Бас редактор


Резюме  В статье рассматривается роль и значение родного языка в воспитании подрастающего поколения. Summary



Pdf көрінісі
бет8/22
Дата14.02.2017
өлшемі2,99 Mb.
#4095
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

 Резюме 
В статье рассматривается роль и значение родного языка в воспитании подрастающего поколения.
Summary
This article is devoted to the role and meaning of young generation education.
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ 
шешен, көркем де көсем тіл екенін байқатады. Бір 
кездері біз осы ғажайып қазынамыздан айырылып 
қала жаздаған да кезіміз болған. Кешегі кеңестік 
дәуірде  коммунизм  дейтін  арманда  болашаққа 
тезірек барудың амалы тек орыс тілін білу арқылы 
ғана  жетесің  деген  насихаттың  күшті  болғаны 
соншама,  өз  тілімізді  кейінге  ысырып  тастап 
жаппай  жарысқа  түстік.  Ана  тіліміздің  қадір-
қасиетін ұмытарман халге жеттік. Тіпті күнделікті 
қолданыс  дәрежесінен  шыға  бастады.  Ұлттық 
санасы әлі лайланып үлгермеген білікті қауым бұл 
жан төзгісіз жағдаймен келісе алмады. Қазақтың 
озық  ойлы  азаматтары  оқтын-оқтын  (1956,  1986 
жылдары)  үн  көтеріп,  қазақтың  қалғып  кеткен 
санасын оятумен әлек болды. Нәтижесінде, 1989 
жылы  қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл  ретінде  заңды 
құқыққа ие болды. Тіл туралы заң қабылданды. 
Бұл қазақ халқының тағы да жаппай ояну дәуірі 
еді.  Соның  дүмпуімен  еліміз  тәуелсіз  мемлекет 
ретінде көк туын көтеріп шықты. Мемлекеттік тіл 
үшін  күресті  тоқтаусыз  жүргізе  бастаған  «Қазақ 
тілі»  қоғамы  дүниеге  келді  (1989  жыл).  Қазақ 
радиосы  қазақ  елінде  мемлекеттік  мәртебе  тек 
қазақ тіліне берілу керек деп сайрады. Баспасөзде, 
ақпарат  құралдарында  ғалымдар,  жазушылар, 
ұстаздар үн көтерді. Қазақ тілінің тағдырын ойлап, 
бұқаралық  ұйым  құру  қамында  жүрген  біздер 
(біздер деп отырғаным академик Әбдуәли Қайдар 
бастаған  тілшілер  қауымы)  әлденеше  рет  жиын 
жасап,  жоспар  құра  бастаған  едік.  Сондай  бас 
қосулар тұсында Әбдуәли Туғанбайұлы «Шіркін, 
қазақ  тілінің  еңсесін  көтеріп,  мәселелерін 
толғайтын бұқара атынан сөйлейтін қоғам құрсақ, 
оның  өзінің  әні  болса»  деген  ой  айтып  қалды. 
Ана тілінің сол кездегі жайы туралы толғанып, әр 
алуан ойда жүрген кезім еді. Әлгі сөз көкейімнен 
кетпей қойды. Кеудемді әуен кеулеп, көкейімді әр 
алуан өлең жолдары торлай бастады. Сонда туған 
«Ана тіл» деп аталатын ән еді бұл. Соны да еске 
ала отырғанды әбес көрмес қадірменді оқырман. 
Қазақ радиосындағы ұлтжанды қызметкерлердің 
өтінішімен тіл туралы хабарлар жүргізе бастаған 
кезім болатын. Осы әнді өзім орындап, хабардың 
алды-артында  беріп  отырдық.  Сол  әннің  мәтіні 
былай басталушы еді. 
Ана тіл, ана сүтім, арым менің, 
Баяным, бақ-дәулетім, барым менің.
Өзіңменен рухым көтеріліп, 
Өзіңмен атады ылғи таңым менің. 
Елдігім, есендігім, ерендігім, 
Ақыл-ой, арда сезім, тереңдігім.
Сеніменен аспаным арайланып,
Сеніменен нұрланар келер күнім. 
Өзге елмен сен арқылы теңесемін, 
Кемеңгер, даналармен кеңесемін.
Ән айтып, өз тілімде сөз сөйлесем, 
Шабыттың айдарынан жел еседі. 
Көрсе де неше түрін зілзаланың,
Құлатпай келген қорғап тіл қамалын.
Аталар аманатын мықтап ұстар, 
Жас ұрпақ, сенің бүгін сын заманың. 
Сен үшін осыншама жерді сақтап,
Сан түрлі тезге салып тілді баптап. 
Бабаңның жан жалауы – тілсіз сенің
Қалай күнің жарқырап, таңың атпақ. 
Аспаны тілдің талай бұлттанып, 
Қайта өрлеп, қайта көктеп, құрып барып. 
Өр қазақ жаныменен суарылып, 
Ғасырдан ғасыр өтті сұрыпталып. 
Ана тіл қазақтың бас қазынасы, 
Кез келген ұқпас оның мағынасын.
Дүниеде наннан асыл ештеңе жоқ, 
Тілге де нанмен бірдей табынасың. 

 50 
сана-сезім,  ұлттық  “Мен”  игілікке  емес,  дауға, 
жанжалға  апарады  деп  есептейді.  Ұлттық  идея, 
ұлттық  ниет,  жанжал  қастандықпен  бір  жүреді. 
Ұлттық  болмыс  бүлікпен  бірдей.  Ол  өзара 
байланысқа,  алыс-беріске,  тұрақтылыққа  қарсы, 
тежегіш күш. Осыдан келіп автор, космополиттік 
ұлт жасау ойын алға тартады. Оны кім жасайды 
деген  сауалға,  оны  тілін,  мәдениетін,  тарихын 
білмейтін  билік  басындағы  космополиттік  элита 
жасайды  деп  болжайды.  Бірте-бірте  мемлекет 
ұлттық  сипатынан  айырылып,  космо политтік 
мемлекетке ұласады. Автордың пікірінше, ұлттық 
қауымдастық  жасанды  бірлестік,  тіл,  мәдениет, 
дәстүр ортақ құндылықтар, сондықтан, бір ұлттың 
екінші  ұлтқа  сіңісуі  қиын  емес,  түптің  түбінде 
басым тілмен, мәдениетпен келісуге тура ке леді: 
1) Бүгінгі қазақ ұлтының жағдайын ойласақ, 
бұл болжаммен келіспеуге де болмас.
Сондай-ақ,  Евразия  идеясымен  де  әр 
түрлі  ниет-пиғылдар  байланыстырылатынын 
ескеру  жөн.  Мысалы,  орыс  философы 
А.Дугиннің  евразияшылдығы  қатерлі.  Ол  орыс 
интеллектуалдарының  арасында  үлкен  беделге 
ие, Қазақстанға да келіп жүрген белсенді ғалым. 
Фашизм  теориясын  зерттеуші  неміс  философы 
А.Умланд  оны  фашизмнің  орыс  филиалының 
жетекшісіне теңейді. Ресейдің болашақ жаңаруын 
А.Дугин,  оның  территориясын  кеңейтіп,  Кеңес 
Одағынан  да  зор  Евразиялық  супердержаваға 
айналуымен байланыстырады. Ол үшін бүгін ТМД 
елдерін  орыс  тілі,  экономикасы,  ақпаратының 
ықпалында  ұстау,  Ресейде  көршілерден  көбірек 
мамандар дайындап, оларды бірте-бірте біртұтас 
Евразиялық мемлекетке тәрбиелеу саясаты жүзеге 
асырылуда.  А.Дугин  гитлеризмді  фашизмнің 
қолайсыз  түрі  деп  сынап,  жалпы  фашизмді 
қолдайтынын жасырмайды. 
2) Ал, супердержаваға бірінші болып енетін 
орыс тілді Қазақстан деп есептейтіндер аз емес.
Тәрбие  саласында  жаһандану  «баламалар 
педагогикасы» 
(«педагогика 
альтернатив») 
концепциясы арқылы біздің өмірімізге еніп жатыр. 
Оның    негізгі  түйіні  мынада:    қазақ,  украин, 
грузиндер,  тағы  басқалар  кеңестік  тоталитаризм 
тұсында  кенже  қалған,  жалпыадамзаттық 
құндылықтарға  қолы жетпеген ұлттар, сондықтан 
Жаһандану  қоғамның  барлық  салаларына 
ықпал  жасайтын  күрделі,  екіжақты  құбылыс. 
Көлік,  коммуникациялық  және  ақпараттық 
технологиялар  негізінде  кеңістік  барынша 
тығыздалынып, уақыт жеделдетілді. Аяқ жетпейтін 
алыс  жақындап,  күдікпен  қарайтын  жатқа  бой 
үйренді. Мерзім өлшемі де өзгерді, бұрын күндер, 
айлар, жылдарды талап ететін іс-әрекет енді, қас-
қағымда  жүзеге  асатын  болды.  Мемлекетаралық 
байланыстар тереңдеді. АҚШ-тың қаржы жүйесі 
тұмаурата бастап еді, Қазақстандық қаржы жүйесі 
түшкіріп  сала  берді.  Бірлесуден,  ықпалдасудан 
басқа адам баласына жол да жоқ.
Әсіресе,  жаһандану  білім  мен  тәрбиеде  өз 
салқындығын    тигізуде.  Бүгін  2  млн-нан  астам 
студент шетелдерде білім алуда. Соның 565 мыңы 
АҚШ-та,  270  мыңы  Ұлыбританияда,  227  мыңы 
Германияда,  125  мыңы  Францияда,  140  мыңы 
Қытайда оқиды. Бұл мемлекеттер жастарға білім 
беріп  қана  қоймай,  олардың  бойына  батыстық, 
америкалық сана мен көзқарасты да сіңіреді. Бір 
американдық  профессор  «Дәріс  оқағанда  менің 
алдымда  Қазақстанның  болашақ  президенті 
отыр  деп  ойлаймын»,  –депті.  “Болашақ” 
бағдарламасымен шетелдерде білім алып жатқан 
қазақ жастарының ұлттық, елдік ұстанымы бізді 
де алаңдататыны сондықтан.
Жаһандану  үдерісіне  сәйкес  жаңа  ұлт 
теориялары өмірге келуде.  Қоғамтанушылардың 
бір қатары жаһандану ұлттың  мәнін жойып, оның 
орнын  ұлттан  жоғары  халықаралық  ұйымдар 
басады  деп  үзілді-кесілді  тұжырым  жасайды. 
Олардың  ойынша,  жаһандану  ұлттардың 
арасында  бәсекелестік  туғызып,  олардың  бірін-
бірі  ығысты руына,  кемсітушілікке    әкеледі. 
Осыдан  келіп  ұлттық  мәдениеттер  құнсыздана 
бастайды да, олардың орнын гибридті, жасанды, 
“үшінші” бір ұлттар баса тынына назар аударады. 
Сондықтан,  ұлттық  мемлекеттердің  де  заманы 
өтті, олар саяси сахнадан жойылуға таяп келеді. 
Себебі,  орта  деңгейдегі  мемлекеттердің  эко-
номикалық  күш-қуаты  кейбір  трансұлттық 
корпорациялардың  мүмкіндігінен  дәрменсіз. 
Сөйтіп, жаһандану тасқыны көптеген ұлтаралық, 
олардың тәуелсіздігін сағымға айналдырады.
Жаһандану идеологы Э.Гидденс тіпті ұлттық 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 
А. Айталы – 
философия ғылымдарының докторы, профессор  
             Қазақ заң гуманитарлық  университеті (Астана)
ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
(«Баламалы педагогика» және «шекарасыз педагогика» идеяларын талдау)

 51 
са  керек.  Сонымен  бірге,  ұлтаралық  келісімнің, 
сый ластықтың,  төзімділіктің  шегі  бар  ма  деген 
сауал туады. Әри не, бар. Келісім келісімпаздыққа, 
басқа ұлт тардың  қамы үшін өз ұлттық мүддеңді 
құрбан  ету ге,  тіпті  бара-бара  өз  ұлтынан 
безуге дейін    апарса, ол ұлтқа қауіп туғызады. 
Өзімшілдік, жабайы ұлт шылдық, тағылық қандай 
қатерлі  болса,  шамадан  тыс  ымырашылдық  та 
сондай  қауіпті.  Басқа    адам дарды  қаншалықты 
сыйлағаныңмен,  олар  өзің нің  туған  анаңдай, 
әкеңдей,  бауырларыңдай,  ба лаларыңдай  бола 
алмайтыны сияқты, өз ұлттық құндылықтарыңның 
орны  бөлек.  Орыс  тілі  екінші  ана  тілі  деп 
таңылғанымен, ана тілі бола алмайды. 
Австралиялық  либералдық  педагогикадан 
туатын  тағы  да  бір  сабақ:  жалпы  мемлекеттік 
және  ұлттық  мүдделерді  үйлестірудің  маңыз-
ды лы ғы.  Ізгі  ниетпен  диаспоралардың  мүддесін 
қорғау, бір жағынан, өзара бәсекелестік туғызса, 
екінші  жа ғынан,  оларды  байырғы  халыққа 
қарсы  қойды.  Диаспоралар  байырғы  ха лық тың 
төңірегінде топ тас пады. Бұл педагогиканың  тағы 
да бір сабағы: оң ды-солды қоныс аудару шы лар ды 
қабылдау, визалық тәртіпті босаңсыту мемлекетке 
қатер  туғызады,  азаматтықты  бергенде  адамның 
мемлекеттік  тілді  сыйлауы,  білімі,  жасы, 
мамандығымен қатар, олардың елдегі ұл таралық 
ахуалға  ықпалы,  бейімделу  мүмкіндігі  жөнінде 
ойлаудың қажеттілігін ескертеді. 
«Баламалар  педагогикасының»  жалғасы 
«шекарасыз  педагогика»  («педагогика  без 
границ») болып отыр. 
3)  Бұл  концепция  бойынша  жеке  тұлғаның 
басты  белгісі, ол – тұтынушы  пенде  екендігінде. 
«Мен  ішіп-жеуіме,  киінуіме,  үстімдегі  киімім 
мен    астымдағы  көлігіме,  бір  сөзбен  тұтыну 
сұраныстарымды  қанағаттандыруыма  қарай 
адаммын»  делінеді.  Ал,  ұлттық  құндылықтарға 
негізделген  тәрбиені    «шектелген  педагогика» 
дейді. Ұлттық білім мен тәрбие, ұлттық педагогика  
жөнінде әңгіме басталғанда, мектепті тар ұлттық 
идеяның,  жалаң  патриотизмнің  ордасына 
айналдыруға болмайды деген қарсы пікірлер жиі 
айтылады. Қашаннан да белгілі нәрсе – білім мен 
ұлттық идеяның арақатынасының күрделілігі. Ол 
ұлтсызданған білім мен жалаң, тар ұлттық идеяға 
негізделген білімнің арасының, парасаттылықтың 
жолын табуға тіреледі. Ұлттық білім жүйесі жалпы 
адамгершілік    құндылықтармен  қайшылыққа 
келгенде,  ол  жеке  адамды  біртіндеп  аздырып 
менмендікке итермелейді. Бұл орынды сақтандыру. 
Ресей  педагогика  тарихында  шовинистік 
ұстанымда  болған  ғалымдар  аз  болмады.  «Кто 
желает быть в России,  тот должен стать русским. 
оларды өркениетті тұрмыс-салт, мәдениет, білім, 
тәрбиенің  үздік  стандарттарына  қол  жеткізуге, 
дін  таңдауға      көмектесуіміз  қажет  деген  ой 
алға  тартылып  отыр.  Мәдениеттің,  тәрбиенің 
балама, релятивистік моделі демократия, еркіндік 
жағдайында  әр  тұлғаға  енді  қалауына  қарай 
еркін  өз  ұлтын,  сөйлейтін  тілін,  табынатын 
дінін,  идеологиясын  таңдауға  жағдай  жасайды. 
Тоталитаризм  заманындағы  бір  мәдениетке,  
идеологияға икемдену ол адам хұқын шектеу болса, 
тәрбие  енді  көп  тілді  сыйлауға,  көп  мәдениетті, 
дінді, тіпті меңгеруге икемделді. Осыдан келіп үш 
тұғырлы тіл концепциясы да туды.  
Байырғы ата-мекен,  ана тілі, ұлт мәдениетінен 
ажырамас  дін  деген  ұғымдар  өмірден  ысырыла 
бастады.  Бұл  идея  кейде  поликультурализм, 
мульткультурализм  аясында  да  дамып  келеді. 
«Баламалар  педагогикасы»  салтанат  құрған  ел  – 
Австралия. Австралияның негізгі хал қы Еуропадан, 
Америкадан  қоныс  аударған  ағыл шын  тілділер, 
оларды австралиялықтар деп то лық айтуға болады, 
өздеріне  тән  құн ды лықтары,  өмір  салты,  мінез-
құлқы,  мәдениеті  қа лыптасқан.  Бертін  келе,  ХХ 
ғасырдың 70-жыл дары демографиялық дағдарыс 
және эко но миканың дамуы шетелдің жұмыс күшін 
пай далануды  талап  етті.  Австралияға  ағылып 
араб т ар,  вьетнамдықтар,  қытайлықтар,  басқалар 
қоныс аудара бастады. Оларға қойылатын басты 
талап  –  Конс титуцияны  мойындау,  ағылшын 
тілінде  сөйлеу.  Қоныс  аударушылардың  мәсе-
ле леріне  бай ланысты  мемлекет  қыруар  қаржы 
бөлді:  ұлттық  тілдерде  кітапхана,  мектеп,  БАҚ 
жұмыс істеді. Бүгін Австралияда радио 68 тілде, 
теледидар 60 тілде хабар таратады. Бұл аздық етіп, 
диаспораларға парламентте, үкіметте, оқу орын-
дарында  квота  бөлінді,  диаспора  кәсіпкерлеріне 
салықтардан жеңілдік берілді. Австралияға қоныс 
аударушылардың саны одан сайын көбейді. Енді 
бюджет оларға деген шы ғынды көтере алмайтын 
жағдайға  жетті.  Елде  қылмыс  көбейді  және  ол 
этностық  сипат  алды:  вьет намдықтар  героин 
сатумен,  арабтар  әйелдер  сату мен  айналысса, 
қытайлықтар  мемлекеттегі  ла уазымды  қыз-
меттегілермен ауыз жаласып, қыл мыстық топтар 
құрды.  Сонымен,  бұл  ұлттық  сая сатқа  елдің 
басым көпшілігі қарсы болды, се бебі, бірте-бірте 
байырғы  еуропалықтар  шет тетіле  бастады,  елді 
сенімсіздік  пен  күдік  жайлады,  ал  диаспоралар 
Австралия  мем ле ке ті нің  тұтастығын  ұмы тып, 
өзара бәсекелестікке түсті. 
Біз,  бұдан  ұлттық  тәрбие  үшін  қандай 
қорытынды жасауға тиістіміз? 
Сөз  жоқ,  диаспоралардың  этно мә дени, 
әлеуметтік  мүдделерін  ескермеу  деген  ой  ту ма-
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ 

 52 
Россия для русских. Кто не желает быть русским, 
тот  должен  оставить  Россию.  Господа  евреи, 
немцы  и  прочие,  подумайте»  деген  сияқты 
пікірлер  жиі  айтылған,  бүгінде  айтылып  келеді. 
Сонымен  бірге,  басқа  ұлттармен  араласудың, 
алысып-берісудің  де  қауіпті  шегі  бар  екенін 
баса  айту  керек.  Оны  бұзу  –  бір  ұлттың  екінші 
ұлтқа  сіңуіне,  ұлттық  мәдениет  пен  дәстүрдің  
әлсіреуіне,  бірте-бірте  бір  ұлттың  үстемдігіне 
ұласады.  Ал,  бұл  процесс  тек  қазақ  ұлты  үшін 
емес, жалпы өркениет үшін қауіпті. Өз ұлтының 
мүддесін терең түсінбеген, өз Отанының азаматы 
бола  алмаған  адам,  жалпы  адамзаттық  мәдени 
мұраны  қабылдап  шынайы  рухани  мұраттарды 
ішкі  қажеттілігіне  айналдыра  алмайды.  «Шексіз 
педагогиканың»  басында қайта құру заманының  
талай қылмыстар мен берекетсіздікке жол ашқан 
«тиым салмағанның  барлығына рұқсат» «что не 
запрещено, то разрешено» қағидасы тұр. Сонымен 
бірге,  бұл  педагогика  жаһандану  заманында 
ұрпақ  алмасу  жедел  жүріп  жатыр,  сондықтан 
құндылықтар  барлық  ұрпақтарға  бірдей  болуы 
мүмкін    емес  дегендей  пікір  алға  тартылуда. 
Оның  астарында  прагматикалық  идея-табыс, 
ақша, лауазымды жұмыс қана  жастар үшін басты 
құндылық деген пікір кең тараған. Табысқа жету 
мақсатында бәріне рұқсат етіледі. 
«Баламалар  педагогикасы»  мен  «шекарасыз 
педагогика»  идеялары    түрліше  жолдармен 
Қазақстан  халқының    санасына  сіңуде.  Осыған 
байланысты  бүгін  мәдениет,  дәстүр,  ұлттық 
тәрбие  мәселелері  өткір  болып  отыр,  бірақ 
бұл  тек  мәдени  мұраға,  мәдени  мекемелердің 
қызметіне  ғана  қатысты  емес.  Ұлттық  тәрбие, 
ұлттық білім бірнеше   факторларға байланысты. 
Ең  басты  фактордың    бірі  –  мемлекеттің  тәрбие 
саласындағы    саясаты.  Тәуелсіздік  алған  жас 
ұлттар  еліккіш,  әуесшіл,  жайбарақат  келеді. 
Өз  тағдырымызға  бей-жай  қарау  бізге  де  тән. 
«Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  мүшесі  болдық, 
бізді 100-ден астам ел мойындады, тіпті ЕҚЫҰ-
ына төрағалық етеміз, одан артық не керек? Ұлт 
мәселесі  бірте-бірте  реттеледі»,  –  дегенді  жиі 
естиміз.  Ұлттық  мақтаныштың  дарақылыққа 
ұласып  жататынын  сезбей  қалатын  сияқтымыз. 
Тәуелсіздік  алған  соң,  үлкен  мемлекеттер  мен 
ұлы  державалармен  араласқан  тұста  жас  ұлттар 
енді соларға еліктеп, өзіндік қасиеттерінен арыла 
бастайтыны  да  белгілі.  Өздері  өздерін  кемсітіп, 
«өркениетті  елдер  сияқты»  деп,  бұрынғы 
қожаларына  еліктеп,  бірте-бірте  солардың 
рухани үстемдігінің астында, билігінің жетегінде 
кететінін  білмей  қалған  африкандық  елдер  аз 
емес.  Еуропалықтарға,  болмаса  басқаларға 
ұқсаймыз  деп,  оны  мақсатқа  айналдыру  қазақ 
ұлтына  қауіпті.    «Болон  процесіне»  қосылуға 
байланысты, әсіресе, ұлттық құндылықтарды білім 
кеңістігінде  сақтаудың  маңызы  зор.  «Еуропаға 
жол»  деп  экономикалық  ынтымақтастықты 
дамытуды, басқару тәжірибесі мен технологияны 
меңгеруді  мақсат етіп қою дұрыс. Ал мәдениет, 
дәстүр,  дін,  басқа  да  рухани  салаларда  еліктеу 
ұлттың тыраштанып, мансапқорлыққа ұмтылуын 
көрсетеді, біз де осылай қатарға қосылдық деген 
жасанды психология туғызады. Бұл елдің халқын, 
әсіресе,  жастарды  адастырып,  өркениетті  ел 
болдық деп жұбатады.  
Екіншіден,  биліктегі  номенклатураның  (оны 
элита  дегің  келмейді)    ұстанымы,  үлгісі  өте 
маңызды. Әр ұлттың перзенті үшін оның ана тілінің 
қай деңгейде қолданылып, үнінің естіліп тұрғаны 
үлкен  мақтаныш,  әрі  тәрбие.  Осы  жолдардың 
авторы  Мәжіліс  депутаты  ретінде  Сирия,  Ливан 
елдерінде  болған  сапарымда  сол  елдердің 
президенттерімен, 
премьер-министрлерімен, 
спикерлерімен сұхбат араб және қазақ тілдерінде 
өтті. Жасы жетпіске жақындап қалған орыс депутат 
жерлесіміз  таң  қалып:  «Қазақ  тілі  ұлы  тіл  екен 
ғой, біздің бастықтар неге қазақша сөйлемейді?»  
дегені есімде.  Биліктегілер өз ұлтын сыйламаса, 
басқалардың тіпті сыйламайтыны белгілі. 
Үшіншіден,  ұлттың    өзінің  тіліне,  ұлттық 
құндылықтарына  көзқарасы.  Ұлттың  шамалы 
бөлігінің азғындауы, ұлтсыздануы орын алғанмен, 
ұлттық болмыстың өзегі, адамгершілік астарлары 
мода  сияқты  өзгере  қоймайды,  тіпті  жағымсыз 
сыртқы  ықпалға  қарсылық  танытады.  Қазақ 
ұлтының  бай  мәдениеті  –  тарихи-адамгершілік 
тәрбиесінің берік негізі.
Қазақ  халқының  бір  тобы  –  тіл,  мәдениет, 
дәстүрлік      жағынан     орыстанған,  «өркениеттелін- 
ген». Екінші тобы – ұлттық мәдениет дәстүрлік пен 
қол үзбеген орыс тілі мен мәдениетіне жақынырақ. 
Үшіншілер,  ұлттың  сан  жағынан  басым  тобы 
–  төл  мәдениеті  мен  тілін,  сонымен  бірге,  басқа 
да  мәдениеттер  мен  тілдерді  меңгергендер. 
Бұлар  қазақ  халқының  ұйтқысы,  тірегі,  діңгегі. 
Төртіншілер, қазақ тілі мен ұлт мәдениетіне ғана 
бейімделгендер, ұлттық патриоттық санадағылар. 
Бірақ, оларды басқа ұлт тілдері мен  мәдениетінен 
жат деу үлкен қате болар еді.  
Бүгінгі      ғылыми  әдебиетте  «ар»,  «ұят»   
мәдениеті  мен  «кінә»  немесе  «айып»  мәдениеті 
туралы  көп  жазылады. Ұяттық дәстүрге негіздел- 
ген  мәдениет  ынтымақтастыққа,  тұтастыққа 
зор  мән  беріліп,  ол  адамның  ішкі  дүниесін 
сұрамай билеп тұрады. Ар мен ұятқа негізделген 
халықтарды  «ізеттілік  мәдениеті»  қатарына 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 

 53 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ 
жатқызады. Олар «елден ұят болады, елдің бетіне 
қалай  қараймын»,  –  деп  өздерін  шектейді.  Ал 
«кінә»,  «айып»  мәдениетін  ұстанатын  ұлттар 
адамдары  «жұрт  не  десе,  о  десін,  мен    осылай 
ойлаймын»,  –  дейді.  Ол    индивидуализм,  қара 
басының абыройы мен адамгершілігіне басқаның 
берген бағасын төмен қояды. «Малым жанымның 
садағасы,  жаным  –  арымның  садағасы»  дейтін 
қазақтың  қағидасы  ұлттық  тәрбиенің  тірегі, 
тұтынушылық психологияға балама идеологиялық 
құрал болып қала береді.
Жаһандану  ағымына  ұлтымыздың  бай 
мәдениетін, адамгершілік  тәрбиесін қарсы қою,  
құндылықтарды  жастардың  бойына  сіңіру  – 
ұлттық  тәрбиенің  маңызды  мақсаты.  Сонымен 
бірге, ұлттық тәрбие бүгін  жаһандану үрдістерінің 
бейімделуіне,  ұлттық  психологияның  жаңа 
заманға икемделуіне  де байланысты.
Социалистік жүйенің дағдарысқа ұшырап, одан 
кейін күйреуінің себебін зерттеу шілер социализм- 
нің  қоғамның  табиғатына  қайшылығынан,  оны 
идеологияның  ырқына  көндіруін,  саясатқа 
бағындыруынан    көреді.  Бірнеше  ұрпақ  бойы 
адамдар  санасына      қанағатшыл,  масылдық 
психология  сіңірілді.  Жаһандану  заманында  сол 
кертартпа,  жалқау  мінез  тағы  да  заман  көшіне 
ілестірмей,  соңына  қалдырып  қою  қаупі  бүгін 
көптеген  ТМД  елдерін  ойландырады.  Себебі, 
жаһандану  тұсында  бәсекелестік  өрши  түседі, 
арпалыс,  талас,  мемлекеттер  тіпті  жауласуға 
дейін  барып  жатыр.  Уақыт  іске  жан-тәнімен 
берілуді, тиянақтылықты  тәрбиелеуді талап етіп 
отыр.  Не  нәрсені  болса  да  ұқыпты  пайдалану, 
шығынды азайту, ақшаны тиімді жұмсау, мем лекет 
экономикасында, үй тіршілігінде де ысырапқа жол 
бермеу,  тиімсіз,  пайдасыз  іске  үйір  болмау  ғана 
игілікке жеткізеді.
Қазақ  ұлтына  ақша,  дү ние  аса  құндылық 
болмаған.  Социалистік  идеология  да  байлықты 
қолдамады. Қазақтар үшін байлық құндылықтан 
гөрі  сын  болды.  “Семіздікті  қой  көтерер” 
дейтіні міз  содан  шыққан.  Ал  католиктер  мен 
протестанттар еңбек пен байлыққа зор мән береді. 
Америкалықтар  “Біз  әлемдегі  ең  дәулеті  тасқан 
ұлт  қана  емеспіз,  сондай-ақ,  басқа  халықтардан 
гөрі  ақшаны  жоғары  қоятын  елміз.  Көркімен 
жарқыраған  жігіттеріміз  бәсекелестікте  өлімге 
бел байлап, өздерін ақшаның құлы болуға қияды”. 
“Ең құнды жанар май – еңбекпен шыққан тер”, – 
дейді. Еңбек пен ақша олар үшін егіз. Біздің халық 
тым  қанағатшыл,  жаманнан  жоғары,  жақсыдан 
төмендеу  дегендей  өмірге  бейімделген.  Әсіресе, 
ауыл халқы. Кедей болса да ненің жетіспейтінінен 
гөрі,  қолда  барға  риза.  Қарапайым  қазақтың 
бірқатары байлыққа да, байларға да үлкен күдікпен 
қарайды. Байлыққа тек ұрлықпен, талан-таражбен 
қол жеткізуге болады деп есептейді. Одан қалса 
пара  алып,  жемқорлық  жолмен,  басқа  да  ұрлық 
жолдармен жетуге болады деп ойлайды. Оларды 
еңбекқор, ізденгіш, дарынды, кейде жолы болғыш 
байлар да бар деп сендіру қиын.
Енжарлық  пен  селқостық  елде  әлі  басым, 
тіпті  ауласындағы  қосалқы,  бүгін  тіпті  негізгі 
күнкөрісіне  айналған  шаруашылығына,  мүлігіне 
немкетті қарайды. Кейде ұсақ-түйек ұрлықты да 
ұят  деп  санамайды,  “ұрлады”  демейді,  “алды” 
дейді.  Сонымен  бірге,  ауыл  халқы  аңқылдаған 
адал,  ашық.  Көбі  икемді  болса  тек  кедейлікке 
икемді,  қандай  ауыртпалыққа  да  шыдай  береді. 
Бірақ, бұл – ойланатын жағдай, ұлттық тәрбиеге 
басқа  бір  қырынан  қарауға  итермелейді.  Соғыс, 
одан  кейінгі  жылдардағы  халықтың  төзімділігі 
түсінікті, ал бүгін адал еңбек етіп, тер төгіп табыс 
табуға  мүмкіндік  бардағы  шүкіршілік  енжарлық 
емей  немене?  Елімізде  100  мыңдаған  адам 
жұмыссыз  жүргенде,  жұмыс  күшінің  сырттан 
ағылып  келуі,  миллиардтаған  табыстан  түскен 
қаржының  шетелге  асуы  қазақтың  жұмысқа 
мойны жар бермейтіндігінен екені де белгілі.
Жаһандану заманында қазақтық дәстүрімізді 
сақтай  біліп,  Батыстың  кейбір  қағида ларынан 
үйренуге  тура  келеді.  Қазақты  дарақы  мінезден 
арылту, қайта тәрбиелеу міндеті тұр. Бүгінгі жас 
ұрпақтың кейбіреулері өз еңбегімен табыс табуға, 
іскерлікке бейімделуде. Ақшаны мақсатқа сәйкес 
орынды  жұмсау,  дүние-мүліктің  қадірін  түсіну, 
еңбекті қасиет тұтатындар енді көбеюде. Байыған 
топтың,  жаңа  әкімшілік  номенклатураның, 
кейбір  іскер  азаматтардың  мінез-құлқы  бөлек 
әңгіме.  Олардың  біразы  Батыс  құндылықтарын 
бойларына сіңірмей толыққанды адам болу қиын 
деген ойды ұстанады. Оларға сондықтан, ұлттық 
құндылықтар  да  негізінен  жат.  Кейбіреулер 
адамдық мәртебені есеп-шотындағы қаржысымен 
өлшейді. Ұлттық мүддеге бейжай қарамайтын орта 
тап және ортадан төмендегілер. Олардың еңбегін 
бағалап, білімін жетілдіру, жұмыспен қамтамасыз 
ету – дүниешілдік пен дарақылық дертінен аман 
сақтаудың жолы.

 54 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет