5.6 сурет. Өндіріс стадиялары және өндірістік қуатын жүктеуді жоспарлау
Суреттен көрініп тұрғандай, II стадиясы өндіріс деңгейлері = 300 ден = 375-ке жеткенше пайдалынады.
Мысалы, егер тұтынушылар 300 данадан аз немесе 375 данадан артық өнімді сатып алғысы келсе, онда қысқа мерзімді мезгілде I стадиясында немесе III стадиясында жұмыс істеуге мәжбүр болады.
Суреттегі ақпарат I стадиясында немесе III стадиясында жұмыс істемеу үшін мұқият жоспарлау болуын көрсетеді, ол жоспарда айнымалы шығындарымен қатар тиянақталған шығындардың көлемі ескерілу керек. Бизнесте мұндай жоспарлауды өндірістік қуаттарды жүктеуді жоспарлау деп жиі атайды.
Мысалы, егер фирма өз өніміне сұранысты 300 және 375 дана арасында күтіп отырса, суретте көрсетілген өнімділік оның қажеттілігіне мінсіз болып келеді.
Алайда егер фирма болжауы бойынша сұраныс 375 данадан артық болса, онда ол, II стадия өзіне жоғарырақ өнім шығару деңгейін кіргізу үшін, өзінің қуатын ұлғайтуды қарастыру керек.
Егер фирма болжауы бойынша сұраныс 300 данадан аз болса, онда фирма өндірістік қуатты жүктеуді төмендету туралы ойлануы керек.
Өндірістік қуатты жақсылап жоспарлау үшін екі негізгі талап қойылады:
- сұранысты дәл болжау;
- өндіріс пен маркетинг арасында тиімді коммуникация болуы.
Бірінші талап сірә түсінікті шығар, бірақ оны орындау оңайға түспейді. Екінші талап көзге түсе бермейді, әсіресе ірі компанияларда жұмыс істемеген адамдарға. Өндіріспен айналысқан адамдарға өндіру жоспарларына тек техникалық тұрғыдан қарау тән, тауарды сатуға жауапты маркетинг жоспарларын ескере бермейді.
Өз тарапынан маркетингпен шұғылданатын адамдар тауарларды мүмкіндігінше көп сатуға әрекеттенеді, ал өскен сұранысты қанағаттандыруға фирманың өндірістің қуаты жеткілікті ме, ол туралы өндіріспен айналысқан адамдармен алдын ала ақылдаспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |