Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата31.03.2017
өлшемі2,99 Mb.
#10938
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

бизнес»  айдарында  қазақ  азаматтарының 

бизнеске қалай келгені мен осы жолда жүріп 

өткен  ауыртпалықтары,  қиыншылықтарына 

қалай  төтеп  бергені  жайында  сөз  болады. 

Олардың еңбектерін болашақ жастарға үлгі 

етіп,  адалдық  пен  еңбекқорлыққа  баули 

отырып,  жалпы  халыққа  бизнес  өкілдерін 

таныстыру жоспарланған. «Ұлттық ойын» 



айдарында  қазақ  халқының  ертеден  мұра 

болып  қалған  ойын  түрлері,  ойынның 

тарихилығы,  оның  берер  тәрбиелік  мәні  әр 

тараптан сараланады.

Журналымыздың  әр  саныныда  аталмыш 

айдарлар  көлемінде,  ғылыми  бағытта  340 

мақала  жарық  көрді.  2010-2012  жылдар 

аралығында  барлығы  13  журнал  жарыққа 

шықты.  Сол  жылдары  аталған  айдарлар 

тура сында  «Ұлттық  тағылымға»  –  207, 

«Ұлттық  намысқа»  –  7,  «Салт-дәстүрге»  – 

10, «Ұлттық тұлғаға» – 23, «Ұлттық бизнес-

ке» – 2, «Отбасы тәрбиесіне» – 28, «Ұлт тық 

ойынға»  –  20  ғылыми  мақалалар  жария-

ланды.  Мұнда  белгілі  ғалым-ұстаздардың, 

мемлекет қайраткерлерінің, жазушылардың, 

абзал  аналардың  жазған  ғылыми  негіздегі, 

тәрбиелік  маңызы  зор  еңбектерін  айта 

кеткен орынды. Атап айтсақ, С.Ж.Пірәлиев, 

М.А.Нуриев,  Ж.А.Сейсенбаева,  С.С.Қира-

баев,  А.Айталы,  Ғ.Есім,  Ж.Молда беков, 

С.Ғаббасов, 

Қ.Жарықбаев, 

Қ.Бөлеев, 

А.Т.Миразо ва,  Ә.Бейсенова,  Т.Мұсабаев, 

Қ.Сұлтанов, 

Қ.Уәли, 

К.Нәрібаев, 

Ә.Табылдиев  т.б.  Сонымен  қатар,  Шетел 

ға лым  дары ның  да,  Түрік  ғалымы  Ибраһим 

Йылдырымның,  Иван  Франко  атындағы 

Житомир  мемлекеттік  университетінің 

ғалымы  О.Й.Литвактың  ғылыми  мақала-

лары жарияланды. 

Журналымыздың  құрметті  алқа  мүше-

сі,  ғалым,  драматург,  медицина  және  педа-

гоги ка  ғылымдарының  докторы,  ака-

демик  Совет­хан  Ғаббасов:  «Ұлт  тағды-

ры  –  ұрпақ  тәрбиесінде»  атты  ғылыми 

тұжырымын  ұсынған.  Ғалымның  пікіріне 

қарасақ: «Тәуелсіздік құдіретімен алғаш рет 

ашылған  –  білім  конгресі  –  ұрпақ  тәрбиесі 

мен білім беру түйінін шешуде, жалпылама 

сөз  бен  жаттанды  ұғымдарды  тыйып, 

жаңаша  түсініктерге  жол  ашқаны  жөн.  Үш 


23

22

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

жүз  жылғы  бодандықпен  –  «зомбыланған 

рухымызды»  –  тіктеп,  әлем  халқын 

адастырып  отырған  –  «Европацентризм 

методологиясының» – жалғандығын ашатын 

мезгіл  жетті.  Оның  тікелей  ықпалымен, 

бүкіл  адамзат  қауымы  азып  отыр.  Олай 

болса,  бірден  «Европацентризмнің»  ең 

негізгі кемшіліктеріне тоқталған.

Адамда бар үш жүйенің – Тән – Жан – Рух 

–  үндестіктерін  әдейі  үндестірмеу  арқылы, 

бүкіл  өркенниетімізді,  тек  тән  тәрбиесіне 

байлап,  жан  мен  рухтың  тәрбиесі  түгіл, 

тіпті  оның  өзінің  не  екенін  ұғындырмауға 

тырысты. Бүгінгі шәкірт түгіл, ұстаздардың 

өздері  -  Жан  мен  Рух  –  дегеніміз  не  десе, 

нақты жауап бере алмайды. 

Бүгінгі  Педагогика  мен  Психологияның 

ғылыми  –  Методологиясы  –  Жүйесі  – 

Негіздері  –  жоқ  екеніне,  сындарлы  түрде 

қарайтын мезгіл жетті. Егер Аристотель мен 

Фарабидің  ғылыми  класификациясына  құ-

лақ ассақ: «...Кезекелген Пәннің негіздері, 



оның  ішінен  шықпаса,  ол  ғылыми 

Пән  болып  дамый  алмайды»,  –  деп 

үзілді-кесілді  үкім  айтады.  Ендеше,  айтып 

жүрген Педагогиканың негіздері – оқыту – 

білім беру – тәрбиелеу – деген ұғымдардың 

сырттан келіп тұрғаны айдан анық. Өйткені, 

бала  тәрбиесіндегі  –  «түйсіктік  ақыл 

мен  түйсіктік  тәрбиенің»  –  80%-ы  ана 

құрсағында»  қалыптасатындықтан,  іште 

жатқан жан-иесіне – «оқыту, білім беру»  

тіпті  де  мүмкін  емес  екендігі,  ғалым  түгіл 

қарапайым  адамғада  түсінікті.  Осындай 

сорақылықты  анықтағаннан  кейін,  не 

істеуіміз  керек?  Әрине,  сөзсіз  тіршілік 

заңына  сүйене  отырып,  ұрпақ  тәрбиесінің 

дұрыс  жолын  табу  қажет...»,  –  деп  ойын 

тұжырымдайды.

ҚР  Ұлттық  Ғылым  Академиясының 

академигі,  профессор,  абзал  ана  Әлия 

Бейсенованың  «Дәстүр мен ұрпақ тәрбиесі 

– ұлттық идеологияның негізі» атты ғылыми 

негіздегі  мақаласы  жарияланды.  Абзал  ана 

өз  мақаласында  идеологияның  негізгі  түп 

қазығы  ұлттық  тәрбиеміз  бен  дәстүрімізде 

екенін  айтады.  Сондай-ақ,  «Қазақстанның 

тәуелсіз  мемлекет  болуына  байланысты 

соңғы  жылдары  сол  мемлекеттің  ұлттық 

идеологиясы болуы керек пе, болса қандай?, 

– деген әңгіме төңірегінде пікір айтушылар 

көбейді. Газет-журнал беттерінде, теледидар 

экрандарында  әр  түрлі,  кейде  бірін-бірі 

толықтыратын,  кейде  біріне-бірі  қарсы 

шығатын  пікірлерді  де  жиі  көреміз.  Ел, 

мемлекет  болған  соң  идеология  болмай 

қоймайды,  оның  құрылымына,  көздеген 

мақсатына сәйкес туатын пайдалы идеялар, 

сөзсіз,  идеологияның  негізін  құрайды. 

Қазақстан  сияқты  тәуелсіздігін  жаңа  алған 

жас  елге  идеология  әбден  керек  және  ол, 

ең алдымен, мемлекеттің ұлттық сипатына, 

тәуелсіздігіне  қызмет  етуге  тиіс.  Ұлттық 

идеология дегеніміз – халықтың, бүкіл елдің 

әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, санасын ғасырлар 

бойы дамытып, жетілдіру арқылы ұрпақтан-

ұрпаққа берілетін ережесі, ол сол халықтың 

тілін,  дінін,  мемлекетін  қалыптастыруға 

қызмет  етеді»,  –  деді.  Мемлекетіміздің 

іргетасының нығаюы, экономиканың тұрақ-

тылығы,  демографиялық  мәселелердің  ше-

ші луі  мен  ұлттық  идеологияны  дамыту да 

ана лар дың қосатын үлесі ұлан-ғайыр. 

Қазақстанға  еңбек  сіңірген  ғылым 

және  техника  қайраткері,  педагогика  және 

пси хология 

ғылымдарының 

докторы 

Қ.Жарықбаев  журналымыздың  тұрақты 

авторы.  Қ.Жарықбаев  «Ұлттық  тәрбиені 

өрістеткіміз  келсе,  қазақы  қасиетімізді 

қас терлейік»  атты  ғылыми  мақаласы 

оқы ған  оқырманның  назарына  қазақи 

қасиеттерімізді  ұстануына  түрткі  болары 

хаһ. «Біз, қазақтар – табиғаттың төл перзенті 

едік.  Кеңес  үкіметінің  алдында  ғана  ұшы-

қиыры  жоқ  кеңістікті  еркін  жайлап,  аймен, 

жұлдызбен  сырласып,  күннің  қас-қабағына 

қарап-ақ,  қаншама  құпияларға  қанықтық. 

Негізгі  кәсібіміз  мал  шаруашылығының 

өнімінен-ақ, ішер ас, киер киімімізді бүтін-

дедік. Табиғатпен дәл біздей етене араласты 

түсініскен  халық  бұл  дүниеде  кемде-кем 

шығар?!  Жыл  қайырдық,  жұлдыз  санадық, 

құстың келу-кетуіне қарап-ақ, көп жайларға 

күні бұрын болжам жасап, шаруа келешегін 

алдын-ала бағдарладық. Ұлт ретінде өзгеше 

үрдістерімізбен танылдық. Қонақжайлылық, 

бауырмалдық,  мәрттік,  кісілік  қасиетімізге, 

шешендік  өнерімізге,  әншілік-жыршылық 

сал тымызға  жат  жұрттан  келгендер  сүй-

сінетін.  Енді,  міне,  нарықтық  қатынастарға 

көшкелі  толып  жатқан  қылмыс  түрлерінен 

қынжылатын жағдайға жеттік. Жаңағы биік 

қасиеттерімізді  қастандық,  жатбауырлық, 

жылпостық,  дүниеқоңыздық  жеңіп  бара 

жатқан  секілді.  Маскүнемдік  пен  дүние-

қоңыздық  сияқты  келеңсіз  қасиет терімізді 

ұлтымыздың  келешегі  үшін  аса  қауіптілері 

деп  білемін.  Маскүнемдік  жөнінен  алды-

мызға  тек  орыс  ағайындарды  жібереді 

екенбіз.  Қазір  Қазақстандағы  түрмелер 

түгел дей қазақ жастарына толы екен. Мұнан 

артық  қандай  масқаралық  керек.  Екіншісі 

–  бізде  нарық  келгелі  өріс  алған  келеңсіз 

қасиет-дүние жинау, ақша құмарлық. Сонау 

Аристотель,  Платон,  Фарабиден  бастап 

Абайға  дейінгі  ғұламалардың  барлығы, 

аса  байлықты  тіпті  ұнатпаған.  Бірақ,  осы 

американдық  прагматистік  философия, 

біздің ұлттық санамызға кереғар пәлсафаны 

ұялатты.  Олардың  айтуынша,  өмірде  ақша 

бірінші  кезекте  тұрады.  Егер,  ақша  қажет 

пе,  оған  қол  жеткізу  үшін  алдында  қандай 

кедергілер  тұрса  да  көктеп  өте  бер,  ол 

айып  емес.  Мәселен,  Америкада  мынандай 

анкеталар бойынша көптеген сауал алынған: 

«шешеңнің суретінің бетіне қанша долларға 

түкіресің?»  дегендей.  Оларға  адам  өлімі 

түкте емес. Күшің жетсе жұлынын үзіп жүре 

бер. Өйткені, олар ізгілік сезімінен жұрдай, 

ақша  үшін  хайуандық  психологияға  бой 

алдырғандар». 

Журнал  беттерінде  редакция  алқасының 

мүшесі,  Тараз  мемлекеттік  педагогикалық 

институтының  профессоры  Қ.Бөлеевтің 

«Ұлттық тәрбие – ел болашағы» атты жария-

ланған ғылыми мақаласының орны ерекше. 

Ол:  «Әлемдік  тарихта  және  тәжірибеде 

дәлелденген  бір  ақиқат  бар.  Ол  –  ел  болу, 

егемен  ел  болу.  Ал  егемен  елдің  іргетасы 

–  мемлекет,  анығырақ  айтсақ  –  тәуелсіз 

ұлт  тық  мемлекет.  Міне,  қазақ  елі  тәуелсіз 

ел  болдық,  20  жылдық  тәуелсіздігімізді 

паш  етіп  тойладық.  Дүниежүзі  елдігімізді 

мойын дады.  Сұрақ:  Енді  тәуелсіз  еліміздің 

тәр биесі қандай болу керек?

Меніңше,  тәуелсіз  қазақ  елінің  негізі  – 

ұлттық  тәрбие  болу  керек.  Ұлттық  тәрбие 

туралы  идея  –  бүгінгі  күн  талабы  және 

қазіргі өміріміздің қажеттілігінен туындаған 

өзекті  педагогикалық  проблема.  Бүгінгі 

таңда  ұлттық  тәрбиенің  қажеттілігі  –  қазір 

елімізде  орын  алып  отырған  қайғылы 

қасіреттер  мен  құбылыстарды:  ана  тілін, 

ана  тарихын,  төл  мәдениетін,  ұлттық  салт-

дәстүрлерін  білмейтін  жастар;  тастанды 

жетім  балалар  мен  «қиын»  балалар;  қаттар 

үйлерінде көздерінен қанды жас ағып, жылап 

отырған әжелер мен аталар; шылым шегуге, 

ішкілік пен нашақорлыққа салынған жастар; 

олардың  арасында  қылмыстың  қаулауы; 

сыбайлас  жемқорлық;  жұмыссыздық;  жез-

өкшелік;  қазақ  мектептеріндегі  оқу-тәрбие 

жұмысының  нашарлауы;  мұғалімдер  беде-

лінің  төмендеуі;  тәртіпсіз  ұл  мен  қыз; 

ата-аналардың  тәрбие  жұмысымен  айна-

лыспауы; экономикалық дағдарыстың алдын 

алып,  болдырмаудың,  одан  шығудың  және 

дамудың кепілі екендігін», – баса айтты.

Алматы  қаласындағы  №159  мектеп-

гимназия  басшысы  Аягүл  Төреқызының 

тылсымға  толы  сұхбаты  журнал  беттерінде 

жарияланған.  Дана  халқымыз:  «Бір  жылын 

ойлаған  адам  астық  өсіреді,  он  жылын 

ойлағанда ағаш өсіреді, келешегін ойлағанда 

ұрпақ өсіреді» деп бағзы замандардан айтып 

келеді. Осы жолда атадан балаға ұласып келе 

жатқан бұл қағиданы әр заманда, әр кезеңде 

жаңғырта  түсіп,  жетілдіріп  келеміз.  Қазіргі 

кезеңде  гуманитарлық  және  педагогикалық 

ғылымдар  негізінде  тәлім-тәрбиенің  маз-

мұны  мен  мағынасын,  әдістемелік  бағ-

дарын  жаңа  заман  талаптарына  сай  ин-

новацияландыру  міндеттерін  де  шешуге 

кірісудеміз. Осы тұрғыда шәкірт тәрбиелеуде 

қандай  қағидаларды  басшылыққа  алып 

отырсыздар?  «Ұлым  дейтін  елі  болмаса, 

елім  дейтін  ұл  қайдан  шығады?»  деген  сөз 

бар  қазақта.  Шын  мәнісінде,  өте  орынды 



25

24

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

айтылған  мақал,  бұл  жерде  өзіміздің  ұрпа-

ғымыз туралы ойламасақ, біз еліміз туралы 

ойламаған  болар едік. Әр  ұлттың  өзіне тән 

ұлттық  қасиеттері,  ділі,  тілі,  діні,  салт-

дәстүр,  әдет-ғұрыптары  болады.  Біздің 

елімізде  100-ден  аса  өзге  ұлт  өкілдері  тұ-

рып  жатыр  десек,  Қазақстанда  тұрып 

жатқаныменен  олардың  әрқайсысының  өз 

ұлтына сай тәлім-тәрбиесі бар. Біз олардың 

жақсы  жақтарының  барлығын  бойымызға 

сіңіріп,  қабылдағанымызбен  дәл  сол  ұлт 

бола  алмаймыз.  Қазақтың  ұл-қыздары 

ерек ше  болмысты  жаратылған.  Қазір,  сол 

қасиеттерді  жоғалтып  келе  жатқандаймыз. 

Ол – басқа халықтар тәрбиесінің ықпалына 

қарай  жығылып  бара  жатуы.  Басқа  ұлтқа 

жарасатын тәрбие, біздің ұлттың ұл-қызына 

жараспайды. Сондықтан да, қандай да басқа 

өркениетті,  дамыған  ел  болсын,  соның 

киімін киіп, соның сөзін айтайық, біз бәрібір 

олар  болмаймыз.  Біз  қазақ  болып  өмірге 

келгеннен кейін, қазақ болып өмірден өтуіміз 

керек.  Өзімізбен  бірге  біте  қайнасқан  әдет-

ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді, дінімізді, ді-

ліміз ді, тілімізді бойымызға сіңіре отырып, 

біз  басқа  ұлттың  да  жақсы  қасиеттерін  ала 

аламыз,  әлемге  де  өзімізді  таныта  аламыз. 

Ұлттың  шырайлы  дүниелерін  бойымызға 

қалыптастырмайынша,  елімізді  дамытып, 

әлем  таныған  халықтың  ұрпағы  боламын 

деу мүмкін емес», – деді.

Белгілі  философ,  академик,  сенатор 

Ғарифолла  Есімнің  «Елдік  сана  филосо-

фиясы» атты ұлттық идеясы журнал беттеріне 

жарияланды.  «Ел  болу  биік  әрі  мағыналы 

сөз,  оның  іргетасы  –  мемлекет.  Қазақстан 

Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Тек мем-

лекеті  бар  ел  ғана  өркениет  жолына  түсе 

алмақ,  сондықтан  Қазақ  өркениеті  деген 

ұғымды  қоғамдық  білімдер  жүйесінде 

қолдануға мүмкіндік туды. Қазақ өркениеті 

шындық, субстанция. Бүгінгі Қазақ Респуб-

ликасы тарихта (XV ғ.) болған Қазақ Орда-

сының  жаңа  Заманға  сай  жаңғыруы,  яғни 

Қазақ Республикасы ренессанстық мемлекет, 

оның президенті Ренессанстық Тұлға. Олай 

болса  еліміздің  бүгінгі  болмысын  Қазақ 

Ренессансы  деп  айтуға  толық  негіз  бар. 

Отаршылдық  кезінде  туған  Ұлт  мәселесі 

бүгінде Елдік санаға ұласты. Бұл бағыттағы, 

ендігі  жердегі  жетекші  сана  қазақ  елі  — 

мәңгілік  деген  идеямен  анықталмақ.  Қазақ 

елі – мәңгілік ұлттық идея. Оның мазмұнын 

ашуда  тың  түсініктер  керек,  олардың  біра-

зын  атап  айтсақ:  өркениеттік  өлшем, 

өркениеттік  шешім,  өркениеттік  келісім, 

өркениеттік  ізденіс,  өркениеттік  сана, 

өрке ниеттік  тұрмыс,  әлем  халықтарының 

өркениет тік үрдістерін қабылдай білу және 

соған  бейімделе  отырып,  елдік  құнды-

лықтарымызға  жаңа  сапалық  өріс  ашу, 

соның  нәтижесінде  Президент  Нұрсұлтан 

Назарбаев  көрсеткендей,  әлемдегі  өр-

кениетті елу елдің қатарына ену», – деп ойын 

тұжырымдады. 

Қазіргі  жаһандану  дәуірі  өршіп  тұрған 

қоғамда  өркениетті  қоғам  көшіне  ілесе 

алатын  ұлтжанды  ұрпақ  тәрбиелеу  – 

бүгінгі күннің басты талабы. Осыны ескере 

отырып,  Жаңартпа  технологиялар  және  бі-

лім  беру  мазмұнын  ҒЗИ  және  «Ұлттық 

тәрбие»  кафедрасының  ұйымдастыруымен 

өткізілген  «Ұлттық  тәрбие  –  өркениетті 

қоғам  құру  жағдайында  адам  ресурстарын 

қалыптастыру  кепілі»  атты  дөңгелек 

үстел  отырысынан  мағлұматтар  журнал 

беттерінде  жарияланды.  Дөңгелек  үстел-

дің  ашылуын  университет  ректоры, 

профес сор  С.Ж.Пірәлиев  ашты.  «Сіздерді 

бүгінгі  дөңгелек  үстеліміздің  ашылуымен 

құттықтаймын!  Бүгінгі  өткелі  отырған 

дөңгелек  үстеліміздің  тақырыбы:  «Ұлттық 

тәрбие - өркениетті қоғам құру жағдайында 

адам  ресурстарын  қалыптастыру  кепілі» 

деп  аталады.  Ұлттық  тәрбие  мәселесін 

көтерудегі  мақсат    еліміздегі  білім  беруді 

дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

Мемлекеттік  бағдарламасының  жобасында 

тәлім-тәрбие  және  жастар  ісіне  ерекше 

көңіл  бөлінуіне  орай,  ұлттық  тәрбие  мен 

жалпыадамзаттық  гуманизм  мұраттарын 

игеру  талаптарын  басты  назарға  алу.  Бола-

шақ  дамуымызды  дұрыс  бағдарлап,  тура 

жол ға  салу  үшін  өткеннен  дұрыс  тағылым 

алып,  келешегімізді  қазіргі  заманға  орай 

тәр биенің  жолдарын  сараптап  алуымыз 

қажет.  Сол  арқылы  ұлттық  зиялы  қауымды 

қалып тастырып,  тәуелсіздігімізді  баянды 

ете аламыз. Зиялы қауым қалыптаспады деп 

отырғаным  жоқ.  Бізде  бар,  дегенмен  олар-

дың  мәртебесін  көтеру  ұлттың  ұлт  болып 

ұюы на тигізер әсері мол. Себебі, зиялы қазақ 

азаматы  –  қазақ  топырағынан  бастау  алып, 

әлем мәдениетінен сусындаған, ұлтына жөн 

сілтей  алатын  болашақ  жалғастырушы  ал-

тын көпір. 

Осыған  орай,  елбасы  Н.Назарбаев:  «Біз 

өзіміздің ұлттық ойлау жүйемізді, тарихи та-

ны мымызды, рухани мәдениетімізді барын-

ша  терең  дамыта  отырып,  барлық  салада 

рухани тәуелсіздікке жетуіміз керек», – деген 

болатын.  Шынын  айту  керек,  тәуелсіздік 

алғанымызға  жиырма  жылдай  уақыт  өтсе 

де,  біздің  ой-танымымызда  осы  мәселе 

жетіспей  тұр.  Оны  жетістіруге  жетелейтін 

нәрсе  тәрбие  ісі  екенін  барлықтарыңыз 

білесіздер. Анығында ұлттық тәрбие жүйесі 

жасалып,  жолға  қойылуы  тиіс.  «Ұлт  болам 

десең, бесігіңді түзе», – деп ұлы жазушымыз 

М.Әуезов  бекер  айтқан  жоқ.  Отбасынан 

бастап  бақшадағы,  мектептегі,  колледждер 

мен жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие 

жұмысы  жолға  қойылып,  бұған  жалпы 

халықтық,  мемлекеттік  бетбұрыс  жасалуы 

қажет.  Өздеріңіздей  халқы  арқа  сүйер 

абзал  азаматтарды  шақырудағы  мақсат  та  

осында», – деп ректор өз ойын баяндады. 

Осы  дөңгелек  үстелдің  нәтижесінде 

қалыптасқан  ата-баба  дәстүрі  бойын-

ша  балаға  ұлттық  тәрбие  берудің  маңыз-

дылығына  тоқталып,  әр  халық  өзіндік  қа-

лып тастырған  жолымен,  үлгі-өнегесімен 

ерекшеленетіндігі  алға  қойылып,  ұлттық 

тәрбие беру біл жолға қойылды.

Журнал беттерінен сусындаған, тәрбиенің 

қайнар  көздерін  жария  ететін  ғылыми 

мақалаларымыз  оқырмандарымыздың  көңі-

лінен  шығуда.  Қазақ  халқының  ұлттық 

құндылықтарын  бүгінгі  дәстүрге  сай 

замануи  тұрғыда  даму  сипатын  халыққа 

таныстыра  отырып,  бойына  ұлттық 

болмысты  сіңіруде.  Ұлтжандылыққа,  отан-

сүйгіштікке  баулу,  тарихын,  мәдениетін, 

салт-дәстүрін  терең  меңгеруге,  ана  тілін 

қадірлеуге  үйрету,  ұлттық  интеллектуал-

дық әлеуетін анықтауда. Ғылыми-теория лық 

тұр ғыдан  зерттеп,  ата-бабамыз  қолданған 

үрдіс  пен  бүгіндегі  жаймен  саралап,  халық 

педагогикасының  асыл  мұралары  негізінде 

саналы тәрбие беруді қиюластыруда. Рухани 

ізгі  қасиеттерге  баулып,  тәрбиенің  көздері 

ана  тілі  мен  әдебиетін,  тарихы  мен  өнерін 

қастерлеруге,  халықтық  салт-дәстүрлер 

мен  әдет-ғұрыптарды  аялай  білуге,  құн-

дылықтарымызды 

дәріптеуде

Бұдан 


«Ұлттық  тәрбие»  журналының  маңызын 

аңға рамыз.  Республикалық  ғылыми-көп-

шілік  бағытта  тарайтын  «Ұлттық  тәрбие» 

журналы  болашақ  жастардың  кемел 

келешегін  толғап,  интеллектуалды  ұлт 

қалып тастырып,  тәрбиелеуде  өзіндік  үлесі 

мол, ауыз толтырып айтар жетістігіміз. 

Журналдың редакция алқасы 37 адамнан 

тұратын  халыққа  өзіндік  ой-санасымен, 

бағыт-бағдар  беретін  ұлт  тұлғаларынан  құ-

рал ған. 

«Ұлттық  тәрбие»  пәнін  білім  берудің 

маңызды  компоненті  ретінде  енгізу  қа-

жет тігі  айқын.  Осыған  журнал  бет-

терінде  «Ұлттық  тәрбие»  пәнін  оқытуға 

арналған  С.Ж.Пірәлиев,  М.А.Нуриев, 



Ж.А.Сейсенбаеваның құрастыруы мен оқы-

ту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін 

«Ұлттық  тәрбие»  оқу  бағдарламасы  басы-

лып шықты. Бағдарламаның мазмұны: «Ұлт-

тық  тәрбие»  пәнін  білім  берудің  маңызды 

компоненті ретінде енгізу қажеттілігі айқын. 

Ұлттық  тәрбие  пәнінің  негізгі  нысаны  – 

тәрбие  ұғымдары.  Қоғамдық  циклға  жа-

татын  бұл  пәннің  оқушының  жеке  тұлға 

ретінде дамуында, саналы оқу мен сауатты 

жазу дағдыларының қалыптасуында алатын 

орны ерекше. Ұлттық тәрбие адамның ішкі 

рухани  жан  дүниесінің  байлығын  ашуға, 

адамгершілікті,  сезімді  түйсінуіне,  тәрбие 

ұғымдарын  ұғынуына,  дүниетанымдық 

идеяларды  өзіндік  көзқараспен  дамытуға 

мүмкіндік  береді.  Мектеп  оқушыларын 


27

26

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

Ж.Е. Ішпекбаев – 

Абай атындағы

ҚазҰПУ-нің Тәрбие істері

жөніндегі проректоры,

 саяси ғылымдарының кандидаты

доцент, Ханьшань педагогикалық

 университетінің құрметті профессоры

ұлттың    тәрбиесінің  негізгі  ұғымдарымен, 

бі лімдерімен, дүниетанымдық идеяларымен 

таныстыра отырып, тілін, ділін, тарихын, дін-

ін,  ұлттық  салт-дәстүрін,  мәдениетін,  әдет-

ғұрпын сыйлап қадірлеуге қалыптастыру.

Білім  беру  деңгейі  оқушысының  бойын-

да  сөйлеу  білігін  қалыптастыру,  олар-

дың  адамгершілік  және  эстетикалық  құн-

дылықтар  жөнінде  түсініктерін  кеңейту 

жолдары.  Оқырмандық  білікті  мәтін 

бойын ша  жүргізілетін  жұмыстар  жүйесі 

(оқу,  мәтінді  талдау,  мәтінге  жоспар  құру, 

кейіпкерлерді сипаттау т.б.) құрайды.

“Қоғамдық бiлiм негiздерi” пәнi бойынша 

оқу  бағдарламасы  оқу-тәрбие  үрдiсiн 

ұйымдастыруға оңтайлы жағдайлар жасауға 

бейiмдеуi тиiс.



«Ұлттық тәрбие» пәнінің мақсаты ұлт-

тық  сана-сезімі  қалыптасқан,  ұлттық  мүд-

денің  өркендеуіне  өз  үлесін  қоса  алатын, 

ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық 

құндылықтарды  ұштастыра  алатын  толық 

кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

«Ұлттық  тәрбие»  пәні  бойынша  төмен-

дегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

өскелең ұрпақты қазақтың ұлт тық 



тәрбиесінің  негiзгi  ұғымдарымен,  бiлiм-

дерiмен, дүниетанымдық  идеяларымен жә-

не әдiстерiмен таныстыру;

ұрпаққа  қазақтың  тілін,  тарихын, 



дінін,  ділін,  ұлттық  салт-дәстүрін,  ұлттық 

мәдениетін, әдет-ғұрпын таныстыра отырып, 

сана сезімін, намысын, мінез-құлқын, дүние-

танымын қалыптастыру;

ұрпағымызға  қазақтың  ұлттық 



құндылықтары  негізінде  әлеуметтiк-психо-

логиялық,  құқықтық-экономикалық  және 

логикалық  ойлауды  дамытудың  қажеттi 

дағдылары мен шеберлiгiн меңгеруді, дұрыс 

және шешен сөйлеудi, қоғамдық ортада өзiн-

өзi ұстай бiлудi, бәсекеге қабілетті құзырет-

тілікті қалыптастыру;

жат қылықтардан сақ бола отырып, 



жан сұлулығы мен тән сұлулығын ұштастыра 

білу және оны дамыту;

қоғам  мен  табиғат  ресурстарын 



адам игілігіне ұқыпты, ұтымды пайдалануға 

бейімдеу,  ұлттық  құндылықтарды  жалпы-

адамзаттық құндылықтармен ұштастыру;

адамгершілік  және  эстетикалық 



құндылықтар  жүйесі  негіздерін  қалыптас-

тыру;


қазақ  халқының  терең  де,  мәнді 

тәрбиесін  басқа  ұлт  өкілдеріне  насихаттай 

отырып, ұлтаралық қарым-қатынасты жетіл-

діру;

Бағдарлама жалпы І Түсінік хат; ІІ Білім 



беруден күтілетін нәтижелер; ІІІ Оқу пәнінің 

базалық мазмұнынан тұрады.

«Ұлттық  тәрбие»  пәні  мазмұнын  толық-

тыруға, оқушының пәні бойынша білімін кө-

теруге,  танымдық  қажеттіліктерін  қанағат-

тандыруға бағытталуы тиіс. Пәнді тереңірек 

білу үшін оқушыларға қосымша вариативті 

курстар ұсынуға болады. Мәселен: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет