Басқару экономикасы



бет30/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   112
Байланысты:
treatise75256

1350

9

-1,1

81

1200

10

-0,9

80

1050

11

-0,7

77

900

12

-0,6

72

750

13

-0,4

65

600

14

-0,3

56

450

15

-0,2

45

300

16

-0,2

32

150

17

-0,1

17

0

18

0




3.5 және 3.6 суреттерінде график жүзінде икемділік пен табыс арасындағы тәуелдік бейнеленген.


P(Т)



2700

2400


2100

1800


1500

1200


900

600


300







Икемді






Икемділік = 1



Икемсіз






2 4 6 8 10 12 14 16 18 Q


3.5 сурет. Икемділік пен сұраныс байланысы
Баға төмендегенде икемді сұраныста табыс өседі, икемсіз сұраныста табыс азаяды және сұраныс икемділігі 1-ге тең болғанда табыс максимумына жетеді (яғни ол тұрақты болғаны).


TR


1200
1050


900
750












2 4 6 8 10 12 14 16 18 Q


3.6 сурет. Икемділіктің жиынтық табысқа ықпалы
Бұл жерде маржиналды немесе шекті табыс терминін енгіземіз, кейінде оны жиі қолданатын боламыз. Бұл түсінікке – көлем бір данаға өскенде жиынтық табыстың қалай өзгеретіні – деп анықтама беруге болады.

Алдыңғы кестеге маржиналды табыстың шамасын көрсететін бағана қосайық.

3.4 кесте. Сұраныс пен маржиналды табыс

Баға, теңгемен

Количество

Совокупный доход

Маржинальный доход

Дуговая эластичность

1950

5

9750

1350

-3

1800

6

10800

1050

-2,3

1650

7

11550

750

-1,8

1500

8

12000

450

-1,1

1350

9

12150

150

1

1200

10

12000

-150

-0,9

1050

11

11550


- 450

-0,7

Маржиналды табыс жиынтық табыс жоғарыланғанда (және сұраныс қисық сызығы икемді болғанда) оң мағынаға ие болады. Жиынтық табыс өз максимумына жеткенде (икемділік 1 тең), маржиналды табыс нөлге тең болады.



Сұраныстың айқасқан икемділігі. Айқасқан икемділік (немесе айқасқан-бағалық икемділік) белгілі тауарға сұраныстың көлеміне байланысты тауардың бағасының өзгеруінен (басқа тең жағдайда) туатын (пайызбен берілген) ықпалға қатысты.

Байланысқан тауарлар туралы сөз болғанда байланыстың екі типін келтіреді: тауар-ауыстырушы және толықтырушы (комплементарлы) тауар. Мысалы, газдалған сусындар лимонадтың ауыстырушылары болып келеді.

Көп жағдайда айқасқан икемділігін қарастырғанда жалпы мағынада бірдей тауарлармен іс болады. Тайық еті мен сиыр еті ауыстырушылар ретінде қарастыруға болады, өйткені тауық етіне баға өзгерсе сиыр етін сатып алуға өз әсерін тигізеді. Ауыстырушылар туралы басқа мысалдарды келтіру қиынға соқпайды: шәй мен кофе, май мен маргарин, алюминий мен болат, шыны мен пластик.

Толықтыратын тауарлар бірге пайдалынады: картоп чипсылары мен лимонадты,

арахис майы мен джемді, стереожүйелер мен CD-дискілерін, теннис ракеткасы мен теннис доптарын, жеке компьютерлер мен дисководтарын мысалдар ретінде келтіруге болады.

Айқасқан икемділік — ол В тауарының бағасы 1 %-ке өзгеру нәтижесінде А тауарына сұраныс көлемінің пайыздық өзгеру көрсеткіші. Жалпы формуланы келесідей жазуға болады:


= :

Доғалық икемділік:


= :
Айқасқан икемділік коэффициентінің белгісін көрейік.

Мысал. Көрші супермаркетте салқындататын сусындарға бағаның төмендеуі Серікте сатылып жатқан сусындар көлемін төмендетуге алып келеді.

Әрине, егер супермаркет бағаны көтерсе, Серіктесатулар өседі. Сонымен, ауыстырушыларға айқасқан икемділік белгісі оң болып келеді.

Толтырғыш тауарлар үшін айқасқан икемділік белгісі теріс болады. Мысалы, CD-дискіне бағаның төмендеуі стереожүйелердің сатуларын өсіруге алып келуі мүмкін.

Айқасқан икемділіктің күшін өлшеу сұраныстың бағалық икемділігін анықтаудан өзгеше болады.

Тәжірибеден туған бизнестің ережесі бар: екі тауар жақсы ауыстырушылар немесе толықтырушылар болып есептелінеді, егер коэффициент 0,5-тен жоғары болса ( модуль бойынша, өйткені толықтырушы тауарларға ол теріс).

Табыс бойынша сұраныстың икемділігі. Бәсекелестер пайда болуынан бұрын Серік өзінің сатулары тек осы маңайда тұратын отбасылар санынан басқа, олардың табыстарының өсуінен тәуелді екенін байқайды. Бұл сату көлемі тұтынышылар табыстарының функциясы ретінде болғанын көрсетеді (яғни тұтынушылар табысы сату көлеміне әсер етеді).

Осы байланыстың әсерленгіштігін көрсету үшін экономистер «табыс бойынша сұраныстың икемділігі» терминін қолданады. Бұл икемділіктің жалпы формуласы келесідей:


= : ,

где Q – сатып алынған игілік көлемі;



Y – тұтынушының табысы.
Басқаша: =
Табыс бойынша икемділік жайында коэффициент оң да, теріс те болуы мүмкін. Көптеген тауарлар бойынша табыс бойынша икемділік оң деп күтуге болады, өйткені табысы өскенде адам көп жұмсайды деп ойлауымыз қисынды. Сонымен, коэффициент оң болғанда табыс бойнша икемділік қалыпты болады деп есептейміз.

Коэффициент +1 болғаны басқа шекаралық сызықты көрсетеді. Табыс өскенде адамдар тауарларды тұтынуды табыстың өсуіне пропорционал, пропорционалдан төмен және пропорционалдан жоғары өсіруі мүмкін. Егер А тауарына шығындар 10% өссе табыс 10% өскенде, табыс бойынша икемділік коэффициенті 1 тең. Яғни белгілі тауарға жұмсалатын табыс бөлігі табыстың өсуі алдында және одан кейінде бірдей болып қалады. Тұтынушының жылдық табысы 4,5 млн. теңгені, ал киімге жұмсайтын шығыны 405 мың теңгені құрайды делік. Егер жылдық табысы 10%-ға өссе, 4,95 млн. теңгеге тең болады. Енді ол киімге жылына 445,5 мың теңге (ол да 10% өсті) жұмсаса, киімге кеткен шығындардың жиынтық табысына қатысы 9%-ға тең болып, өзгермей қалады.

Табыс бойынша икемділік коэффициенті 1-ден көп немесе аз болуы мүмкін. Табыс бойынша икемділік коэффициенті +1-ден асқан тауарлар табысы өскен тұтынушылар табысының елеулі бөлігін өзіне тартады; оларды «ең жақсы тауарлар» деп атайды.

Кейбір эмпирикалық зерттеуге көз жүгіртсек, қызықты нәтижелерін байқауға болады. Мысалы, табыс бойынша тамақ өнімдеріне қысқа мерзімді икемділік 0,5-ке жуық, ал мейрамханадағы тамақ жеу икемділігі 1,6-ге тең екен.

Осындай нәтижелер табыс өсу жағдайында үйде даярланатын тамаққа кететін шығындар аздап өседі, бұл шығындар табыстың аз бөлігін өзіне тартады. Мейрамхана тамағына кететін шығындар, керісінше, табыс өскенде едәуір жылдам өседі, демек табыстың елеулі бөлігін құрайды.

Зергерлік бұйымдар мен сағаттар үшін табыс бойынша қысқа мерімді икемділік 1,0 –ге тең болыпты; алайда ұзақ мерзімді мезгілде икемділік 1,6 тең болған. Бұдан тұтынушыға бейімделу үшін біраз уақыт қажеттігі көрініп тұр.



Табыс бойынша икемділік коэффициенті нөлден төмен болуы мүмкін. Мұндай жағдай орын алуы мүмкін, егер сатып алынатын тауардың көлемі табыс өсу нәтижесінде мүлде төмен кетсе. Мұндай нәтиже болуына сену мүмкін емес, бірақ ойға шомып, осындай жағдай әбден орын алуы мүмкін деген қорытындыға келуге болады.

Q




Ең жақсы тауарлар








Жақсы тауарлар






Жаман тауарлар



Y




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет