Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,78 Mb.
#7864
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Қолданылған әдебиет:

1. Дәмирчизадә Ә.М. «Китаби-дәдә Горзуд» дастандарының дили Бақы. – 1862. – 17 бет

2. Баласағұни Ж. Құтты білік. Жазушы, 1986. 64-72 б.

3. Құнанбаев А. І, ІІ том. Жазушы, 1968. 

4. Аймауытов Ж. Психология. Алматы: Рауан, 1995. – 352 б.

Резюме

В статье рассматривается парадигма национальное воспитании. 

Summary

This article discusses the paradigm of national education.

ТАРИХИ РОМАННЫҢ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ МАҢЫЗЫ

(«Аласапыран» романы негізінде)



Құрманғали А.К. – 

педагогика ғылымдарының магистрі,

жауапты хатшы,

Абай атындағы ҚазҰПУ

Гизатова Р.Г. - 

№ 12  мектеп оқытушысы

Білім беру аясында болып жатқан оңтайлы 

өзгерістер  қоғамның  жастар  тәрбиесі  үшін 

жауапкершілігі  терең  екені  белгілі.  Бүгінгі 

таңда  оқу-тәрбие  үрдісінің  тиімділігін 

арттыру  үшін  оқу  процесінде  барлық 

мүмкіндіктер  мен  ресурстарды  пайдалану 

көзделінеді.  Еліміз  өзінің  егемендігін 

алып,  дербес  мемлекет  мәртебесіне  ие 

болып  отырған  шақта,  әлемдік  деңгейде 

қазақ  халқын  көрсету  үшін  оның  ұлттық 

болмысын  көрсететін  бай  мұраларын, 

рухани  дүниелерін  таныту  керектігін 

аңғартады. Кез келген халықтың сарқылмас 

ұлттық мәдени мұрасын танытатын ұлттық 

тілі, көркемсөз өнері екені белгілі. Осы ретте 

Ғ.Мүсірепов  былай  дейді:  «Қай  халықтың 

болса  да  қоғамдық  өсу-өркендеу  жолында 

көтеріле алған биігі мәңгі болып ана тілінде 

сақталып отырады. Қай халықтың болса да 

ақыл-ой тереңдігі, сана-сезім сергектігі көп 

салалармен  тармақтала-молыға  келіп,  тағы 

да  сол  ана  тілінің  алтын  қорына  қосыла 

береді.  Қай  халықтың  болса  да  басынан 

өткен  дәуірлері,  қилы-қилы  кезеңдері  ана 

тілінде  із  қалдырмай  өте  алмайды.  Ана 

тілі  дегеніміз  –  сол  тілді  жасаған,  жасап 

келе  жатқан  халықтың  баяғысын  да, 



бүгінгісін  де,  болашағын  да  танытаны,  сол 

93

92

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТ

халықтың  мәңгілігінің  мәңгілік  мәселесі». 

Ғ.Мүсіреповтың  бұлай  дейтіні,  яғни  төл 

тарихымыздың,  мәдени  дамуымыздың 

көшін жалғастырған тарихи туынды екенін 

аң ғарту. 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақ-

стан  –  2030»  халыққа  жол дауында  бы-

лай  деп  жазылған:  «Толық  өркениетті  ел 

болу  үшін  алдымен  өз  мәдениетімізді,  өз 



тарихымызды  бойымызға  сіңіріп,  содан 

кейін  өзге  дүниені  игеруге  ұмтылғанымыз 

жөн». 

Жас буын өткен тарихынан хабардар 



болу  дегеніміз  ұлттық  құндылықтарды 

бойына  сіңіру.  Сондықтан,  сөз  өнерінің 

қадір-қасиетін  биікке  көтеріп,  қастерлей 

отырып,  оның  жетілу,  даму,  толығу,  баю 

процесін  жан-жақты  зерттеп,  жас  ұрпақ 

санасына жеткізу бүгінгі өмір талаптарының 

бірі  деп  есептеуіміз  керек.  Оқырманын 

ойлантып,  толғандырып,  санасын  сәуле-

лендіретін  көркем  әдебиет  тілінің  орны 

айрықша  екені  сөзсіз  және  оның  тәлім-

тәрбиеде танытқыштық мәні аса зор. Көркем 

шығарманың  эстетикалық  деңгейі  жоғары, 

айтар  идеясы  айқын,  терең  мазмұндылығы 

оқырманға сөз құдіреті арқылы жетеді. Сөз 

құдіреті  арқылы  суреткер  тілінің  әсемдігі, 

көркемдігі,  тілдік  құралдар  мен  тәсілдерді 

орнымен  жұмсап,  сөз  қазынасын  молынан 

пайдаланып,  сөздерді  қиыстырудағы  ұт-

қыр лығы,  шеберлігі,  даралығы,  өзіндік 

жаңалығы танылады.

Көркем  әдебиет  өнері  өзінің  төл 

тарихымен тамырлас бағалы шығармалардан 

кенде емес. Өткен тарихымыз бүгінгі күннің 

айнасы.  Тарихи  шығарма  бүгінгі  күні 

еліміздің өткен тарихынан сыр шертер құнды 

әдеби  мұраларымыз  қатарында.  Осындай 

көркем әдебиеттің арқасына әр халық өзінің 

өткен  тарихымен  таныса  алады.  Осыған 

қарасақ,  тарихи  роман  жанры  бұл  тұрғыда 

үлкен роль атқаратыны айдан анық. 

Академик  З.Қабдоловтың  «Сөз  өнері» 

еңбегіне  үңілсек,  онда  «Әдебиет  -  ақиқат 

өмірдің  сырлы  суреті,  халықтың  көркем 

тарихы» [1,20], - деген тұжырымына сай осы 

көркемсөз өнерін түбегейлі зерделесек, онда 

тарихи романдар – сол дәуірдің бет-бейнесін, 

сол  уақыттың  ақиқатын,  сол  уақыттағы 

елдің  шерлі  шежіресін  шынайы  суретке 

айналдырған  әдебиеттің  көлемді  жанры. 

Тарихи  шығармаларда  жеке  адам  өмірі 

халық тарихымен, сол дәуір көшімен тығыз 

байланыста  көрсетіледі.  Сол  дәуір  тұрмыс-

тіршілігі,  елдігі  мен  ерлігі,  парасаттылығы 

шынайылықпен  бейнеленеді.  Сан  түр-

лі  қауым,  сан  түрлі  образдар  сыры 

ашылады.  Сол  суреттеліп  отырған  тарихи 

кезеңнің  негізгі  қасиеттері  бойларына 

сіңген  тұлғалы  жандар  бейнеленеді.  Сол 

көркем  кейіпкерлердің  ой-сезім,  күйзеліс, 

толғаныстары  арқылы  күрес  арнасында 

сол  дәуірдің  небір  сырлары  баяндалады. 

Тарихи  туынды  жазуда  құжат  дерегі  де,  ел 

аузындағы  әңгіме  де,  көркем  қиял  да  көп 

қызмет  атқарады.  Бірақ  тарихи  шындыққа 

үлкен жауапкершілікпен қарайтын суреткер 

қиялдан гөрі дерекке көбірек назар аударары 

сөзсіз. 

Әр кезеңнің оқырманы бүгінгі күн немесе 

бүгінгі  заман  шындығы  мен  бергі  тарихи 

тақырыптарды  ғана  емес,  бұдан  жүздеген, 

мыңдаған жылдар бұрынғы шынайы өмірді 

қажетсінеді.

Р.Бердібай пікіріне көңіл аударсақ, ғалым 

бұл  тұрғыда:  «Тарихи  роман  халықтың 

бұрынғысы  мен  бүгінгісінің  жанды 

байланысын  көркем  бейнелер  арқылы 

ашады. Мұндай шығармалардың тәрбиелік, 

танытқыштық  мәні  үлкен.  Олардан  ха-

лық  өмірінің  өткені  мен  қазіргісінің 

арасында  қаншалық  айырма  бар  екенін, 

ілгерілеуіміздің  сипатын  ұғамыз»,  -  деген. 

Тарихи  роман  төл  тарихымыздың,  мәдени 

дамуымыздың  көшін  жалғастырған,  өткен 

мен бүгіннің арасына дәнекер болып, қазақ 

ұлтының  арман-мұратын  болашақ  ұрпаққа 

жеткізуші  рухани  қазынамыз  қатарында. 

Тарихи романның ерекшелігін анықтаудағы 

басты  нәрсе  ойдан  шығару  мен  деректің 

қатынасы  деп  қана  есептемей,  жазушының 

жеке стилінің ерекшелігіне де назар аудару 

қажет.  Жазушы  тарихи  тақырыпты  қолға 

алғанда,  ойдан  шығаруға,  қиялға  берілуге, 

ғылымға  белгілі  мәліметтің  ізінен  қалмай 

қуалаудан  бас  тартуға  құқы  бар.  Тарихи 

роман  тәрбиелік,  эстетикалық  мәнімен, 

сонымен  қатар  оқырманның  танымдық  ой-

өрісін  кеңейтуге,  тіл  байлығын  дамытуға 

үлкен  ықпал  етеді.  Тәрбиеленуші  оқырман 

сонау өткен заман туралы шындықты көбіне 

тарихи  оқулықтардан  ғана  емес,  солардың 

көпшілігі  көркем  әдебиет  яғни,  тарихи 

романдар арқылы танып біледі. Жалпы өткен 

тарихымызға  зер  салсақ,  қазақтың  және 

көршілес  елдердің  тұтас  тағдыр-тарихы 

қанды қырғындармен, шайқастармен өткені 

бірден  байқалады.  Олар  отаршылдықтың 

зауалын,  қырғын  мен  қуғын-сүргіндердің, 

қасіреттің  небірін  бастан  кешіргендігін 

көреміз. Сол шерлі шежіре олардың көркем 

әдебиетінде шынайы көрініс тапты. Олар – 

тарихи романдар.

Бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінде, жалпы 

жеке  тұлғаның  интеллектуалды  дамуында 

тарихи прозалық жанрлармен дұрыс жұмыс 

істей  білудің  маңызы  аса  зор.  Жастық  шақ 

–  бала  бойына  адамгершіліктің  негізін 

қалайтын  кез,  яғни  ол  мектеп  қабырғасы. 

Еліміздің тұғырын биікке көтеріп, туын көке 

желбіретіп  ұстау  болашақ  жастар  қолында. 

Осы  жастарымыз  интеллектуалды,  жан-

жақты  дамуы  үшін  тарихи  романдарды 

оқыта  отырып,  оларды  талдап,  жас 

ұрпақтың  бойында  патриоттық  сезімдерін 

қалыптастырудың рөлі ерекше. Осы тарихи 

романдар  арқылы  жеке  тұлғаны  Отанын, 

туған  жерін  құрметтеп,  дара  тұтатын 

азамат  етіп  тәрбиелеу  бүгінгі  күннің  өзекті 

мәселесі.  Осы  ретте  Мұхтар  Мағауиннің 

«Аласапыран»  романын  алайық.  Роман 

тарихилығы  және  деректілігі  шынайы 

шығарма.  Бұл  туындыны  бір  сөзбен  ғана 

айтсақ – көне мұра, ұлт мәдениеті, болашақ 

бағдар. 

Романды оқыта отырып баланың ой өрісін, 

тіл байлығын дамытамыз, ондағы оқиғалар 

арқылы жаман мен жақсыны ажыратқызамыз, 

жақсы  кейіпкерлер  арқылы  жақсылыққа 

үндейміз,  жаман  кейіпкер  арқылы  одан 

жирентеміз.  Оқиғаның  тарихилығынан 

көне  мұраларды,  ұлтымыздың  мәдениетін 

танытамыз. Мәселен, досқа адал, дұшпанға 

айбар,  ағайын  жұртқа  мейірлі,  туған  елге 

қайыры  тиер  жігіт  қана  азамат  атануға 

тиіс.  Адам  үшін  ең  қымбат  нәрсе  -  Отаны. 

Осындай Отан деп соққан жаужүрек кейіпкер 

тұлғасы арқылы жас буын көкірегіне еліктеу 

туғызады. 

Біз  шығарманы  оқытпас  бұрын  оны 

жазған  жазушыны  танытамыз,  содан  кейін 

шығарманың  өзіне  көшеміз.  Шығарманы 

жазудағы  жазушының  шеберлігін,  оның 

тарихилығын  айтар  болсақ,  әлденеше  ға-

сырлық  тарихы  бар  көне  қазақ  әдебиетінің 

толыққанды  шежіресін  жасап  шығу  - 

болашақтың  ісі.  Ноғайлы,  Алтын  Орда 

дәуірінен бергі қазақ хандығының тарихын 

терең зерттеген Мұхтардың мол білімі аясы 

мен суреткерлік шеберлігі «Аласапыранда» 

жақсы  үйлесім  тапқан.  Романды  оқығанда 

көз  алдыңыздан  XVI  ғасырдағы  қазақтың 

азат даласы, Ібір-Сібірдегі Көшім хандығы, 

мұнаралы  Мәскеудегі  орыс  патшалығының 

ісі  ретімен  тізіліп  өтіп  жатады.  Сонымен 

қатар,  оны  оқығанда  ойыңа  оралатын  сан 

түрлі сұрақтарға жауап та табасың. Мәселен, 

Хан  ордасы  деген  не?  Хан  кім,  қалға  кім? 

Алаш  бегі,  ұлыс  бегі  деген  кімдер?  Би, 

сұлтан,  батыр,оғлан  дегендер  не  міндет 

атқарады?  Олардың  ішер  асы,  киер  киімі, 

асынған қару-жарағы қандай? Жазушы осы 

сұрақтардың  ешқайсысын  айналып  өтпей, 

белінен баспай, білгірлікпен дәл суреттейді. 

Сондай-ақ,  сол  дәуірдегі  Ресей  пат-

шалығының  ішкі  және  сыртқы  саясаты, 

таяу  болашақта  Шығыс  Еуропа  мен  жарты 

Азияның қожасына айналғалы тұрған елдің 

жан-жаққа  өлермендене  созған  көз  тоймас, 

ашқарақ қолы, Мәскеудегі тақ үшін тартыс, 

барлығы дерлік романда өз үйлесімін тапқан. 

Оны оқығанда адам баласының сүйсінерлігі 

соншама,  мол  материалды  қамтыған  кесек 

шығармадан  шұбалаңқылық,  не  оқиға 

желісінен  селкеулік  сезілмейді.  Себебі,  со-

ның  бәрі  де  бас  қаһарман  Ораз-Мұхамет 

тағдырына  қатысты  түрде,  негізгі  айтар 

желіге көгенделіп берілген. Осы негізгі бір 



95

94

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ

кейіпкердің  тұлғасымен  баланың  бойына 

оның  жақсы  қасиеттерін  еліктеу  арқылы 

бойына қондырамыз. Жалпы Ораз-Мұхамет 

бейнесі  өзінің  қайталанбас  трагедиялық 

болмысымен  оқушы  айнасында  өшпес  із 

қалдыратын, қазақ прозасында бұрын-соңды 

ұшыраспаған,  классикалық  деңгейдегі,  аса 

айшықты тұлға. Тағдырдың айдауымен жат 

ортада жүрген осы бір асыл текті азаматты 

жан  тартып,  жақсы  көріп  кететініз  сонша, 

роман  соңында  оның  қазасы  суреттелетін 

беттерді  көзге  жас  алмай,  тебіренбей  оқу 

мүмкін емес. 

Қарасақ қазақта :«Өткен уақыт үнсіз мүл-

гиді, келер уақыт баяу жылжиды, ал бүгінгі 

күн  құйындай  ұйтқиды»,  деген  қанатты 

сөз  бар.  Бұдан  аңғаратынымыз  білім-білік, 

ерік-жігер,  парасат  керектігін.  Отанның 

болашақ  азаматына:  «Тарихыңды  зерделе, 

аға  ұрпақтың  саған  деген  аманаты  –  ерлік, 

тәрбие  алар  сәтіңді  бос  жіберіп  алма»,  – 

деп тарихи туындыны оқытудағы күтілетін 

нәтижиеге көңіл аударсақ:

– оқырман батырмен бірге айқасқа, яғни 

майданға кіргендей болады;

– жеңіс қуанышы мен жеңіліс күйінішін 

бірге кешкендей болады;

–  жеңіске  жеткенде  бойын  мақтаныш 

сезім билегендей болады;

–  кейіпкермен  бірге  қиналып,  бірге 

қуанғандай әсер алады.

Тарихты зерделеу арқылы біз ұрпағымызға 

Отанымыз  бен  өз  халқымызға  шексіз  бе-

рілгендік,  қаһармандық  патриотизмнің  шы-

найы сабақтарын көреміз. 

Қорыта  айтсақ,  «Аласапыран»  романы 

қазақ  көркем  әдебиетіндегі  тарихи  шы-

ғармалардың  ең  сәтті  үлгілерінің  бірі  деп 

санауға  оның  көркемдік-шығармашылық 

сипатымен  қатар  тәрбиелік  мәнінің  ерек-

шелігін  байқадық.  Яғни  көркем  шы ғарма 

өмір  шындығын  дұрыс  тануымыз  үшін  де 

қажет екенін аңғарттық. Қазақ елі тарихының 

елеулі кезеңін зерттеп, дәуірді тірілттік.

Пайдаланылған әдебиет:

1. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Мектеп, 1976. – 374 б.



Резюме

В статье рассматривается роль исторического романа «Аласапыран» в воспитании.

Summary

The article examines the role of the historical novel “Alasapyran” in education.

АТА­АНАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОРНЫ

Құмар Жұмаханұлы – 

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру 

ғылыми-зерттеу институтының 

ғылыми қызметкері

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-

бап,  2-тармағында  “Балаларына  қамқорлық 

жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың 

табиғи  құқығы,  әрi  парызы”  делiнсе, 

“Қазақстан  –  2030”  бағдарламасында 

“Әке лер  мен  аналардың,  аталар  мен  әже-

лердiң  өз  балалары  мен  немерелерi  алдын-

дағы  жауапкершiлiгiн  күнделiктi  есте 

ұстауға  тиiспiз.  Бiз  өз  балаларымыз  бен 

немерелерiмiздi сонау алыс болашақта, олар 

бiздiң жасымызға жеткен кезде қандай күйде 

көргiмiз келедi...” делiнген. 

Ата-ана  ең  әуелі  баланың  тікелй  био-

логиялық жағынан өмірге әкелуші ғана емес, 

рухани  жақтан  негізгі  тірегі,  қорғаушысы, 

тәрбиелеушісі.  Бала  қашанда  ата-анасының 

қамқорлығына  зәру.  Баланың  болашақта 

қандай  адам  болуына  отбасындағы  жағдай 

тікелей әсер етеді. 

Балаға  дұрыс  тәрбие  беру  –  ата-ананың 

моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті. 

Бала  тәрбиесінде  отбасы  ықпалы  басқа 

тәрбиелік  ықпалдарға  қарағанда  ең  басым, 

өркениетті,  зайырлы,  құқықты  қоғамның 

азаматын  тәрбиелеуде  отбасы  мемлекеттің 

негізгі тірегі болып саналады.

Сәби  алғаш  жарық  дүниемен  қауыш-

қанда,  ата-анасының  мойынына  үлкен 

жауап кершілік  жүктеледі.  Ол  –  ұрпағана 

дұрыс  тәрбие  беру.  Бүгінгідей  жаһандану 

кезеңінде түрлі жат пыйғылдан қорғанудын 

ең тиімді жолы да осы – тәрбие мәселесі. Ал, 

бала  тәрбиесінің  қалыптасқанша  шешуші 

рөл атқаратын екі негізгі жауапты адам бар 

бірінші, ата-ана, екінші, ұстаз. Бұл мақалада 

ата-ананың  бала  тәрбиесіндегі  рөлі  туралы 

сөз етеміз. 

«Әкеге  қарап  ұл  өсер,  шешеге  қарап 

қыз  өсер»  деген  қазақтың  аталы  сөзінің 

астарына  қарап  көрсекте,  ата-ананың  бала 

тәрбиесіндегі орыны нақтылана түседі. Бұл 

енді теориялық тұрғыдан анық дәлелденген 

шындық. Сәби сәби кезінде әр нәрсеге сенгіш, 

еліктегіш, аңғал болып келеді, жылылықты, 

аялағанды, қамқорлықты қалап тұрады, бұл 

–  баланың  бойындағы  негізгі  ерекшелік. 

Бала  бала  кезінде  ешқашан  үлкен  адамдар 

сияқты  қуланып,  саясатқа  салмайды.  Кез-

келген  жағдайды  шынайы  қыбылдайды. 

Сондықтан барлық ата-ана осы мәселелерді 

ескергені жөн.

Ұрпаққа  дұрыс  тәрбие  беру  ешқандай 

материалдық  дүниемен,  басқамен  теңес-

тірілмейді.  Өлшеулі  уақытта  асқан  жауап-

кершілікпен  жұргізілетін  үдеріс.  Адам  тәр-

биесінің қалыптасуы бүгінде ана құрсағында 

қалыптаса  бастайтындығы  ғалымда  дә-

лелденді.  Отбасындағы  сыйластық,  құрмет, 

береке  бала  бойына  жақсы  мінездер 

қылыптастырады. Ал, керісінше отбасындағы 

дау-жаңжал,  түсінісбестік,  реніш  бала 

психологиясына  кері  әсер  етіп,  жаман 

мінездер қалыптастырады. Бала өмірге келіп 

есейе  бастағанда  қоғамның  тәрбиесін  ала 

бастайды,  көшеге,  төңірегіндегі  адамдарға 

қарап бой түзейді. Солай қалыптасқан мінез 

құлықтар  адамнын  бойында  өмір  бойы 

қалады,  ұлтымыз  мұндайда  «Етпен  біткен 

сүйекпен кетеді» деп жатады. 

Бабалар  даналығы  «Әкеге  қарап  ұл 

өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Әке көрген 

оқ  жонар,  шеше  көрген  тон  пішер»  деп 

жатады. Демек, бұл дегеніміз бала қашанда 

өзінің  ата-анасына  қарап  өседі,  соларға 

қарап  мінез-құлықтары  қалыптасады  деген 

сөз.  Адамдық  сана  материалдық  игілікке 

бағытталған  мынадай  аласапыран  қоғамда, 

ұлттың  қамын,  елдің  болашағын  ойлайтын 

ұрпақ  өсіру  бәріненде  маңызды.  Ел  аман, 

жұрт тыныш болса, бәрі өз орынына келер, 

экономикамыз  еселеніп,  тіршілігіміз  дөң-

геленер,  сол  кезде,  өз  отанымызда,  қазақ 

деген киелі атауды ұмытып, өзегінен жеріген 

ұрпақ көбейетін болса, одан артық қасырет 

болмас.


Бізді  қашанда  тура  жолға  салып 

отыратын,  адастырмайтын,  ол  –  данышпан 

бабаларымыздың  дуалы  аузынан  шыққан 

пәтуәлі  сөздер.  Мәселен.  Данышпан  Абай: 

«Бала  ата-анадан  туғанда  есті  болып 

тумайыды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, 

жақсы-жаманды  танидыдағы,  сондайдан 

көргені,  білгені  көп  болған  адам  бақытты 

болады...» деген еді, мұнда да ада баласының 

ақыл-есінің  өмірден,  ата-анасынан  алған 

тәрбиесі  арқылы  дамитындығы,  қалып-

тасатындығы айтылған.

Қазақтың  білгір  ұстазы,  ағартушысы 

Ы.Алтынсарин:  «Балға  берілетін  бірінші 

тәрбие ата-анасын, таған-туысын, жолдасын 

сыйлауға  үйретуден  басталады.  Себебі  ата-

анасын  сыйламаған  бала  жолдасына  да, 

қоғамға  да  пайда  келтіре  алмайды»  дейді. 

«Үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет»  қағидасын 

бірінші  кезекте    бала  бойына  дарыту  әрбір 

ата-анаға  жүктелетін  асыл  міндет,  сол 

құрметті  бала  өзінің  ата-анасына  деген 

құрметтен  бастаған  жағдайда  ғана,  ертең 


97

96

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

қоғамға,  мемлекетке,  ұлтқа  пайдасы  тиетін 

болады. 

Бала есейіп мектеп жасына келгенде ата-

ананың  мойынына  қосымша  педагог  болу 

міндеті жүктеледі. Әрбір баланың бойында 

болатын  айрықша  қасиеттерімен  жұмыс 

жүргізу  сынды  ар-намыс,  адамгершілік 

нор   маларына  келіп  тірелетін  жағдайлар 

мектепте үнемі ескеріле бермейді, мұндайда 

«Әкенің  балаға  сыншы  болу»  міндеті  ал-

ғашқы  кезекке  өтпесе,  бала  өмірінде  ке-

леңсіз жағдайлар орын алуы мүмкін. 

Осы орайда ұзақ жылдық тәжірибесі бар 

мұғалімдерден  ата-ананың  бала  алдындағы 

тәребиелік  міндеті  турасында  сұрап  көрген 

едік: 

Гүлбану  Жұмашқызы,  зейнеткер­ұс­

таз: 

Ата-ана  бала  тағдырына  тікелей  жауап 

беруші тұлға, ол адам болама, басқа болама, 

бәрі  отбасындағы  тәрбиеге  байланысты, 

балабақша,  мектеп,  ЖОО  балаға  негізінен 

білім  беретін  орын,  бұл  сөзімді,  аталған 

мекемелер  тәрбиеде  шаруасы  жоқ  деп 

түсінбеу  керек,  салыстырмалы  түрде  айт-

қанда мұндағы тәрбиені ата-ана тәр биесімен 

мүлдем  салыстыруға  келмейді.  Мәселен 

алып  қарайық,  имандылық,  діни  тәрбие 

мектепте  жалаң  түрде  айтылады,  себебі, 

біздің  Конситуцияда  дін  мен  мемлекет 

бөлінген, ал, діннің ішкі ирімдерін түсіндіру, 

сауатын  ашуды  ата-ана  қолға  алу  керек, 

Өкінішке  орай  бізде  тәрбие  міселесі  ақсап 

тұр,  ата-аналар  өз  ұрпағының  тағдырына 

деген  жауапкершілікті  сезінбейді  десем  де 

болады.

Айман Тұрсынқызы, ұстаз: 

Бүгінгі  күні  бала  емес,  ата-аналардың 

өз деріне  тәрбие  сағатын  ұйымдастыру 

ке рек,  баламен  қалай  жұмыс  жасау 

керек  тұрғысында.  Мектептегі  бұрынғы 

сыйласытық  дәстүрі  бұзылды.  Балалардың 

болымысын  тану  күрделеніп  бара  жатыр, 

ұстаз  бен  ата-ана  ақылдаса  отырып  ше-

шетін  жағдайлар  көп.  Атап  айтар  тағы 

бір  мәселе  бар,  ол  –  ұлттық  тәрбие.  Біз 

ұлттық  құндылықтарымызды  жоғалтқан 

елміз.  Қайта  оралту  үшін  қоғамда  үлкен 

насихаттық  жұмыстар  керек,  оны  сіңіруді 

балалардан  бастау  керек,  біз  үлкендер  тым 

«ақылдымыз»,  ескінің  қалдығы  деп,  қолды 

сілтей  саламыз,  сынағышпыз.  Мәселен, 

ұлт тық  салт-дәстүрлеріміздің  жұрт  аңғара 

бермейтін  өте  нәзік  эстетикалық  қырлары 

бар, балалардың ақыл-ойына оң әсер беретін, 

осыны ұғып жатқан кім бар?

Сайып  келгенде,  қоғамда  әдеп-инабат 

өлшемдерінің  терең  тамырланып,  кең 

жайылуында отбасының маңызы орасан зор. 

Әрбір  ұяның  қос  тіреуі  –  ерлі-зайыптылар 

өздеріне  қатысты  әдеп-адамгершілік  талап-

тарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз 

орындаса,  бүкіл  қоғамда,  елде  бейбіт  те 

берекелі  тұрмысқа  негіз  қаланбақ,  демек, 

ұрпақтарына  құтты  қоныс,  жайлы  болашақ 

қамтамасыз етілмек!

Жалпы  алғанда  ұлттың  тағдыры,  мем-

лекеттің  болашағы  ата-ананың  қолында. 

Ұрпақ оңалса, ұлт оңалады. Отбасында сый-

ластық салтанат құрса, ел берекелі болады. 

Ұлтты  тәрбие  беру  ұлттық  мұратымызға 

айналғанда  ғана,  қоғамның  келеңсіздігі 

өздігінен  шешілмек,  осының  бәрінің  қай-

нар  бұлағы  ата-ананың  қолында,  бұлақ 

лайланбаса ғана, еліміз сіз бен біз ойлағандай, 

«әлемді  аузына  қаратқан»  айбынды  елге 

айналарымыз хақ!

Резюме

В статье рассматривается роль родителей в воспитании детей.

Summary

The article examines the role of parents in the upbringing of children.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ­ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ 

Туксанбаева Г. Т. – 

№ 34 орта мектеп оқытушысы

Қарағанды қаласы 

Елімізде  білім  беру  жүйесіндегі  оң 

өзгерістер  көптеп  саналады.  Солардың 

қа тарына  жеке  тұлғаның  қасиеттерін, 

қабілеттерін  дамытып,  шығармашылығын, 

талантын  ұштаудағы  оқу-тәрбие  процесін 

ұйымдастыруды,  оқытудың  озық  техно-

логияларын  пайдалануды  жатқызуға  бо-

лады.  Оның  себептерінің  бірі  қазіргі 

таңда  ғылым  мен  техниканың  дамуына, 

технологиялық  ғылым  саласының  озық 

жетістіктерінің  өндіріске  көптеп  өзге-

рістер  енгізуіне  байланысты  мектепте 

шығармашылық тұлғаға тән білім мен білікті 

беру  қажеттігі  туындайды.  Өзгерістерді 

жүзеге  асыруда  белгіленген  құжаттардың 

мазмұнындағы  негізгі  бағыттар  мен 

мақсат,  міндеттер  басшылыққа  алынуда. 

Атап  айтқанда,  Қазақстан  Республикасы 

«Білім беру туралы» жаңа Заңда, Қазақстан 

Республикасының  2015  жылға  дейінгі 

білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасында, 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 

дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

Мемлекеттік  бағдарламасында  мектептегі 

оқу-тәрбие 

процесі 

тұлғаның 

жеке 

қабілеттерін ашуға, шығармашылық, рухани 



және  күш-қуат  мүмкіндіктерін  дамытуға 

бағытталу қажеттігі баса көрсетілген.

Шығармашылық  –  мәдени  немесе  ма-

териалдық құндылықтарды өз ойы бойынша 

жаңадан  жасау  ретінде  түсінілетіні  бел-

гілі,  әрі  ол  ойлаудың  жоғары  формасы 

болып  табылады.  Әр  ұрпақ  әлеуметтік-

экономикалық жаңарулар тұсында ұрпақтың 

қол  жеткізген  жетістіктерін  меңгерумен 

катар,  өз  іс-әрекетінде  сол  жетістіктерді 

жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, 

барлық  салада  таңғажайып  табыстарға  қол 

жеткізеді.  Шығармашылықтың  саласы  көп 

(музыкалық,  көркем,  техникалық,  т.с.с),  әрі 

сала бойынша іс-әрекет нышандары әркімде 

болатынын,  бірақ  оны  дамыту  керектігін 

еліміздің  психологтары  XX  ғасырдың  бас 

кезінде зерттеулер барысында негіздеді.

XX  ғасырдың  80-жылдары  ғалымдар 

Г.С.Альтшуллер  мен  И.М.Верткин  шығар-

машылық жеке тұлға, яғни шығармашылық 

жеке тұлғаны дамыту теориясының негіздерін 

әзірледі  (жеке  тұлғаның  шығармашылық 

сапасы  жөніндегі  ілімді  қалады  [1].  Бұған 

дейін кейбір ғалымдар шығармашылық сапа 

балаға  тұқым  қуалаушылық  бойынша  ата-

анадан беріледі және оны тәрбиелеу мүмкін 

емес  деген  көзқараста  болған  болатын. 

Егер  бұл  көзқарас  дұрыс  болған  жағдайда 

педагогтар  мектепте  тек  жеке  тұлғаны 

дамытумен ғана шектелген болатын еді.

Осы  мәселені  шешу  үшін  ғалымдар 

(Г.С.Альтшуллер  мен  И.М.Верткин)  мың-

нан аса шығармашылық тұлғалардың (ақын-

дар,  суретшілер,  композиторлар,  инже-

нерлер,  дәрігерлер,  ғалымдар  және  т.б.) 

өмірбаяндарын  талдай  келе,  шығармашыл 

тұлғалардың іс-әрекетінің түріне байланыс-

сыз олардың төмендегідей негізгі сапаларды 

меңгергенін анықтады:

–  шығармашылық  (лайық)  мақсатты 

қою  және  оған  жетуге  өзінің  іс-әрекетін 

бағындыру іскерлігі;

–  өзінің  іс-әрекетін  жоспарлау  және 

өзіндік бақылау іскерлігі;

– жұмыс істеудің жоғары қабілеттілігі;

– мақсатының негізін құрайтын мәселені 

табу және шешу іскерлігі;

– өзінің сенімін қорғай білуі [1.Б.9-184].

Кейінгі жылдары қабылданған құжаттарда 

білім беру ісінде бастауыш мектептің өзінде 

оқушыларды шығармашылық іс-әрекеттерге 

баулу,  шетел  тілдерін,  информатиканы 

оқыту  қарастырылған.  Республикамыздын 

2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасында:  «...баланың  жеке  ба-



99

98

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

сын  бастапқы  қалыптастыруды  қамтамасыз 

ету, оның қабілеттерін анықтау және дамы-

ту»  –  бастауыш  мектептің  негізгі  міндеті 

ретінде  айқындалған.  Төменгі  сатының 

(бастауыш  білім  беруде)  өзінде  оқу  мен 

тәрбие  оң  уәжді  қалыптастыруға  және 

оқу  іс-әрекетін  білуге,  оқу,  жазу,  санаудың 

берік  дағдыларын  үйренуге,  тілдік  қарым-

катынастың 

қарапайым 

тәжірибесіне, 

өзін-өзі  шығармашылық  тұрғыдан  таныта 

білуге,  мінез-құлықтың  мәдениетіне,  жеке 

гигиенаның және салауатты өмір салтының 

негіздеріне 

бағдарлануы 

белгіленген 

[2].  Ал  Республикамыздағы  білім  беруді 

дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

Мемлекеттік бағдарламасында: «Жаңа білім 

беру мазмұнының базалық принципі – әрбір 

мектепте  тұлғаның  адамгершілік-рухани 

қасиеттерін  дамытуды  ынталандыратын 

ізгі  білім  беру  ортасын  құру:  өзін-өзі  тану, 

өзін-өзі  анықтау  және  өзін-өзі  жетілдіруге 

бағытталған»  –  деп  нақты  белгіленген 

[3.Б.33]. 

Бастауыш  сыныпта  жоғарыдағы  мәселе-

лер  бойынша  зерттеулер  жүргізілген. 

Зерттеуші  Б.Тұрғынбаева  аталмыш  сынып 

оқушыларының  шығармашылық  қабілетін 

дамытуды анықтаған. Бастауыш сыныптарда 

информатиканы 

оқыту, 

математиканы 



оқытуда компьютерді пайдаланудың мүмкін-

діктері мен дидактикалық шарттарын ашуды 

зерттеген  [4].  Ал  А.Т.Рыбкин  бастауыш 

сынып  оқушыларының  сәндік-қолданбалы 

өнер сабақтары мен еңбекке баулудың өзара 

байланыстарын  және  оқушылардың  жеке 

тұлғалық  қасиеттерін  қалыптастырудағы 

тәрбиелік ықпалдарды жетілдірудің әдістерін 

анықтаған  [5].  Д.Ж.Кішібаева  бастауыш 

сынып  оқушыларының  шығармашылық 

іс-әрекетін  пәнаралық  байланыс  негізінде 

қалыптастырудың әдістемесін ұсынған [6].

Математика  пәні  оқушылардың  таным-

дық,  шығармашылық  қабілеттерін,  интел-

лектісін  дамытуды,  математикалық  тілдің 

элементтерін  меңгертуді  басты  мақсат  етіп 

қояды.  Математиканы  дүниетану  пәнімен 

байланыстыра  отырып,  қоршаған  ортаның 

математика  ғылымымен  тығыз  байланыста 

екенін  бастауыш  сынып  оқушыларына 

ұғындыру  қажет.  Сабақтағы  тақырып 

неме се  есеп  мазмұнының  табиғат  екенін, 

оның  нешеу,  олардан  туындайтын  түрлі 

өрнек  мысал  түрлерін  есептеу  ойлау  мен 

қабылдаудың  дұрыс  қалыптасуына  негіз 

болады.  Бала  көре  отырып  есептейді, 

табиғат  құбылыстарын  таниды.  Бір  пәннен 

алған  білім,  білік,  дағдыны  екінші  пәнді 

оқытуға тірек ету, яғни пәнаралық байланыс 

қағидасын  жүзеге  асыру  қарастырылады. 

Мысалы, дүниетануда жыл мезгілдері туралы 

алған ғылыми түсініктерді бейнелеу өнерінде 

«күз бояулары», «жапырақ мозаикасы», т.б. 

сияқты  тақырыптарды  пайдалану,  еңбек 

пәніндегі  ауылшаруашылығы  еңбегімен 

байланыстырып,  математика  сабағында 

саны  мен  сапасы  жайлы  есептер  шығару 

керек.


Математика  сабағында  түрлі  логикалық 

есептер,  сөзжұмбақтар,  математикалық 

ребустар,  геометриялык  фигуралар  құрал-

ған  логикалық  тапсырмалар  баланың 

шығармашылық  іс-әрекетін  дамытады. 

Онда:  топпен,  үлестірме  тапсырмалармен, 

жеке тапсырмалармен жұмыс жасау, «Көш-

басшы»  сияқты  тез  есептеуге  үйрететін 

ойындардың  ұйымдастырылуы  балалардың 

қызығушылықтарын арттырады.

Бастауыш  сынып  оқушыларының  шы-

ғар машылық  іс-әрекетін  қалыптастыру 

оқу  материалдарының  мазмұны;  жаңа 

педагогикалық технологиялар, дамыта оқыту 

элементтері, бағдарламалық әдіспен, саралап 

оқыту  жолдары;  шығармашылық  өзіндік 

жұмыс тапсырмалары; оқытудың көрнекілік 

құралдары;  дидактикалық  материалдар, 

т.б.  арқылы  мүмкін  болатынына  тәжірибе 

барысында көзімізді жеткіздік.

Сонымен  жүргізілген  жұмыс  нәтижелері 

бойынша  мынадай  ұсыныстар  беруге  бо-

лады:

–  бастауыш  сынып  оқушыларының  шы-



ғармашылық іс-әрекетін ұйымдастыруда мұ-

ғалім нақты нұсқаулар беру қажет;

–  оқушылардың  шығармашылық  іс-

әрекетін қалыптастыру үшін шығармашылық 

жұмыстардың әр түрін жүйелі, жеңілден күр-

деліге принципі бойынша пайдалану керек; 

– білімі төмен деңгейдегі оқушыларға ар -

налған шығармашылық жұмыстар дың жүйе-

сін жасау қажет;

– білімі жоғары деңгейдегі оқушылар мен 

да рын ды  балалардың  шығармашылық  оқу 

іс-әрекетін  ұйымдастыру  жолдарын  айқын-

дау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет