Бас редактор



Pdf көрінісі
бет4/22
Дата14.02.2017
өлшемі2,99 Mb.
#4095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

С. Қирабаев –  
филология ғылымдарының докторы, 
профессор, ҚР ҰҒА академигі  
 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Резюме
В статье расмотрены актуальные проблемы национального воспитания современной молодежи, цели и задачи 
предмета «Национальное воспитание», его место в современном обществе.
Summary
In the article the actual problems of national education of modern youth, the purpose and a subject problem «National 
education», its place in a modern society are considered.

 23 
амал-тәсілдер.  Қазақтар  басқа  халықтар  сияқты 
ер  жеткен  баласының  кәсіп  іздеп  кетуіне  жол 
бермейді,  үлкендерін  отау  етіп  шығарып,  кіші 
баласын  мұрагер  етіп  өз  қолында  ұстайды. 
Сөйтіп, ұрпақ жалғастығын сақтаған, қартайғанда 
панасыз қалмаудың жолын шешкен. 
Қазақтардың  мұрагерлік  салты  да  ойдан 
шығарылған  нәрсе  емес.  Ол  еркегі  өлген  үйдің 
әйелін  жесір,  баласын  жетім  етпей,  туыстық 
аясында  ұстау  ниетінен  туған.  Ағайынды 
адамдардың  бірінің  баласын  бірі  асырап  алуы 
да  туыстық  қарым-қатынасты  жалғастыруды 
көздейді. 
Қонақжайлылық, 
жауынгерлік, 
намысқойлық,  елді  сыртқы  жаудан  қорғау 
ерлігі  халықтың  ауызша  тудырған  әдебиетінен 
басталып, кейінгі әдебиеттік мұраларында да кең 
жырланған. 
Дәстүрдің  озығы  да,  тозығы  да  бар. 
Ұзақ  ғасырлар  бойы  ескірген  салт  біртіндеп 
ұмытылып, жаңа әдет-ғұрып туып, қазіргі ұлттық 
дәстүрді  қалыптастырған.  Соған  лайық  халық 
психологиясы да жаңарып отырған. Халқымыздың 
осындай  дәстүрлерін  сақтап,  жас  ұрпаққа  бере 
алсақ, біз ұлттың жоғалып кетуіне жол бермейтін 
боламыз. Американдық, Канадалық, Бразилиялық 
сияқты  құрамды  халық  болмай,  бүгінгі  дәуірдің 
жаңалығын  бойына  сіңірген,  интеллектуалды 
қазақ  ұлты  болып  жаһандануға  кіреміз.  Мәселе 
осында.
Ұлттық  тәрбие  мәселелеріне  қатысты 
мәліметтер қазақтың фольклорында, әдебиетінде, 
өнер  туындыларында  көп  сақталған.  Ондай 
деректер әр дәуірде шыққан ғылыми еңбектерде 
зерттелген.  Солардың  біразы  кейінгі  жылдары 
жарық көрген Х.Арғынбаевтың «Отбасы» (1996), 
А.Сейдімбековтің  «Күңгір-күңгір  күмбездер» 
(1981),  «Қазақтың  ауызша  тарихы»  (2008)  атты 
зерттеулерінде  жинақталып  берілген.  Соларды 
тауып,  пайдалану  да  бұл  саладағы  ізденіске 
көмектесетіні даусыз.
Қазақ халқының ұзақ ғасырлар бойы ауызша 
шығарған  әдеби мұрасы –  фольклор  мен  тарихи 
әдебиеті  ұлттық  тәрбиенің  маңызды  көзі  болып 
табылады.  Халық  өмірін,  адам  табиғатын  терең 
танып,  көркем  бейнелеуге  ұмтылған  әдеби 
шығармада сол адамға, оның өміріне тән ұлттық 
сипаттар, ұлттық ерекшеліктер де мол кездеседі. 
Фольклор  мен  әдебиет  халық  санасының  балаң 
кезінен  басталған  өмірдің  ұзақ  дамуында 
ұмытылған  кейбір  әдет-ғұрыптарды  да  сақтап 
жеткізген.  Сонымен  бірге,  ол  қазақтық  мінез-
құлықты,  ұлттық  тілді,  салт  пен  әдет-ғұрыптың 
түрлерін, 
адамгершілікті, 
кішіпейілділікті, 
қанағатшылдықты  т.б.  жақсы  қасиеттерді 
әдебиет  арқылы  насихаттаған.  Әдебиеттің  өмір 
танушылық,  тәрбиелік  қызметін  осы  жолмен 
ақтаған. Мұндай материалдарды бүгін біз қазақтың 
батырлық  эпосынан,  ғашықтық  дастандарынан, 
ертегілерінен,  тұрмыс-салт  жырларынан,  айтыс, 
шешендік сөз, мақал-мәтелдерінен мол табамыз. 
Тарихи  жазба  әдебиетте  халық  өмірін  суреттеу 
тереңдей  қойылды  да,  әдебиет  сол  өмірдің 
шежіресіне айналды. 
Әдебиет  дегенді  біз  өмірдің  сәулесі  дейміз. 
Бірақ,  ол  сол  өмірдің  өзі  емес,  көркем  бейнелеу 
жолымен қайта жасалған және әдемілеп жасалған 
жаңа  өмір.  Әдебиеттегі  адам  өмірдегі  адамды 
көшіре  салумен  жасалмайды.  Адам  бойындағы 
жақсы-жаман  қасиеттерді  өмірде  кездесетін 
фактілерге негіздеп, содан айнытпай жасау арқылы 
жаңа кейіпкер туғызады. Белинский сондықтан да, 
әдеби кейіпкерді «таныс – бейтаныс» («знакомый 
–  незнакомец»)  деп  атаған.  Оның  суреті,  мінез-
құлқы кәдімгі өзіміз көріп жүрген адамдай таныс. 
Сонымен  бірге,  ол  ешкімге  ұқсамайтын  өзгеше 
тип, «таныс бейтаныс».
Міне, біздің әдебиетіміздегі «таныс  бейтаныс» 
та  қазақ.  Оның  мінез-құлқы,  жақсы-жаман 
қылықтары,  ойлау  жүйесі,  әдеті  мен  дағдысы 
–  бәрі  қазақтікі.  Әдебиет  оқырманы,  жас  ұрпақ 
осылармен танысады, соларға еліктейді, ұнамсыз 
кейіпкер болса, ондай болмауға тырысады. 
Өмір  болған  жерде  әдеби  шығармаға 
тақырып  көп.  Батыр,  ер  адамдар,  ғашықтыққа 
мас  болған  жастар,  басқа  да  типтер  –  қазақ 
эпосының  негізгі  қаһармандары.  Батырлар  елін 
жаудан қорғап, жалпы халыққа пана болған. Олар 
жайлы шығармалар негізінен ел қорғау идеясын, 
патриоттық сезімді, отансүйгіштікті уағыздайды. 
«Ерді  намыс  өлтіреді,  қоянды  қамыс  өлтіреді» 
деген  бар.  Олардың  бейнесі,  мінезі,  батырлығы, 
намысқойлығы  арқылы  ашылады.  Сонымен 
бірге,  семьялық  өмірі,  жары,  мінетін  тұлпары, 
ата-ана,  туған  туыстары  жайлы  мәліметтер  де 
беріледі.  Қобыланды  мен  Құртқаның,  Қамбар 
мен  Назымның,  Алпамыс  пен  Гүлбаршынның 
сүйіспеншілігі,  сыйластығы,  қыздардың  ерге  ер 
болып, серіге сері болып қосылған бейнесін ашуы 
– ұрпақ үшін зор үлгі.
Сүйіскен  жастардың  тағдырын  бейнелеген 
«Қыз  Жібек»,  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  Сұлу» 
дастандарының  махаббатты  ту  еткен  ұрпаққа 
берері  тіпті  мол.  Оның  қаһармандары  теңіне 
қосылуды  армандаған,  осы  жолда  жанын  қиған 
романтикалық  бейнелер.  Олар  арманына  жете 
алмайды,  бірақ  артында  олардың  адалдығын, 
сертке  беріктігін,  махаббатының  биіктігін 
танытатын  мінезі,  құлқы,  сөзі,  тілі  қалды.  «Қыз 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ 

 24 
Жібектегі»  көштің  суреті  халық  әдебиетіндегі 
әдеміліктің, әсемдіктің ғана суреті емес, бір кезде 
қазақ  бастан  кешкен  көшпелі  елдің  тұрмысы 
мен  дәстүрінің  бейнесі.  Ондай  көш  салтанатын 
Ж.Аймауытов та, М.Әуезов те жазған. Осындағы 
Төлеген  мен  Жібектің  ара  қатынасын  суреттеу, 
бірін-бірі сөзбен қағытып сынасуы қазақы мінезден 
туады және қандай әдепті. Сол арқылы олар бірін 
бірі түсінеді, табысады. Бұл да тіл білудің, қазақ 
тілінің шешендігін, тіл сырларын терең түсінудің 
қажеттігін мойындатады. Сөзге түсінбей, қалжың 
айтсаң  ашуланып,  көріспей  кететін  жастар  қазір 
қаншама!  Тіл  деген  ұлттың  жаны.  Мінезі,  әдет-
ғұрпы, бүкіл ойы, ісі, философиясы, иманы да сол 
тілде.   
Фольклор  мен  әдебиет  халықтың  ғасырлар 
бойғы  арманын  жырлайды.  Халық  өмір  бойы 
жақсы тұрмысты аңсаған. «Қой үстіне бозторғай 
жұмыртқалайтын» заманды алдан күткен. Қорқыт 
желмаясымен өлімнен қашқан, Жиделі Байсынды 
іздеген.  Асан  қайғы  да  соның  жолын  ұстаған. 
Осылардың негізінде бүгін біздің қолымыз жеткен 
тәуелсіздік  идеясы  жатқаны  даусыз.  Тарихи 
әдебиет  қазақ  халқы  бастан  кешкен  дәуірлердің 
барлығында  да  жат  жұртқа  тәуелді  болмауды, 
азаттықты  арман  тұтып  жырлаған.  Фольклор 
мен  әдебиет  жасаған  образдардың      барлығы  да 
ерлікті, биік адамгершілікті, тапқырлықты, рухани 
тазалық  пен  кішіпейілділікті,  қанағатшылдықты 
үлгі  тұтқан.  Адам  бойындағы  қуатты  толық 
пайдаланудың, 
еңбекқорлықтың, 
талмай 
ізденудің арқасында әдебиет қаһармандары ылғи 
да  мақсаттарына  жетіп  жүреді.  Алып  қара  құс, 
ұшқыш кілем, тұлпар ат сияқты қиялдағы образдар 
да өмірде болу мүмкіндігіне сенгендіктің белгісі. 
Адамның  жаманы  ретінде  хан  алдында  келген 
Аяз ақыры өзінің данышпандығын танытып, әділ 
би болып шығады, халыққа да ұнайды. Өз қолы 
билікке жеткен кездерде де кешегі жоқшылықтағы 
күнін ұмытпай, ескі киімін босағасына іліп қоятын 
болған.  «Ой,  Аяз,  баймын  деп  таспа,  бимін  деп 
аспа, Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» 
дейді екен. Билікке масайрамай өткен Аяз билер 
кешегі  күнін  ұмытып,  қарапайым  халықтан  қол 
үзетін  чиновниктерге  қарама-қарсы  образ  ғой. 
Қазақтың  аңыз  ертегілерінде  де,  Қорқыт,  Асан 
қайғы, Алдар көсе, Қожанасыр, Жиренше туралы 
аңыздарда  байлық  пен  тәкаппарлық  шенеліп, 
адамгершілік, қарапайымдылық, кісілік мінездер 
уағыздалады. 
Қазақтың    тұрмыс-салт  жырларында 
тұрмыс  пен  әдет-ғұрып  тудырған  өлеңдер  көп. 
Оларда,  әсіресе,  үйлену  тойында  айтылатын 
«Беташар» жырында болашақ жас келінге әйелдің 
міндеттері,  жаңа  ортаға  бейімделудің  ырымдық 
жағы  сөз  болады.  Оны  күйеуінің  туыстарымен 
таныстырады.  Жоқтау  жырлар  адам  басына 
түскен мұң мен шерді бөлісу сияқты гуманистік 
ойлардан құралады. Қазақ «Қуанышты бөліссең, 
көбейеді, қайғыны бөліссең, азаяды» дегенді тегін 
айтпаған.
Тәрбиелік  өнегені  көркем  бейне  арқылы 
танытумен бірге тікелей үгіт түрінде түсіндіруде 
шешендік  сөздердің,  мақал-мәтелдердің  орны 
ерекше.  Олар  ұзақ  ойдың,  оқиғалы  сюжеттік 
желінің түйіні, қорытындысы сияқты. Ертегілерде, 
батырлық  жырларда  жолға  шыққан  ерлерді 
суреттегенде  «Темір  етіктен  теңгедей  қалғанда, 
темір таяқтан тебендей қалғанда» деген тіркестер 
кездеседі. Бұл, сол батырлар жол үстінде көрген 
азапты, бейнетті бейнелейді. Қазақтың шешендері 
мен  билері  –  Сырым,    Төле  би,  Қазыбек  би, 
Әйтеке би, Абай т.б. ішкі және сыртқы жаулармен 
тартысты  шешендікпен,  тапқырлықпен  жеңген. 
Қазыбек  бидің  қалмақ  ханына  барғанда  айтқан 
сөзін    немесе  М.  Әуезов  «Абай»,  «Еңлік-Кебек» 
пьесаларында суреттейтін ел ішінің дауын шешуде 
айтылатын дәлелді сөздер, тапқыр теңеулер бұған  
куә. 
Қазақ  –  шындыққа  сүйенген,  әділет 
жолына  сенген  халық.  Қазақ  ақындары  өз 
шығармашылығында  осы  жолдан  жаңылмаған. 
«Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дейді халық 
мәтелі.  Шөженің  Алшынбай  мен  Құнанбайға, 
Сүйінбайдың  Тезек  төреге,  Шернияздың 
Баймағамбет  сұлтанға,  Махамбеттің  Жәңгір 
ханға, Жанақтың Рүстем төреге, Бұхар жыраудың 
Абылай ханға айтқан сөздері – осы шындықтың 
қазақ  әдебиетіндегі  көріністері.  Ақылды  ел 
басшылары  шындықты  бетіне  айтқаны  үшін 
ешкімді  жазаға  тартпаған,  іштей  кек  сақтаса  да, 
жұрт  көзінше  айыптаудан  қаймыққан.  Абылай 
Бұхарды кеңесші, ақылшы ретінде ұстаған. 
Қазақтың  мақал-мәтелдері  халық  өмірінің 
барлық  саласын  қамтиды.  Олар  өмірде 
тәжірибеден  өтіп,  сыналған,  сөйтіп  көп  сөздің 
түйіні,  қорытындысы  болып  тараған  үлгілік, 
тәрбиелік  сөздер:  «Еңбек  етсең  ерінбей,  тояды 
қарның  тіленбей»,  –  дейді  Абай.    «Жаманнан 
жақсы  туады,  адам  айтса  нанғысыз,  Жақсыдан 
жаман  туады,  бір  аяқ  асқа  алғысыз»,  –  дейді 
Махамбет. Бұлар халықтық мақал-мәтелдерді осы 
жолмен дамытқан, байытқан. 
«Мал жисаң, қонысын тап, ас жисаң, ыдысын 
тап», не істесең де алды-артыңды ойлап, тұтастай 
ойлап  істе  дегенді  білдіреді.  «Мал  арыстанның 
аузында,  түрікпеннің  түбінде»  –  мал,  байлық 
жиюдың қиындығын бейнелейді. «Жаңылмас жақ 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 

 25 
болмас, сүрінбес тұяқ болмас» – адам қателеспей 
тұрмайды  деп  кешірімге  үгіттеу.  «Ырыс  алды  – 
ынтымақ», «Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ», «Алтау 
ала  болса,  ауыздағы  кетеді,  төртеу  түгел  болса, 
төбедегі келеді» – бұлар елді бірлікке, ынтымаққа 
шақыруды көздейді. «Талантты ерге нұр жауар», 
«Шебердің  қолы  ортақ,  шешеннің  тілі  ортақ»  – 
адамның кәсіп меңгеріп, халқына пайда келтіруі 
туралы.  Ел  сүю,  ерлік  жайын  қозғайтын  «Кісі 
елінде  сұлтан  болғанша,  өз  еліңде  ұлтан  бол», 
«Елінен  безген  ер  оңбас,  көлінен  безген  қаз 
оңбас»,  «Батыр  бір  өледі,  қорқақ  мың  өледі» 
сияқты  мақал-мәтелдер  де  тәрбиелік  ғибратқа 
толы.  Жастардың  жарасымдылығы,  қалыңдық 
таңдау  «Ыдысын  көріп  асын  іш,  анасын    көріп 
қызын ал» деген мақал да қалай тапқыр айтылған. 
«Өнер  алды  –  қызыл  тіл»,  «Сөз  тапқанға  қолқа 
жоқ»  –  сөз  өнерін  бағалаудан  туады.  Қазақтың  
мақал-мәтелдері  өмірде  болатын  қарама-қарсы 
ұғымдарды салыстыра қарап, солардың пайдалы 
жағын да, ұнамсыз құбылыстарды да көз  алдыңа 
алып  келеді.  Жастық  пен  кәрілік,  жақсылық 
пен  жамандық,  өтірік  пен  шындық,  ақыл  мен 
ақылсыздық, өмір мен өлім, дау-шар, жарық пен 
қараңғылық, білімділік пен надандық, тағы басқа 
шындық суреттері жайлы тәрбиелік мәні бар білім 
де әдебиетте. 
Ыбырай мен Абайдан бастап әдебиетте өнер-
білім  мәселесі  нақты  ағартушылық  көзқарас 
деңгейінде қойылады. Ыбырай тәрбие мәселесіне 
айрықша  мән  берді.  Оның      новеллалары 
мен  өлеңдері  түгелдей  жас  ұрпақты  жақсы 
мінез-құлыққа,  еңбекке,  қарапайымдылыққа,  
қайырымдылыққа  тәрбиелеуге  арналды,  оқу 
білімге  үндеді.  Абай  адамға  керекті  талап, 
еңбек,  терең  ой,  қанағат,  рақымшылық    сияқты 
бес  пайдалы  мінезді  үйренуге,  өсек,  өтірік, 
мақтаншақтық,  еріншектік,  бекер  мал  шашу 
сияқты  бес  нәрседен  қашық  жүруге  үгіттеді.  
Әсемпаз  болуға  құмартпай,  өнерпаз  болып, 
дүниенің  кетігін  кірпіш  боп  қалануды  ұсынды. 
«Военный  қызмет  іздеме,  оқалы  киім  киюге» 
деді. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір 
дәурен кемді күнге бозбалалық» өлеңдерінде жас 
ұрпаққа ой салар ақыл-кеңестер берді. «Керек іс 
бозбалаға талаптылық, әр түрлі өнер, мінез, жақсы 
қылық» деді.  «Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, 
лапылдап көрсе қызар нәпсіге ерме, әйел жақсы 
болмайды көркіменен, көз жетпей мінезіне, көңіл 
бөлме»,  «Ері  ақылды,  қатыны  мінезді  боп,  тату 
болса, рай үстіндегі үй» дейтіні де бар. 
Абай  әйелді  кем  тұтқан  жоқ,  ерлермен  тең 
қоғамның  белсенді  мүшесі  санады.  «Масғұт» 
поэмасында Масғұт қарақшының қолына түскен  
қарт адамды арашалайды. Сонда қарт «Сен маған 
жақсылық  жасадың,  енді  мен  саған  қарымын 
қайтарайын.  Ертең  пәлен  уақытта  қаланың 
сыртындағы  молаға  кел»  дейді.  Келген  соң  әлгі 
қарт Масғұтқа үш түрлі жеміс ұсынады.                           
Ағын жесең ақылың жаннан асар
Сары жесең байлығың судай тасар
Егерде қызыл жеміс алып жесең,
Ұрғашыда жан болмас сенен қашар, –
дейді  (Абай.  Шығармаларының  екі  томдық 
толық жинағы. 2 том. – Алматы, 1995. – 136 б.)
Масғұт қызыл жемісті таңдайды. Қарт оның 
себебін сұрағанда, «Әйел де халықтың көп бөлігі 
ғой, олармен дос болсам, маған қауіп жоқ», – дейді 
Масғұт.
Еркектің еркек адам болса қасы 
Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің басы.
Хан қаһар, қара кісі қастық қылса,
Сонда ұрғашы болмай ма арашашы.
Тегінда адам басы сау бола ма?
Бойында тексерілмес дау бола ма?
Ері ашу айтса, әйелі басу айтып,
Отырса, бұрынғыдай жау бола ма?  (Сонда, – 
137 б.)
«Ескендір» 
поэмасы 
адамға 
тән 
тойымсыздықты,  мақтансүйгіштікті  шенейді. 
Соны адамның көз сүйегіне бір уыс топырақ тастау 
арқылы  мысалдап  жеткізеді.  Тойымсыздықты 
өлім  арқылы,  көзді  топырақпен  жабу  арқылы 
тоқтату  қазақтың  халық  әдебиетінде  бұрын  да 
болған («Мұңлық – Зарлық»).
Абайдың  ақындық  бағдарламасы  «ескі  сөзді 
бос мақалдап отырмай», халыққа жаңа сөз, жаңа 
ой  айтудан,  әдебиетке  деген  жаңа  эстетикалық 
көзқарас тудырудан құралады. Ол – әдебиеттің бетін  
ескі  хисса-жырларды,  тақпақтарды  қайталауға 
емес,  халық  өмірімен  тығыз  байланысқа,  соның 
тұрмысын,  тіршілігін,  адамды  танып  суреттеуге 
бұрды. «Өлең – сөздің патшасы», «Мен жазбаймын 
өлеңді  ермек  үшін»,  «Әннің  де  естісі  бар,  есері 
бар», «Ә дегенде ән басы келеді ащы», «Құлақтан 
кіріп, бойды алар» сияқты өлеңдерінде ұлы ақын 
әдебиет пен өнерді дамытудың жаңа эстетикалық 
көзқарасын негіздеді. 
ХХ ғасырдың басында Абайдың бұл ақындық 
бағдарламасы  халықты  отаршылдықтан  құтқару, 
патша  өкіметінің  қанауы  мен  езгісіне  қарсы 
идеяларға ұласты. Осы жаңа көзқарастың, саяси 
күрестің басында Ахмет Байтұрсынов, Міржақып 
Дулатов  сияқты  қазақ  әдебиетшілерінің  тұруы 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ 

 26 
–  біздің  ұлттық  әдебиетіміздің  үлкен  абыройы. 
Оларды  ХХ  ғасыр  басындағы  Ресейдегі  саяси-
әлеуметтік  жағдайлар,  революциялық  күрес 
оқиғалары,  қазақ  қоғамының  ішкі  және  сыртқы 
қайшылықтары  туғызып  тәрбиеледі.  Олар  және 
оларға  ере  шығып,  жолын  ұстаған  Жүсіпбек 
Аймауытов,  Мағжан  Жұмабаев,  Сұлтанмахмұт 
Торайғыров  тағы  басқалары  қазақ  халқының 
отаршылдық езгі мен феодальдық-патриархальдық 
тұрмыс жағдайында экономикалық та, рухани да 
жүдеушілікке ұшырауын жіті көре білді. Азаттық 
жолындағы  күреске  қоса  қазақтарды  оқу-білім 
жолына  бастады,  салт-сананың,  әдет-ғұрыптың 
ескірген,  ілгері  дамуға  бөгет  болып  отырған 
түрлерін  әдебиет  арқылы  сынап,  елді  оятуға 
бастады.  Әдебиетте  жаңа  образдар  жасалды. 
Олардың  ішінде  теңіне  қосыла  алмай,  қалың 
малдың  құрбаны  болған  қыздар  (Қамар,  Ғайша, 
Жамал, Шұға) мен сүйгенінен айрылып күйзелген 
жас жігіттер (Ахмет, Қожа, Ғали, Әбіш) бейнелері 
қазақтың  ұлттық  әдебиетіндегі  ұнамды  типтерді 
белгіледі.  Ескі  салт-сананы,  әдет-ғұрыпты 
жаңалыққа  қарсы  қойған,  сөйтіп,  ескіліктің 
жасауылы  болған  Нұрым,  Итбай,  Тұрлығұл, 
Есімбек бейнелері де дәуір әдебиеті үшін жаңалық 
еді. Қазақ жазушылары осы тағдырларды ашарлық 
тартыс ретінде қазақ тұрмысының кертартпа, артта 
қалған шындығын алып, осыны өзгерту қажеттігін 
көтерді.  Сұлтанмахмұт  өз  шығармаларында 
ескілікті қатты сынап, Абай сияқты қазақ мінезі 
мен  ғұрпын  өткір  айыптаған  ақын  болды.  Ол 
қазақ  қоғамының  тәрбиелік  үлгісі  жоқтығын 
шенеді.  Қоғамның  ілгері  дамуына  бөгет  болып, 
ескіліктің  жасауылы  қызметін  атқарып  отырған 
Нұрым, Әжібай сияқты ел билеушілер бейнелерін 
ашты. Нұрымның зұлымдығы Қамардың өліміне 
себеп  болса,  Әжібай  («Кім  жазықты?»  атты 
өлеңмен  жазылған  романның  басты  кейіпкері) 
қазақ  қоғамын  ірітіп-шірітіп  отырған  билеуші 
күштің жиынтық бейнесі ретінде суреттелді. Сол 
арқылы  ақын  ел  билеушілердің  сиқы  қандай, 
олар  қазақ  қоғамына    қандай  пайдалы  (немесе 
зиянды)  қызмет  істеп  отыр?  –  деген  сұрақтарға 
жауап іздеді. Олардың өскен ортасын, ел басқару 
жүйесіндегі  істерін,  жеке  басының  моральдық 
келбетін  мүсіндеді.  Осы  негізде  Сұлтанмахмұт 
ел  ішін  жайлаған  тәрбиесіздікке  тоқтайды.  Әлгі 
кейіпкерлердің  барлығы  да  тәрбиесіздіктің 
жемістері екенін көресің.
Әжібай ерке өскен қағу көрмей,
Бетіне еш біреуден шіркеу келмей.
Балаға тілі шықса, айналасы
Қоя ма тұрмысынан өрнек бермей.
Тәрбие жоқ қой қазақ баласында
Солайша өскен ата-анасы да. 
Көргені әке-шеше қалай болса,
Алмақшы одан үлгі баласы да.
Еркінше ел жұртына еркелеген,
Әкесі: «бұл қарағым ерке» деген.
Жан біткен – қымызбенен еттің құлы,
Ел оны еркелетпей қойсын неден?
Боқтаса «қарағым» деп беттен сүйген,
Болмай ма байға алакөз оған тиген.
Жан-жағы тәрбиесіз надан болып,
Солардың жұға-жұға кебін киген, –
дейді  ақын  (С.Торайғыров.  Екі  томдық.  Том 
2. – Алматы, 1993. – 70 б.).
Роман қазақ қоғамының дамудан кеш қалып 
отырғанын,  қараңғылық  пен  талапсыздықты, 
жалқаулық      пен  шаруаға  қырсыздықты, 
алауыздықты сынай отырып, халық тағдырының 
осы күйіне «Кім жазықты?» деген сұрақ қояды. 
Максим  Горькийдің  ХІХ  ғасырдағы  орыс 
әдебиеті  жайлы  лекцияларында  «Сол  ғасыр 
әдебиеті  адамзатты  толғандырған  екі  түрлі 
сұраққа  жауап  іздеді.  Олар  «Кім  кінәлі?» 
және  «Не  істеу  керек?»,  –  деп  еді.  Бұлар  көпке 
белгілі  А.И.Герцен  мен  Н.Г.Чернышевскийдің 
романдарының аттары. Соған ұқсас сұрақты ХХ 
ғасырдың  басында  Сұлтанмахмұттың      қоюы, 
оның орыс жазушыларына еліктеуі емес, өзі өмір 
сүрген  дәуірдегі    қазақ  қоғамының  сиқын  көріп 
күйзелуі  және  осыған  «Кім  жазықты?»  екендігі 
жайлы ойлануы еді. 
ХХ  ғасыр  басындағы  осы  ізденісті,  қоғам 
сырын  ашып,  оның  адаммен  қарым-қатынасын 
нақтылау  кейінгі  әдебиеттің  үлесіне  тиді. 
Қазақтың  кеңес  тұсындағы  жаңа  өмірі  көптеген 
қайшылықтарына 
қарамастан 
революция 
қарсаңындағы қазақ ауылын жаңартқаны даусыз. 
Тәрбиенің  құралы  есебінде  әдебиет  те  қоғамға 
лайық  жаңа  адам  тәрбиелеуге  белсене  қатысты 
және  жаңа  принциптер  ұстанды.  Жалпы  халық 
үлгі  тұтатын  ұнамды,  күрескер,  жаңа  қоғамды 
жасаушы  және  дамытушы  қаһармандар  туды. 
Жаңа қоғам, сонымен үндес әдеби адам танудың 
басты өлшемі ретінде еңбекті, қоғамдық пайдалы 
қызметті  таңдады.  Адам  адам  болғандығы  үшін 
емес,  еңбегімен  бағалануға  тиіс  болды.  Жаңа 
адам  еңбек    үстінде  тәрбиеленді.  М.Горькийдің 
«Социалистік еңбек  жаңа адамды тәрбиеледі, ал 
жаңа адам социалистік еңбекті жасаушы болды» 
деген сөзі бар. 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 

 27 
Резюме
Статья  посвящена  национальному  воспитанию.  Раскрывается  роль  казахской  литературы    при  изучении 
дисциплины  «Национальное  воспитание».      Использование  литературных  источников,  начиная  с  фольклора  до 
современных авторов, будет способствовать более полному и глубокому пониманию предмета.
Summary
The article is devoted to a national education. The role of the Kazakh literature reveals in discipline studying «National 
education». Use of references, since folklore to modern writers, will promote fuller and deep understanding of a subject.
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ 
Еңбектің  адам  өміріндегі  орны  жалпы 
тарихта талай айтылған. Бұған, әсіресе, орыстың 
революцияшыл 
демократтары 
(Белинский, 
Чернышевский,      Добролюбов),  марксистер 
(Энгельс,  Плеханов,  Ленин)  зор  мән  берген. 
Әдебиет  те  осы  принциптен  өрбіді.  Бұрынғы 
әдебиетке  мұндай  талап  қойылған  емес.  Онда 
әсемдік жалаң сұлулықпен ғана танылды. Абайдың 
өзінің  сұлулары  да  еңбекті  түсінген  жоқ.  «Қыр 
мұрын,  қыпша  бел,  солқылдар  соқса  жел»,  жел 
соқса солқылдап тұрған балта мен кетпен көтере 
алатын  қыздың  сұрқы  емес  қой.  Өз  заманының 
ең  ізденімпаз  ақыны  Сұлтанмахмұттың  Қамары 
да,  Бейімбеттің  Шұғасы  да  сондай.  Кезінде 
әдебиеттегі  сұлулық,  әдемілік  туралы  сөз 
қозғағанда,  Чернышевский  ғана  аристократтық 
сұлулық  пен  еңбек  адамының  сұлулығы  туралы 
ұғымды  айырып  қарады.  Ғабиден  Мұстафиннің 
«Шығанақ»  романының  жас  кейіпкерлері 
Амантай  мен  Жанботаның  маған  әрдайым  осы 
Чернышевский көзқарасымен жасалған образдар 
сияқты  елестейді.  Осындағы  жастар  сұлулығы, 
әсіресе,  Жанбота  қыздың  бейнесі  жел  соқса 
солқылдап тұрған сұлулық емес, еңбек адамының 
сұлулығы. Оның сырт сұлулығының өзінде аппақ 
пудра  жаққан  қала  қызы  емес,  жел  қағып  жүзі 
тотыққан,  бұлшық  еттері  қалыңдау,  балтыры 
толықтау, еңбек астында шыныққан дала қызының 
өзіне  тән  сұлулығы  бар.  Оның  ішкі  дүниесі  де 
таза,  сұлу.  «Махаббат  –  нәзік  нәрсе,  домбайыңа 
көне ме?» деген Амантайдың сөзіне Жанботаның: 
«Жоқ,  махаббат  берік  нәрсе.  Балталасаң  да 
сынбайды.  Кейбіреулер  өңдеймін  деп  мойнын 
қылдай, сирағын шидей қылады да, сынып кетсе, 
ойбай  сап  отыра  қалады.  Менің  махаббатым 
дөрекілеу болар, бірақ сынуға жоқ», – деп жауап 
береді (Ғ.Мұстафин. Бес томдық. том1. – Алматы, 
1981. – 132 б.).
Тарихи        әдебиет        жаңа          ұрпақты       
тарихты    түсінуге,  оны  сыйлауға  баулыды.  Бұл 
ретте М.Әуезовтің «Абай жолы», С.Мұқановтың 
«Балуан  Шолағы»,  «Өмір  мектебі»  атты  үш 
томдық  мемуары,  Ғ.Мүсіреповтің  «Ұлпаны», 
Ғ.Мұстафиннің «Көз көргені» әдебиет тарихында 
ерекше  бағаланады.  Бұларда  қазақтар  бастан 
өткерген әр қилы дәуірдің жарқын суреттері бар. 
Өткен ғасырдың 60-жылдарынан кейінгі кезеңде 
тарихи  әдебиеттің  дамуына  кең  жол  ашылды. 
Ел  тарихын,  халықтың  азаттығы  жолындағы 
күресін  суреттеуге  де  (І.Есенберлин,  С.Сматаев, 
Ә.Әлімжанов, 
Ә.Кекілбаев, 
М.Мағауин, 
Ж.Тұрлыбаев,  Б.Алдамжаров),  әдебиет  пен 
өнердің тарихи тұлғалары өмірінің үлгілік жағын 
көрсетуде  де  (С.Жүнісов,  Д.Әбілев,  Ә.Әбішев, 
З.Ақышев, 
С.Бақбергенов, 
Н.Әбутәлиев, 
О.Сәрсенбаев,  Д.Досжанов  т.б.),  тарихи  және 
тарихи-революциялық 
оқиғалар 
тұсында 
айрықша  көзге  түскен  қайраткерлердің  көркем 
бейнесін жасауда да (Х.Есенжанов, Ә.Нұрпейісов, 
Қ.Сәрсекеев,  Ш.Мұртаза  т.б.)  әдебиет  зор 
табыстарға  жетті.  Тәуелсіздік  жылдары  қазақ 
халқының  егемендігі  үшін      күрескен  батырлар 
мен ел қамқорларының  жаңа бейнелері жасалды 
(Қ.Жұмаділов, 
Ұ.Доспанбетов, 
С.Сматаев, 
Қ.Исабаев, Ж.Ахмеди т.б.). Бұлар біздің әдебиеттің 
жас  ұрпақтың  ұлттық  санасын  оятып,  дамытуда 
тарихи  маңызды  туындылар  легі.  Әдебиет  осы 
жолмен  адам  тәрбиесіне  қосар  үлесін  молайту 
үстінде. Тек оны оқып, пайдалану керек. 
Бұл  қатарда  әдебиеттің  басқа  жанрларының 
(поэзия,  драматургия,  балалар  әдебиеті)  да 
атқаратын қызметі үлкен.
Бұл  жағдайлар  ұлттық  тәрбие  мәселесі 
сөз  болғанда,  фольклор  мен  көркем  әдебиетті 
пайдаланудың  аса  қажеттігін,  ондағы  мол 
материалды  жас  ұрпақ  санасына  жеткізудің 
маңызын  танытады.  Жай  айтқан  сөзден  гөрі 
әдеби образдар мен тапқыр, ойлы, шешен тілмен 
айтылған  сөздер  бойға  тезірек  даритынын 
ескеруіміз керек. 

 28 
Қазақ елі – мәңгілік, бұл ұлттық идея. Елдің 
мәңгілігін  армандаудан  асқан  қандай  асқақ  идея 
болмақ.  Әрбір  жеке  адамның  ғұмыры  өлшеулі 
болғанымен, ол ұрпағымен мәңгілік. Сондықтан, 
бұл  болашаққа  бастайтын,  келешекке  деген  нық 
сенім қалыптастыратын идея. Сонымен бірге, қазақ 
елі  мәңгілік  деу  ұрпақтар  алмасуына,  олардың 
сабақтастығына, солармен бірге халықтың табиғи 
құндылықтарының жасампаздығына деген сенім. 
Осылай дей отыра, қазақ елі — мәңгілік дегенде, 
біз бүгінгі бар тарихымыздың баяндылығы туралы 
қалыптасатын байсалды сана туралы айтпақпыз.
Ел  болу  деген  онтология,  бар  шындыққа 
айналған болмыс, бүгінде қазақ елі туралы, оның 
келешегі  де,  әлі  жетіспей  жатқан  жақтары 
туралы  да  мәселелер  ағымдық  басылымдар 
беттерінде  көтеріліп  жатыр.  Менің  айтпағым, 
қазақ елінің азаматтарының елдік санасы туралы 
сөз.  Философиялық  білімде  сананың  шартты 
түрдегі  дербестігі  деген  ұғым  бар.  Сананың 
болмыстан  не  қалып,  не  асып  кететін  дербестігі 
ғылымда белгілі мәселе. Олай болса, ел болу мен 
елдік сана арасында алшақтық бар ма, болса ол 
қалай  көрініп  отыр  дегенге  жауап  іздеу,  бүгінгі 
қоғамдық білімдердің басты мәселесінің бірі деген 
пікірдемін. Елдік сана өлшемі – қазақ елі мәңгілік 
деген ұғыммен анықталмақбірақ осы идеяның 
жүзеге  асуының  технологиясы  қалай  дегенде, 
кімдерге  ұқсап  елімізді  мәңгілік  етуіміз  қажет 
дегенде үлгі іздеушілік те бар, менің ойымша, үлгі 
іздегеннен  гөрі,  өркениетті  елдердегі  үрдістерді 
сабақ  ретінде  алып,  өз  жолымызды  анықтасақ 
деген  ой  дұрыстығын  Қазақстанның  өзіне  тән 
өркениеттік тыныс-тіршілігі анық байқатып келеді. 
Араб елдеріндегі үрдісті үлгі ретінде ала аламыз 
ба? Вестерндік не дәстүршілдік қайсысы бүгінгі 
қоғамда  доминанттық  жағдайда?!  Дәстүршілдік 
қоғамның  қуаты  қандай?  Дәстүрлі  қоғамдық 
үрдістермен өркениеттік межеге жете аламыз ба?
Жаңа  жол  –  қазақстандық  жол,  ол  қандай 
болмақ? Шетелдіктер айтып жатқан қазақстандық 
жол,  ол  қандай  жол?  Евразиялық  өлшем  нендей 
мақсат-мұраттарды  аша  алмақ.  Ойлану  керек.
Қазақ халқының отаршылдық идеологиясынан 
азат  болғанына  небәрі  он  бес  жыл.  Бұл  мерзім 
ішінде  елдік  сананың  қалыптасуы,  оның 
кемелденуі,  әрине,  оңай  шаруа  емес.  Генри 
А.Киссинджер  Ли  Куанның  «Сингапурская 
история: из «третьего мира» - в «первый» (1965-
2000)  деген  кітабына  жазған  алғы  сөзінде: 
«Многие  постколониальные  государства  не 
имеют  подобной  истории»  дейді.  Бұл  кісінің 
«подобная  история»  деп  отырғаны  Батыстық 
дәстүрдегі  мемлекеттілікті  айтып  отыр.  Бұл 
мәселеде  біздің  Сингапурдан  өзгешелігіміз  бар, 
ол – қазақтардың үш ғасырдан аса мемлекеттік 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет