5. Фирма теориясының микроэкономикалық және менеджериалдық аспектілері
5.1. Өндіріс теориясы және өндірісті бағалау
Фирманың өндірістік функциясы және оның басқару шешімін қабылдаудағы рөлі
Маркетинг жоспары қанша табыс әкелгенімен, егер компания өндіріс шығындарын өтей алмаса, ол пайданы қабылдарлық деңгейде ала алмайды. Экономикада шығындарды талдау өндірістік функцияны зерттеуден бастайды.
Өндірістік функция – ол фирманың шектелген ресурстары (яғни оның шығындары) мен осы ресурстарды пайдалану нәтижесінде шығаратын өнімнің арасындағы ара қатынас.
Математикалық тұрғыдан өндірістік функция келесідей көрсетуге болады: Q = f (, …, ),
где Q — өнім шығуы; , …, — өндіріс үдерісінде пайдаланған ресурстар.
Шығындар мен өнім шығу арасындағы ара қатынас белгілі уақыт мезгілінде болатынын аңғару керек. Басқа сөзбен, Q уақыттар бойы жиналған өндіру көлемінің көрсеткіші болып келмейді.
Тағы екі маңызды тұспал бар.
Біріншіден, өндірістің «технологияның заманауи деңгейін» ойлаймыз. Өндірістегі әр инновация (мысалы, робот техникасын немесе икемді өндіру жүйелерін қолдану) шығындар мен өнім шығу арасындағы ара қатынасты өзгертуге алып келеді. приведет к изменению соотношения между данными затратами и выпуском.
Екіншіден, шығындар мен өндіру арасындағы ара қатынас қандай болса да, шығындарды пайдаланғанда қорытынды өнім шығуы максимал деңгейде болады.
Осыларды ескеріп, өндірістік функцияға толық анықтама беруімізге болады:
Өндірістік функция шығындар мен белгілі уақыт мезгілі ішінде белгілі технологиялық даму деңгейінде өндіруге болатын максимал көлем арасындағы ара қатынасты анықтайды.
Компания үшін , …, — шикізат, еңбек және негізгі активтер, мысалы, зауыт пен жабдық.
Талдау жүргізу үшін өндірістік функцияда бар көптеген шығындарды екі типке – X пен Y – дейін қысқартайық. Теңдікті келесідей жаңа түрге келтірейік:
Q = f (Х, Y)
где Q - шығару; X - еңбек; Y- капитал.
Одан әрі, экономикалық талдауда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мезгілдер арасындағы айырмашылық уақыттың нақты бөлігімен байланысты емес. Бұл айырмашылық фирма өндірістік үдерісі барысында шығындар көлемін өзгертуі мүмкіндігіне қатысты.
Қысқа мерзімді өндірістік функция шығындар жиынтығын пайдаланғанда тауар мен қызметтің максимал көлемінің шығарылу мүмкіндігін көрсетеді, бұл кезде ресурстардың бір типінің көлемі кем дегенде өзгеріссіз қалады деп ұйғарылады.
Ұзақ мерзімді өндірістік функция шығындар жиынтығын пайдаланғанда тауар мен қызметтің максимал көлемінің шығарылу мүмкіндігін көрсетеді, бұл кезде фирма барлық пайдаланатын ресурстардың көлемін ерікті өзгерте алады.
5.1 кестеде ойдан алған екі ресурс түрі бар өндірістік функция көрсетіледі. Таблица
5.1. Ойдан алынған екі ресурс түрі бар өндірістік функция
Достарыңызбен бөлісу: |