Басқару экономикасы


сурет. Самса ұсынысының қисық сызығы



бет16/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   112
2.3 сурет. Самса ұсынысының қисық сызығы
Сұраныс жағдайындағыдай ұсыныстың баға емес факторлары бар. Ол фактордың біреуі немесе бірненшеуі өзгерсе нарықтық ұсынысты өзгертеді (яғни ұсыныс сызығын оңға немесе солға жылжуға мәжбүр етеді.

Ұсыныстың бағадан тыс факторлары:



  1. Шығындар мен технология. Бұл екі факторды – шығындар мен технологияны — бір фактор деп ұғында болады, өйткені бір бірімен өте тығыз байланыста.

Шығындар деп әдеттегі өндіріс шығындарын түсінеміз. Оған еңбек құны, материал құны, рента, пайыздар бойынша төлемдер, амортизациялық жарна, жалпы және әкімшілік шығындары, басқа сөзбен айтқанда фирма табысы туралы декларациясында олардың бәрін табуға болады.

Технология деп өнім бірлігіне кететін өндіріс шығыындарын азайтатын технологиялық инновациялар немесе жетілдірулерді түсінеміз (мысалы, автоматтар, роботтар және компьютерлік техника). Ақырғы тұтынуға арналған мүлде жаңа тауарларға алып келетін технологиялық өзгерістерді қазір қарастырмаймыз.

Өнімнің бірлігіне өндірістік шығынның өсуі кері әсер жасайды.


  1. Сатушы ұсынатын басқа тауарлар мен қызметтің бағасы.

Тұтынушы тұрғысынан қай тауар мен қызмет болмасын оларға ауыстырушы немесе толықтырушы элементі ретінде басқа тауар мен қызмет бар болады. Өндіруші тұрғысынан да нарыққа ұсынатын белгілі ауыстырушы мен толықтырушы элементі ретінде болуы мүмкін. Мысалы, самсаны сатушылар пиццаға бағаның едәуір өскенін байқайды, онда ол самса өндіру линиясын жабып, оны пиццаға ауыстырады. Ең аз дегенде, самсаға бөлінетін ресурстар көлемін азайтып, пиццаға арнап ресурстарды бөледі.

Екі жағдайда да самсаның нарықтық ұсынысы төмендейді. Егер сатушылар бұрыннан екі және одан да көп тауарлар түрін сатқан болса, нарықтық жағдайдың өзгеруі оларға пайдасы көбірек тауарларға өзінің ресурстарынқайтадан бөлу керектігін білдіртеді. Осы мүмкіндіктерге орай сатушылар самса мен пиццаны «ауыстырушылар» демей, бір бірімен «бәсекедегі» тауарлар деп айтқан дұрыстау болар.



3. Болашақтан үміт күту. Бұл фактор сатушыларға да, сатып алушыларға жасаған ықпалы болады. Жалғыз айырмашылығы өзгеру бағытында. Мысалы, сатушылар бағаның өсуін күтуде болса, олар болашақта болатын жоғары бағадан пайда түсіру үшін ағымды ұсынысты тежеуі мүмкін. Сонымен ағымды ұсынысты төмендетеді. Бағаның күтілгендей өсуі тауарға деген ағымды ұсынысты жоғарылатады.

4.Сатушылар саны. Өзінен өзі түсінікті, сатушылар саны ұсынысқа тура ықпал жасайды. Сатушылар саны неғұрлым көп болса, соғұрлым нарықтық ұсыныс жоғары болады.

5. Ауа райының жағдайы. Жаман ауа райы (мысалы, су тасқыны, құрғақшылық, маусымдық температураның әдеттен өзгеше болуы) ауыл шаруашылық өнімдерін ұсынымын азайтады.

Енді сұраныс пен ұсынысты біріктіріп нарықты толық талдауға болады.







      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет