Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,78 Mb.
#7864
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Келімбетов. Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Жазушы. – 1986 ж.

2. Қорқыт ата энциклопедиялық жинақ. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы. – 1999 ж.

3. Сүйінішәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық. – Алматы: Санат. – 2006 ж.

4. Қорқыт ата. Қорқыт және оның нақыл сөздері тақырыбындағы ғаламтор материалдары. 

2011 ж.


Резюме

Автор в данной статье рассматривает проблемы семейных ценностей и традиции в 

древнетюркском книжном эпосе «Қорқыт Ата».

Рассуждается о роли и значении коммуникативных компонентов воспитания мужчины, 

воспитания девушки, снохи и т.д. в воспитании подрастающего покаления. 

Summary

Author of this article considers the problems of family values and traditions in the ancient 

Turkish book epic Korkyt-ATA.

Speculating as to the role and importance of communication components of education, education 

of girls, men, snohi, etc. in the upbringing of the younger generation gathering project.

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ БІЛІКТІЛІК ҚУАТ КӨЗДЕРІНІҢ ПАРАДИГМАСЫ

Жұматаева Е. – 

педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Бүкіл  әлемдік  интеллектуалды  әлеует 

өзінің  дүниетанымдық  негізін  білім 

мен  ғылым  біртұтас  кеңістігіне  жаңа 

философиялық пайыммен қағида шығаруға 

бағдарлап отыр.

Бұл 

бағдардың 



нысаналы 

тірегі, 


субстанциясы  зиялылық-креативтік  көз-

қараспен қарап, әрбір ғылым нан тұжырым-

дар  шығару  жеке  тұлғалардың  еншісіне 

бағынысты  екенін  аңғарамыз.  Олай  болса, 

Қазақстан  Республикасы  шеңберіндегі 

ұлттық  тәрбиеге  қатысты  мәселелер  басқа 

ұлттар  мен  ұлыстар  және  дүниежүзілік 

халықтардың  таным-түсінігінің  деңгей-

ліктеріне  тәуелді  тұжырымдар  легі  пайда 

болады.  Сол  себепті  таза,  автономды 

ретроқағида тұрғысында қазақи көзқараспен 

әлемдік 


халықтардың 

тұжырымдарын 

бір  жүйеге  келтіреміз  деу  кемшіліктің  ең 

дөрекісі.

Ғылым негізі тұтастай дерлік қайшылық-

тан  тұрады.  Әлем  халықтарының  ұлттық 

тәрбие жайлы көзқарасының тұжырымдарын 

бір  жүйеге  түсіруге  ықпал  жасау  қиындық 

келтірсе  де,  ұлттық  психология  нышаны 

және  ұлт  киесі  болып  қалыптасқан  қазақи 

тәлім-тәрбиені  ескермесек,  оның  сан 

ғасырлық жүйесін ілгерілету траекториясын 

күні  бұрын  жобаламасақ,  қазақ  болу 

қалпымыздан  айрыламыз.  Жаһандасудан 

алшақ  кете  алмайтындығымыз  диалек-

тикалық  заңдылық  екенін  ескерсек, 

ұлттық  тәрбиенің  әлемдік  кеңістіктегі 

жүйе  сыңайында  бір  орталықтан  үйлесім 

табуы,  унификациялануы,  басқарылуы, 

алгоритмделуі, құбылыстар мен үдерістерге 

түсуі біздерді терең ойға қалдырады. Қазақи 

ұлт тәрбиесінің жадау тартуының бір өткір 

мәселесі  ол  аталған  жүйенің  әлі  де болсын 

халықтық  педагогика  нысанында  тарихи 

қағидамен бернеленбеуінде. Өйткені, белгілі 

бір  жанрға  қатысты  мәтіндемені  тұтас, 

көкейкесті  мәселеге  қатысты  проблемалы 

сұрақпен  зерделеп,  одан  ой-тұжырым 

шығарудың орнына үзік-үзік цитата келтіру 

қанымызға  сіңіп  кетті.  Осындай  үдерістің 

салдарынан  ұлттық  тәрбие  мәйегінің 

1)  игілікті  өмір  сүруді  қамтамасыз  етер 

мүмкіндігі;  2)  қоршаған  табиғатттан  нәр 

алу  сауаттылығы;  3)  табиғатқа  ілтипатпен 

қарауы.  Жоғарыдағы  ұлт  мәйегінің  жүйесі 

бүгінгі  таңда  өзінің  табиғи  қалпынан 

айрылды.  Оның  бір  мысалы  адамның 

өзіне-өзінің  интеллектуалды-рухани  күш-

қуат нышаны ретінде сенімі сейіліп, ұдайы 

шаршап-шалдыққан жастарды көреміз.

Аталып  өткен  көкейкесті  мәселенің 

туу  себеп-салдарына  көптеген  дәлелді 

материалдарды кездестіреміз. Бірақ, өкініш-

ке  орай  ол  тығырықтан  шығу  амалдары, 

ойлау  өнері  дегенге  әлі  де  марғаулықпен 

қараудамыз.

Ұлттық  тәрбиенің  мәйегі  дегенде  біздер 

адамның  қолынан  келер  жәйттері  бар  да, 

келмейтін тұстары жоқ деген тұжырымның 

оған  кесел  екенін  байқадық.  Кеңестік 

дәуірден  бері  санамызға  батпандап  кірген 

бұл тұжырым мысқалдап шығатын түрі жоқ.

Антропоцентризмнің бағыты біздерді Ай 

мен Марсты миымызға сыйғыза алатындай 

сенім  берді.  Неғұрлым  жалған  ұстаным, 

жалған  сенім  миға  орныққан  сайын 

нағыз  ғылыми  пайым-парасат  сағымдай 

жеткізбейді.

Бүгінгі таңда адамның қауқары шектеулі 

екеніне әлемдегі катаклизма, табиғи апаттар 

дәлел.  Адам  табиғатқа,  микрокосмосқа 

тәуелді  деген  ұстаным  –  ұлттық  тәрбиенің 

кредосы.  Макрокеңістіктен  адам  өмір 

жолын  дұрыс  таңдай  алуына  ертедегі  ата-

бабаларымыз  отбасы  төңірегінде  қам 

жасаған.  Адам  үшін  қадірлісі  -  өсіп-өнген 

отбасы.

Отбасының сонау ежелгі түркі дәуірінен 



қалыптасқан  ұлттық  тәрбие  мәйегінің 

жүйесінен  бүгінде  жұрнақ  та  қалмағаны 

баршаға  аян.  Ол  жүйені  қалпына  келтіру 

қолдан  келе  ме?  –  деген  күрделі  сұраққа 

жауап  табу  әлі  ертерек.  Десек  те,  оның 

жүйесін ежелгі дәуір көздерінен бағамдауға 

мүмкіндігіміз бар.

Отбасылық  дәстүр  жүйесінің  тірегі  –  ер 

баласы  бар  ата-аналарға  қошамет  көрсету 

басымдықта  болып  келгені  байқалады.  Бұл 

ойымызға  дәлел  Қорқыт  Ата  кітабының 

бірінші  хикаясында  [1]  Баяндыр  хан 

жылына  бір  той  жасап,  оғыз  бектерін 

қонаққа шақыратын еді. Тойға түйеден-бура, 

жалқыдан-айғыр, қойдан-қошқар сойылсын 

деп  жарлық  береді.  Сол  күні  бір  жерге  ақ 

отау,  бір  жерге  қызыл  отау,  енді  бір  жерге 

қара  отау  тіктіріп  қояды.  Тойға  жиналған 

бектерден  ұл  баласы  барларын  ақ  отауға, 

ұлы жоқ қызы барларын қызыл отауға, ұлы 

да,  қызы  да  жоқ  қонақтарды  қара  отауға 

кіргізеді. Қара отауға кірген қонақтарға қара 

қойдың етін беріп, қара кигізге отырғызады. 

«Не  ұлы  не  қызы  жоқ  жандарды  тәңірінің 

өзі қарғаған, бізде солай етеміз» дейді екен 

Баяндыр  хан»,  -  деген  үзіндіден  біздер  ер 

балаға  қазақ  ұлт  болып  жаралғанға  дейін 

оғыздарда  осындай  салт-дәстүр  болғанын 

байқаймыз.

Бүгінгі  таңда  бұл  жүйе  заңдылығы 

келмеске  кетіп,  санамызда  ер  баланың  сан 

ғасырлық  киесі  бар  деген  ұстаным  мүлдем 

жойылғанына  куә  болып  отырмыз.  Жоғары 

оқу  орнында  әрбір  мамандыққа  сәйкес 



75

74

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

топтарда бірлі-жарым кездесетін ұлдарымыз 

қыз балалардан тайсақтайтын жаман әдетке 

бой алдырып келеді. 

Түбінде  топ  бастар  жігерлі,  тұлғалы, 

айбарлы,  айбынды,  сұсымен  төменгі 

деңгейліктегілерді  ықтыратын  қарымы 

сейіліп,  оның  орнына  ұнжырғасы  түскен, 

салы суға кеткен пұшайман ұлдардың саны 

көбейіп барады.

Біздер Қорқыт заманын көксеп, сол кездегі 

аталған  салт-дәстүрді  қайта  оралтайық 

деген ойдан аулақпыз. Бірақ, ұлдарымыздың 

сәл  ауыртпалыққа  бор  кеміктей  езіліп, 

қыздарға ұқсап жылауға әзір тұруы түбінде 

халқымыздың  түбегейлі  өмір  сүруіне 

қауыпты демекпіз.

Баласыз  Дерсе  ханның  тілегі  қабыл  бо-

лып, бала сүйеді. Бұл аңыз Қорқыт кітабынан 

барша  қазақ  жұртына  белгілі.  Ұлттық 

тәрбиенің  жүйе  құрылымында  тілек  тілеу, 

мақсат қою, оған сәйкес іс-әрекет алгоритмі 

алты алаштан келе жатқан дәстүр. Міне, бұл 

үдеріс әлем халықтарына да жат емес.

Ұлттық тәрбиенің жалпы мәнділігі әрбір 

тұлғаның табиғи мүмкіндігіне қарай өзін-өзі 

танып, сол перцептивті қабылдау іс-әрекетіне 

сәйкес  тұжырым  құра  білуі.  Кеңестік 

дәуірден қалған тоталитарлық жүйе таңбасы 

–  жоғарыдағы  тұлғалардың  иерархиялық 

түсінігі барлық өзінен төмендегілерге міндет 

ретінде  ұсынылады.  Нақтылап  айтсақ, 

бәріміздің  ой-тұжырымдарымыз  бірдей 

болу  тұрғысындағы  үдеріс  басымдықта 

екеніне бірталай адам көздерін жеткізді. Әр 

тұлғаның  гносеологиялық,  аксиологиялық, 

онтологиялық 

пайымдамасы 

жинаған, 

трансформациядан  өткізген  тұжырым-

түйініне  бағынышты.  Сол  себепті  диаг-

ностикасыз  студенттерге  көпдеңгейлікті 

тапсырмалар беруден сақ болған абзал.

Тұжырымдама  тарихтан,  әдебиеттен 

нақ тылы  және  жаратылыстану  пәндерінен 

шоғырланған  көзқарас  және  студенттің 

әлем,  қоғам  жайлы  дүниетанымын  құ-

райды.  Бұл  бірталай  уақыт  аралығында 

қалыптасады,  өзін-өзі  жоққа  шығаруы 

қоғам  өзгерісіне  тәуелді  болғандықтан,  ол 

қалыптасқан  көзқарасын,  дүниетанымын 

жаңа философиялық тұрғыда жаңадан түзуі 

көзделеді.  Міне,  осындай  көкейкесті  өткір 

мәселе әлі де шешімін таппай келеді.

Мәселен,  бүкіл  ауыл  азаматтары 

Раушанның  төс  қалтасындағы  мөрге 

тәуелділікті  сезген  ер  адамдар  киелі 

қасиеттерінен  айрылып,  көңілдері  жәбір-

леніп, шарасыз өмір кешу суретін Бейімбет 

Майлин алдын-ала болжаған. Бұл көріністен 

халық даналығын еске алуға тура келеді:

«Құм жиылып тас болмас,

Құл жиылып бас болмас» – тұжырымдама 

жасауда  тұлғалар  бір-бірінің  сөздері  мен 

сөйлемдеріне  өте  кірпияздықпен  қарап, 

жаңсақтықты  түзетуде  айрықша  мәдениет 

таныта алуы даурықпалықтан сақтайды.

Тұжырымдама жүйесі бүтіндік, бейтарап-

тылық,  құралымдық,  иерархиялық,  ақпарат 

көз сияқты ұсақ бөліктерден тұрады.

Ұлттық  тәрбие  мәйегінің  ерекшелігі  – 

тектілік  зауал  (карма),  яғни  қарғыс  алған 

тұқым,  әулет,  адам  дегенді  білдіреді.  Сол 

себепті  өштесу,  кек  алу,  зұлымдық  жасау 

және  т.б.  көлеңкелі  іс-әрекеттерден  аулақ 

болуға қатысты философиялық тұжырымдар 

басымдық  мәнде  екені  аңғарылды.  Ұлттық 

тәрбиенің  қазақи  болмысы  оң  жақтағы  іс-

әрекет, яғни жақсылық, ізгілік, мейірімділік, 

табандылық,  айбарлылық,  айқындылық, 

бастамашылдық,  тәуекелдік  және  т.б. 

оңтайлы  үдерістер  адамға  бақ-құт  әкеледі 

деген тұжырым.

Аталып  өткен  тұжырымдарымызды 

анық тау  үшін  бірталай  ашқарып  жүрген 

ұстанымдарымызды  ортаға  салуды  жөн 

көрдік.

Ұлттық тәрбие индикаторы:



1.  Адамның  мәдени  деңгейіндегі 

танымның жүйелілігі:

- жеке әлемдік көзқарас;

- жалпы көзқарас; 

- кәсіптік көзқарас.

2.  Өзінің  пәніне  байланысты  ғылыми 

деңгейін  арттырудың  танымдық,  маңызын 

үзбей дамыту жүйесінің амалдары:

-  пәннің  заңдылықтарын  қоғам  заңды-

лықтарымен ұштастыру;

- жеке ұжымдық таным қабілеттері; 

-  өздігінен  танымдық  деңгейліктерді 

шыңдау. 

Екіншісінің индикаторы:

Өндірістік 

жағдайларға 

оқытудың 

міндетті білім мөлшерлерін ыңғайлау:

- идеологиялық;

- құқықтық;

- модальдық-этикалық;

- саяси;


- ғылыми;

- өнер (мәдени);

- діни.

Yшінші индикаторы: 



- салыстыру

- дәлелдеу;

- шығармашылық; 

- рефлексиялау.

Төртінші индикаторы: 

Басқарудың өзi-өзін дамыту жолдары: 

-  өздігінен  жұмыс  icтey  мөлшерін, 

шапшаңдығын зерттеу; 

-  жуық  уақыт  аралығындағы  өз-өзін 

дамыту құрылымын жобалау; 

-  өздігінен  құрылған  жұмысты  өмірде 

пайдалану, бағдарлама жасау;

- рефлексиялау.

Бесінші индикатор: 

Өз-өзін  дамыта  басқару  үрдісінің  өнімді 

тәсілдері: 

- даму деңгейін зерделеу; 

- даму деңгейін жобалау; 

- оны жүзеге асыру бағдарламасы

- рефлексиялау.

Міне,  жоғары  оқу  ғылыми  жұмысының 

жеке  студенттердің  тұлғалық  сипатын 

дамытуға бағдар берер жолдары жоғарыдағы 

талаптармен  жүзеге  асады.  Бұдан  кейін 

ұжымдық даму жүйесін қамтамасыз етерлік 

кеңістіктің  сипатын  айқындайды.  Ол 

мынандай жүйеге құрылады:

–  ұжымдағы  студенттердің  мәдени 

деңгейін  айқындайтын  қабілет-қажет тілік-

терін дамытудың амал-тәсілдері.

I.  Олардың  жалпы  қажеттілігі  мен 

қабілеттерінің,  мәдени  деңгейінің  дамуын-

дағы көріністері: 

- ұжымдық мақсатты дамытудың жүйесі; 

-  ұжымдық  бағдарламаның  даму  құ-

рылымы;


-  ұжымдық  ойлау  әрекетін  дамытудың 

маңызы; 


-  ұжымдық  рефлексиялауды  дамытудың 

жолдары.


Осыдан  студенттердің  мынандай  жеке 

ойлау  әрекетін  ұйымдастырудың  жүйесі 

шығады: 

- жеке студенттің мақсатын үнемі дамыту;

- жеке студенттің пән арқылы меңгерген 

өзінше топшылауы мен бағдарын дамыту;

- жеке студенттің қабілетін дамыту; 

- жеке студенттің қажетін дамыту.

Сөйтіп,  студенттердің  ойлау  әрекетін 

танымдық  деңгейліктерін  үздіксіз  үнемі 

артып  отырылуына,  олардың  өзін  үнемі 

дамытуына  басшылық  жасалады.  Бұрын 

тоталитарлық  басқару  жүйесі  тексерудің 

негізінде  құрылса,  жаңаша  басқару  әр 

адамның  қабілетін  ескере  отырып,  бойын-

дағы  бар  қабілет  пен  қажеттіліктерін 

өздігінше дамыта отырып, іскерлігін шыңдай 

түсуге бағыт береді.

Технология  жүйесінде  студенттер  диаг-

ностиканы  оқу  қызметі  мен  бағытына 

негіздеп жүргізеді. Қандай тәсілмен көздеген 

мақсатты  жүзеге  асыруға  болады?  Miнe 

осындай  сұраққа  жауапты  ол  екі  тәсілмен 

шешеді:


-  айқын  жүйелілікпен  (қағидалар  мен 

деңгейліктері  ашылады,  олардың  өзара 

байланыстары)  бұл  тәсілді  педагогика 

ілімінде таксономия дейді;

-  мақсатты  өте  анық  ережемен,  түсінік-

темемен сипаттау.

Мұндай  әрекеттегі  жүйе  әр  студенттің 

ең  маңыздысын  тepiп  алуына,  танымын 

терендетуіне,  алғашқы  мақсаттың  кезең-

дерін  жіктеуіне,  болашақтағы  жұмысын 

айшықтауына бағдар жасайды. Нәтижесінде 

әр  студент  өзінің  қабілеті  мен  қажет 

мөлшерін  шығарып  алып,  қандай  білім 

көлемін  меңгергенін  саналы  түрде  білетін 

болады.  Бұл  студенттерді  өз-өзіне  сын 

көзбен  қарауға,  әділдік  әрекеттері  күннен-



77

76

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

күнге дамытыла түсуіне мүмкіндік бермек.

Ойлау  әрекетін  дамыту  технологиясы 

Жүсіпбек Аймауытов пен Мағжан Жұмабаев 

еңбектерінде де бар.

Басқаруды екі түрлі мәнде ұйымдастыруға 

болады:

- студенттің танымдылық (когнитив) дең -



гейін  экспериментальді  әдіс  (тест,  компь-

ютер).


- эмоциялық деңгей (аффекті).

Студенттермен  қарым-қатынаста  оқыту-

шы  мынандай  етістіктерді  қолданады: 

талда,  жинақта,  сарала,  ең  маңыздысын 

жүйеле,  қажеттісін  меңгер,  өзіңше  сипатта 

(интерпретировать),  бағала,  есіңе,  жадыңа 

сақта, қайта құр, қолдан, өзіңше баянда т.б. 

келтірілген  етістіктер  жалпы  мақсаттардың 

ұжымдық  ойлау  әрекетін  жүзеге  асыруға 

ықпал етеді.

Ал  керісінше,  жеке  мақсат,  жеке  ойлау 

әрекетін  ұйымдастыратын  етістіктер  мына-

лар:  біл,  әрекеттен,  ойлан,  түрлі  жолдарын 

қарастыр,  түрін  өзгерт,  дұрыс  құр,  алдын 

алып  әңгімеле,  өзекті  мәселені  ажырат, 

қайшылықты  бөліп  ал,  қарапайым  жолмен 

баянда, жүйеле, жүйесін бұз, түйсін, меңгер 

т.б.


Әрине,  әр  студенттің  шығармашылық 

өзіне тән дарыны болмаса, оны мың жерден 

дұрыс басқарғанмен, ешбір нәтижеге жетпесі 

түсінікті. Бірақ студкнттің бойындағы қадір-

қасиетін құндай білуіне, оны одан әрі дамыта 

алуына  басшылық  жасау  қарым-қатынасы 

мүлдем  басқа.  Біздің  келтіріп  отырған 

сипаттамамыз – екіншісі.

Жалпы  ортақ  үндестік  болмайынша, 

оқытудың  жалпы,  ортақ  мақсат-мұратына 

жету мүмкін емес.

Жинақтау  жұмысын  төмендегіше  жүйе-

леуге болады.

-  сыртқы  жағдайларға  сипаттама,  реф-

лексиялау;

-  жуықта  болатын  нәтижелер,  оған  жет-

кізер  мақсат  пен  мазмұн,  әдіс  тәсілдер  мен 

құралдар, технологиялар;

- мақсаттың бағасын, салмағын шығарар 

белгі мен әдістердің белді-белді түрлері.

Басқарудың  ғылыми  құрылымын  пәнді 

пішіндеудің негізінде қарастырған:

- жүйе (пән);

- межесі;

- қасиеті;

- көpceткiшi;

- әдісі.

Ең  бастысы  адам  мен  дүниені  бай-

ланыстыратын  барлық  ғылым  салаларына 

ортақ заңдылықтар мен қағидаларды сұрып-

тауды негізге алған. Ол үшін әр пәннің ішкі 

заңдылықтарының  нeгiзгi  тipeк  нүктелерін 

ipiктеген.

Жоғары  оқу  орны  ұжымы  мұның  бәрін 

әр  пәннің  ішкі  заңдары  мен  ережелерінен 

іздейді.  Оның  жалпы  жүйесі  былай  болып 

келеді: 

- дидактикалық; 

- табиғилық

- қоғамдық; 

- логикалық; 

- математикалық; 

- тілдік.

Қорыта  келгенде,  оқу  жоғары  оқу  ор-

ны ның  студенттері  мен  оқытушылары 

жұмысын басқарудың ғылыми жүйесі даму 

кеңістігінің сипатына икемделе құрылғанына 

көз жеткізгендейміз. 

Студенттер өз ісін мақсаттылықпен жүр-

гізу  үшін  жаттығу  тапсырмаларын  береді. 

Соның біреуін мысал ретінде келтіріп өтейік:

Дидактиканың  өзекті  міселесі  туралы 

қандай ой-тұжырым бар? 

Оқыту мазмұны жөнінде нені еске сақтау 

керек? 

Жоғары  оқу  орны  қандай  талаптар 



жүйесінде құрылуы қажет? 

Бүгінгі  жоғары  оқу  орны  түрлерінің 

маңызы бар ма? 

Кәсіптік білімнің бepepi не?

Қандай  құжаттар  арқылы  оқытудың 

мазмұны айқындалады? 

Оқу жоспарының ерекшелігі неде?

Әр  бағдарламаның  соңғы  нәтижеге  жет-

кізер мүмкіндігі бар ма? 

Қалаған  6ip  оқулыққа  талдау  жасай  ала-

сыз ба? 

Бүгiнгi білімм заңының мәні, алатын ор-

ны қандай?

Осы  жаттығу  арқылы  окытушылардың 

танымдық  деңгейлiктepiнe  баға  беріліп, 

шығармашылық,  шебер,  орта  дәрежедегі 

оқы ту шылық жұмыстың құрылымы жинақ-

талып,  ол  жоғары  оқу  орны  құжаттарының 

негізіне айналды.

Жалпы  ұжымның  жұмысы  төмендегідей 

блоктарға жіктеледі:

I. Дидактика нысанасының жүйесі; 

- білім мазмұнының жүйeci;

-  оқу  жоспары,  тұжырымдама,  жарғы, 

заңы, бағдарлама, оқулықтар, қосымша әдic-

тeмeлiк нұсқаулар т.б. 

- білім мазмұнының өлшемдері; 

- әр пәннің iшкi мазмұны.

II. Оқу барысының маңызы:

- жалпы оқу барысының сипаттамасы;

-  таным,  ойлау  әрекетінің  әдіснамалық 

негiзi;


-  студенттердің  ақыл,  ой-парасат  дең-

гейінің даму ағымы;

-  оқытудың  мазмұны  мен  iшкi  -  сыртқы 

қозғаушы күші;

- оқу барысының талдамасы;

- оқыту сарыны.

III. Оқытудың заңдылықтары, қағидалары, 

epежeci:


­ оқытудың заңдылығы;

-  оқытудың  принциптері  мен  epeкшe-

лiктepi;

-  оқытудың  мазмұны  мен  негіздеу  қағи-

далары.

IV. Оқытудың әдіснамасы:



- әңгіме әдici: түсіндіру, әңгімелесу, оқу-

лықпен жұмыс 

- көрнекілік әдici: байқау, көру

- тәжipибeшiлiк: жаттығу, оқу-тәржімелік, 

шы ғар машылық 

- оқыту әдicтepi мен технологиялары нә-

тижеге бағдарлау:

1. - алгоритмге түcipy (ретін) 

- оқытудьщ бағдарламалау тәсілі.

2. Студенттердің оқу әрекетіндегі шығар-

машылық құлшынысын ояту.

-  қатыс  (коммуникация)  құралдарынан 

кажетін жинау; 

- әдістері, технологияларды саралау.

IV.  Студенттермен  жүргізілетін  оқыту 

әдістерге ұйымдастырудың түрлері:

1.  Оқытудың  дамыта  жүргізілуінің  түp-

лepi.


2. Сабақтың үлгісі және құрылымы.

3. Саяхат сабағы.

4. Нақтылы заттарға сүйену сабағы.

5. Сабақтың тиімділігін арттырудың жол-

дары:

- ойын;


- әсемдік пен қызығу сезімін ояту.

6.  Үйге  берілетін  тапсырманы  ұйым дас-

тыру.

7. Қосымша сабақ өтудің әдісі.



8. Оқытушының сабаққа әзірлігі.

Қорыта  айтқанда  оқу  орны  басшысы 

мен  оның  орынбасары  жоғары  оқу  орнын 

басқаруды нәтижеге бағдарлаудың сұрыптап 

алғанын аңғарғандаймыз.

Жоғары  оқу  орнын  басқарудың  баян-

дылығы  өзіне  ыңғайланған  мемлекеттік 

қалыпқа  негізделе  құрылған  құжаттарына 

тікелей байланысты. Сол ceбeптi жоғары оқу 

орнының басқару iciнe қажетті құжаттардың 

құрылым-жүйесіне  тоқталып  өткен  артық 

болмас.


Жоғары  оқу  орнының  білім  беру 

тұжырымдамасы

Бүгінгі  таңда  жоғары  оқу  орны  мәрте-

бесінің  мазмұнына,  талабына  сай  келерлік 

өреден  шығудың  бірден-бір  жолы  -  әр 

студенттің  жан  дүниесінің  құлқын  (cyбъ-

eктiciн)  зерделей,  зерттей  отырып,  оның 

ыңғай-біліктілігін,  қабілетін,  icкepлігін 

дамытуды жүзеге асыру.

Жалпы  білім  берудің  қалыптық  жүйесін 

ескергенмен,  әр  оқу  орнының  өзіндік  ic-

әрекетінің  құрылымына  қарай  ерекшелігі 

бар.


Қалыптасып қалған кәсіптік дәстүрлермен 

бүгінгі  қарым-қатынас  барысында  кездес-

етін  қарысып  қалған  қиыншылықтар 

мен  қайшылықтарды  шеше  қою  оңай  ic 

емес.  Олай  болса,  жоғары  оқу  орнының 

негізгі  атқарар  мақсаты  не?  Ол  –  өлшеп-

пiшyre  мұршаны  келтірмейтін,  кездейсоқ 


79

78

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

сәттердегі  әртүрлі  шытырман  жағдайларын 

(ситуациялардың)  шиеленіп  қалған  түйінін 

шешерлік  кәсіби  шеберлік  пен  өнерді 

меңгеру,  яғни  үнeмi  өзгеріп  отыратын  ic-

әрекеттерге  ғылымның  жаңа  теориялық 

тәжірибешілік жетістіктерін орынды қолдана 

білу. Мұндай тұлғалық, даралық қасиеттерге 

жету тек ойлау әрекетін танымдық (когнитив) 

пен ішкі, сыртқы қозғаушы күштердің даму 

үйлесімінің  қызметіне  негіздей  құрылып 

әр  студенттің  (индивид)  өз-өзіне  сынмен 

қарауды  дағдыға  айналдырып,  іскерлігін 

дамытып,  шығармашылық  қабілетін  үне-

мі,  үздіксіз  толықтыруға  бағыт  беру  бары-

сында  жүзеге  асары  сөзсіз.  Жұмыстың 

мұндай  жүйесі  әр  студенттің  назардан  тыс 

қалмауына мүмкіндік туғызады. Олай болса, 

біздің  бағдарламамыз  барлық  ғылыми 

салаларының мазмұны арқылы әр студенттің 

ойлау  әрекетінің  шама-шарқына  сәйкес 

оқытудың  дамытыла  жүргізілетін  жүйесіне 

бағындырыла құрылады.

Білім берудің өзекті мәселелері

Әр семестр сайын талдау-жинақтау, жал-

қылау-жалпылау,  ізденіс  мәселені  зерттеу 

тәрізді  әдістермен  жоғары  оқу  орнының 

жалпы ғылым салаларына дәріс беріп жүрген 

оқытушылардың  оқыту  барысындағы  iс-

әрекеттерінің сипаты рет-ретімен баяндалып 

отырады. Жоғары оқу орнының оқу ісіндегі 

қол  жеткен  жақсы  жетістіктерді  жою  үшін 

оның  ғылыми  алқасы  мынадай  мәселені 

шешуді ұйғарды: (сипаттама тіркеледі).

Оқытудың  ұтымды  технологияларын 

пай далану - студенттің тұлғалық болмысын 

дамыту  құралы.  Жалпы  жоғары  оқу  орны 

жоғарыда  тандап  алған  мәселесін  барлық 

ғылым  салаларының  мазмұндары  арқылы 

шешуді көздейді.

а) әдебиет, тарих, тіл пәндері арқылы әр 

студенттің  әлемдік  деңгейдің  (иерархия) 

кісілік,  адамилық  өренің  дамуы  үшін 

діңгек  болар  интеллектуалдық  шыңын 

(кульминация) өзіне мұрат (идеал) ете білу 

қабілеттерін жетілдіруге пайдалану;

- Қазақстан Республикасының мемлекет-

тік тілі болып табылатын қазақ тілінде және 

ұлтаралық тіл - орыс тілінде еркін сөйлеу;

-  әлемдік  интеллектуалды  меңгеру 

мақ  сатында  шет  тілдерінің  лексикалық 

минимумын білу;

-  өзінің  әрекетінде  кәсіптік  лексиканы 

сауатты пайдалану;

ә) математика-экономика, жаратылыстану-

әлеуметтану арқылы әр студенттің бойында 

қоғамдық  даму  процестеріне  еліміздің 

дәулетін  байыту  үшін  математика  ілімінің 

ЭЕМ  және  есептеу  техникасын  меңгеруге 

ғылыми  көзқарасты  дамыта  білу,  оларды 

әлеуметтік-экономикалық  саясатты  оқып-

үйренуге  баулу,  мемлекеттік  құрылыстың 

заңдылықтарын,  саяси  партиялар  мен 

қоғамдық  ұйымдар,  жалпы  заң  негіздерін 

білу, білім туралы заңын игеру, мұның бәpi 

әp  студенттің  әлемдік  деңгейдің  кісілік, 

адамилық өренің дамуы үшін діңгек болары 

әлемдік  өpicтің  интеллектуалдық  шыңын 

өзіне мұрат ете білу қабілеттерін шыңдауға 

пайдалану.

б) дене шынықтыру саласында:

- салауатты өмip салтын игеру;

-  студенттердің  жасына  сәйкес  физио-

логиялық ерекшеліктерін білу;

-  спорттың  барлық  түрлерінен  норма-

тивтерді білу.

Жоғары  оқу  орны  мәртебесімен  білім 

беретін оқу орнының мақсаты, міндеттері 

мен қызметі.

Жоғары  оқу  орнының  көкейкесті  мә-

се  лелерін  шешу  үшін  педагогтық  ұжым-

ньщ  алға  қойған  мақсаты:  әpбip  пән 

айналымдарының  әдістемелік  сұхбатында, 

ғылыми  кеңестерінде  кісіліктің,  адами-

лықтың,  тұлғалықтың  даму  желісіне 

бағдар лайтын,  әр  студенттің  ойлау  әре-

кетін  толықтырып  отыруға  мүмкіндік 

болатын, соңғы нәтижелерде қол жеткізетін 

технологияларды  диагностика  негізінде 

меңгеру.


Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін жоғары 

оқу  орны  төмендегідей  міндеттерді  оқыту-

тәрбиелеу  ic-әрекетінің  тipeктepi  деп 

есептейді: (диагностика жүргізудегі қажетті 

міндеттері мен қызметі)

-  әр  студенттің  өз  бетінше  біліктілігінің 

құрылымын  дамыту  барысындағы  ойлау, 

парасаттау  мөлшерінің  өciп  отыруы, 

терендей түcyi;

-  әр  студенттің  ic-әрекетін  жобалау  үл-

кен  жүйелердің  кіші  жүйелерінің  іштей 

сабақтастығының себеп-салдарын ажырата, 

салыстыра 

меңгерудегі 

аналитикалық 

(сарапшылық)  қызметі  (неліктен?)  қалай? 

(бағындырыла  құруы  бұл  білімнің  тұтас, 

саналы,  бірізділікпен  қабылдануын  қам-

тамасыз етеді) жүйеленуі; 

-  әр  студенттің  ic-әрекеттерін  жобалауы 

меңгерген  біліктілігін  ойлау  жүйесінің 

тапқырлығына  сүйенуі;  (при  гибком  уме 

человек  легко  переходит  от  прямых  связей 

к  обратной,  от  одной  системы  действий  к 

другой, если этого требует решаемая задача, 

он может отказаться от привычных действий 

и  т.п.)  (Калмыкова  З.И.  «Продуктивное 

мышление  как  основа  обучаемости»  М., 

1981, с. 28).

-  әр  студенттің  іс-әрекеттегі  жобалауы 

меңгерген  біліктілігін  ойлау  жүйесінің 

өміршеңдігіне құрылуы (перспектива);

-  әр  студенттің  ic-әрекеттегі  жобалауы 

меңгерген  біліктілігін  ойлау  жүйесінің 

дәлдігіне,  дәлелін  таба  білу  шеберлігіне 

дағдылануы.

Жоғарыда берілген жоғары оқу орнының 

ғылыми  алқасында  белгіленген  көкейкесті 

мәселесінің мақсаты мен міндеттерінің қол 

жеткізер табыстары мыналар:

-  жоғары  оқу  орнында  жүргізілетін  бар-

лық  пәндер  адам  тағдырының  тұрмыс-

тіршілігіне  қызмет  етеді,  әр  студент  өзінің 

қажетіне,  қабілетіне  қарай  біліктілігі  мен 

ізгілігін дамытады;

-  әр  студент  вербальды  әдістен  арылып, 

өзінің  ойлау  әрекетінің  күннен-күнге  дами 

түcyiнe түрткі жасайды;

- әр студент уақыт пен кеңістік талабына 

сәйкес  биоәлеуметтік  өpicтepiн  дамытуға 

мүмкіндік алады;

-  әр  студент  пәндердің  айналымдағы 

ғылыми  негіздердің  детермендігін  табуға 

талпынады;

- әр студенттің өз бетінше іздену-зерттеу 

ic-әрекетінде  жинақтаған  білімін  ойша 

шығарып, тәжірибеде қолдануы;

-  әр  студент  рухани  жан,  ұждан  таза-

лығының 

қорегін 


айнала 

қоршаған 

кеңістіктен алуына дағдыланады. (Ноосфера, 

Биосферадан  қажетін  алады,  Эфирная, 

Ментальная Космическая).

-  әр  студент  білім  алу  үрдісінде  өзіне 

қажетті  әрекетті  мақсатты,  мазмұнды,  әдіс-

құралдарды, даму қарқыны, өз-өзін бақылау 

әдетін саналы меңгереді, оны өзінің тәсіліне 

айналдырады.

ҰОЭ:  (Ә-М-М-Ә)  (Қ-Да-Р)  Ұжымды 

ойлау  әрекеті:  әрекет-мақсат-мазмұн-әдіс-

құрал-даму (адам, қоғам) рефлексия.

- әр студент өзінің алған білім мөлшерін 

пішіндейді,  үлгiлeйдi,  салыстыру,  қорыту, 

көз  алдына  ойша  жобалау  іскерліктері 

шыңдалады;

-  әр  студенттің  алған  білімі  өмip  сүру 

ортасына ыңғайлану өpicтepiнe қызмет етеді, 

нәтижесінде  биоәлеуметтік  жүйеде  өз-өзін 

дамыту  барысында  білімнің  қабілеттеріне 

қарай  қажетті  белгілері  (функциясы),  оның 

көздері  (источники),  механизмі,  заңдары, 

нәтижелері  әр  блок  туйінделген  сайын 

айқындалып отырады;

- әр ғылым саласындағы ұсақ жүйелердің 

тұтастықта  қайталана  отырып,  бірте-

бірте  күрделену  принципі  дидактикалық 

бірліктерді  шоғырландыру  нәтижесінде 

(УДЕ технологиясы) жүзеге асады.



Ұлттық тәрбиенің тұжырымдамасы.

Ұлттық  тәрбие  мазмұнын  дамытудың 

ғылыми негіздері:

- дүниеге ғылым негіздерінің білім жүйе-

сімен қарау (шоғырландыру);

- жаңа ақпараттарды өздігінен дұрыс қа-

былдап,  әділ  бағалауына,  құндылықты  өз 

тәжірибесіне  сұрыптап  ала  білуіне,  дереу 

шешім табуына бағыттау;

(Бірізділік принципімен құрылады).

- ана тілі мен ұлтаралық қатынас тілдері, 

өзінің  және  басқа  халықтардың  тарихын, 

мәдениетін,  әдет-ғұрпын,  дәстүрлерін  сый-

лай білуге баулу (ізгілендіру).



81

80

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

-  өздігінен  денсаулығын,  эстетикалық 

тал ғамын дамытуға дайындау;

Жоғарыда  айтылғандарға  байланысты 

ұлттық  тәрбие  мазмұнын  жаңарту  тұжы-

рым дамасының  негізгі  бағыттарымен  бай-

ланыстыру.

-  білімнің  жоғары  оқу  орныдағы  мем-

лекеттік  қалып  ауқымын  ізгілік  негізіне 

бағдарлап,  тереңдету,  қазіргі  ғылымның 

динамикалық  (жылжымалы)  құрылымына 

сәйкестендіру;

-  студенттердің  танымы  (когнитив)  мен 

эстетикалық  әрекет  тәрізді  қасиеттерінің 

оңға қарай ыңғайлана дамытылуына жақсы 

жағдай туғызу.

Жоғары  оқу  орныдағы  ізгілендіру  және 

білім  мазмұнын  дербес  қарастыруды  бы-

лайша болжамдайды:

-  студенттің  іс-әрекет  субъектісі  және 

жеке тұлға ретінде ізгілік жетуіне мүмкіндік 

туғызу;


-  қарым-қатынас  жүйесі  ізгілік  негізінде 

меңгеріліп, аналитикалық қызметке машық-

тануына жаттығулар жүргізу.

Ұлттық  тәрбие  мазмұнын  айқындаудың 

негізгі қағидалары:

- ұлттық тәрбие мазмұнының дербес жүйе 

ретінде  қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін 

жүйе  қызметінің  толықтығы.  Студенттің 

оқып үйрену субъектісі тұрғысынан қабыл-

дануы ескерлді;

- қоғамдық өмірдің қандай бір болмасын 

ғылыми  саласында  негізгі  ұлттық  тәрбие 

маз мұнының жүйеге енгізіледі. 

Ұлттық  тәрбие  мазмұнына  қойылатын 

әлеуметтік  талаптардың  ерекшеліктері  мен 

қағидалары:

-  ұлттық  тәрбие  мазмұны  арқылы  өз 

халқының, ұлттық мәдени-тарихи байлығын 

жалпы  азаматтық  мәдени  мұрасымен  ұш-

тастыра  меңгеруге  мүмкіндік  беретін  са-

бақтастық:

-  аймақтық  ерекшеліктерді  қоғамтану 

ілімнің  ізгілік  мазмұнына  негіздеудегі  тап-

қырлық;


- студенттерді даралап, саралап оқытуды 

негізге  ала  отырып,  білім  мазмұнын 

жаңартудың көп деңгейлік жолдарын жүзеге 

асырудағы шеберлік.

Жоғары оқу орнын басқару мынадай маң-

ызды мәселелерге көңіл бөледі:

-  бағдарлама  барлық  жоғары  оқу  орын-

дарында  жүргізілетін  негізгі  ілімдердің 

ішкі,  сыртқы  мақсатары  мен  міндеттерін 

жалқылай, жалпылай жіктеу;

- аталған жекелеген пәндердің тұтастықта 

қабылдануын  қамтамасыз  етер  ең  басты 

деген мақсатты тәжірибеде ұтымды шешу;

- педагогтық ұжымның біліктілік деңгей-

ліктеріне  (иерархиясына)  орай  олардың  өз-

өздерін  және  сырттай  (курс,  конференция, 

семинар  кеңестер  т.б.)  үзіліссіз,  үздіксіз 

білім  дәрежелерінің  біліктілік,  ғылымилық 

басқыштарға  көтерілуіне  жақсы  жағдай 

туғызу;


-  әр  оқытушының  кәсіптік  деңгейінің 

өсуін кәсіпорын ашу ісіне бағдарлау.

Жоғары  оқу  орны  тұжырымдамасының 

нәтижеге  жеткізер  желісі  –  жоғары  оқу 

орнын басқару үдерісіндегі бағдарламасы.

Бағдарлама  елімізде  70  жыл  өмip  cүpiп 

келген  вербальді  (сөз)  жүйе  мен  даурыкпа 

(демагог)  «icтi»  қоштайтын  №  1  пішінді 

(модель  №1)  барлық  оқытушылардың 

бойынан  аластауына  мүмкіндік  туғызады 

(Басқару iciнің басты мақсаты).

Олай  болса,  жоғары  оқу  орны 

бағдарламасының  басқару  жүйесі  әр  оқы-

тушының  тұлғалық  қабілеттілікті  мең геру 

үшін материалдық қорлар мен әдіснамалық 

негіздерді  басшылыққа  алып,  ұстаздық 

істің нәтижеге жеткізер деген не бip құнды 

ойлары мен халық қазынасын жинап, оның 

жандануына мұрындық болады.

Нәтижесінде  әр  оқытушы  өз-өзін  дамы-

тады,  пәннің  ішкі  мазмұнын  анықтайды, 

оның үнемі дамытылу жүйе көздерін табады, 

студенттер  ұжымын  басқару  механизмінің 

тетігін  ашады,  осы  іс-әрекеттерді  дұрыс 

жүзеге асырудың заңдары мен қағидаларын 

сұрыптайды,  нәтижеге  жетер  желіні  дұрыс 

болжайды.

Бағдарлама талаптары:

- ғылым талаптарына сай ізгіліктің адам 

бойына  пәндердің  мазмұн  құрылымдары 

арқылы сіңірілуі;

-  оқу  жоспары  мен  оқыту  мазмұнының 

мақсат,  міндеттерінің  дұрыс  саралануы 

(бақылау);

-  оқулықтағы  материалдар  терең  логика 

мен бірізділік, тұтастық құрылымда болып, 

өзара сабақтастықта құрылуы;

- ғылыми (студенттердің физиологиялық-

психологиялық ерекшеліктеріне, жастарына 

сай)  теория  мен  тәжірибе  байланысының 

жүйесінде қабылдануы;

-  барлық  анықтамалардың  меңгерілуі, 

еске сақтау қабілеттерінің ұшталуы. 

Жоғары  оқу  орны  басқару  жүйесі  әр 

студенттің  өз-өзін  дұрыс  тани  білуіне, 

қажеттілік  пен  қабілет  мөлшерін  іштей 

жобалауына,  өзінің  бағасын  шығаруына 

мүмкіндіктер туғызады.

Студенттердің  өзі-өздеріне  жетістік, 

толдық,  кемелдендік,  дамыдық  деген 

бағаны бepyi үшін үнемі нәтижеге жеткізер 

әдіснамалық  желіні  алдын-ала  көре  білу 

іскерліктері  ширауы  керек.  Бұл  мақсатқа 

жеткізер үдерістер:

- жоспарлау;

- ұйымдастыру;

- сарынын белгілеу;

- бақылау.

Пәндерді  жоспарлау  мынандай  анали-

тикалық  жүйеге  бағдарлайтын  сұрақтардан 

құрылады: 

- Бүгінгі күні кай жерге жеттік? 

-  Қайда,  қандай  нәтижелерге  жетуіміз 

керек? 


- Не icтeyiміз керек?

Бipiншi  сұраққа  жауапты  бүгінгі  күннен 

іздеуіміз  керек.  Ол  талдау,  жинақтау  елек-

терінен өтіп сұрыпталады.

Басқаруды  ұйымдастырудың  кілті  -  әр 

оқытушының  ic-әрекетін  шыңдау  (деле-

гирование).  Әр  оқытушының  шама-шар-

қына  лайықты  жұмыс  беріп,  оның  үнемі 

шыңдалуына басшылық жасау басты мақсат 

болып отыр.

Жоғары оқу орны басшыларының басқару 

жолдары (мотив) даму жүйесін қамтамасыз 

ететін  «Мына  адам  жұмысын  нәтижелі 

орындауы  үшін  не  icтeyiміз  қажет?»  деген 

сұраққа іздеу барысындағы ынтымақтастық 

істің нәтижесіне жетелейді.

Бұл жолдың төмендегідей eкi амалы бар:

- оқытушының үнемі еңбекке өзін мәжбүр 

eтyi;

-  егер  адам  өз  мақсатын  дұрыс  түсінсе, 



ешбір  сыртқы  бақылаусыз,  өз-өзін  бас-

қару,  бақылау  негізіндегі  еңбекке  деген 

құлшынысын оятуы.

Оқытушылардың  бipiншi  орында  әлеу-

меттік-тұрмыстық  хал  ахуалдары,  екінші 

орында  шығармашылық  ынтасы,  үшінші 

орында  кәсіптік  шеберліктің  шыңына  жету 

ықыласы байқалады.

Ол  үшін  мынадай  қасиеттерге  ерекше 

көңіл бөлінеді:

- өз-өзін таныту (когнитив);

- өзін мойындату;

- әлеуметтік қажеттілікке мойын сұну; 

- қауіпсіздік қажеттілікке бағдар жасау;

-  негізгі  физиологиялық  қажеттіліктің 

біліктілік 

сатысына 

көтерілуі. 

Әр 

пәнге  жаңаша  философиялық  көзқарас 



(парадигма).

Бақылау 


төмендегідей 

кезеңдерге 

жіктеледі:

I кезең. Қалыпты айқындау (мақсат, мін-

дет, кеңістік, уақыт).

II кезең. Қол жеткен табысты басқа сапаға 

айналдыру.

III кезең. Мүмкін болар нәтижені бұрынғы 

қол жеткен табыстармен салыстыру.

IV кезең. Өзекті мәселені шешу.

Аталған  жұмыстың  барлық  болмысы  3 

блоктан тұрады:

I теориялық - ғылыми;

II технологиялық;

III құжаттар.

Бұл  блоктар  бүгінгі  оқыту  жүйесіне 

дейін  де  өмip  cүpiп  келді.  Олар  мынандай 

теориялық ағымда жіктеледі:

-  проблемалап  оқыту  теориясы  (М.И. 

Мах  мутов, И.Я. Лернер, Н.М. Матюшкин);

-  оқытудың  даму  жүйесінің  теориясы 

(Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов);



83

82

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

-  оқыту  белсенділігін  арттыру  теориясы 

(Т.И. Шамова, Н.К. Марков);

-  мазмұнды  қорытып  оқыту  теориясы 

(В.В. Давыдов); 

- танымдық қызығушылықты дамытудың 

теориясы (Т.И. Щукина);

-  оқытудың  ұтымдылығын  жүзеге  асыру 

теориясы (Ю.К. Бабанский).

Бүгінгі  оқыту  жүйесінде  жоғарыда  бе-

рілген теориялық ілімдердің жеке-жеке өмip 

cүpyi нәтижеге қол жеткізбейді. Сондықтан 

даму  жүйесінде  қажет  ететін  кейбір  қа-

ғидалар  сараланып  алынды.  Соның  ішінде 

И.Я.  Лернер,  Д.Б.  Эльконин,  В.В.  Давыдов 

т.б. теориялық қағидалары назарда болады.

Әр  оқытушының  шығармашылық  қыз-

меті нің механизмі былай сараланады:

-  модификациялы-жетілдіру  (ecкінi  жа-

мау);


- комбинаторлы - кейбір жаңа элементтерді 

енгізу;


-  радикал-түбірлі  жаңалықты  ұжымның 

іс-тәжірибесіне ғылыми негізде енгізу.

Біз  бүгінгі  таңда  аталған  жіктеменің 

түбірлі жаңалық бағытындамыз. Жұмыстың 

нәтижелі  болуы  үшін  екі  жақты  меңгеру 

технологиясы ұсынылады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет