің мазмұндық сипа-
ты, салауатты өмір сүру салты, адамгершілік
тәрбиелілігі, сонымен қатар, жастар арасындағы
жат қылықтар (шылым шегу, нашақорлық,
жезөкшелік,
маскүнемдік,
бұзақылық,
14
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
қылмыстық әрекет) және жастардың әлеуметтік
қалыптасуында діннің ықпалы жайында
тақырыптар ұсынылған.
Халқымыздың ұлы ғұламалары мен
ойшылдарының еңбектеріндегі тәрбие көрінісі,
мәдени мұра нысандары, халқымыздың ұлағат
сөздерінің тәрбиелік мәні және қазіргі мәдениет
және бұқаралық ақпарат құралдарының
ұлттық тәрбие берудегі ролі тақырыптары да
қамтылады.
Сонымен
қатар,
Қазақстандағы
ұлт
саясатының қалыптасуы, дамуы және оның зия-
лы азамат қалыптасуындағы ролі тақырыптары
да қарастырылған.
«Ұлттық тәрбие» пәнін оқыту кезеңдері.
Ұлттық тәрбие пәнін ЖОО-да оқыту
экспериментті Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінде жүріп жа-
тыр. Жалпы, ұлттық тәрбие негізінен отба-
сы, балабақша, мектеп қабырғасынан баста-
лып, кәсіптік техникалық білім беру, ЖОО-да
жалғасын табу керек деген пікірге сүйене оты-
рып, ұлттық тәрбиені үздіксіз білім беру жүйесіне
ендіру мәселесіне байланысты ғылыми-ізденіс
жұмыстары жүргізілуде.
«Ұлттық тәрбие» пәнін оқытуды
жүзеге асыру механизмі ретінде
төмендегілер ұсынылады:
Ата-аналарды отбасында балаларға
1.
ұлттық тәрбие беруге дайындау.
«Ұлттық тәрбие» пәнінің мектепте
2.
оқытылуы: «Ұлттық тәрбие» пәні мектептің
1-12 сыныптарында аптасына 1 сағат – міндетті
пән ретінде оқытылуы қажет. Ал, ЖОО–да 4
кредиттік пән ретінде жүргізілу ұсынылады.
«Ұлттық тәрбие» пәнінің білім мазмұны:
«Ұлттық тәрбие» пәнінің білім мазмұны
кіріктірілген
/интеграцияланған/
пәндер
мазмұнынан, әр сынып оқушыларының
психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне
сәйкес құрылады. /Қазақ тілі, әдеп, тарих, өзін-
өзі тану, музыка, сурет, денешынықтыру, мате-
матика, биология, химия, физика, астрономия,
қоғамтану т.б. пәндер мазмұнының кіріктірілуі/.
«Ұлттық тәрбие» пәнінен сабақ
3.
өткізуші мамандар: «Ұлттық тәрбие» пәнін
ұлттық тәрбие жұмысын ұйымдастырушы
мамандығын игергендер немесе мамандықты
жетілдіру курстарында арнайы дайындықтан
өткен мамандар бере алады.
«Ұлттық тәрбие» пәнін өткізу фор
4.
малары: әр сыныптағы пәндер сабақтары, сы-
ныптан тыс жұмыстар, мектептегі мерекелік іс-
шаралар, тәрбиелік бағыттағы видеофильмдер,
қойылымдар мен әдеби шығармаларды талдау,
диспуттар мен жарыстар өткізу, тәрбиелік мәні
бар тарихи орындарға саяхат жасау т.б.
«Ұлттық тәрбие» пәнін өткізу
5.
құралдары: «Ұлттық тәрбие» пәнінің оқу құралы
мен оқу-әдістемелік құралдары, хрестоматия-
лар, мерзімдік басылымдар, тәрбиелік мәні бар
көркем шығармалар мен арнайы тақырыптар
бойынша тәрбиелік мақсаттағы кино-видео
фильмдер, тарихи-мұра материалдары т.б.
«Ұлттық тәрбие» пәнін ендірумен қатар
осы пәнді мектепте, жоғары оқу орындарын-
да оқытушы маман дайындау мәселесіне
қатысты пікірлер айтылып, «Ұлттық тәрбие
жұмысын ұйымдастырушы» мамандығын
ашу жөнінде ұсыныс жасалды. Бұл ұсыныс та
мамандардан қолдау тауып, осы мамандықтың
типтік оқу жоспарының жобасы дайындалды.
Типтік оқу жоспарының 32 кредитке есептелген
жалпы білім беру пәндері педагогикаға қатысты
мамандықтар жоспарына сәйкес келеді. Бұнда
10 кредиттің көлемінде таңдаулы пәндерге орын
берілген. Ал 64 кредитке есептелген «Ұлттық
тәрбие» базалық пәндер ретінде: Ұлттық тәрбие
жұмысын ұйымдастырушы мамандығына
кіріспе; Жалпы педагогика негіздері; Жал-
пы психология негіздері; Тәрбие теориясы;
Әлеуметтік педагогика; Этнопедагогика; Этноп-
сихология; Мәдениеттану; Әдептану; Абайтану;
Қоғамтану; Педагогикалық менеджмент; Тәрбие
жұмысының технологиясы пәндері ұсынылады.
Бұнда 22 кредит көлеміндегі таңдаулы пәндер
ұсынылады. Ал 32 кредитке есептелген
кәсіптендіру пәндері ретінде: Қазақтың ұлттық
тәрбие негіздері; Ұлттық идеология; Ұлттық пси-
хология; Қазақтың отбасы тәрбиесі; Қазақтың
ұлттық құндылықтары: салт-дәстүр, әдет-ғұрып,
мәдени мұра; Ұлттық тәрбиені оқыту әдістемесі;
Шешендік өнер пәндері ұсынылады. Бұнда да 10
кредит таңдаулы пәндерге арналған. Ұсынылған
бағдарлама ғалымдарға талқыға ұсынылды.
Ұлттық тәрбие беруді ғылыми-әдістемелік
қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда ұлттық
тәрбие мәселесімен айналысып жүрген ғалым-
тәлімгерлердің жетекшілігімен авторлар ұжымы
дайындайтын оқу құралдары төмендегіше
белгіленді: Ұлттық тәрбие негіздері; Ұлттық
15
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
тәрбие әдіснамасы; Ұлттық тәрбие философия-
сы; Ұлттық тәрбиенің тарихи аспектілері; Ұлттық
тәрбиенің экономикалық және экологиялық
аспектілері; Қазақ әдебиетіндегі ұлттық тәрбие;
Ұлттық тәрбиедегі салауатты өмір салты; Ұлттық
тәрбиенің психологиялық аспектілері; Қазақ
халқының отбасы тәрбиесі.
Күтілетін нәтиже. Ұлттық тәрбиенің жеке
пән ретінде құрылып, оқу-тәрбие үрдісіне
енгізілуі өскелең ұрпақтың барлығы дерлік қазақ
ұлтының тәлім-тәрбиесінің нәрімен сусындаған,
заман талабына сай азамат болып тәрбиеленуіне
мол мүмкіндік туғызады.
Келесі бөлімдерде ұлттық тәрбиенің мазмұны
білім беру жүйесінің әрбір сатыларына жеке-
жеке бөлініп берілген.
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ
МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Ана тілі
1.1
/ Тіл – тәрбие құралы/
Ұлттың ең бірінші қасиетті сипаты – Ана
тілі.
Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
«Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!» – деп,
ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай
тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол
достықтың кілті, ынтымақтастықтың баста-
уы, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны,
әрі ары. «Тіл тағдыры – ел тағдыры». Өз ана
тілін көзінің қарашығындай қорғауға, орынсыз
шұбарлануына қарсы тұру әр адамның міндеті.
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен
де, болашағынан да қол үзеді.
Ойнайық та, ойлайық!
1.2
/Қазақтың
ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні/
Баланың бірінші әрекеті – ойын. Ойын –
адамның өмірге қадам басардағы алғашқы ады-
мы.
Ойын – ақыл-ойды кеңейтетін, тілді
ұстартатын, сөздік қорды байытатын, өмірді
танытатын, сезімді кеңейтетін, ерік және мінез
қасиеттерін бекітетін, адамгершілік сапа-
ны жетілдіретін, ұжымдық сезім әрекеттерді
өсіретін, еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын ше-
шуге мүмкіндік беретін, дене күшінің жетілуіне
көмектесетін тәрбие құралы.
Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі –
халықтың ұлттық ойындары. Қазақтың ұлттық
ойындары үш топқа бөлінеді, бірінші топқа,
өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі
бала «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке,
қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек»
т.б. ойындарын ойнайды. Ойын арқылы баланың
бойында
ұйымдастырушылық
қасиеттері,
тапқырлық, шыдамдылық, белсенділік, есте
сақтау қабілеттері, зейіні, тілі дамиды.
Ойын жүйелері:
мазмұнды бейнелі ойындар: /
-
отбасы,
балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал
фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір
жол, теңізшілер/;
қимыл қозғалыс ойындары:
-
/«ақ се
рек, көк серек», «ұштыұшты», «аңшылар»,
«сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар»,
«бақташы мен қозылар», «соқыр теке», «мысық
пен тышқан»/;
дидактикалық ойындар:
-
/заттардың
түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында,
орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке
келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр,
дәл тауып айт, т.б/;
рөлді-сюжетті
ойындар:
-
/ертегі,
әңгімелерді ролдерге бөле отырып орындау,
сахналық көрініс көрсет/.
Қызықты қойылымдар
1.3
/ тәрбиелік
мәні бар саздысахналы көріністер, қуыршақ
театры/
Өнер – мектеп жасына дейінгі балалардың
психикалық қалпын, ой-өрісін, мінез-құлқын
орнықтырудың басты құралдары. Балабақшада
өнерді дамыту бағыттары:
1. сазды-сахналық (музыкалық) қойылымдар
2. қуыршақ театры
Балалардың
шығармашылық
қабілет-
дарынын дамытып, оны қоршаған ортаның
ерекшеліктеріне орай бейімдеп, сонымен тығыз
байланыстыра отырып ұғындыру, өмірді
түсінуіне жағдай жасап, қиял-армандарын
жетілдіру. Қойылымның негізі қасиеттері
(адамгершілік, достық, кішіпейілдік, ерлік,
батылдық, адалдық, әділдік, шыншылдық).
Балалардың
кейіпкерлерге
еліктеуі.
Театрландырылған ойындар және олардың
тәрбиелік мәні.
1.4 Менің туыстарым
Ағайын-туыс деп бір рудан, тайпадан өсіп,
өрбіген ұрпақтар қауымы мен бірлігі. Жеті ата
туыстығының мәні. Отбасы – адамның жеке
басының алғашқы қалыптасуы, сыйластық,
16
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
жарастық орнаған орта, бала тәрбиесінің ең
алғашқы ұжымы. Ата-ана – отбасының негізгі
діңгегі, бастапқы дәнекері. Қазақ отбасындағы
ұрпақ жалғасы: ата, әке, бала. Ата – әкенің әкесі.
Жеті атадан санағанда үшінші ұрпақ. Ел-жұрт
« ақсақал» деп құрмет тұтатын қадірлі ел тұтқасы.
Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің
тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы.
Бала – әке-шешенің перзенті, ұрпағы, ата-ана
өмірінің жалғасы. Жыныс ерекшелігіне қарай
ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби,
бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім бо-
лып жіктеледі. Әже (әйел) –әкенің шешесі. Ел
іші, от басының бүтіндігін ойлайтын көптің
сыйлы анасы. Ана (әйел) – өзіңді өмірге әкеліп,
түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін берген аяулы
адамың. Аға «ер» – бір әке-шешеден туған не-
месе рулас ағайын-туыс жасы үлкен жігіт аға
деп аталады. Ағаның жөні де, жолы да үлкен
деп есептеледі. Іні «ер» – бірге туған ағайынды
адамдардың жасы кішісі. Апа (әйел) бірге туған
және туыстардың жасы үлкен қыздары, оның
інілері мен сіңлілері, келіндері үшін «апа» бола-
ды. Қарындас «әйел» ағайындылар ішінде жасы
кіші кыз, ағалар үшін қарындас болады. Сіңлі
(әйел) – бірге туған апалы қыздардың кішісі.
Жеңге (әйел) – ағаның әйелі. Жасы үлкендер
үшін «келін», кішілер үшін «жеңге» деп атала-
ды.
1.5 Сәлемдесу тәртібі. Кіммен қалай
сәлемдесу керек?
Сәлем – әдептілік белгісі. Сәлем беру –
адамға жақсылық, есендік, саулық тілеу белгісі.
Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның міндеті.
Сәлем беру тәртібі. Сәлемдесудің түрлері:
- Салем!
- Қалайсың?
- Қалай жағдай?
- Сәлеметсіз бе?
- Сәлеметте болыңыз!
- Аман-саусыз ба?
-Аман-сау болыңыз!
-Аман-есенсіз бе?
-Аман-есен болыңыз!
- Үй-ішіңіз аман ба?
- Ден-саулығыңыз қалай?
Түркі халықтарына ортақ:
- Ассалаумағалейкум!
- Уағалайкумассалам!
2. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ҰЛТТЫҚ
ТӘРБИЕ
2.1 Менің Отаным /Отанға деген
сүйіспеншілікті
тудыруға
бағытталған
тәрбиелік мәні бар туындылар/
1. «Отан-менің ата-анам, –
Отан-туған ауылым. –
Отан- өлкем, астанам. –
Отан -менің бауырым» өлең жолдарының
мән-мағынасы.
2. Казақстан Республикасының рәміздері:
Ту. Елтаңба. Гимн.
3. Елімнің тұңғыш президенті. Ел ордасы
- Астана.
2.2 Кел балалар, оқылық!
«Білім» – адамзат тіршілігінің барысында
жинақталған әлеуметтік тәжірибе. Білім – адам
өмірінің шамшырағы. Білім және оның маңызы.
Адам өмірінде білімнің орны. Білім беру
негіздері.
«Білімді мыңды жығады, білімсіз бірді
жығады» мақалының мәні.
2.3 Ана тілің – арың бұл / қазақ тілі, сөйлеу
әдебі/.
Тіл – халықтың тарихы мен тағдыры,
тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы.
Халықтың аса бай рухани қазынасы – туған ана
тілі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Ана тілінің
мәні мен мазмұны.
2.4 Ұжымдық қатынас.
Мектеп ережесі. Оқушылардың тәртіп сақтау
ережесі, олардың сабаққа дейінгі, сабақтан
кейінгі және үзіліс кезіндегі өзін-өзі ұстауы.
Оқушының сыртқы көрінісі.
Оқушы өмірінің
табиғи ритмі. Күн тәртібін қалыптастыру
негіздері. Қарым-қатынас әдебі.
2.5 Шынықсаң, шымыр боласың /
денсаулықты нығайтуға негізделген қазақтың
ойындары/
Баланы өсіріп, тәрбиелеудегі маңызды шарт-
тар: шынықтыру, белсенді қозғалуына ықпал ету,
дене тәрбиесі, жасына сай физиологиялық дұрыс
күн тәртібі, тиімді тамақтану. Анатомиялық-
физиологиялық ерекшеліктер. Шынықтыру
жүйелері: ауамен шынықтыру, таңертеңгілік
жаттығу, таза ауамен тыныстап ұйықтау.
Күнделікті өмірдегі шынықтыру элементтері.
Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі рөлі.
Достарыңызбен бөлісу: |