Бас редактор с. Ж. Пірәлиев


Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,78 Mb.
#7864
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

1.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007.

2.  «Интеллектуалды ұлт – 2020» мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2009.

3.  «Қазақстан – 2030» Стратегиялық даму бағдарламасы. – Алматы: ЮРИСТ, 2001.

4.  «Қазақстан – 2020» Стратегиялық даму бағдарламасы. – Астана, 2010.

5.  Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы. //Егемен Қазақстан, 14 желтоқсан, 2010 жыл.

6.  Назарбаев Н.Ә. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз. /ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 

Қазақстан халқына Жолдауы. –Астана, 28 қаңтар, 2011 жыл.

7.  Бөлеев  Қ.  Қазақ  халқының  этнопедагогикасы.  Оқу  пәнінің  бағдарламасы.  –  Жамбыл, 

1992.

8.  Бөлеев. Қ., Бөлеев Т.Қ. Қазақ этнопедагогикасының тарихы. Оқу пәнінің бағдарламасы. 



– Жамбыл, 1994.

9.  Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. – Қызылорда, 1924. -105 б.

10. Адамбаев Б. Халық даналығы. – Алматы: Мектеп, 1976. - 163 б.

11. Адамбаев Б. Қазақтың шешендік өнері. – Алматы: Ғылым, 1984. - 159 б.

12. Адамбаев Б. Алтын сандық. – Алматы: Жазушы, 1989. -125 б.

13. Әлімбаев М. Халық – қапысыз тәрбиеші. – Алматы: Білім, 1977. -43 б.

14. Әлімбаев М. Халық – ғажап тәлімгер. – Алматы: Рауан, 1994. -144 б.

15. Әлімбаев М. Тәрбие туралы әңгімелер. – Алматы: Қазақстан, 1972. -69 б.

16. Әлімбаев М. Өрнекті сөз – ортақ қазына. – Алматы: Қазақстан, 1967. -120 б.

17. Әлімбаев М. Мақал сөздің мәйегі. – Алматы: Жазушы, 1964. -130 б.

18. Сәрсенбаев Т. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет. – Алматы: Наука, 1990. -122 

б.

19. Нұрматов С. Ұлттық болмыс пен ұлттық сана. – Алматы: Ғылым, 1996.-131 б.



20. Ғабдуллин М. Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес. – Алматы: Мектеп, 1966. -123 б.

21. Жарықбаев Қ. Аталар сөзі – ақылдың көзі. – Алматы: Қазақстан, 1980.-121 б.

22. Қалиев С., Жарықбаев Қ. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. – Алматы: 

Мектеп, 1987. -89 б.

23. Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: Санат, 1995. -552 б.

24. Қалиев С. Қазақ этнопедагикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы: Рауан, 

1998. -128 б.

25. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының тарихы. – Алматы: Білім, 1999 -153 б.

26. Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім, 1995. -232 б.

27. Наурызбай Ж.Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – Алматы: Ана тілі, 1995.-192 б.

28. Озғанбай Ө. Халықтан асқан ұстаз жоқ. – Алматы, 1996. -161 б.

29. Қожахметова  К.  Мектептің  ұлттық  тәрбие  жүйесі:  теория  және  практика.  –  Алматы: 

РБК, 1997. -141 б.

30. Табылдиев Ә. Халық тағылымы. – Алматы: Қазақ университеті, 1991. -200 б.

31. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: Санат, 2001. -320 б.

32. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбиеге дайындау. – Алматы: Нұрлы Әлем, 

1998. -200 б.

33. Бұзаубақова  К.Ж.  Педагогикалық  тренинг  жеке  тұлғаны  дамыту  құралы  ретінде.  – 

Алматы: Жазушы, 2006. -156 б.

34. Бұзаубақова  К.Ж.,  Тәжібаева  С.Ж.  «Жаңа  әлемнің  жаңа  мұғалімін  даярлауда 

инновациялық технологияны пайдалану» тренингі. –Тараз: «Рысбаева және Ко», 2008. 

-100 б. 


35. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы: Рауан, 1992. - 136 б.

36. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы І том. /Құрастырғандар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев 

– Алматы: Рауан, 1994. -317 б.

37. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы ІІ том. /Құрастырғандар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев 

– Алматы: Рауан, 1998. -415 б.


49

48

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

38. Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. – Алматы: РБК, 1994. -140 б.

39. Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісіне пайдалану. – Алматы: Рауан, 1993. 

-63 б.


40. Бөлеев. Қ., Бөлеев Л.Қ. Мұғалім және ұлттық тәрбие. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2000. -116 

б.

41. Халық  педагогикасы  –  бала  тәрбиесінде.  /Дайындағандар  Қ.Бөлеев,  А.Мейірманова, 



Р.Садуақасова – Жамбыл, 1992. - 81 б.

42. Асанов  Ж.  Тәлім-тәрбиенің  ұлттық  негіздері.  Оқу  бағдарламасы  //Қазақстан  мектебі, 

-№6. -1995.

43. Боданов Ж. Ұлттық тәлім-тәрбиенің кейбір мәселелері. – Жамбыл, 1994.-61 б.

44. Баржақсыұлы А. Мың бір мақал. – Алматы: Қазақстан, 1992. -96 б.

45. Әбжанов М. Қазақ халқының жұмбақтары. – Алматы: Мектеп, 1966. -93 б.

46. Қазақтың мақал-мәтелдері. /Құрастырған М.Аққозин. – Алматы: Қазақстан, 190. - 288 б.

47. Төреқұлов Н. Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні.– Алматы: Мектеп, 1971. - 36 б.

48. Даналардан шыққан сөз: нақылдар жинағы. /Құрастырған Ұ.Асылов – Алматы: Мектеп, 

1987. - 162 б.

49. Жүнісов А. Бабалар дәстүрі.  – Алматы: Балауса, 1992. - 106 б.

50. Шаймерденова  К.  Мектептегі  оқу-тәрбие  жұмысын  халық  педагогикасы  негізінде 

жүргізу жұмысының бағыт-бағдары. – Алматы: РБК, 1993. -31 б.

51. Оқушыларды  халық  педагогикасы  негізінде  тәрбиелеу.  /Құрастырған  Х.А.Өтешова  – 

Алматы, 1991. - 24 б.

52. Омаров Б. Класс сағаты. – Алматы: Мектеп, 1965. -152 б.

53. Бөлеев Қ., Арзымбетова Ш. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2002 ж. 

96 б.


54. Бөлеев  Қ.  Қазақ  этнопедагогикасы  –  ұлттық  тәрбие  берудің  негізі.  –  Алматы:  Нұрлы 

Әлем, 2008. 110 б.

55. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау: 

теориясы және практикасы. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2004. - 304 б.



ҚОҒАМНЫҢ ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДА ТҰЛҒАНЫҢ 

ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Иманбаева С.Т. – 

«Ұлттық педагогика және өзін-өзі тану» 

кафедрасының меңгерушісі, 

п.ғ.д., профессор,

Абай атындағы ҚазҰПУ 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 

министрінің  2009  жылғы  16  қарашадағы 

№521  бұйрығымен  бекітіліп,  Қазақстан 

Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі 

тәрбие  тұжырымдамасы  республиканың 

үздіксіз білім беру ұйымдарына ұсынылды. 

Аталған  тұжырымдама  республикадағы 

педагог  ғалымдардың  көп  жылғы  теория-

лық  ізденістері  мен  тәжірибесінен  туын-

даған  аса  маңызды  мемлекеттік  құжат 

және  үздіксіз  білім  беру  мекемелерінде 

тәрбие  жұмысын  ұйымдастыруға  негіз 

болып  табылады.  Тұжырымдама  тұлға 

бойында  ұлттық  және  жалпыадамзаттық 

құндылықтарды  (ізгілік,  зиялылық,  креа-

тив тілік,  белсенділік,  жеке  басының 

намыс  сезімі,  ой-пікірдегі  тәуелсіздік,  т.б.) 

қалып тастыруға  бағытталады.  Тұлғаның 

бойындағы  құндылықтардың  қалыптасуы 

әлеуметтендіру, әлеуметтік біліктілік көрсет-

кіштерімен бірге, кез-келген ортада адамның 

еркін сезінуі деп бағалаймыз[1].

Қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың басты 

стратегиялық  бағыты  –  инттеллектуальды 

ұлт қалыптастыру. Қазақстан Республикасы 

Президенті Н.Ә.Назарбаев «Интеллектуалды 

ұлт  –2020»  идеясын  ұсына  отырып,  «… 

Заманауи  прогрестің  мәнін  білуіміз  керек. 

Қазіргі шындық мынадай: бүгінгі мемлекет 

өзінің  интеллектуалды  ресурстарымен 

бәсекеге түседі. Елді адам капиталы арқылы 

бәсекеге  қабілетті  ету.  Бәсекенің  бастысы 

–  білімнің  бәсекесі.  Бұл  үшін  біріншіден, 

білім жүйесінің инновациялық дамуына жол 

ашу  керек,  екіншіден,  электронды  қызмет 

көрсетуді жаңа заманға сәйкестендіру керек, 

– деп атап көрсетеді [2].

«Интеллектуалды ұлт – 2020» идеясының 

мақсаты – жаңа қазақстандықтарды тәрбие-

леу.  Бәсекеге  қабілетті  ұрпақ  тәрбиелеуде 

құндылық  бағдарлы  тәрбие  жүйесі  негізгі 

орын алады. 

Тұжырымдамада 

жалпы 

құндылық 



ұғымын  –  жақсылық,  әділетттілік,  патрио-

тизм  деп  бағалайтын  жеке  тұлға  үшін 

қоғамдық-мәнді  әлеуметтік  бірлік,  қоғам, 

тұтас  материалдық,  әлеуметтік  объектілер 

тұрғысынан береді. 

Тәрбиенің  негізі  болып  саналатын 

жалпыәлемдік  құндылықтардың  бірі  – 

тәрбиенің  басқа  адамға  деген  қажеттілігі, 

басқа  адамдарды  сүйе  білу  қажеттілігі 

болып  табылады.  Әр  адамның  тағдыры 

әрқашан  әлемдік  дүниемен,  адамдармен, 

ұжыммен  байланысты.  Сондықтан  демо-

кратияландыру,  адамның  құқығы  мен 

бостандығын 

сақтау 

жағдайларында 



ұжымдағы  қарым-қатынас  мәселелері  бұл 

күнде ерекше маңызға ие болуда. 

Жалпы  тұлғаның  бойындағы  құндылық, 

адамгершілік  құндылық  бүгінгі  қоғамның 

даму  үрдісінде  тұлғаға  білім  және  тәрбие 

беруде  негізгі  орын  алады.  Құндылық 

тұлғаның 

бойындағы 

қасиеттердің 

жиынтығы.  Мәдениет  ұғымына  фило-

со фия лық  тұрғыда  берілген  анықтамада 

“Мәдениет дегеніміз – тұлғаның бойындағы 

рухани және материалдық құндылықтардың 

жиынтығы” деп тұжырымдайды[3]. 

“Құндылық”  ұғымы  Қазақстандық,  алыс 

және  жақын  шетел  ғалымдары  Алексеева 

В.Г.,  Болдырев  Н.И.,  Бондаревская  Е.В., 

Здравомыслов  А.Г.,  Кон  И.,  Мудрик  А.В., 

Наурызбай  Ж.,  Николаев  И.Г.,  Нұрғалиева 

Г.Қ.,  Петровский  А.В.,  Подласый  И.П., 

Стариков  Л.П.,  Төлеубекова  Р.,  Тугаринов 

В.П.,  Шепель  В.М.,  Ядов  В.А.,  Яссман 

Л.,  т.б.  ғылыми  зерттеулерінде  негізгі 

орын  алады.  Ғалымдардың  еңбектерінде 

негізгі  құндылық  –  Отан,  адам,  тұлға, 

өмір,  адамдардың  бір-біріне  мейрімділік 

қарым-қатынасы,  шыншылдық,  әділеттілік, 

білім,  ғылым,  өнер,  адамның  өмір  сүруіне 

деген  материалдық  жағдайдың  болуы, 

еңбек,  т.б.  деп  атап  көрсетеді.  Мәселен, 

В.П.Тугаринов тәрбиенің негізгі мазмұнында 

жалпыадамзаттық  құндылықтар:  «адам, 

отбасы,  еңбек,  білім,  мәдениет,  Отан,  жер, 

бейбітшілік, – деп сегізге бөліп қарастырады. 

Философ-ғалым Т.Ғабитов “Құндылықтар 

–  қасиеттер.  …  бала  кезден,  ана  сүтімен 

бірге,  өзінің  ана  тілі  арқылы,  мораль 

негіздері  ретінде,  өз  тарихын,  мәдениетін, 

әдет-ғұрыптары 

мен 


салт-дәстүрлерін 

игеру  нәтижесінде  орнығады.  Қасиеттер 

адам  бойына  моральдық  жауапкершіліктер 

жүктейді, сезімін айқындайды[4]

Құндылық 

философияның 

негізгі 

категориялары  бірі  болып  табылады. 

Құндылықтар әлемі – сөздің кең мағынасында 

мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің 

саласы, тұлғаның рухани байлығы өлшемін 

білдіретін,  оның  адамгершілік  санасының, 

басылымдықтарының саласы. Құндылықтар 

адам  болмысының  әр  түрлі  формаларына 

деген  қатынасты  білдіретін  адамзат 

мәдениеті  болып  табылады.  Құндылықтар 

– өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам-

гершілік насихаттарға, адам өмірінің мәніне 

деген бағалаушы қатынас. 

Тұжырымдамадағы  қойылған  негізгі 

мақсатын  –  Қазақстан  Республикасында 


51

50

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін 

шешудегі  тәрбие  үдерістеріне  барлық 

субъек тілердің  іс-қимылдарын  келістіру 

және  сабақтастықты  қамтамасыз  етуді 

басшылыққа  ала  отырып,  тәрбиенің  негізгі 

қағидаларын балалар мен жас өспірімдердің 

және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен 

өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты 

шешім  қабылдай  алатын  және  өзіне 

жетекшілік рөл ала білетін,

 

дербес жеке тұлға 



ретінде  ашық  ақпараттық,  білікті,  іскерлік 

және  коммуникативтік  әлеуметтік  кеңістік 

құруды

 

ұйымдастыру;  жас  ұрпақтың  өзінің 



рухани-адамгершілік, 

инттеллектуалдық, 

өмірі  мен  өз  денсаулықтары  мен  аман-

есендігі  үшін  әлеуметтік  құзыреттілік  пен 

жауапкершілігін  көтеруді  ұйымдастыруға 

жағдай  жасау;  тұлғаны  толераттылық 

құндылықтар,  келісімділік  пен  ұлтаралық 

қатынас  мәдениеті  негізінде  тәрбиелеу; 

өмір  бойы  білімін  арттыруына,  кәсіби 

қалыптасуына  және  өзін-өзі  табысты 

көрсетуіне  қажетті  жағдай  жасауды  негізге 

алдық[2].

Осы 

уақытқа 


дейін 

қалыптасқан 

тәрбиенің  түрлерін  (жалпы  тәрбиенің 

33  түрі  қалыптасқан)  жинақтай  отырып, 

тәрбиенің  негізгі  басым  бағыттарын 

ұсынады:  азаматтық-патриоттық,  құқықтық 

және  полимәдениеттік  тәрбие;  рухани-

адамгершілік тәрбиесі, отбасы тәрбие; өзін-

өзі  тану  мен  өзін-өзі  дамыту  қажеттілігін 

қалыптастыру;  коммуникативті  мәдениетті 

қалыптастыру;  экологиялық  тәрбие;  эсте-

тика  лық тәрбие; дене тәрбиесі мен салауатты 

өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта 

қалыптастыру;  еңбек  және  экономикалық 

тәрбие;  кәсіби-шығармашылық  тәрбие;  ин-

тел лектуальді мәдениетті дамыту[2]. 

Тұжырымдамадағы  азаматтық-патриот-

тық  тәрбие  гуманизмге,  қазақ  халқының 

тарихы  мен  салтын,  тілін  сүю  және 

құрметтеуге,  оның  таңдаулы  дәстүрлерін 

сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның 

басқа  халықтарының  мәдениетін  зерттеу 

және  игеруге  негізделген  азаматтық 

ұстанымды  және  патриоттық  сананы,  ұлт 

аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік 

және  діни  төзімділікті  қалыптастыруы 

тиіс.  Балалар  мен  жастардың  азаматтық 

патриоттық,  құқықтық  мәдениетінің  әлеу-

мет тік  мәртебесін  көтеру  әрі  азаматтық 

патриоттық,  құқықтық  тәрбие  бойынша 

ғылыми  негізделген  саясат  жүргізу;  білім 

беру  ұйымдарында  азаматтық  құқықтық, 

патриоттық  тәрбие  беруде  мазмұны  мен 

әдіс-тәсілдер мен оқу-тәрбие құрылымының 

өзара  іс-әрекеттестік  негізінде  деңгейін 

көтеру  мәселесіне  сәйкес  патриотизм 

ұғымына  құндылық  тұрғысынан  қарайтын 

болсақ 


жалпыадазаттық 

құндылықтар 

жүйесіне педагогика ғылымында қалыптас-

қан  жалпыадамзаттық  патриотизм,  Қа-

зақ  стан дық  патриотизм,  жатса,  ал  ұлт-

тық  құндылыққа  ұлтжандылық,  қазақ 

патриотизмі кіреді.

Патриотизм  –  жеке  тұлғаның  “табиғат-

адам-қоғам”  жүйесінде  әлеуметтену  үрді-

сін  қамтамасыз  ететін  тұлғаның  құнды 

сапалық  қасиеті.  Патриотизм  –  адамның 

мыңдаған  жылдар  бойы  бекіген  ең  терең 

сезімдерінің  бірі.  Жалпы  патриотизмді 

адамгершілік, 

саяси 

принцип 


және 

адалдық,  мақтаныш,  сүйіспеншілік,  сезім 

тұрғысынан  қарастырады.  Патриоттық 

тәрбиенің  философиялық  астарына,  даму 

үрдісіне үңілетін болсақ, түп тамыры Түркі 

қағанатынан  бастау  алатынын  ауыз  және 

жазба  әдебиет  үлгілеріне  шолу  жасағанда 

айқын  аңғарамыз.  Түркі  жұртының  ұлттық 

ерлік  дәстүрі  негізінде  оқушы  жастардың 

бойында  патриоттық  сезімді  қалыптастыру 

ерекше орын алады. 

Расында да, көптеген ғылыми еңбектерді 

зерделейтін  болсақ,  патриотизмді  қалып-

тастыруға себін тигізетін қасиетті белгілер: 

ұлттық сана-сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық 

салт-дәстүрлер,  әдет  -  ғұрыптар,  парыз, 

намыс, бірлік және міндет. Патриотизм сапа, 

сенім тұрғысынан негізделіп, сезім арқылы 

көрініс береді.

Әр  адам  ата-бабаларымыз  негізін  салып 

кеткен  игі  дәстүрлерді  мақтан  ете  отырып, 

өз ұлтын терең сүю арқылы басқа ұлттарды 

танып, құрметтеуге тиіс. “Ұлттық мақтаныш, 

– дейді Б.Момышұлы – ұлттық материалдық, 

әлеуметтік  және  мәдени  жетістіктерінің 

негізінде  қалыптасатын  әрі  алдыңғы 

қатарлы  ұлттық  идеялар,  ой-пікірлерімен 

байып  отыратын,  ұлт  бостандығы  және 

саяси  әлеуметтік  бостандық  жолындағы 

күрестің тарихымен байланысты әлеуметтік 

психологиялық  сезім  болып  саналады”  [5, 

28].


Ал  ұлттық  парыз  –  Отанға  деген  сүйіс-

пеншілік,  сыртқы  жаулардан  елін,  жерін 

аман  сақтап  қалу,  ата-баба  дәстүріне  өте 

сезімталдықпен қарау.

“Парыз – өзінің мағыналық аясына ақыл-

ой,  сезім,  ерік-жігер,  ар-ождан,  абырой, 

әділдік,  шындық,  сүйіспеншілік  сияқты 

қасиеттерді қамтып, оларды адам өміріндегі 

қайшы  құбылыстарға  қарама-қарсы  қоятын 

жоғары интеллектуалды ұғым.

Парыздан мықты күш жоқ,

Парыздан берік сауыт жоқ,

Парыздан нәзік сезім жоқ,

Парыздан  қатал  қазы  жоқ”,  –  дей  келе 

Халық  батыры  Бауыржан  Момышұлы, 

парыз сезімін қиындықтан қайтпай, дұшпан 

алдында  тайсалмай,  Отан  үшін  ақтық  демі 

біткенше  қызмет  етуге  әзір  болу  сезімінен 

туады”, – деп қорытады [5, 29]. 

Сондықтан  да,  біздің  алдымызда  тұрған 

негізгі  міндет  –  ұлттық  мәдениет  пен 

әлемдік  өркениетті  өзара  сабақтастыра 

отырып бүгінгі ХХI ғасыр ағымына лайықты 

тұлға  қалыптастыру.  ХХI  ғасыр  ағымына 

лайықты тұлға – өз ана тілін білетін, басқа 

тілді  құрметтейтін,  тарихи  зердесі  жоғары, 

ұлттық  салт-дәстүрден  нәр  алған,  әлемдік 

ғылыми-техникалық  прогресс  көшіне  ілесе 

алатын адам.

Ұлттық  парыз,  мақтаныш,  намыс,  се-

зім,  сана,  рух,  т.б.  құндылықтар  ұлттық 

идеяның  негізгі  көрінісі  болып  табылады. 

“Ұлттық  идея  рухани  құндылықтарды 

жаңғыртуда үлкен дем береді. Отаршылдық, 

тоталитарлықты  басынан  өткізген  жалаң 

интернационализмнің  зардабын  шеккен 

этностар  үшін  ол  отарлаушы  құлдықтан, 

ұлтсызданудан арылудың рухани тірегі. Сол 

себепті де бүгін өткен тарихқа, дәстүрлікке, 

әлеуметтік  тәжірибеге  деген  ынта  өсіп, 

төлтума  ұлттық  ерекшеліктерге  көз  жеткі-

зуге, нығайтуға күш салынуда.

Ұлттық  идея  –  ойдан  шығарылған  қиял 

емес, ұлттық болмыстың, тарихтың көрінісі” 

[5, 34].

Қазіргі  таңда  еліміз  өзінің  тәуелсіздігін 

алуымен  әлемдік  жаһандану  үрдісінен 

орын  алып  отыр.  Білім  беру  жүйесінің 

Болон декларациясына сәйкес әлемдік білім 

кеңістігіне кіруі, экономикалық еркін аймаққа 

мүше  болуға  ұмтылысы  біздің  алдымызға 

үлкен  маңызды  міндеттерді  жүктейді.  Тек 

мемлекеттік  тұрғыда  ғана  емес,  әлемдік 

тұрғыда  бейбітшілік  пен  тыныштықты 

сақтау  мәселесі  тұр.  Қазақстандық  патрио-

тизм  әлемдік  тыныштық  пен  бейбітшілікті 

сақтаудың  негізгі  бір  тұғыры  деп  айтуға 

болады.  Қазақстан  Республикасы  алғашқы-

лардың  бірі  болып  ядролық  қарудан  бас 

тартуы, сынақ алаңдарын жабуы бұл әлемдік 

бейбітшілікті сақтауға жасаған негізгі қадам 

болып табылады.

ХХI  ғасыр  жаһандану  үрдісі  бүкіл  әлем 

халықтарын біріктіру арқылы өркениеттілікті 

сақтап  қалу  барысында  бар  күш-жігерін 

жұмсап  отырған  тұста  патриотизм  ұғымы 

кең тұрғыда тек Отан емес, әлемдік тұрғыда 

қарастырылуды  қазіргі  қоғамдағы  және 

әлемдегі даму үрдісі талап етеді. 

Ұлттық  парыз,  мақтаныш,  намыс, 

сезім,  сана,  рух,  т.б.  құндылықтар  ұлттық 

идеяның  негізгі  көрінісі  болып  табылады. 

“Ұлттық  идея  рухани  құндылықтарды 

жаңғыртуда үлкен дем береді. Отаршылдық, 

тоталитарлықты  басынан  өткізген  жалаң 

интернационализмнің  зардабын  шеккен 

этностар  үшін  ол  отарлаушы  құлдықтан, 

ұлтсызданудан арылудың рухани тірегі. Сол 

себепті де бүгін өткен тарихқа, дәстүрлікке, 

әлеуметтік  тәжірибеге  деген  ынта  өсіп, 

төлтума  ұлттық  ерекшеліктерге  көз 

жеткізуге, нығайтуға күш салынуда. Ұлттық 

идея – ойдан шығарылған қиял емес, ұлттық 

болмыстың, тарихтың көрінісі” [5, 34].



53

52

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

Ұлттық идея мен мемлекеттік идеология 

тұрғысынан  Қазақстандық  патриотизмді 

қалыптастырудың  негізгі  өзегі  ұлттық 

патриотизм  болып  табылады.  «Философия 

ғылымында Идеология – қоғамдық идеялар-

дың,  теориялардың,  көзқарастардың  жиын-

ты ғы,  олар  әлеуметтік  болмысты  белгілі 

бір таптың мүддесі тұрғысынан бейнелейді 

және  бағалайды,  ол,  әдетте  осы  таптардың 

идеялық өкілдері тарапынан жасалып, қазіргі 

қоғамдық қатынастарды не нығайта түсуге, 

не  өзгертіп  қайта  құруға  бағытталады»,  – 

дей  келе,  идеология  ұлттық  идеялар  мен 

көзқарастардың  жиынтығынан  тұратынына 

тоқталады [3].

Қазір  қоғамда  идеологияға  байланысты 

әртүрлі  пікірлер,  әртүрлі  көзқарастар 

туындап отыр. Көп партиялы қоғамда әртүрлі 

көзқарастардың  туындауы  заңды  құбылыс 

екені  рас.  Бірақ,  барлық  тұлғалардың 

көзқарастары  мен  ой-пікірлерінің  негізгі 

тірегі  Қазақстан  Республикасының  Кон-

ститу циясы  болғандықтан,  барлығы  бір 

мұратты  ұстанады.  Кейбір  басылымдарда 

мемлекеттік  идеология  жоқ  деген  кереғар 

пікірлерді  кездестіреміз.  Идеология  дегені-

міз ол идеялардың жиынтығы. Ал идеяларды 

тудыратын  халық.  Халық  бар  жерде  идея 

болады,  соның  нәтижесінде  қоғамдық 

идеялар  жиынтығы,  мемлекеттік  идеология 

туындайды. 

Қоғамның  әлеуметтік  даму  жағдайына 

байланысты Қазақстандық идея тұрғысынан 

қоғамда патриоттық құндылықты қалыптас-

тыру факторлары: мемлекетіміздің тәуелсіз-

дігі  мен  егемендігін  сақтау,  еліміз  бен 

жерімізді  ұрпақтан-ұрпаққа  аманаттап 

отыру;  ұлттың  ұлт  болып  қалыптасуының 

негізгі  белгісі  ұлттық  тіл,  яғни,  қазақ  тілін 

ұлтаралық  тілдер  мәртебесіне  жеткізу; 

мемлекеттік тіл ретінде дамып, қалыптасуын 

жетілдіру  әр  азаматтың  міндеті  болып 

табылуы қажет; мемлекеттік тіл, ресми және 

республикада  тұратын  басқа  халықтардың 

тіліне  деген  құрмет;  ұлттық  тарихи  және 

мәдени  мұраларға  деген  сүйіспеншілік 

пен  құрмет;  ұлттық  экономикалық  даму 

процесіне өз үлесін қосу; табиғатты қорғау 

және экологиялық мәдениетті қалыптастыру; 

әлемдік  техникалық  прогрестің  алдыңғы 

қатарынан  көріну,  Қазақстанның  әлемдегі 

бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің  қа-

тары на  кіру  стратегиясына  сәйкес  кәсіби 

мамандар қалыптастыруға жағдай жасау, т.б. 

қамтылады. Философиялық тұрғыда рухани 

құндылық, соның ішінде патриотизм рухани 

сұраныстарды  қанағаттандыратын  және 

тұлғаның  рухани әлемін байытатын тұрғыда 

қарастырылады.  Тұлғаның  бойындағы  ру-

хани лық  критерийлер  оның  ой  санасында 

да,  іс-әрекетінде  де  жалпыадамзаттық  құн-

дылық тардың  үйлесуі,  қалыптасуы  деп 

көрсетеді.

Тұлғаның  бойындағы  патриоттық  құн-

ды лық  дегенiмiз    елi  мен  туған  жерiн, 

Отанын  сүю,  мемлекеттiң  тәуелсiздiгi  мен 

бейбiтшiлiгiн, әлемдік тыныштықты  сақтау 

үшiн  күресу,  өзінің  ана  тілін,  ділін,  салт-

дәстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық 

мүдде  негізінде  жетілдіру,  қоғамдағы 

iзгiлiк  қарым-қатынасты,  табиғат  пен  адам 

арасындағы 

мейрiмдiлiктi, 

ұлтаралық 

мәдениеттi  дамыту.Қазіргі  таңда  қоғамның 

әлеуметтендіру  үрдісіне  сәйкес  әлеуметтік 

құндылық  ұғымы  да  негізгі  орын  алады. 

Әлеуметтік  құндылық  –  ұрпақтан-ұрпаққа 

жинақталған  тәжірбиелер,  өмір  шындығы. 

Мұндай құндылықтар білім, мұрат, адамдар 

арасындағы  қарым-қатынас  және  мінез-

құлық  нормалары,  адамдардың  өмірлік  іс-

әрекеті [6]. 

Жалпыадамзаттық  құндылықтар  халық-

тық  дәстүрлерде,  адамгершілік  принцип-

терде,  діни  мәдениетте  жақсы  жазылған 

және әлеуметтік ойдың озық белгілері, жеке 

тұлғаның  қасиеттері,  адамгершілік  үлгілері 

жинақталған  күйде,  әдептіліктің  қоғамда 

қабылданған  үлгісі  ретінде  көрінеді.

 

Жалпыадамзаттық  құндылықтар  –  түрлі 



халықтың,  түрлі  діннің,  түрлі  дәуірдің 

рухани  мақсаттарын  жақындастыратын 

құбылыс. 

Қазақстан  Республикасы  аталған  құжат-

тардың  басты  идеяларын  білім  саласында 

негізге  алды.  Мектептегі  тәрбие  жұмысын 

жалпы  әлемдік  құндылықтарға  негіздей 

отырып,  жаңа  құндылықтар  жасауға 

талпыныс жасау көзделуде. Оның мәні жас 

ұрпақты  басқаларда  бар  нәрсені  бағалай 

білуге  үйрету,  жалпыадамзаттық  дамуға 

үлес  қосуға,  халықтардың  күш-жігерімен 

жасалған құндылықтарды құрметтеуге және 

қорғай білуге тәрбиелеу.

Жалпы  адамзаттық  құндылықтарды 

игеруде  біріктіруші  бастама  –  тәрбиенің 

маңызды  құралы  ретінде  ана  тіліне  берілуі 

тиіс.  Тіл  арқылы  кез  келген  халықтың 

даму дәрежесін, оның тарихын, мәдениетін 

түсінуге  болады.  Өз  ұлтының  тілін, 

музыкасын,  әдет-ғұрпын,  ауыз  әдебиетін, 

мақал-мәтелдерін  білмеу,  ол  өз  халқынан, 

өскен  ортасынан,  ұлттық  менталитетінен 

жұрдай  болып,  қол  үзу  болып  табылады. 

Өз  халқымен  рухани  байланысы  жоқ  адам, 

тамырсыз  өскен  өсімдік,  қуыс  кеуде  болып 

қалады.  Ондай  адамды  космополит  деп 

атайды.  Өз  халқының  тілін,  мәдениетін 

білмейтін  адам  өз  халқының  тарихын, 

әдет-ғұрпын  мақтан  ете  алмайды.  Тіл  – 

ол  тек  ұлттардың  қарым-қатынас  құралы 

ғана емес, ол сонымен қатар оның бейнесі, 

мәні,  дүниетанымының  шегі.  Әр  жеке 

тұлға  өз  ұлтының  рухымен  сомдалуы 

тиіс.  Ұлт  менталитетінің  бүгінгі  заман 

талабына  сай  бейімделуі,  оның  жаңа 

қоғамдық  қатынастарды  қабылдауы  қазақ 

философиясының терең зерттелуімен тікелей 

байланысты. Өйткен себебі, философиялық 

деңгейде  бейнеленген  құндылықтар  ғана 

менталитет құрылымында мәңгілік сипатқа 

ие болады және оның қазіргі ерекшеліктерін 

аңғаруға  мүмкіндік  жасайды.  Менталитет 

ұрпақтан–ұрпаққа  ұжымдық  бейсаналық 

түрде  беріліп  отырады.  Бүгінгі  қазақ 

менталитетінде  ғасырлар  бойы  ұрпақтан 

ұрпаққа  беріліп  келе  жатқан  құндылықтар 

мен  архетиптер  көп.  Солардың  бірі  –  сөз 

өнері.  Сөз  өнері,  шешендік  дәстүр,  қазақ 

халқының  дүниені,  қоғамдық  қатынастар 

адам арасындағы байланыстарды талдаудағы 

өнердің  бір  түрі.  Ұлт  менталитетінде 

даналықтың  орны  ерекше.  Ол  қазақ  фи-

лософиясы  мен  ұлт  менталитетінің  ара 

қатынасын жақындатып тұрған және екеуіне 

бірдей  тиесілі  рухани  құндылық.  Даналық 

категориясы арқылы қазақ философиясының 

астарын ашып қана қоймай, сонымен бірге 

ұлт  менталитетінің  даму  ерекшеліктерін 

байқауға болады.

Құқықтық  демократия  құрып  жатқан 

Қазақстан Республикасы үшін, оның ішінде 

құқықтық  реформаның  басты  субьектісі 

болып  отырған  қазақ  халқы  үшін  ғасырлар 

бойы  жинақталған,  дәстүрлі  құқықтық 

құндылықтардың 

ұлт 

менталитетінде 



алатын орны ерекше. 

Құқықтық мәдениетті ұлт менталитетінің 

темірқазығына  айналдыру  дегеніміз  – 

ұлттық  сана-сезімнің  құқықтық  беріктігін 

күшейту, агрессиялық пиғылдағы ойлар мен 

іс-әрекеттерге заң жүзінде тойтарыс берудің 

рухани  қамалын  жасау.  Халық  болып 

Қазақстан  Республикасы  Конституциясын 

қорғау, оны бұлжытпай орындау, мемлекеттік 

рәміздерді  құрметтеу  тұлға  бойындағы 

құндылықтың негізі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет