Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата31.03.2017
өлшемі2,99 Mb.
#10938
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17



Тақырып атаулары

жыл

Қаржыландыру 

көлемі

1

Этика-эстетиканың ғылыми негіздері



мән-мағынасы, оның нормалары

2010


3 млн. теңге

2

«Оқу үрдісіне интеграцияланған «Ұлттық 



тәрбие» пәнін енгізудің бағдарламасы және 

салт-дәстүрдің ұйымдастырылу жолдары мен 

орындалу тәртібі»

2011


2 млн. теңге

Барлығы


5 млн. теңге

Бұл  ойнатылған  гранттардың  нәтиже-

сінде  жоғарыда  көрсетілген  «Оқу  үрдісіне 

интеграцияланған  «Ұлттық  тәрбие»  пә-

нін  енгізу»  атты  кіріктірілген  оқу  бағ-

дарламасының жобасы мен «Салт-дәстүрдің 

ұйымдастырылу  жолдары  мен  орындалу 

тәртібі»  атты  оқу-әдістемелік  құралы 

жарыққа шықты.

Қорыта  келгенде,  ҒЗИ-ның  2009-2012 

ж.ж.  тәрбие  жұмысы  кезінде  1  оқу  бағ-

дар ламасы,  1  оқу-әдістемелік  құрал,  4  оқу 

құрал дары  жарияланды.  Сондай-ақ,  жаса-

лынған  жұмыстар  нәтижесінде  2009-2012 

ж.ж.  аралығында  ҒЗИ  қызметкерлерінің 

осы  бағыт  бойынша  жариялынымдар  саны 

38-ті  құрады,  оның  ҚР  БжҒМ  Білім  және 

ғылым  саласындағы  бақылау  комитетіне 

ұсынылғандары – 14, шетелге жарияланған 

материалдары  –  1,  Халықаралық  ғылыми-

практикалық  конференция  материалдары 

–  4,  Республикалық  ғылыми-практикалық 

конференция  материалдары  –  2,  Респуб-

ликалық  журналдарға  жарияланған  статья-

лар – 18, БАҚ-на қатысуы – 2.

Білім  беру  жүйесін  реформалауда  мем-

лекеттік білім жүйесін әлемдік үздік үлгіге 

сәйкес  деңгейде  көтеру  қажеттігі  күн 

талабына  қойылуда.  Жаңа  мыңжылдық 

талабы  бойынша  интеллектуалды  тұлғаны 

қалыптастыруда  оқытудың  жаңа  бағдарын 

дамыту мәселелері айқындалды. 

Осы тұрғыда елбасшысы «Интеллектуалды 

ұлт  –  2020»  жобасы  бастамасын  көтеріп, 

алдыға нақты міндеттер қойды. 

Бұл  бастаманы  Жаңартпа  технологиялар 

және  білім  беру  мазмұнын  ҒЗИ  да  қолдау 

көрсетті.  Білім  берудің  бағдарламасының 

модернизациясы  бойынша  тәлім-тәрбиелік 

мәселені  білім  берудің  бастауыштан  бас-

тап  барлық  сатыларынан  кейін  қандай 

тұлғаның  қалыптасқанын  қалаймыз  деген 

сұ рақ тардан  бөлек  қарастыру  мүмкін 

емес.  Жаңа  мыңжылдық  талабы  бойынша 

тәрбиеге  қанық  интеллектуалды  тұлғаны 

қалыптастыру  үшін  оқытудың  тәрбиемен 

біте  байланысқан  жаңа  жолдарын  қалай 

ойластырып және қалай жұмыс істеу керек 

екендігі жайлы сұраққа келіп тіреледі.

Осы мәселелерді шешу барысында мұндай 

тұлғаны  руханилыққа  негізделген  тәрбие 

үдерісінсіз  тек  оқу  үдерісіне  ғана  сілтеме 

жасау арқылы ғана қалыптастыра алмаймыз 

деген қорытындыға келдік. Қоғамдық ақ па-

рат тану,  ұлт  денсаулығы,  экономика  мәсе-

лелерін  айналып  өту  мүмкін  емес.  Осы 

сұ рақ тардың  шешімін  тапқан  кезде  ғана 

біз  интеллектуалды  қоғам  қалыптастыру 

туралы сөз ете алатын боламыз. 

Осыған сәйкес 2012 жылдың шілде айынан 

ҒЗИ-ның ғылыми-зерттеу жұмысы бағытына 

өзгеріс  енгізілді.  Соның  нәтижесінде 

жоғарыда айтылған мәселелер негізінде ҒЗИ-

ның жұмыс бағдарын «Интеллектуалды ұлт 

қалыптастыру» бағытына өзгертіп, институт 

атын да сол тұрғыда, «Интеллектуалды ұлт 

қалыптастыру  ғылыми-зерттеу  институты» 

деп  қайта  құрылды.  Моральдық,  мәдени, 

интеллектуалдық  тұрғыда  бәсекеге  қабі-

лет ті,  барлық  ақпараттардан  хабары  бар, 

өзінің  ғылыми,  мәдени  біліми  ақпарат-

тарын  еркін  тарататын  әлеуеті  бар  ұлтты 

қалыптастыруымыз үшін оған жетудің жолын 

қарастыруымыз  керек.  Осыған  байланысты 

институт  ішінен  құрылған  «Оқушылардың 

интеллектуалды  әлеуетін  дамыту»  және 

«Педагогтардың  интеллектуалды  әлеуе тін 

қалыптастыру»  бөлімдері  зерттеу  жұмыс-

тарын жүргізуде. 

Интеллектуалды 

ұлт 

қалыптастыру 



үшін  мектептен  бастап  жоғары  және  жо-

ғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беретін 

оқу  орындарының  оқу  бағдарламаларын 

сараптау  қажет.  Сол  арқылы  барлық  пән-

дердің  бағдарламаларын  интеллектуалды 

ұлт  қалыптастыру  қағидаларына  бейімдеу 

керек.  Осы  сараптау  негізінде  оқу  үрдісін 

жаңа  тұрғыдан  қаралған  жастардың  ой-

өрісін  дамытатын,  жақсы  мен  жаманның 

ара-жігін  ажырата  алатын,  халықтың  этни-

калық-эстетикалық 

тәрбиесінен, 

қазақ 

дүниетанымынан  хабардар,  дінді  дұрыс 



тү сініп,  өз  өмірінде  пайдалана  алатын 

толыққанды дамып, жетілген интеллектуалды 

тұлға  қалыптастыруға  негізделген  тұжы-

рымдама  мен  оқу  бағдарламасын  жасалу 

керек.  Бұл  міндеттерді  шешу  жолында, 

біріншіден, тіл мен әдебиет (туған тіліміз 



мен төл әдебиетіміздің өзге ұлт өкілдерінің 

алдында  мақтана  алатындай  озық 

жетістіктерімізді  бөліп  көрсете  алуы), 

қазақстан  тарихы  (тарихтан  жүйелі 

хабар дар  болып,  өткен  тарихты  қазіргі 

күн  талабына  сай  баға  беріп,  сараптай 

алуы. Тарихи оқиғалардың болу себебін, сол 

тұстағы  халық  рухы  мен  күш-қуатының 

қайнар  көзі  неде  екендігін  дөп  басып, 

оқушыларға  жеткізе  алуы.  Тәуелсіздікке 

жету  жолындағы  ата-бабамыздың  арман 

мүдделері мен оған жету жолындағы күрес 

нәтижелері),  дінтану  (діни  фанатизмге 

бой  алдырмау  үшін  діни  сауаттылықтың 

болуы,  діннің  қазіргі  қоғамдағы  алатын 

рөлі  мен  тәлім-тәрбидегі  қызметін  білуі, 

Ислам дініне тек діни көзқараспен қарамай, 

ондағы  тазалық  пен  арлылық,  имандылық 

пен  адамгершілік,  салауатты  өмір  сүру 

салты мен сауаттылық тұрғысынан жаңа 

көзқарас  қалыптастыру),  философия 

және  мәдениет  (қазақ  халқының  өзіне 

тән  ойлау  танымын  саралау.  Адамзат  

жаратылысының    ғарыш  кеңістігідегі  он 

сегіз мың ғаламмен байланыс құпияларының 

сырын және халықтық наным-сенімдерінің 

тылсым дүниемен байланысын ашу. Қандай 

тамыры  терең  тарихи  жәдігерлеріміз 

бен  әлемдік  өркениетке  ұмтылған  мәдени 

мұраларамыз  бар  және  олармен  қа-

лай  мақтана  аламыз  деген  сауалға  нақ-

ты  жауап),  инновациялық  тұрғыда 

ақпараттық қоғамды дамыту (жаңа ғасыр 

талабына  сай  жастардың  ақпараттық 

сауаттылық  деңгейін  арттыру.  ҒТТ 

19

18

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

заманында  білім  және  ғылым  саласын 

түгелдей компьютерлендіруге қол жеткізу, 

интеллектуалдық-шығармашылық  деңгейін 

күшейту),  экологиялық  және  еңбек  тәр­

биесін  күшейту  (бүгінгі  елеусіз  тас-

талынған  кішкентай  қоқыстың  ертеңгі 

эко логиялық  зардабы  үлкен  қасіретке  әкеп 

соқ тыратынын  түсіндіру.  Сондықтан  да, 

қоршаған орта тазалығын сақтауға, еңбек 

адамдарының  қызметтеріне  құрметпен 

қарап, тазалық дағдыларын үйрету), заңға 

мойынұсынушылық  (өзін-өзі  қорғай  ал-

уы  мен  қауіпсіздік  қажеттіліктері,  заң-

ды  құрметтеу  арқылы  Отанын  сүйетін 

бел сенді  азамат,  қоғамға  қажетті  тұлға 

қалыптастыру)  пен  ұлттық  тәрбие  беру 

(тіл мен әдебиеті, ата салт-дәстүрі, туған 



та рихы  мен  салт-санасы,  төл  мәдениеті, 

ділі  мен  дінінен  сусындаған  толық    тұлға 

иесін қалыптастыру), ұлт денсаулығын кү­

шейту  (денсаулыққа  қажетті  салауатты 

өмір  салтына  қалыптастыру,    адам  ден-

сау лығына  зиян  заттардан  бойын  аулақ 

салуға баулу), экономикалық сауаттылық 

тұрғысында  ұлттық  бизнесті  күшейту 

(дүниежүзілік  экономикалық  аренадағы 



еліміздің  экономикалық  жағдайына  баға 

беріп,  бүгінгі  күн  талабы  тұрғысынан 

саралау,  Қазақстанның  дүниежүзілік  қор-

шаған  ортадан  қандай  жетістіктерімен 

(брендпен) орын алады деген сауалға жауап 

таба  алуы)  арқылы  интеллектуалды  ұлт 

қалыптастырылады. Екіншіден, Абай атын-

дағы  ҚазҰПУ-дегі  оқу  жүйесіне  енгізілген 

«Ұлттық  тәрбие»  пәнін  келешекте  жеке 

интеллектуалды  тұлға  қалыптастыру  және 

да мыту жолында жасалынып отырған жаңа 

бағдарлама  аясында  қарастырылу  көз-

делуде.  Нәтижесін  осы  аталған  факторлар 

тұрғысында  ұлтың  интеллектуалдық  капи-

талын құраушылары сараланып, бір жүйеге 

келтіріледі. Бұл жасалынғалы отырған зерттеу 

жұмыстары  келешекте  интеллектуалды  ұлт 

қалыптастыру  тұжырымдамасы  мен  бағ-

дарламасы негізінде жүзеге асатын болады. 



БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕГІ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМДІ ҰШТАСТЫРУДАҒЫ 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ­КӨПШІЛІК БАҒЫТТАҒЫ «ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ» 

ЖУРНАЛЫНЫң МАңЫЗЫ МЕН АТҚАРАТЫН РӨЛІ

Қазіргі  жаһандану  заманында  еліміздің 

тізгінін  ұстайтын  ұрпақ  тәрбиесі  келелі 

мәсе ле.  Ақпараттық  технологияның  даму, 

қоғамның  күрт  өзгерген  қиын  да,  күрделі 

заманында  өмір  сүріп  жатқан  жас  ұрпақты 

тәрбиелеу  оңай  шаруа  емес.  Олардың 

бойынан  ұлттық  тәрбиемізді  сусындату 

одан да қиын мәселе. Осы тұста ойға келіп 

оралатын жайт, біздің халқымыздың ғасырлар 

бойы  сусындаған  ұлттық  мұрасын  оқу-

тәрбие ісінде пайдалану кезек күттірмейтін 

ауқымды  іс.  Жас  ұрпаққа  ұлттық  тәрбие 

берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің 

Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан 

–  2030»  халыққа  жолдауында  былай  деп 

айтылған:  «Толық  өркениетті  ел  болу  үшін 

алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды 

бойымызға  сіңіріп,  содан  кейін  өзге 

дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн». Олай 

болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық 

игіліктер  мен  адамзаттық  құндылықтар, 

рухани-мәдени  мұралармен  қатар,  қазақ 

философиясы,  дін-ділін,  салт-дәстүр,  ыр-

ым-тиым,  тіл,  әдебиетін  сабақтастығын 

сақтай отырып тәрбиелеу. Ұлттық тәрбие – 

құндылығы мол дүние.

Осы  ретте  ойға  оралар  бір  сауал: 

«Ұлттық  тәрбие  беру  мәселесін  болашақ 

жастардың бойына қалай сіңіру керек?» Ұлы 

жазушымыз  М.Әуезов  «Ұлт  болам  десең, 

бесігіңді түзе», – деп айтқандай, ең алдымен 

өркениетті елдің қатарына қосыламыз десек, 

тәрбиемізді реттеп алғанымыз өте орынды. 

Сонда  ғана  бәсекеге  қабілетті  мемлекетті 

қа лып тастырамыз.  Ұлттық  тәрбие  беру, 

оны  жастардың  бойына  сіңіру  мәселесі 

төңірегінде  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  тәр-

биені  білім  беру  орнында  дамыту,  нығайту 

мақ са тында 2009-2010 оқу жылы – «тәрбие 

жылы»  деп  жарияланған.  Тәрбие  жылы 

аясында  университет  көлемінде  көптеген 

игілікті  іс-шаралар  жүзеге  асырылды.  Уни-

вер ситетіміздің  базасында  «Ұлттық  тәр-

бие  жөніндегі  республикалық  үйлестіру 

кеңесі»  құрылды.  Қазақстандағы  белгілі 

қоғам  қайраткерлерін,  атақты  ғалым  ұстаз-

дарды, ұлтжанды ірі тұлғаларды шақыртып  

“Тұлғалар  тағылымы”  атты  лекциялар  кур-

сы ұйымдастырылды. Бұл лекцияларда ұлт-

тық  тәрбиенің  жастар  тәрбиесіндегі  ролі 

мен қажеттігі туралы мол мағлұматтар қам-

тылды.  Студенттердің  «Этикалық  кодексі» 

қабылданды, ұлттық тәрбие құндылықтары 

мен  халықтық  педагогикаға  негізделген 

«Ұлттық тәрбие» пәні оқу үрдісіне енгізілді. 

Осыған  байланысты  «Ұлттық  тәрбие»  ка-

фед  расы  ашылып,  2010  жылдың  наурыз 

айынан  бастап  екі  айда  бір,  қазақ  және 

орыс, ағылшын тілдерінде аралас шығатын, 

республикалық ғылыми-көпшілік бағыттағы 

«Ұлттық  тәрбие»  атты  журнал  жарыққа 

шықты. 


Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  өзінің 

халқына  Жолдауында:  «Білім  беру  ісін-

дегі  тәрбие  компонентін  күшейту  ке рек, 

патриотизм,  моральдық  құнды лық тар, 

адам    гершілік,  ұлтаралық  келісім,  толерант-

тылық,  рухани  даму,  заңға  бағыну шылық 

– бұл құндылықтар оқу орындары ның бар-

лығында  олардың  қандай  меншік  түріне 

жататынына қарамастан берілуі керек» деген 

болатын,  міне,  осы  құндылықтардың  бәрін 

біздің білім ордамызда оқу үдерісіне енгізген 

ұлттық  тәрбие  пәнінің  құрамдас  бөліктері 

болып  табы лады.  Болашақ  жастарымыз 

сырт елдің жат қылықтарына бой алдырып, 

ұлттық ерекшеліктерін, қазақы сыпайылығы 

мен  әдебін,  рухани  құндылықтарын,  ті-

лін,  ділін,  дінін,  мәдениетін  жоғалтып 

жат са,  мемлекетіміз  ел  болып,  ұлт  болып 

қалуымыз  екіталай.  Олай  болса,  бүгінгі 

жа һан дану  заманында  ұлттық  тәрбиені 

үйде, балабақшада, мектеп пен жоғары оқу 

орындарында жаппай оқытылып, үйретіліп, 

бір-бірімен  сабақтасып  тәрбиеленушінің 

зердесіне  тоқылуы  тиіс.  Біз  қолға  алып 

отырған  ұлттық  тәрбие нің  қайнар  көзі  – 

фольклор,  халық  ауыз  әдебиеті,  ұлттық 

әде биет,  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр,  ұлағатты 

қағи далар,  шешендік  сөздер,  өнеге-өсиеті 

бар  мақал-мәтелдер,  бабалар  сөзі,  туған 

топырағымызда  дүние ге  келген  ойшыл-

ғұламаларымыздың  ең бек теріндегі  тәрбие 

қағидалары,  әдеп  пен  инабаттылық  иірім-

дері  екенін  естен  шы ғармағанымыз  абзал. 

Сонымен  қатар,  отбасы  тәрбиесінің  ұлт-

тық  ерекшеліктері,  туыстық  қарым-қаты-

нас,  жеті  ата  туралы  түсінік,  перзенттік 

парыз бен қарыз, ұлттық намыс, сана-сезім, 

отансүйгіштік  қасиеттер  де  ұлттық  тәрбие-

нің негізгі бағыттарының тарамдары. Атал-

ған  қасиеттерді  болашақ  жастардың  бойы-

на  сіңіруге,  интеллектуалды  тұлға  қалып-

тастыруға біздің университетімізде атқары-

лып  жатқан  жұмыстардың  маңыздылығы 

жеткен жетістіктеріміздің бірі.

Ғылыми  тұрғыдан  негізделген  «Ұлттық 

тәрбие»  пәні  –  ұлттық  сана-сезімі  жоғары 

болашақ  маман  жастарды  тәрбиелеуге  не-

гіз делген  білім  беру  жүйе сінің  құрамдас 

бөлігі.  Оның  мақсаты  –  ұлттық  сана-сезімі 

қалып тасқан,  ұлттық  мүдденің  өркендеуіне 

үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен 

жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  өзара 

ұштастыра  алатын  ұлтжанды  тұлғаларды 

тәрбиелеу. Пәнінің негізгі міндеті – мәдени-

әлеуметтік  өзгермелі  жағдайдағы  ұлттық 

тәрбиенің  діңгегі    ана  тілі  болып  қалаты-

нын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәде-

ниеті  мен  дінін  құрметтеу,  жастардың 

интел  лектуалдық  мінез-құлқын  қалыптас-

тыру,  бүгінгі  қазақ  елінің  индустриялық-

иннова циялық  жүйесінің  дамуын  қамта-

масыз  ететін  парасатты,  ұлттық  сипаттағы 

белсенді  іс-әрекетке  тәрбиелеу,  білім  және 

мәдени  рухани  тұрғыда  басқа  өркениет-

термен  бәсекеге  қабілетті  болуын  қамтама-

сыз  ету,  қоғам  мен  адам,  адам  мен  табиғат 

қарым-қатынасының  өркениеттілік  сана-

сезімін ұлттық рухта қалыптастыру. Ұлттық 

тәрбиенің  басты  нысаны  –  елдік  сананы 

қалыптастырып,  ұлттық  рух  пен  ұлттық 



21

20

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

патриотизмді  негіздеу,  ұлтсыздықпен  күре-

су. Міне, біздің оқу-тәрбие үдерісіне ұлттық 

тәрбие  пәнін  енгізудегі  мақсат  –  тәрбиелі 

ұрпақ  пен  тұлғалар  қалыптастыру  және 

ұлт  болашағын  кемел дендіруге  үлес  қосу. 

Ал  тәрбиелі  ұрпақ  оқуда  да,  мемлекет 

пен  ел  алдында  да  үнемі  алда  болатынын 

ұмытпағанымыз абзал.

Университетімізде осы пәнді оқыту үшін 

оқулық  және  оқу-әдістемелік  құралдар 

дайын далды.  Осыған  байланысты  уни-

верситеттің педагог ғалымдарынан автор лар 

ұжымын  жасақтап,  оқулық  пен  оқу  құрал-

дары  жазылып,  баспадан  шығарды.  Олар: 

«Ұлттық  тәрбие:  салт-дәстүр,  әдеп-ғұрып 

негізінде»,  «Ұлттық  тәрбие»  (таңдамалы 

лекциялар курсы), «Ұлттық тәрбиенің этика-

эсте тикалық  негіздері»,  «Ұлттық  тәрбиенің 

ғылыми  негізі»,  «Ұлттық  тәрбие  және  дін» 

деп  аталатын  кітаптар.  Еліміздің  басқа  да 

жоғары оқу орындары ұлттық тәрбиені оқу 

үдерісіне  енгізер  болса,  оларды  оқулық-

тармен  және  оқу-әдістемелік  құралдармен 

қамтамасыз етуге біз әрқашанда дайынбыз. 

Ұлттық  тәрбиенің  теориялық  және  тәжі-

рибелік  мәселелері  бізде  терең  және  жан-

жақты зерттелу үстінде. 

Сондай-ақ,  аталған  білім  ордасында 

«Ұлттық  тәрбие»  респуб ликалық  ғылыми-

көпшілік  журналы  2010  жылдың  наурыз 

айы нан  бастап,  Қазақстан  Республикасы 

Мәдениет  және  ақпарат  министрлігінде 

тіркеліп,  қазіргі  таңда  халықтың  игілігін-

де  қолданылып  жүр.  Журналымыз  тәуел-

сіз дігімізді  дәріптеп,  жас  ұрпақты  ұлтжан-

дылыққа  тәрбиелеуді  қолға  алып  отыр. 

Журналдың  мақсаты  –  ұлттық  тәрбие 

мәселелерін  көпшілік  қауымға,  ғылым 

саласындағы  қызметкерлер  мен  студент 

жас тарға,  жалпы  халыққа  ақпарат  тарата 

отырып, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүр, 

менталитетін дәстүрге сай замануи тұрғыда 

олардың  бойына  ұлттық  болмысты  сіңіру, 

ұлттық  құндылықтарын  қалыптастыру. 

Олар ды ұлтын сүюге шақыру, отансүйгіштік, 

ұлтжандылық  сияқты  рухани  қасиеттерді 

бойына  дарыту.  Осындай  қоғамның  рухани 

жағынан  зәру  дүниелерін  шығарып  қана 

қоймай, сапалы білім алумен қатар, оны оқу 

саласына да дұрыс пайдалана білуде біздің 

университетіміз  республикада  алдыңғы 

қатар дан көрініп отыр. Журналымыздың ал-

ғаш қы  бетінде  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 

суретімен  ашылады,  сонай-ақ,  фото  сурет-

тің  астында  Нұрсұлтан  Әбішұлының  бас-

тамасымен  көтерілген  ұлттық  тәрбие 

мәсе ле сінде  айтқан  сөздері  әр  санына  жа-

рия ланады.  Журнал  екі  айда  бір  реттен, 

жылына 6 дана шығады, 2010-2012 жылдар 

аралығында  барлығы  10  000  тиражбен  13 

журнал  басылып  шықты.  Журнал  «Қаз-

пошта»  арқылы  Қазақстанның  барлық 

аймақтарына  тарайды,  журналға  жазылу 

«Қазпошта»  бөлімшелері  арқылы  жыл 

бойына  жүреді.  Бір  жылғы  жазылу  бағасы 

3104 теңге. Индексі 74310. 

Сонымен қатар, «Ұлттық тәрбие» журналы 

ұлтжандылыққа,  отансүйгіштікке  баулумен 

қатар,  ұлт  тарихын,  мәдениетін,  салт-

дәстүрін терең меңгеруге, ана тілін қадірлеуге 

үйретуге, ұлттық интеллектуалдық әлеуетті 

анықтауға  бағытталады.  Журнал  ЖОО-на, 

мектептерде  білім  алушыларға  ғана  емес 

жалпы  көпшілік  қауымға  бала  тәрбиесінде 

пайдалы  мол  материалдармен  қамтылған. 

Журнал ұлттық идеяны, рухты, салт-сананы, 

ұлттық  бизнестің  қалыптасуын,  жанашыр 

ұлт тұлғаларының саналы өмірімен, олардың 

әдет-ғұрыпты  дәріптейтін  және  танымдық 

материалдармен,  тұрақты  айдарлармен 

қамтылған.  Атап  айтсақ:  «Ұлттық  тағы-

лым»,  «Ұлттық  намыс»,  «Салт-дәстүр», 

«Ұлт тық тұлға», «Ұлттық бизнес», «Отбасы 

тәрбиесі»,  «Ұлттық  ойын».  Әр  айдардың 

өзіндік тақырыптық бағыты мен мазмұндық 

ерекшелігі бар.

Бағыты – қазақ халқының ұлттық салт-

дәстүр,  менталитетін  бүгінгі  дәстүрге  сай 

замануи  тұрғыда  даму  сипатын  халыққа 

таныстыра отырып, бойына ұлттық болмыс-

ты сіңіру. Тұрақты айдарлардың мазмұндық 

ерекшелігі:  «Ұлт  тағылымы»  айдарында 

қазақ  халқының  тағылым  алар  тәрбие 

нақыштарын  ғылыми  тұрғыда  саралану 

сипатын  қамту  жағы  мүдделеніп,  ұлттық 

білім  беру  негізінде  ұлттық  ерекшеліктің 

бар  сипатын  ғылыми  тұрғыда  саралау, 

оның  әдістемелік  қырын  талдау  жағын 

қарастыратын 

ғалымдардың 

ізденіс 

мақалалары  қарастырылады.  Жаңа  заман 

көзқарасы  тұрғысында  зерттеушілеріміздің 

еңбектерімен  толықтырып  бүгінгі  күнде 

жастарды, барша қауымды әдепті де, саналы 

етіп  тәрбиелеу  үшін,  ата-бабаларымыздан 

қалған  насихат  мұраларын  пайдалана 

отырып жастардың санасына әсер ететіндей 

тұщымды  мақалалармен  толықтырылады. 

«Ұлттық  намыс»  айдарында  намысты 

қолдан  бермейтін,  от  пен  суға  түсуге 

даяр,  қазіргі  таңдағы  абзал  азаматтардың 

ерлікке  пара-пар  еңбектерін  халыққа  паш 

ету,  жастарға  үлгі  болатын  тұстарын  ашып 

көрсету. «Салт­дәстүр» айдарында ұлттық 

салт-дәстүрлер қамтылады. Осы күнде салт-

дәстүрлердің  «озығы  мен  тозығы»  жеткен 

деп  айтып  жүретіндер  де  бар,  бірақ  оның 

ішінен екшеп, сұрыптап, оған басын ауыртып 

жүргендері  шамалы.  Салттың,  дәстүрдің 

әрқайсысының өзіндік орны, ерекшелігі бар 

екенін ескерген халық, оны қажетіне қарай 

пайдаланады.  Сол  арқылы  ол  бізді  басқа 

халықтардан  оқшаулап,  айшықтап  тұрады. 

Ол  халықтың  жүрегі,  һәм  тамыр  соғысы 

тәрізді,  ол  тоқтаса  халық  та  өзінің  өмір 

сүруін  тоқтатады.  Соған  қатысты  қағида 

ерекшеліктерінің  көмескіленіп,  қолданудан 

шыққан  немесе  шығып  бара  жатқан 

тұстарын ашу және оны қазіргі заманға сай 

етіп енгізу жағы қарастырылады. «Ұлттық 



тұлға» айдары қазақ халқының тәуелсіздігі 

мен  бейбіт  тыныш  өміріне,  оның  жарқын 

болашағы мен гүлденуіне атсалысып жүрген 

қазіргі  кездегі  абзал  азаматтардың  жүріп 

келе  жатқан  үлгілі  жолдарын  көрсету  мен 

елдің даму болашағына үлестерін қосып келе 

жатқан еңбектерін паш етумен ерекшелене-

ді.  «Отбасы  тәрбиесі»  мұнда  қыз  бен 

ұлдың, келін мен баланың, сәбидің тәрбиесі 

жан-жақты  қаралып,  сараланған.  «Ұлттық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет