Бас редактор



Pdf көрінісі
бет6/22
Дата14.02.2017
өлшемі2,99 Mb.
#4095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Резюме
В  статье  поднимаются  вопросы  взаимоотношений  отдельно  взятой  личности  и  государства  в  целом, 
рассматриваются идеи национального воспитания, задачи становления гражданского самосознания, перспективы 
и пути развития.
Summary
In the article the relations questions of single individual and the state as a whole; ideas of national education; formation 
of civil consciousness; the prospects are begged.
сана.  Осы  тұрғыда  мұсылман  қауымына 
айтарым  кінә  мұсылмандықта  емес,  кейбір  өзін 
мұсылманмын  деп  санайтындардың  пиғылында.
Дінге  өмірден  жолы  болмағандар  келіп 
жарытпайды.  Дін  арлылар  ісі,  арсыздар  дінді 
нарықтық  саудасына  салушылар,  өз  мүддесіне 
пайдаланушылар.  Арсыздар  мұсылмандыққа 
надандықты  енгізеді.  Өкінішке  орай,  ондай 
көріністер әрбір облыста, аудандарда бар. Шәкәрім 
айтқан шын дін – арлылар ісі. Дін – ғылым, дін – 
өркениеттік феномен, олай болмағанда, дін өзінің 
көлеңкесі  діншілдікке  айналып,  мемлекеттікке, 
елдікке  бөгет  істер  жүйесіне  айналмақ.
Діни  сана  өзгеріссіз  болмайды.  Жоғарыда 
айттық,  дінге  ғылымның,  өркениеттің  және 
мәдениеттің  әсерлері  мол.  Діни  сана  толысып, 
кемелденіп келеді, ол үрдіс дінге деген көптеген 
жаңа  көзқарастар  туғызуда.  Дінде  де  дәстүрлік 
пен  жаңашылдық  бар.  Европалық  өркениет 
үрдісі бұл аймақтағы ірі-ірі діни реформалардың 
болып өту қажеттілігін туғызды. Мұндай үрдістен 
Қазақ  қоғамы  да  тыс  қалмақ  емес.  Сондықтан, 
Қазақстандағы  діни  үрдістердің  бүгінгісін  біліп 
қана қоймай, оның ертеңгісі туралы ойлану қажет.
Жоғарыда,  толығырақ  тоқталған  қоғам 
өміріндегі діни мәселемен қатар, қазіргі қоғамдағы 
екінші мәселе – ол ұлтшылдық. Мен ұлтшылдық 
туралы «Қазақ ұлтшыл болмағанда, ол кім?» деген 
мақалада біраз ойлар білдіріп едім, әсіресе 1986 
жылғы  көтеріліс  қазақ  ұлтшылдығы  екендігін 
дәлелдеуге  тырысқан  едім.  Ұлтшылдық  қоғамда 
өріс  алмаған  кезде  оны  армандадық,  ұлтшыл 
болуға  ынталандық,  енді  бүгінгі  күні  қоғамда 
ұлтшылдық кең өріс ала бастағанда ойланған жөн.
Қоғамда  ұлтшылдықтың  көріністері  бола 
бермек, бірақ оның өркениеттік деңгейде көрінгені 
жөн. Демек, сөз ұлтшылдықтың деңгейлері туралы 
болуы керек. Меніңше ұлтшылдықтың үш деңгейі 
бар: төменгі бұқаралық, ол тобырлық (люмпендік) 
болып  кетуі  де  бар.  Бұл  ұлтшылдық  қоғам 
үшін,  оның  тұрақтылығы  үшін  қауіпті  деңгей. 
Ұлтшылдықтың  төменгі  көрінісі  люмпендік 
мазмұнда  болмақ.  Люмпендік  кедейшіліктің 
анайы,  тұрпайы  көрінісі.  Кедейшілік    қоғамның  
бір  парасын  діншілдікке  де,  ұлтшылдыққа 
(люмпендік түрінде)  бастап кететін қауіп алаңы. 
Кедейшілікпен  күрес  қоғамның  әлеуметтік 
экология тазалығы үшін күрес. Ертеден айтылып, 
қайталанып келе жатқан қағида, адам өз шарасынан 
екі  жағдайда  шығады,  бірі  тым  жоқшылықта, 
екінші  тым  тоқшылықта.  Орта  деңгей,  қазіргі 
ұлтшылдықтың  көріну  түрі.  Орта  деңгейдегі 
ұлтшылдық  мемлекетшілдікпен  үйлесімділік  
табатын  құбылыс.  Мемлекетшілдік  –  ол  да 
ұлтшылдықтың формасы ретінде көрінуі мүмкін, 
бірақ ол ұлтшылдықтың орта деңгейіне сай келетін 
жағдай.  Жоғарғы  деңгейі,  онда  ұлтшылдықтың 
мазмұны 
өркениеттік 
ізденістер 
арқылы 
анықталмақ. Ұлтшылдықтың өркениеттік деңгейі 
адамзаттық  өлшемдермен  анықталады,  Абайдың 
«адамзаттың бәрін сүй бауырым» дегені осы деңгей.
Бүгінде 
ұлтшылдық 
мәдени-әлеуметтік 
құбылыс ретінде бой көрсетіп келеді. Байқаймын, 
ол қат-қабат. Оның үш деңгейін жоғарыда айттым.
Саяси  Тәуелсіздік  деген  ойын  емес,  оған 
жету  Тәуелсіздіктің  ең  бірінші  мәселесі.  Ол 
жалпы, Тәуелсіздік болмысының кеңістігі, алаңы. 
Саяси  тәуелсіздік  болмаса,  азаматтық  ой-сана 
тұншығады,  азаматтардың  оң-солын  айыруы 
қиынға түседі. Бұл жағдайды басымыздан өткердік.
Ел  болу  идеясы  –  биік  нысана.  Бүгінге 
дейін  елдегі  тұрақтылықты  мемлекеттік 
деңгейдегі  іс-шаралар  және  халқымыздың 
бойындағы 
байсалдылық 
сақтап 
келді, 
алдағы  уақытта  елдегі  тұрақтылық  негізінен 
қоғамдағы 
ахуалға 
қатысты 
болмақ.
Неге  ел  болу  деген  идеяны  стратегиялық 
бағыт деп санаймын. Қазақ елінің мәңгілігі әрбір 
қазақтың  емін-еркін  өмір  сүруінің  кеңістігі.  Ол 
ұрпақтар  қамы.  Ел  болу  сонау  түркі  заманынан 
үзілмей  келе  жатқан  арман.  Ел  болу  болашаққа, 
келер  ұрпаққа  ашылар  жол.  Ол  жолды  қадірлеп, 
таза ұстау бүгінгі тірілердің ұрпақтар алдындағы 
парызы,  ата-бабалар  алдындағы  қарыз.  Ел  болу 
идеясы  парыз  бен  қарыздың  түйіскен  жері.
Сондықтан        да,    қазақ            елі  –  мәңгілік,  
біздің                ұлттық  идеямыз,  келешекке 
деген  сеніміміз  және  адам  ұрпағымен 
мәңгілік 
деген 
философияның 
айғағы.

 35 
Ж. Молдабеков –
философия ғылымдарының докторы
профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ҚАЗАҚТАНУ ІЛІМІНІҢ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ ӘСЕРІ
Еркіндікте еңсесін көтерген Қазақстанда түрлі 
әлеуметтік-мәдени бастаулар қайтадан жаңаруда, 
халқымыз  ұлттық-өркениеттік  үйлестікті  бетке 
ұстауда.  Еліміздің  еркіндігі  мен  халқымыздың 
қайта өрлеу бағдарын үйлестіру – жаңа ұрпақтың 
биік мерейіне және ортақ міндетіне айналуда.   
Қазірде  қоғамды  ұлттық-мемлекеттік  үлгіде 
дамытудың  түрлі  жолдары  ұсынылуда.  Сондағы 
мақсат – халқымыздың мәдени мұрасын дәйектеу, 
қоғамдағы адам ресурсын жетілдіру және ұлттық 
ресурсты жинақтау. Басты мәселе – қоғамның даму 
моделі  мен  бағдарын  ұсыну,  соны  басшылыққа 
алу. 
Осы  тұрғыдан  алсақ,  биылғы  жылғы 
Президенттік        жолдаудың    маңызы      зор. 
Жолдау    тарихи  тәжірибенің  қазақстандық  және 
әлемдік  деңгейіне  негізделген,  Қазақстанның 
бүгіні  мен  болашағы  туралы  озық  ойлар  мен 
идеялардың жетістігі мен желісін тұжырымдаған. 
«Қазақстандықтардың  өмір  сүру  сапасын 
айтарлықтай  арттыру,  біздің  тарих  алдындағы, 
халық  алдындағы,  Қазақстанның  болашағы 
алдындағы  ортақ  жауапкершілік...Ұлы  жолда 
ұлы  мұратты  мақсат  етіп  қоя  білген  ел  қашанда 
биіктерді  бағындырмақ»  деген  Н.  Назарбаев 
сөзінде  қоғам  мен  мемлекеттің  стратегиялық 
бағыт-бағдары ауқымдалынған.
Жолдаудың мән-мағынасын терең түсіну үшін, 
дәйекті түсіндіру үшін және оған халқымыздың 
әлеуметтік күш-қуатын тұтас жұмылдыру үшін 
ендігі  әр  ортада  интеллектуалды  белсенділік 
және интеллектуалды орындылық (сәйкестілік) 
қажет.
Бүгінде және таяу болашақта Қазақстандағы 
тәуелсіздіктің  тірегі  мен  тұтқасы  –  әлеуметтік 
күште,  оның  ықпалында,  яғни  ұлттық  дамудың 
тұтастығында  және  этносаралық  келісімнің 
тұрақтылығында. Ұлттық дамудың экономикалық 
және  саяси  себептері  бар  екендігі  хақ. 
Экономикалық  өріс  бір  елдің  әлеуметтік-мәдени 
шеңберімен  шектелмей,  жаһандық  сипат  алып 
бара  жатқаны  әйгілі.  Экономикалық  дамумен, 
оның  перспективасы  ұлттық,  аймақтық  және 
жаһандық факторлардың арақатынасынан әрқалай 
тәуелді болуда. Заманымыздың қайшылыққа толы 
бұл  проблемасын  талқылауда  пікірлер  қилы-
қилы жіктелуде, кейде сол көзқарастар қоғамдық 
дамудың  бүгінгі  қарқыны  мен  ауқымын  толық 
жеткізе алмауда. 
Қазақстандық      дамудың      өзіндік      моделі 
жасалуда,    Қазақстанның    өзіндік  дамуы 
қалыптасуда.  Бұл  –  жаңа  саяси-әлеуметтік 
бетбұрыс  және  ұзақ  уақытқа  созылатын 
әлеуметтік-экономикалық  реформа,  жаңғырудың 
күрделі тарихи процесі. Қазақты да, Қазақстанды 
да  ерекше  тұлғалы  топ,  ел-жұрт,  ұлттық 
мемлекет ретінде қарастыруға мүмкіндік артуда. 
Қоғамды  ұлттық  мемлекет  төңірегіне,  ал  ұлтты 
өзіндік  бағдар  негізінде  топтастыру  мақсатына 
бағытталынған дәйекті саясат жүзеге асырылуда.  
Жаңа  Қазақстанды,  тәуелсіз  елді  тану,  оның 
қозғаушы  күшін,  әсіресе,  әлеуметтік  күшін, 
интеллектуалды  ресурсын,  мәдени  капиталын 
танумен  ұласуда.  Осындай  кешенді  мәселелерге 
тұтас  түсінік  пен  көзқарасты  қалыптастыру 
қажеті  артуда.  Тұтас  көзқарас  дегеніміз  таным 
мен  білімнің,  тәсіл  мен  тәжірибенің  нәтижесі 
және  жалғасы.  Қазақ  болмысына,  мәдениетіне, 
тарихына  деген  тұтас  түсінікті  қалыптастыру 
және дамыту үшін танымның синкретті, білімнің 
интегративті  түрі  керек.  Аталынған  күрделі 
проблемалар  түрлі  білімдер  саласында  жүйесіз 
қарастырылуда,  тиіп-қашып  зерттелуде  десек, 
онымыз шындықтан ауытқу немесе оны қаралау 
емес.
Ел тәуелсіздігі – саяси жеңіс және байлық, ал 
адам еркіндігі – рухани бастау және қазына. Екі 
құндылықтағы саяси жеңіс пен рухани бастауды 
серіктестіктің стратегиялық ресурсына балаймыз. 
Іргелі  құндылықтардан  елде  біртұтастық 
пен  серіктестік,  өзара  түсінушілік,  бірін-бірі 
қолдаушылық жалғасын табады. 
Бүгініміз бен болашағымызға лайықты түйін-
тоқтамдар  –  халықтық  ұстаным.  Халықтың  а) 
өткен жолын, басынан кешкен тарихи тәжірибесін 
түбегейлі жоққа шығармай, оларды жаңа жағдайға 
икемдеу; ә) биліктің халықтан, ал байлықтың халық 
ынтымағынан  бөлінбеуі,  оны  бұзбауы  керек;  б) 
халықтың әл-ауқатын жақсартатын бұрын-соңды 
жинақталған  тәжірибе  мен  тәсілдерді  дұрыс 
пайдалана  білу  де,  халық  дәстүріндегі  ырым-
салтты  нақты  жағдайға  ыңғайластыра  икемдеу 
және ескеру деп ұққанымыз абзал. Сондай, оңды 
жағдайда тілек біртіндеп талапқа айналмақ.
Егемендігін  алған  елдің  басты  этномәдени 
сұранысы  –  ұлттық  дәстүрді  дамытудың 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ 

 36 
мүмкіндігін кеңейту және теңестіру. Этномәдени 
бастау  –  рухани  серпіліске  демеулік.  Дәстүрлі 
болмыс  туралы  ұлттық  сұраныс  пен  серпілісті 
жергілікті  мекен-жайға  орай  үйлестіру  – 
қазақтыққа  жараудың ұлттық қажеті. Қазақтыққа 
жараудың  негізі  мен  тетіктерін  үйлестіретін, 
ұрпақ пен ұлттың  танымдық және мәдени мәйегін 
межелейтін  көп  сатылы  әдістеме  қалыптасуда. 
Ол – қазақтану. Қазақтану енді  ғана жүйеленіп 
келе  жатқан  білім  саласы.  Оның  проблемасы 
мен  қажеттілігін  мойындаушылар  тобы  әр 
сақта,  әр  қарқында  аумақтануда.  Ізденістердің 
идеялық  сабақтастағы  әзірге  айқын  емес.  Оның 
себептері әрқалай. Бұл мақалада әдебиетке шолу 
жасалынбайды,  тек  өзіміздің  концептуалды 
көзқарасымызды қысқаша жеткізбекпіз. Автордың 
көзқарасын кеңірек шыққан еңбектерден танысуға 
болады

Қазақтың  болмысы  мен  санасын,  дәстүрі 
мен  мәдениетін,  тарихы  мен  тағдырын  арнайы 
объект  ретінде  қарастыратын,  жаңа  деңгейде 
зерттейтін  білімдердің  жиынтығына  сұраныс 
артуда.  Қазақтық  мінез-құлық,  дәстүр-салт,  идея 
туралы  тарлан-тарлан  көзқарастар  әлеуметтік-
гуманитарлық  білімдердің  әр  саласында,  әр 
деңгейде  айтылып  жүр,  қатар    қолданыста  және 
айналымда  болмақ.  Қазақстанда  мемлекеттік 
құрылымның    қалыптасуы  алдымен  қазақ  елі 
мен  қазақ  ұлтына  деген  ұмтылысқа,  сондай-
ақ,  этносаралық  қатынастардың  қарқыны  мен 
деңгейіне қатысты. 
Оларға тұтас негіз, ортақ бағдар жетіспейді. 
Оның  басты  екі  себебін  атап  кетуге  болады. 
Біріншіден,  қазақтанудың  ұғым  және  құбылыс 
ретіндегі  мазмұны,  оның  объектісі  және 
субъектісінің арақатынасы анықтала қойған жоқ. 
Екіншісі,  қазақтану  туралы  идея  анда-санда 
айтылып  қалады,  бірақ  қазақтану  ілім  ретінде 
ғылыми  талдаудың  объектісіне  айнала  қойған 
жоқ. Қазақтануды идеядан ілімге айналдыру, оның 
гносеологиялық  ерекшелігі  мен  аясын  анықтау 
–  ғылыми  танымның  өзекті  проблемасына 
айналуда.
Онсыз  қазақтану  әр  деңгейде,  әр  салада 
талқылана  бермек.  Қазақтанудың  өткені,  бүгіні 
мен  болашағы  сабақтас,  ал  ілімнің  табиғаты 
оның  үш  аясына  –  пәніне,  жанрына  және 
әдісіне қатысты. Осы үштік үйлеспегенде  әртүрлі 
түсініктер  мен  дәстүрлер  қалыптасты.  Әрі
  к
өп 
салалы,  көп  деңгейлі  өзгерістер  мен  жаңаруды 
тұтас  түсіну,  қабылдау  жақтары  қалып  қойды. 
Содан ескінің ықпалынан арыла алмай, жаңаның 
тетіктерін толық қоса алмай жатқанымыз. Онсыз 
жаңа пәннің мақсатын ұғыну да шектеліп қалды. 
Мақсат  –  қазақ  бола  білу,  қазақты  тану  және 
таныту, қазақты құрметтеу және қазақтыққа 
жарау. 
Қазақтану, алдымен, бірлестік пен үйлестіктің 
ұлттық негіздерін іздестіруді,  жетілдіруді мұрат 
тұтады,    ұлттық  мемлекеттің  беделімен  елдің 
тұтастығын сақтауға жөн бастайды. Қазақтанудың 
қуаты  –  тұтас  елдің  топтық  ұстанымы  мен 
мұраттастығында, халықтық мұра мен мемлекеттік 
меженің    сабақтастығында,  мәдени  ортаның 
жетекші  ағымдарының  үндестігінде,  олардың 
мәдени  мұраны    ұлттық  тілмен  үйлестіретін 
ырқында. Ұлттық деңгей мен дәстүрді өркениеттік 
үлгімен  толықтыратын  осындай  рухани  күш-
қуаттар оның қайнар көзін құрайды.   
Өткеніміз  туралы  деректер  көбейіп  жатса 
да, бірақ олардың дәйегін таппай жатқан кезеңді 
бастан  кешірудеміз.  Егер  де  мамандар  арасында 
бей-жайлық  орнықса,    бір  сала  мамандары 
ортақ  проблема  мен  міндетке  үстем  етпек  болса 
немесе  әр мамандық өз дәстүрі мен әдістемесінің 
шеңберінен шыға алмай жатса, онда қазақтанудың 
дүниетанымдық жүйесі дұрыс шешілмейді, оның 
ғылыми мақсаты ілгерілемейді. 
Қазақтануға  деген  тәнтілік  а)  адам 
болмысы  мен  қоғамтанудағы  ұлттық  сипатты, 
ұлттық  мүдде  және  ұлттық  мұраны  ажарлайтын 
талпыныстан туындай бермек; ә) табиғаттану мен 
елтанудағы ұлттық дәстүр-салттардың танымдық 
маңызы мен өмірлік тәжірибесін жалғастыратын 
қозғалыстардан демеу таппақ; б) қазақтың рухани 
әлемін пайымдайтын, бағалайтын, жинақтайтын, 
жеткізетін  әдістемелік  негіз  бен  бағдардан  өріс 
алмақ. 
Қазақтанудың  дүниетанымдық  маңызын 
барлық  ғылымның  өкілдері  өз    деңгейі  мен 
дәрежесінде  жалғастыратын  және  ұлттық 
мәдениеттің  арнайы  арнасы  ретінде  зерттейтін, 
уағыздайтын,  тарататын  кез  келді.  Сондағы 
айтпағымыз,  білімдер  саласындағы  ұлттық 
және  өркениеттік  өмір  сүру  тәсілдерін  талдау, 
олардың  ерекшелігі  мен  ұқсастығын  теңестіре 
ұстау талабын ескеру; қазақтануды гуманитарлық 
дүниетаным мен ұлттық мәдениеттің түп тамыры, 
ортақ  әдістемелі  құралы  ретінде  қабылдайтын 
ұштаулықты қабылдау және қолдау.  Тарихи түсінік 
пен  теориялық  бағдардың  үйлестігі  –  іріктелген 
тұтас  көзқарастың  қалыптасуына  демеулік.  Осы 
тұрғыдан  алсақ,    қазақтану  салалық  мамандық 
пен мәдениеттің өкіліне ашық жүйе, ашық сабақ 
болуға жарарлық.
Қазақтану    проблемасын        теориялық  
және  тарихи  тұрғыдан
 
қарастырудың  маңызы: 
а)  талқылайтын  проблеманы  қоюдан  және 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 

 37 
оны  шешудің  жолын  белгілеуден;  ә)  ұлттық 
мәдениеттің  жалпы  негіздерін  айқындаудан;  б) 
қазақ болмысының болашақтағы орны мен рөлін 
анықтайтын талпыныстан білінеді. Қазақтанудың 
басқа танымдық қызметтен үш айырмашылығын 
айталық, ол аналитикалық талдаудың эмпириялық 
базасын  қалыптастырады,    жаңа  идеяны  
анықтайтын  методологиялық  сызық  ұсынады, 
гуманитарлық  білімге  адамдық  және  рухани 
өлшемді қатар ұсынуға ден қояды.
Онсыз  қазақтану  идеясының    білімдік 
жүйесі,  қазақ  болмысының  өркениеттік  бағдары  
пайымдалмай  қалмақ.  Онсыз  қазақтануды  
ғылымның арнайы саласы деуге негіз де, өлшем 
де  жетісе  бермейді.  Қазақтану  дүниетанымдық 
көзқарас, белгілі бір әлеуметтік қарым-қатынастың 
астары  және  этностық  өрістің  арқауы  ретінде 
әлеуметтік-мәдени демеулікке мұқтаж. 
Мәдениет  тоғысында  мұндай  мұқтаждық 
арта  бермек.  Өйткені,  тіршілік  қиылысында 
өркениеттік жолды таңдай білу – тұрақты дамуға 
кепілдік.  Тұрақты  даму  –  саяси-әлеуметтік  және 
ұлттық мәдени талаптарды бір-біріне қарсы қою 
немесе ұлттық және өркениеттік үйлесімділіктің 
ерекшелігін  жою  емес.  Керісінше,  қазақтану 
адамтанудың,  ұлттанудың,  қоғамтанудың 
белгілі бір уақыттық-кеңістік континиумдағы тұтас 
көрінісін айқындауға қажет. Оның ұстанымы мен  
арқауы – қоғамдағы тұлғаның, ұрпақтың, ұлттың 
ресурсын  бас  арнаға  топтастыру;  тектіліктің 
өзіндік тағдыры мен тарихының ақиқатын анықтау; 
өзіндік тәлім-тәрбиенің әдістері мен тәжірибесін 
тетіктеу; өз болашағының бейнесі мен бағдарын 
іріктеу.  Тетігін  тауып,  түбірін  танып,  теңесерлік 
жол табу – қазақтану құралы. 
Қазақтықтың  болмысы    адамға  деген 
адалдыққа,  адамды  іштей  тазару  мен  азаттыққа 
баурау талпынысына тамыр жая түсті. Қазақтың 
ашық болмысы жан дүниесінің кеңдігінде, рухани 
тәжірибеге  деген  беріктіктен,  мәдени  үйлестікке 
бейімділігінен білінеді.  Адам мен ел болмысында 
кеңпейілділік,  кешірімшілдік,  қайырымдылық, 
бауырмашылдық,  өзара  түсіністік,  мәмілешілдік 
сияқты рухани күш-қуат орнықпайынша, қазақтың 
ашық  болмысы  етек  ала  бермейді.  Отбасы  мен 
отанын  сүйген  елдің  перзенттері  мен  өкілдері 
өздерінше қазақ болуға жол ашты,  қазақтықтың 
үлгісін қалдырды. 
Қазақ  болу  –  амандық  пен  тыныштықтан 
туындайтын  тілек,  ел  перзенттеріне  қойылатын 
талап.  Бірақ  кім,  қашан,  қалай  қазақ  болды
деген    сауал  әрқалай  пікірлер  тудырып,  жүйесін 
таппады.  Қазақ  болу  –  ел  арасындағы  өзара 
түсіністік  пен  тұрақтылықтан  бастау  алады,  әр 
перзенттің  халықтық  құндылықты  өз  бойында 
өрбітуге,  өрісті  кеңейтуге  ұқсады.  Адамдық 
қасиет пен елдік қазынаға өзінің жүрегі мен еркін 
бағындыра  білген  қазақи  мінезге  демеулік  етті. 
Қазақтың  күш-қуаты  «атаның  ақылында,  әженің 
имандылығында,  күйеудің  күшінде,  әйелдің 
ибалығында»  деген  аталы  сөз  бар

Аталы  сөзді 
арқау еткендер ертелі-кеш «киелі қасиет құрметті, 
іште басар дүрмекті» деген тоқтамға келген.
  Қазақ            болу  –  елі  мен  жеріне  деген 
махаббатымен қауышу, елдегі есті мен ептілермен 
табысу.  Бұл  кездейсоқ,  өтпелі,  алып-қашты 
қимылдың көрінісі емес. Қазақ болу – жүйелі де 
тұлғалы іс-әрекеттің, біртұтас әлеуметтік-мәдени 
кісілік  жетістігі.  Осы  аталынған  құндылықтар 
құрылымын  түсінген  сайын  қазақтану  өрісі 
қалыптасты.
Елі мен жерін сүйгендер, Отаны мен мемлекетін 
қорғауға  дайындар,  қорғағандар  қазақтыққа 
жарады. Қазақтыққа жарау – бірлік пен бақытты 
бірдей  ұстау,  түсінігін  жарасымдылыққа  жарату, 
өз жанашырларына құт-береке әкелу. Қазақтыққа 
жарау – қасиет пен ұлағаттыққа деген құштарлық,  
ұрпақтық тәжірибеге жарарлық қыран қасиеттердің 
қарқыны. Қазақтыққа жараудың бас белгісі – ел-
жұрттың болашағына, азаматтық борышқа  қызмет 
ету, ел тізгінін қолға алу,  болашаққа деген сенім 
мен үмітті нығайту.
Қазақтанудың,  яғни  жаңа  дәуірдегі  қазақ 
болудың  және  қазақтыққа  жараудың  объектісі 
мен  тәсілдерін  жинақтау  іс-шаралары  баяу 
жүргізілуде, оларды біржақты түсінушілікте жоқ 
емес.  Қазақты  танудың  әлеуетін  ширату  үшін 
көп  деңгейлі  ізденіс  пен  әрекет  керек.  Ол  үшін, 
шамасы, түрлі әлеуметтік, мәдени және тарихи 
ортада  өзін  танитын,  өзін  өзгеге  танытатын 
тұтас субъектіні қалыптастыру, қолдау орынды. 
Мұны рухани тәжірибеге балаймыз.
Рухани  тәжірибе  арқылы  адам  жақсы  мен 
жаманды,  шындық  пен  жалғанды  айырады,  өзін 
қайғы-қасіреттен  шектейді,  өмір  азаптарынан 
тазартады.  Адам  бейбіт  өмірде,  мамыражай 
тіршілікте, тыныштықта жағымды, жақсы, оңды, 
әдепті  өзгерістерге  бейім,  соларға  жетудің  шын 
жөні мен жолын саралайды, адалдық пен әділдікке, 
шындық пен шымырлыққа қызмет етуді жоғарғы 
құндылық ретінде қарастырады.
Бірақ,  қазақтық  болмыстың  осы  сатысының 
құндылықтары мен деңгейінің мән-жайы арнайы 
талқылана  бермеді,  олардың  бір-біріне  ықпалы 
назардан  тыс  қалып  қойды.  Қазақтың  тарихы 
мен  тағдырына  қытайлық,  ирандық,  түріктік, 
славян-орыстық,  еуроцентристік  сияқты  түрлі 
көзқарастар  өз  деңгейінде  шүйілді.  Оларда 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ 

 38 
жалпылама  көрсеқызар,  біржақты  кемітер 
түсініктер  жеке-дара  да,  қабаттаса  да  жылысты.  
Қазақтық туралы түрлі алып-қашты пікірталаста 
кімнің,  қашан,  қалай  қажетке  жарауы  мүмкін 
және  тиісті  деген  талаптар  бір-бірінен  үйлесін 
таппады. Кездейсоқтық пен жүйесіздік біртіндеп 
алшақтық  пен  бейжайлықты    орнықтырды. 
Содан қазақтық туралы жүйелі түсінік қалыптаса 
бермеді, ұрпақтар арасына ұлттық рух пен баба 
аруағы  толыққанды  күшіне  енбеді.  Мұның  өзі 
ұлттық  сана-сезіміміз  бен  мінез  құлқымыздың 
дағдарысын  қоздырды.  Ел-жұрт  арасындағы 
араздықты асқындатты.
Адамды,  қоғамды  түрлендіретін  қуат 
көзін  игермей,  естіліктің,  ерліктің,  елдіктің 
бастамаларын еркін үйлестіре алмаймыз. Естілік, 
ерлік,  елдік  –  ұлттық  рухтың  қазақтанымдық 
өнегесі.  Құндылықтың  қазығы    жақындатар 
нәрсені қанағат тұту және осы бағыттағы өзіндік 
бағдарды  құрмет  тұтуда,  туған  жер  мен  елдегі 
бақытқа  нақты  жолдармен  және  тәсілдермен 
жақындай  түсуде,  өз  көзқарасын  айта  алатын 
сарапшының  құқығын  мойындауда  және  оның 
әдептілігін сыйлауда, мақсатқа жеткізер талғамды 
кемелдендіру және тәсілді тиянақтауда. 
Сондықтан,  қазақтықты  тарихи,  этномәдени 
және  жеке  дара  процесс  десек  те,  оның  саяси-
әлеуметтік  және  мәдени  ортадағы  этникалық 
бетбұрыс екенін ұмытпалық. Бетбұрыстың қайнар 
көзі – ұлтжандылықта. Ұлтжандылық: а) отбасы 
мен  отандастыққа  дәнекерлік,  өзгенің  ығына 
жығыла бермеушілік; ә) ел жұрттың қажеттілігін, 
құндылығын  құнттау,  қадір  тұту  және  ағайын-
туыс жарастыққа қамқорлық  жасау; б) ұлтжанды 
өзінің  жан-тән  үйлесімділігін  ұлттық  рух 
желісіне бағындырды, ұлттық мұрат-мүдде үшін 
құрбандыққа барудан да тартынбады. Ұлтжанды 
өмірді, қоршаған ортаны өзінің патриоттық сезімі 
және  ұрпақтық  сенімі  арқылы  қабылдады,    ар-
намысы  мен  ұяты  арқылы  бағалады.  Қазақтық 
қасиеттерді  нақты  жалғастырған  ұлтжандылар 
қазақтық    өркениетке  тапжылмай  қызмет  ете 
алды,  қызмет  етіп,    елдік  пе,  ерлікке  тән  мінез-
құлықты  таратты,  сөйтіп,  кісілік  қасиеттерін 
елдік  қажеттілік  пен  сұранысқа  жаратты.  Өткен 
ғасырларда  қазақ
 
болудың  осы  қос  көрінісі 
дұрыс  ескерілмеді,  ал  этникалық  бетбұрыстарда 
мемлекеттік қолдау мен ұлттық ұмтылыстар бірін-
бірі толықтыра бермеді. 
Дегенмен,  тарихи  тұрғыдан  сараптасақ,  осы 
үш  этномәдени  жетістіктерден  ел  естілерінің 
намысы,  Отан  перзенттерінің  азаматтық  ары 
нәрленді,  әлеуметтік  құндылықтан  ел  де, 
мемлекет  те  күшейді.  Әр  әлеумет  өз  ортасының 
аппағына,  батылына,  батырына  сүйенді,  соларға 
деген  адамгершілік  көзқарастарды  жинақтады. 
Ерлік  құлшынысы  отаншылдық  рух  пен  ұлттық 
намысты 
оятты, 
азаматтарды 
перзенттік 
парызына  қаратты.  Қос  бірдей  этно-әлеуметтік 
бағыттан  өмірге  деген  алғырлық  артты,  елдікке 
бірлесу дәстүріне, халқымыздың берік бағытына 
айналуы    тездеді,    өміршең  дәстүрде  әлеуметтік 
руханилықты іріктейтін іс-әрекет  жанданды. 
Еркін  даму  –  ұлттық  өркениетіміздің  ендігі 
өресі.  Елімізде  еркін  дамудың  этникалық  және 
этномәдени,  идеялық-саяси  және  діни  сияқты 
өрістері  еуроазиялық  кеңістікте  айқындалуда, 
олардың  өзара  үйлесу  мүмкіндіктері  жан-жақты 
және нақты негізде артуда. Елдіктің  ұлы міндеті – 
ұлттық өркениетті  бүгініміз бен болашағымызды 
табыстырудың  темірқазығы  ету,  өзін-өзімен 
табыстыратын  жан-жақтылыққа жету. 
Егеменді  елімізде  қазақтануды  ұлттың 
заманалық  сипатын  ажарлайтын,  бейбіт 
өмірін 
ардақтайтын, 
қазақтың 
рухани 
бостандығы  мен  беделін  үйлестіретін,  соларға 
қызмет  еткізуге  баулитын  шығармашылыққа 
балайтын  түсінік  қалыптасуда.  Қазақтанудың  
мәдени    желісін  ұлттық  идея  мен  ұлттық 
ойлау  жүйесін  тоғыстыратын,  халықтың 
рухы  мен  елдіктің  күретамырын  қосақтайтын 
нысаналы  әдістемеге,  аманатты  ұстанымға 
айналдыратын  қоғамдық  санадағы  бетбұрысқа 
балауға тұрарлық. 
Осы  қоғамдық  сұранысты  қанағаттыратын 
деңгейге жеткізудің жолдары, мүмкіндігі, жағдайы 
әрқалай. Қоғамдық сұраныста тұтастыққа тура жол 
қарастыратын философиялық ізденістің, қоғамдық 
және  өркениеттік  бағдарды  пайымдайтын 
дүниетанымның,  әлеуметтік-мәдени  таңдаудың 
деңгейі мен шебін үйлестіретін ұлттық идеяның 
рөлі  ерекше.  Сұраныстың  діттегені  –  ұлттың 
өзіндік  даму  деңгейін  ырықтау,  мәдени  қорды 
толықтыру,  мамандар  арасындағы  кәсіби 
тәжірибе мен ғылыми тәсілдердің концептуалды 
негізін  нығайту.  Осы  сарында  қазақтану  ілімінің 
қызметі артпақ. 
Ол  дегеніміз  көне  мұрамыздың  танымдық, 
теориялық  және тағлымдық негіздерін көре білу 
де, көрсету. Мұра көзі ұрпақ пен ұлт намысында, 
яғни: а) тағлымның тарихи тұтастығы мен тәуіріне 
тәжірибені  топтастыру;  ә)  ұлттық  идеяға,  тұтас 
дүниетанымға, озық философиялық жүйеге арқау 
боларлық  күш-қуатты  ширату;  б)  әр  тұлғаның 
бойындағы  интеллектуалды  белсенділік  пен 
сәйкестікті үйлестіру. Әңгіме рух пен мәдениеттегі, 
таным мен тәжірибедегі заттық және құбылыстық 
белгіні объект ретінде қарастыру туралы. 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 

 39 
Қазақтану 
сатысы 
мен 
бағдарының 
арақатынасын 
және 
оның 
танымдық 
маңызын  ашып  беру  –  философиялық  міндет. 
Философиялық  бағдар  мен  баға  түрлі  бастауға 
ұйытқы.  Бағдар  қазақты  тану,  қазақ  болу  және 
қазақтыққа  жарау  талабынан  туындайды.  Баға 
деп  отырғанымыз  көркемдік-моральдық-діни 
таным.  Жаңадан  басталған  бұл  философиялық-
гуманитарлық  және  этномәдени  бағдарды 
біржақты  түсінуге  болмайды.  Қазақтану  мәтінді 
де, шығармашылық тілді де,  адамның іс-әрекетін 
де танымдық-тағлымдық маңызы ерекше объект 
ретінде қарастырады. Қазақтанымдық ұстаным: а) 
объектінің басқа мағынасын табады; ә) фактілерді 
теориялық  және  идеологиялық  ұстаныммен 
үйлестіреді; б) субъектіні объектке  теліп қою да, 
тіпті  объектінің  пәндік  сипатымен  шектелу  де 
емес. Қазақтану – интеллектуалды белсенділіктің 
тұлғалық  және  әлеуметтік  түрлерінің  сәйкестігі. 
Осы тұрғыдан оны қоғамдық ойдың жинақшысы, 
ұлттық рухтың жаршысы, азаматтық борыш пен 
әлеуметтік  қызметтің  шоғырланған  арнасына 
балау  орынды.  Мұндай  этномәдени  бағдар 
тарихи-этникалық шындықты бұрмалауға қарсы, 
ондағы  біржақты  көзқарастан  сақтандыра 
отырып, 
әлеуметтік-гуманитарлық 
білімнің 
шындығын,  шымырлығын  және  шыңдарын 
іздестіреді. Ұлттық тәлімге бас иген адам қарым-
қатынас  шеңберіндегі  еңбек,  тіл,  әлеуметтік 
қатынас  арқылы  адамгершілігін  арттырады. 
Қазақ  әлеуметтік-мәдени  қызметтің  түрлері  мен 
факторлары арқылы өмірдің ұлттық ерекшелігіне, 
салт-дәстүрге бейімделеді, нақты қауымдастыққа 
немесе шығармашылық
 
топқа қызмет  етеді. Тұлға  
мен  тілдескен  топты  теңестіреді.  Еркін  қарым-
қатынастағы  тең  мүмкіндік  –  сапалық  өлшем. 
Сапалық жаңа жағдайға көнуден гөрі, оған дұрыс 
бағытты  ұстанудан,  қос  (немесе  алуан  түрлі) 
бастаманы қамқорлыққа алудан аңғарылады. Қос 
бастама  –  болмыстық  және  бәсекелі  танымда, 
тәнтілік пен табандылық өрісінде.
Қосақтаулы  бастама  жаңа  іс-шараның 
танымдық  мағынасы  мен  өмірлік  мәнісін 
айқындайды,  таңдаған  тәсілдің  нәтижесін 
болжауға  үйретеді.  Ең  бастысы,    елдің  әлеуетін 
ашатын, көтермелейтін бәсекелі рухты баптайды, 
оны  басалқы  міндетке  айналдырады.  Бәсекелі 
рух    еркіндік  пен  естіліктің  босағасын  бекітетін 
арна.  Бәсекелі  рухта  қазақтыққа  жарау  дегеніміз 
ұлттың,  мемлекеттің,  өркениеттің  қоғамдағы 
ұқсас  негізін  нығайту.  Бәсекелі  рух  сыртқы 
деңгейді  –  ұлттық,  мемлекеттік,  өркениеттік 
жетістікті, ішкі дәрежемен – рухани-адамгершілік, 
діни  және  азаматтық    серпіліспен  ажарлайды. 
Ішінаралық бәсеке – азаматтық үйлестікке, рухани 
ұқсастыққа  оттық,  адамның  өмірлік  бағдарын 
таңдауға ұйытқы. 
Танымдық және практикалық маңызы зор осы 
проблемаларды  шешудің  өтімді  тәсілдері  бірдей 
айқындалмайды.  Десек  те,  қазақтану  ұлттық 
мәдениеттің  идеялық  және  әдістемелік  негізі 
ретінде  оған  жалпылама  сипат  енгізетінін  және 
оның  терең  мағынасын  ашуға  қызмет  ететінін 
ескерелік. 
Қазақтанудың білімдік жүйесі  – ұлттық мүдде 
мен қоғамдық сұраныстың қажетінен туындайды, 
ұлттық мәдениет пен өркениетті қозғалыстардың 
кезеңінен  құралатын  тарихи-мәдени  процесс. 
Қазақтану  –  ұлттық  идея  мен  қоғамдық 
сананың  этностық  қарым-қатынас  шеңберіндегі 
қызметінен  нәр  алатын  ғылыми-теориялық 
таным.  Болмыстық  және  танымдық  қос  бастау 
–  оның  өміршеңдігінің  айғағы.  Олай  деуге  негіз 
бар.  Қазақтануда:  а)  қос  дүниелік  –  болмыстың 
өткені  мен  бүгіні,  нақтылығы  мен  мүмкіндігі 
қатар  өрбиді,  ұлттық  және  мәдени  жетістіктерді 
үйлестіретін үлгілер тоғысады; ә) мәдениеттің қос 
өлшемі – тұлғалық және ұлттық, азаматтық және 
қоғамдық  дәрежесі  дәнекерленеді.  Ойымызды 
қайтарып айтсақ, тәуелсіз ел де, өресі кең қоғам 
да қазақтану ұғымының мағынасын тұтас түсіну, 
оның қалыптасу және даму бағдарын түсіндірудің  
танымдық,  мәдени  және  әлеуметтік  маңызы  
қатар  өрбімек.  Бұл  енжарлықтан  арылудың, 
естілікке ұмтылудың нышаны.
Осыдан  қазақтануды  білімдер  жүйесінің 
аласы,  рухани  мәдениеттің  желісі,  халықтық    
тәжірибенің тұтқасы дерлік түсінік туындамақ. 
Өйткені,  ұлт  пен  елдің  мәдени  өрнегі  мен 
өрісін  дұрыс,  дәйекті  ұғыну  үшін  қазақтануды 
тұтас  көзқарас,  ықпалды  әдістеме  ретінде 
қалыптастырудың  және  дамытудың  қажеттілігі 
артуда; 
– тіл, таным, тәрбие және дәстүр мәселелерін 
ұлттық  болмыс  шеңберінде  тұжырымдайтын 
рухани өріс кеңеюде
–   қазақи   тұлға       мен       қауымдастықтың 
түп-тамыры  туралы  гуманитарлық  танымды 
қалыптастыратын  және  ұлттық  бейненің 
тарихи-философиялық  сипатын  айқындайтын 
дүниетанымдық көзқарас, қазақтың адамгершілік 
түпнұсқасын  түгендейтін  рухани  нұсқау  күшіне 
енуде;
–  адамның  жан  дүниесін  ұлттық  мұра  және 
мүдде  шеңберінде  асқақтататын,  ұлттық  дәстүр 
мен  қоғамдық  қозғалыстың  идеялық  негізін, 
тәжірибелік деңгейін нығайтатын дәстүрлі рәсім 
қалыптасуда;
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ 

 40 
– ұлттық болмыс пен  ұлтжандылықты рухани-
ғылыми мұрамен толықтыратын сабақтастық және 
мәнді  істе  тәрбиелік    байыпты  орнықтыратын 
дүниетанымдық-иманшартты деңгей құнтталуда. 
Тізіп отырғанымыз ұлттық мәдениет пен ұлттық 
дәстүрді  өркениет  өлшемімен  саралайтын  
әлеуметтік-мәдени беталыс. 
Қазақтану идеясының өміршеңдігінің тағы бір 
бастауы – ол этностық, діни сияқты қақтығыстарға 
қарсы болуында. Қазақтану бағдары а) өлкеміздің 
тарихи  қажеттілігіне  негізделген;  ә)  бас  бірігу 
идеясын  тездетеді;  б)  аймақтық  қауіпсіздікті 
нығайтатын  тәсілге,  оны  елдің  күш-жігерімен 
қамтамасыз  ететін  тәжірибеге  жүгінеді;  в) 
топтасуға  еріктілікті  жеделдететін  болмысты 
марапаттайды.  Қысқасы,  қазақтанудың  қажетін 
оның  жетістігі  мен  жемісі  арқылы  бағалайтын 
кезең келді.
Қазақтану идеясы саяси үстемдікті үгіттемейді, 
керісінше,  этностық  теңдік  пен  халықтық 
бірлестікке  негіз  болатын  өзара  байланысты, 
мемлекеттік шеңберде тұрақты дамудың бағдары 
мен ұстанымын қалыптастыруды қолдайды, соны 
насихаттайды. Көзқарастағы идеялық тұтастық 
қауымдастықты  жаңа  жағдайға  бейімдеуге, 
сондай-ақ,  құбылыстағы  үйлесімділікті  тарихи 
тұрғыдан сабақтауға ұйытқылық етеді. 
 
Қысқасы, 
қазақтанудағы 
идеялық 
тұтастық – танымдық ұстанымды жетілдіретін 
және  әлеуметтік-мәдени  бағдарды  талдаудың 
ерекшелігін  саралайтын  әдістемелік  бағдар. 
Оның  проблемасын  ел  мамандарының  ортақ 
бағытына,  қазақстандықтардың  ашық  ниет-
амалынан  орын  алатын  бағдарына  айналдыру 
өткір  қажеттілік.  Олай  дейтініміз,  қазақтану: 
а)  Қазақстан  Республикасының  болашағын 
болжайтын,  оның  қоғамдық  түрлену  жүйесін  
түсіндіретін  кешенді  көзқарас;  ә)  тәуелсіз  елдің 
ішкі  және  сыртқы  эволюциялық  жаңаруын 
саралайтын  ұлттық  сана-сезімнің  түйіні  және 
жетілген дәрежесі; б) азаматтың ұлыстық, ұлттық 
үйлесімділігін қадағалауға мұрындық; в) ұлттық 
мәдениеттің  астары  мен  арқауын    өркениет 
өрісімен салыстыруға ұйытқылық. Халқымыздың 
өзіндік ерекшелігін, оның әлемдік рөлімен қатар 
көрсету – ұлттық тәрбиенің біртұтас мәселесі. 
Қазақтылықтың  көңілде  тоқитын  қасиеттері 
мол,  бірақ  оның  шебі  мен  шегін  жырақтайтын 
әрекет те аз емес. Өйткені, қазақтықтың түбір тегін, 
яғни,  тарихын  тану  да,  қазақтың  тағдыры  мен 
тұлғасын танытатын тәсілдерді, тілдесу тетіктерін 
тиянақтау  –  қазақты  өзімен-өзін  табыстыратын 
өмірлік  және  өнегелі  тәжірибе.
 
Отандастардың 
сана-сезімін оятып, кейде деміктіріп келе жатқан  
түйінді мәселелер – ұлттық мәдениет, мемлекеттік 
тіл, ұлттық дәстүр-салтты сақтау, жаңғырту және 
жетілдіру.  Түптеп  келгенде,  қазақ  халқын  өз 
отанында өсіп-өнуіне, қоғамдық және өркениетті 
өмірдің  барлық  саласында  дамуына  қолайлы 
жағдай жасау, әлеуметтік-мәдени қолдау көрсету. 
Оларды  қатар  тарату  –  қажеттілік.  Елдікке 
тұрақты  факторларды  жүйелеу  –    елі  мен  жерін 
сүйетін  перзенттерді  бей-жай  қалдырмайтын 
өзекті  мәселелер.  Ұлттық  болмыстың  кеңістігін 
осылайша  жиектейтін  сұраныс  ұлттық  дәстүрді 
қолдаған сайын серпіліс таппақ, таба бермек. 
Әлеуметтік    бірлестіктің  мұндай  өзіндік 
арнасын  ұлттық  идея,    ұлттық  дамудың 
этномәдени  тәжірибелер,  оларды  жүзеге 
асыратын  әлеуметтік  қозғалыс  бағдары 
тұтастайды.  Ұлттық  мүдде,  ұлттық  идея, 
ұлттық  рух  –  қазақтанудың  түбегейлі  тетіктері 
және  темірқазығы.  Осы    үштіктің  ұлттық 
идеяның тарихи-мәдени тәжірибесін, этномәдени 
қозғалыстың бастауын, олардың өзіндік бағдарын 
зерттейтін  білімдер  жүйесіне  деген  сұраныс 
көбеюде.  Ұлттық  идея  –  халықтың  өзін  тануға, 
өзіндік  ұқсастықты  табуға  және  таныстыруға 
бастама, 
қауымдастықты 
топтастыратын 
шығармашылыққа  ұйытқы.  Ұлттық  идеяның 
діттейтіні – этникалық сана-сезімді қалыптастыру, 
ұрпақ  мінез-құлқы  мен  дәстүрінің  жігін 
жалғастыру. Ұлттық идеяны әлеуметтік бағдарда 
жүзеге  асырмақ  қауымдастық  тәсілдер  мен 
ұрпақтық іс-әрекеттер ұлттық тәжірибенің негізін 
қалады,  деңгейін  көрсетті.  Бірақ  қаз-қаз  тұрған 
әлеуметтік ортада ұлттық тәжірибе жетіспегенде, 
тәрбие  жұмысында  қиял-арманға  дүрлігушілік 
басалқылық етті. Ол тегін емес еді.
Еркіндікке  деген  естілік,  теңдікке  деген 
талпыныс, тегіне деген құлшыныс, ұрпаққа деген 
бетбұрыс  –  ұлттық  идеяға  оттық  болды.  Осы 
сезімдерді  сабақтастырған  ортада  рух  күшейді. 
Елдің  әлеуетін,  өз  болмысы  мен  бақытына 
жұмылдырған рух ұлттық мұратқа айналды. Рух 
пен мұрат – ұлттық болмысқа арқау. 
Ұлттық  болмыстың  табиғатын  дұрыс  түсіну 
үшін,  ұлттық  идеяның,  ұлттық  мүдденің  өзекті 
проблемаларын тұтас көре білу керек еді.  Мүддені 
жақтау  шартын  ескеру,  орындау  –  төтелікке 
тетік.    Ұлттық  мүдденің  қағидалары  –  өмірдегі 
бірлік  пен  бітім,  ойдағы  келісім  мен  көрегендік, 
тілдегі  нақтылық  пен  дәйектік,  мәдениеттегі 
жарасымдылық  пен  жетістік.  Бұл  міндеттер 
білімнің  қай  саласында,  қандай  жүйемен  жүзеге 
асыруда?  Оған  қанағаттанушылық  бар  ма? 
Алаңдататын жай осында. 
Өмір, тіл, ойлану, мәдениет – қазақтанудың 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 

 41 
төрт  бірдей  құндылығы  және  қажеті.  Осы 
құндылықтардың  сабақтастығы  мен  өлшемін 
түсіну  ашық  және  еркін  сұхбаттасу  арқылы 
ширатыла түседі.  Сұхбаттасу – көңіл көтерерлік 
сырласу  ғана  емес,  қайта  өрлеу  үмітін
 
сабақтастыру, мәселені бірлесіп шешу тәсілдерін 
тиянақтау.  Адамдық  жаңару  мен  қоғамдық 
түрленудің  осындай  шарттарын  жаһандану 
және  аймақтық  аумақта  қатар  жүзеге  асыру 
–  бүгінгі  ұрпақтың  парызы.  Мұндай  басалқы 
талап  жаңа  дәуірдегі  ұлттық  мүддеге  жаялық. 
Ұлттық мүдденің бас тірегі байырғы этникалық 
құндылықтар  мен  қазіргі  ұрпақтардың  мінез-
құлықтар  арақатынасының  әлеуметтік  мәнісіне, 
оларға  деген  ұрпақтық  талғамның  сырына  күш-
қуатты шоғырландыру. 
Ұлттық  құндылық  пен  байлықты  құрметтей 
отырып, 
өзіміздің 
өмірдегі 
орнымызды  
қадірлейтініміз  хақ.  Сондай-ақ,  өз  қасиеттімізді 
көрсете  отырып,  ұлттық  өркендеуге  үлес 
қосарымыз  да  айғақ.  Осы  тұрғыдан  қоғамдық 
қажеттілікті,  өзіндік  құндылықты,  серіктестік 
қарым-қатынасты қолдау – қазақтыққа жараудың 
шарты демекпіз. 
Байырғыдан түбірі бір деген ұлттық идеяның 
түйіні енді көптеген ерекшелікпен тамыр жаюда. 
Аракідік  ұлттық  дамудың  болашаққа  ықпалы 
туралы  жорамал  да  жетіспейді.  Әр  маман  өз 
тәжірибесіне  сүйеніп,  сонымен  тоқмейілсігенде, 
қазақ  болудың  деңгейін  дәйексіз  қалдырды.  Әр 
ықпалға    еретін  дәйексіздікте  адам  кемшілікті 
көреді,  олқылықтың  түп-тамырына  ереуіндік 
танытады деуге сене беретін кезең өтті. Кемшілік пен 
кемтарлық көзімізді ашты. Бұралқы көзқарастарда 
өзіндік жетілу мен қарым-қатынасты жетілдіру 
тетіктері көзден таса қалады. Өмірдің осы тектес 
көлденең  арнасы  бірдің  ойын  матады,  бірінің 
аяғынан  тартты.  Содан  ұлттық  және  мәдени 
жетістіктерге негізделген  халықтық талпынысқа 
мұқтаждық  артуда,  қазақстандық  ұмтылыстан 
ұлттық-мемлекеттік өзгерістерді саралауға керекті 
әрекеттердің тапшылығын жиі сезінетін болдық. 
Халықтық талпыныс пен қазақстандық ұмтылыс 
ұлт  пен  мемлекетті  дамытудың  өзіндік  арнасы, 
өркениетті бірлестікке тартатын әлеуметтік тұтас 
бағыт екеніне кім күмәнданады?
Тәлім-тәрбиелік 
жұмыстардың 
саны 
көбеюде,  қарқындауда.  Тұсау  кесер  бастамалар 
мол.  Бірақ  бұл  салада  сандық  көрсеткіштердің 
жүйесі  жасалынды  ма,  жасалынса  сапаны 
жақсартады  ма  деген  сауалдар  көңілге  оралады. 
Тәрбиенің  сапалық  айналымынсыз    тәлімгерлер 
мен ұстаздардың күш-жігері іргелі істің жетекші 
күшіне 
айналмайтынына 
көзіміз 
жетуде. 
Керісінше, ұстаздың әлеуметтік мәртебесі жоғары 
деңгейге көтерілмей, тәлімдік жұмыстың сапалы 
және  нәтижелі  болмайтыны,  онсыз  да  күмән 
тудырмайды. Тәрбиенің сапасы мен ұстаздардың 
белсенділігі  оқу  жүйесіндегі  ұлттық  тәжірибені 
жаңа  сатыға  көтеруге  бағытталмаса,  олардың 
құны төмендейді.
Ұлттық  тәжірибе  деп  біз:  а)  қазақ 
болудың  шарты,  ұрпақтың  қазаққа  жарауының 
құралы  және  көрсеткішті;  ә)    ұрпақтан  ұрпаққа 
күнделікті  берілетін  тәртіп  жобасын,  дәстүрді 
серіктестіретін  әлеуметтік  әдісін,  халықтық 
мұраны  жалғастыратын жолды айтпақпыз.  Ата-
бабаларымыз өзін-өзі асыраған, тыныштық үшін 
кең кеңістікке тараған, бірақ бір-біріне қарайласқан 
ұрпақтар. 
Ата-бабаларымыздың 
ұрпақтық 
ұлағатын іріктеу – батыстың «өркениеттер күресі» 
дәстүріне  емес,  шығыстың  «өркениеттер  бірін-
бірі толықтырады» тоқтамына тұрақтау. Бірін-бірі 
мойындайтын  ұлттық  тәжірибені  ел  мұратына, 
адам игілігіне пайдалану мемлекетке де, азаматқа 
да  қисыны  қиғаш  мәселе  емес.  Бүгінде  ұрпақ 
сабақтастығын  мәдениет  тірегіне  айналдыруға, 
қоғамдық тұрақтылық арқылы мемлекет беделін, 
ұлттық дәстүр мен саяси тәжірибенің үйлестігін 
жетілдіруге үлкен-кіші бірдей мұқтаж. Тәрбиенің 
дәстүрлі  және  инновациялы  түрлерін  оқу 
жүйесінде  үйлестіретін  ұлттық  саясатқа  деген 
мұқтаждық  анағұрлым  артуда.  Өйткені,  ол  жаңа 
Қазақстанның талабына сәйкес келеді.
Ұлттық  саясат  тарихи  тағылымға,  қоғамдық 
және  елдік  дамудың  бай  тәжірибесіне,  руханият 
пен  отаншылдықтың  қастерлі  қағидаттарына 
сүйенуді  бағытқа  алуда.  Қазақстанның  беделі 
күшейген  сайын,  ол  туралы  арнайы  ілімнің  іліп 
алары да, құпиясы да қордалануда. Іліп аларлық 
дегеніміз өмірлік тәжірибе және тартымды бағдар. 
Елдік сана да мүдде ортақтастығы  айқындалуда. 
Мүдде ортақтастығы дегеніміз а) қазақ болмысы 
мен қазақ санасы туралы көзқарастарға әлеуметтік-
гуманистік  мағына  енгізу;  ә)  қазақ  жақтының 
басқа халық өкілдерімен тіл табысуына, олардың 
арақатынасын  нығайтуға  ықпалды  арттыру. 
Ұлттық саясаттың сүйенер қағидалары мұнымен 
шектелмес. 
Ұлттық мәселені шешу жолдарын әлеуметтік 
ұстанымнан  жоғары  қоюды  баз  біреулер 
ұлтшылдыққа  жатқызады.  Бір  сарынды  саяси 
ұстаным  жіктелушіл  әдетті,  өркениетті  бағытта 
дамуға  кедергіні  жасанды  түрде  көбейтті. 
Керағарлықта саяси және мәдени өрістер үйлесе 
бермеді.    Рухани  ұстанымды  бетке  ұстаған 
әлеуметтік қозғалыстар, соның ішінде исламдық-
мұсылмандық дәстүрлер ғана ұлттық-өркениеттегі 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ 

 42 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 
ұқсастықты  үдетті.  Ислам  ерекшелігі  адами 
қасиеттерді  ардақтаудан,  адам  құқығын  асқақ 
ұстаудан  білінеді,  адамзатты  бауырластыратын 
дәстүрімен іштей тәнтілікті арттыруда. 
Қазақтануды ұлтжандылар мен намысқойлар 
деп  бұрмалауға  бармайды.  Қазақ  дәстүрінде 
ұлтжандылық  –  азаматтық  намысқа  оттық, 
ұрпақтың  рухани
 
өсуіне  өріс.  Ұлтжандылық  – 
халық  үшін  адам  жанымен  сырласудың,  отбасы  
ынтымағының, ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің 
өрнегі. Тіпті, ел мен ұлт мүддесі үшін қызмет ететін 
қозғалыстың  ұйытқысы.  Дәстүрлік  тұрғыдан 
қазақтануды  бас  қосу,  бірлесу  құралы  десек, 
онымыз  ұлттық  мүддеге  қуат,  ұлттық  болмысқа 
шуақ,  ұрпақтардың  бас  қосып  бірлесуіне  тұрақ 
болатын  рухани  мызғымастық.    Жаңа  қарқын 
ұрпақаралық,  ұлтаралық, дінаралық жарастықты, 
жақындықты іріктеуге, ілгерілетуге қажет. 
Халқымыз  бен  мемлекетіміздің  өзін-өзі 
қолдайтын,  қамқорлыққа  алатын  қарқынынан  
дәстүрлі 
мәдениеттің 
өркениетті 
жолы 
анықталынбақ.  Олай  дейтініміз,  қазақтану  а)  
проблеманы  адамгершілік  және  этномәдени 
өлшемдерімен  саралайды;  б)  ғылыми  және 
мәдени  жетістіктерді  мұра  және  әдістемелік 
үлгінің  өрісі  ретінде  қарастырады,  қамтиды;  в) 
ғылыми  тұжырымдарды  этномәдени  үйлестік 
санатында және өркениеттік өлшемнің ыңғайында 
қолданады.  Ол үшін қазақтану білімдегі салалық 
деңгейден,  мәдениеттегі  бір  бағдардан,  жеке 
қауымдастықтың  тәжірибесінен    дәстүрлік  
деңгейге  көтерілуі,  ұлттық  өркениеттіліктен 
нәр  алуы  шарт.  Шарттың  бірі,  әр  әлеуметтік-
гуманитарлық  пәннің  өзіндік  тәсілдерін  ескеріп, 
оның  жетекші күштерінің ортақ бағыт-бағдарын 
талдап  түсіндіруге  бет  бұру,  сонысын  анықтай, 
ауқымдай түсу десек, онымыз қазақтану мәселесін  
бірлесе  талқылау.  Сондықтан,  қазақтануды 
біз  сұхбаттасу  мен  сырласуды  сабақтайтын 
мәдени  көзқарас,  көзқарасты  кеңейтетін 
тарихи-әлеуметтік  ауқымы  асқақ  әдіснама 
демекпіз.  Келісім-шарттың  енді  бір  ұстанымы  
идеологиялық  ұстанымнан,  методологиялық 
міндеттен, мақсаткерлік қызметтен нәр алады.
Қазақтану  идеологиясы  дегеніміз  қазақ 
жеріндегі ұрпақ пен перзенттің азаматтық арын, 
намысын  оятарлық  іс-әрекетке  ұйытқылық 
жасау,  ұлтаралық  татулықты  туралау,  дінаралық 
келісімді  тереңдету.  Жөн  білетін  адамның  сөзі 
уәжді, ал уәжі жағымды ұстаз әрекетке байламды. 
Сөзі  уәжді  мен  нысаналы  әрекетке  байлауының 
айтқаны жерде қалмайды. Қазақ болудың сыры да 
осында. 
Танымдық ізденісті технологиялық тұрғыдан 
ұйымдастыру  және  жетілдіру  методологиялық 
мәселе.  Қазақтану  методологиясының  міндеті 
үш  бірдей
 
шығармашылық  ұмтылысты,  яғни, 
ізденістің философиялық негізін, дүниетанымдық 
бағдарын және идеологиялық қарқынын үйлестіру. 
Үйлесімділікте  тәсіл  мен  тәжірибе  құндылығы 
айқындалынбақ.  Қазақтану  методологиясын 
жетілдіру  дегеніміз  а)  қазақтану  салаларын 
рухани мәдениет құрамына ендіретін жаңа сатыға 
көтермелеу,  олардың  бірлестігі  мен  қызметін 
қоғамдық  қажеттілік  пен  ғылыми  сұраныс 
иіріміне  ендіру,  шығармашылықты  сол  мұратқа 
бағыттау;  ә)  редуктивті  дәстүрді,  принципті 
ығыстыра  отырып,  ұйымдастыру  мәдениетіндегі 
интегративтік негіз бен бағытқа бет бұру.   
Жаңа заманның талабы – адамдық фактордан, 
адамның  да,  қоғамның  да  интеллектуалды 
мәдениетінен  тәуелді  және  мұндай  тәуелділік 
күш алуда. Жаңа тұлға мен танымал ұлттың қуаты 
біртұтас  кеңістіктегі  интеллект  мәдениетінде, 
тәлім-тәрбиенің ашық жүйесі мен нақты бағдарын 
ұштастыратын  жасампаздық  әлеуетінде.    Жаңа 
талапта  мүмкіндік  межелікпен,  макропроблема 
нақты  шешіммен  ұштастырылады  десек,  сондай 
түсініктегі  келістік,  талпыныстағы  кепілдік 
интеллекті  мәдениеттің  мәйегін    мекемдемек. 
Жасампаздық нышаны серіктестікке сенім артуда, 
жөнге  жоба  жасауда,  жақсы  істің  жаршысы 
болғанда,  тиімділікке  қол  бастауда,  қауіпсіздікті 
нығайтуда  өрнектелмек.  Бұлар  қоғамдық  күшті 
әлдендірудің  активтері.  Қазақтанудағы  бетбұрыс 
интеллекті  мәдениеттің  нақты  бағдары  мен 
аралық  индикаторларын  білім  беру  саласы  мен 
саясатына  енгізудің  бағыт-бағдарын  анықтауға 
демеулік  етері  күмәнсіз.  Оның  үстіне,  білім 
берудің жаңа сатылары өркениетке, демократияға, 
әлеуметтік серіктестікке, ұлттық идеяға қатысты 
мәселелермен  ұштастырылып    бағаланған 
сайын,  ұлттық  тәрбиенің  қазақтығы  көңілден 
шыға  беретініне  кәміл  сенеміз.  Онда  елдігіміз, 
естілігіміз, 
ерлігіміз 
тұлғалық, 
қазақтық 
сипатымен көзге түседі. 
Әлеуметтік  қолдау  күш  алған  сайын 
қазақтанудың  бас  бағыты  мазмұнданбақ. 
Ол  дегеніміз  –  ұлттық  тәуелсіздіктің  туын 
көтеру,  ұлттық  өркениеттің  өрісін  кеңейту, 
ұрпақтар  мен  ұлттар  арасында  келісім  ырқын 
тарату,  ынтымақтастық  жолын  іздестіру.  Одан 
туындайтын тоқтам – қазақ халқының өмірі, өнері 
және  өнегесі  туралы  әлеуметтік-гуманитарлық 
және  экологиялық  білім  саласының  кешенді 
және жүйелі өзара байланыстарын қалыптастыру. 
Мұның өзі танымдық та, практикалық та маңызы 
зор және өткір мәселе.

 43 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет