Тиянақталған шығындар тлық пайдаланбайды; қосымша Х бірліктерін қосса мамандану мен командалық жұмыс АР өсуге мәжбүр етеді
Қосымша Х бірліктерін қосса мамандану мен командалық жұмыс қайтарымды үлкейте түседі;
Тиянақталған шығындар тиісті деңгейде пайдалынады
M
Тиянақталған шығындар максимал өнімділікке жетеді; Қосымша Х бірліктері өнім өндіруін төмендетуге алып келеді
б))
АР, МР
12500
A
(2) (6)
M
5.3 сурет. Өндіріс стадияларының нәтижесін бейнелеу
5.1.3. Өндірісфакторларына сұраныс және айнымалы шығындарды пайдаланудың оптималды деңгейі
Фирма өндірісінде қысқы мерзімді мезгілде тек бір қана ұтымды стадия (стадия II) болғандықтан, осы стадияда фирмаға максимал пайда әкелетін шығындарды пайдаланудың ең жақсы деңгейін орнатуымыз қажет.
Екінші стадияда шығындарды пайдаланудың оңтайлы деңгейі қалай анықталатыны көрсету үшін 5.4 кестесінде сандық мысал келтірген.
5.4 кесте. Маржиналды өнім (MRP) мен жұмыс күшіне жұмсалған маржиналды шығынның (MLC) ақшаға шағылуы
Еңбек бірлігі (Х)
|
Жалпы өнім
(Q немесе TP)
|
Орташа өнім (АР)
|
Маржиналды өнім (МР)
|
Жалпы өнімнің ақшаға шағылуы, (TRP), мың теңге
|
Маржиналды өнімнің ақшаға шағылуы (МRP), мың теңге
|
Жұмыс күшіне ақы төлеуге кеткен жалпы шығындар (TLC), мың теңге
|
Жұмыс күшіне ақы төлеуге кеткен маржиналды шығындар (MLC), мың теңге
|
(TRP – TLC), мың теңге
|
(MRP – MLC), мың теңге
|
0
|
0
|
|
0
|
0
|
|
0
|
|
0
|
0
|
1
|
10000
|
1000
|
1000
|
2000
|
2000
|
1000
|
1000
|
1000
|
1000
|
2
|
25000
|
1250
|
1500
|
5000
|
3000
|
2000
|
1000
|
3000
|
2000
|
3
|
45000
|
1500
|
2000
|
9000
|
4000
|
3000
|
1000
|
6000
|
3000
|
4
|
60000
|
1500
|
1500
|
12000
|
3000
|
4000
|
1000
|
8000
|
2000
|
5
|
70000
|
1400
|
1000
|
14000
|
2000
|
5000
|
1000
|
9000
|
1000
|
6
|
75000
|
1250
|
500
|
15000
|
1000
|
6000
|
1000
|
9000
|
0
|
7
|
78000
|
1114,3
|
300
|
15600
|
600
|
7000
|
1000
|
8600
|
-1000
|
8
|
80000
|
1000
|
200
|
16000
|
400
|
8000
|
1000
|
8000
|
-600
|
Р – өнім бағасы = 200 теңге;
W- еңбек бірлігіне шығындар = 1000 мың теңге;
МRР = МРхР;
ТLС = ХxW.
Кестеге көз жүгіртсек, II стадия жалпы өнімнің 60 мың мен 80 мың даналар аралығында орналасқан. Егер оны еңбек шығындарымен көрсетсек, II стадия бұл шығындардың төрт пен сегіз даналар арсында орналасқан.
Алайда, шығарудың (немесе шығындардың) қай деңгейін оптималды деп айту болады? Бұл сұраққа жауап іздеуде, МР шығарудың екі деңгейінің арасында емес, шығындардың қосымша бірлігінің нәтижесі болған шығару деңгейінде орналасқан.
Сұраққа жауап өндіріс факторларына сұраныс концепциясына негізделеді. Өндіріс факторына сұраныс осы факторларды пайдаланып алынған өнім сұранысының туындысы болып келеді.
Басқа сөзбен айтқанда, фирма жақсы нәтижеге жету үшін айнымалы шығындардың көлемі туралы шешім қабылдау бұрын, қанша өнім сата алатындығы, өнім бағасы, Х айнымалының ақшалай шығыны туралы білуі тиіс. Бұл механизмді айқын түсіну үшін фирма шығын мен өнімнің жетілген бәсеке нарығында жұмыс істейді, деп ұйғарайық. Бұл фирма ағымды нарық бағасымен қанша өнім сатқысы келсе сонша сатуы мүмкін дегенді білдіреді. Х шығынына бәсекеге қабілетті еңбекақы төлеу жағдайында оны қай көлемде пайдалануы туралы фирма өзі шешеді.
5.4 кестеде төрт жаңа көрсеткіштер берілген:
- Жалпы өнімнің ақшаға шағылуы ( TRP): фирма өнімінің нарықты құны жалпы өнімді нарықты бағаға көбейтіп есептелінген (Q х Р).
- Маржиналды өнімнің акшаға шағылуы (MRP): бұл көрсеткішті маржиналды өнімді нарықтық бағаға көбейтіп табуға болады (МР х Р).
- Еңбекақыға кеткен жалпы шығындар (TLС): еңбектің бағасы пайдаланған айнымалы шығындар көлеміне көбейтіп есептелінген.
- Еңбекақыға кеткен маржиналды шығындар (MLC): пайдаланған шығындарды бір бірлікке өзгерту нәтижесінде еңбекақыға кеткен жалпы шығындардың өзгеруі. Еңбектің бағасы шығындар көлемінен тәуелсіз өзгермейді деп ұйғардық, демек, MLC еңбекақы ставкасына тең болады.
5.4 кестедегі көрсеткіштердің мағынасын есептегенде, өнім бағасы 200 теңге, ал әр жұмыскердің еңбекақы ставкасы 1000000 теңге деп ұйғардық. Осындай мағынада болған жағдайда «ақылды» фирма 6 еңбек бірлігін алғысы келеді. Бұған дейін фирма еңбек бірлігін көбейту пайдалы болған, өйткені қосымша маржиналды еңбекақының ақшаға шағылуын, көбейтілген өнімді сату нәтижесінде алынған маржиналды өнімің ақшаға шағылуымен (МRР), орнын толтырып отырды. Бұл нүктеден жоғарыда еңбекақының ақшаға шағылуы қосымша табыстан көп болып келеді.
Ал енді бұл талдауда Х шығынына сұраныс қалай өнім сұранысынан шығатынын қарастырайық. Нарықты сұраныс өсіп, нарықтық бағаны 400 теңгеге көтерді делік. Ол еңбек шығындарының нарықтық құнын өсіреді. Басқаша айтқанда, әр қосымша еңбек шығынының жиынтық өнімге қосқан үлесі екі есе көбейді. Маржиналды өнімнің ақшаға шағылуының осылай өскені фирманың жетінші адамды жұмысқа алғанын ақтайды.
Сөйтіп, өнімге нарықтық сұраныстың өсуі, басқа факторлар өзгеріссіз қалған жағдайда, фирманың еңбекке деген сұранысты өсіруге алып келеді. Төменгі суретте осы айтылған жағдай көрнекі түрде бейнеленген.
Млн. теңге
16
14
12
10
8
6
4
2
1 2 3 4 5 6 7 8 9 Еңбекке сұраныс
Достарыңызбен бөлісу: |