Басқару экономикасы



бет28/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   112
1



3



2









0 10 20 30 40 50 Q


3.1 сурет. Икемділіктің баға мен көлемге ықпалы
Өндіріс факторларына сұраныстың икемділігі. Осыған дейін негізгі өнімге, яғни тұтынуға сатып алынған өнімге – салқындататын сусындар, тұз, ақ нан, сыраға - сұраныстың икемділігін талқыладық.

Енді негізгі өнімдерді өндіруге жұмсалатын тауарларға – мысалы, материалдар, жабдық, еңбектерге – көз жүгіртейік. Негізгі өнімнің осындай компоненттеріне сұранысты өндіріс факторларына сұраныс деп атайды. Басқа сөзбен айтқанда, бұл компоненттер өзінен өзі қажет емес, оларға қажеттілік негізгі өнімге сұраныс болудан туады.

А. Маршалл өндіріс факторына сұраныстың қисық сызығының икемділігін басқаратын төрт принципті келтірген. А.Маршаллдың ойынша, өндіріс факторына сұраныстың қисық сызығының барған сайын икемдігі төмендейді:

- қарастырылып отырған компонент қажеттілігі өскен сайын;

- негізгі өнімге қисық сызығының икемсіз болған сайын;

- осы компоненттің жалпы құнның ішіндегі үлесі азайған сайын;

- бәсекедегі факторлардың ұсыныс қисық сызықтары икемсіз болған сайын.

Үй құрылысына сұраныс пен өндіріс факторының бірі – электрик еңбегіне сұранысты қарастырып көрейік. Электрикке сұраныс өзінен өзі тумайды, ол үй құрылыс сұранысымен байланысты. Осы жерде А.Маршаллдың екі маңызды принциптерін келтірейік:

- біріншісі, ол қажеттілік: электриктердің қызметінсіз үйді соға алмайсыз;

- екіншісі, электриктер жұмысының құны үйдің жалпы құнының аз ғана пайызын құрайды.

Электриктер талабы бойынша олардың жалакысы өсті делік. Электриктер жұмысының құны үйдің жалпы құнының 10% құрайды делік. Электриктердің жалақысын 10% көтерілуі құрылыстың жалпы құнын 1% көтереді. Тәрізі бұл жалпы құнға қосылған аздаған қосу бағаның өсуіне әсер етпейді, демек электриктердің санына едәуір ықпал жасамайды. Қорытынды: электриктерге сұраныстың икемділігі төмен.

Егер үй соғуға сұраныстың икемсіз болу ықтималдығын қарастырсақ және ілеспелі факторлардың ұсыныс икемділігі төменгі деңгейде болса, онда қорытынды: электриктерге сұраныс икемділігі айтарлықтай төменде болады.

Бұл қорытындылар қысқы мерзімді мезгілге тәрізі дұрыс болар, бұл мезгіл ішінде электриктер саны қатты қысқармайды. Алайда, ұзақ мерзімді мезгіл ішінде, өндіріс және тұтыну тарапынан адамдар қымбаттаған факторларды ауыстыратын жолдарын тапқан сайын, сұраныс икемділігі өсе түседі.

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мезгілдердегі икемділік. Сұраныстың қисық сызығы ұзақ мерзімді мезгілде көбінесе қысқа мерзімді мезгілдегі қисық сызығына қарағанда икемділі.і жоғарырақ болады. Бұл жағдайда қысқа мерзімді мезгіл деп сатып алушылар бағаның өзгеруіне толық жауап бере алмаған уақыт мезгілін айтамыз. Қысқа мезгіл ішінде ешқандай бейімделу мүмкін емес, және белгілі диапазонда сұраныстың қисық сызығы мүлде икемсіз болуы мүмкін.

Уақыт мезгілі созылған жағдайда тұтынушылар бағаның өзгеруіне бейімделіну жолын табады: ұқсас тауарларды пайдаланады (егер баға көтерілсе), қарастырып отырған тауарды басқа тауарға ауыстырады (егер баға төмендесе) немесе осы тауарды көбірек немесе азырақ пайдалануға көшеді.

Жақсы мысал ретінде 1970-ші жылдары жылытуға арналған мазутқа баға күрт өскенде, тұтынушылар бірден елеулі жауап бермеді. Алайда, уақыт өткен сайын тұтынушылар жаңа жағдайға бейімделіп, мазуттың пайдалану көлемін өзгертті. Олар үйде, жұмыс орнында төменірек температураға үйрене бастады. Далаға шығарда жылы киінді. Ұзақ уақыт мезгілінен кейін тұтынушылар үйлерін газбен жылытуға көшті, мұндай үйлерді сатқан бағалары жоғарырақ болды.

Енді осы құбылысты график жүзінде бейнелейік. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мезгілдері арасындағы байланысы 3.2 суретінде көрсетілген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет