Нарыққа ықтимал жаңа келгендер
Нарықта жаңа фирма пайда болу қаупі
Бір бірімен сөз байласқан сатушылар билігі
Бір бірімен сөз байласқан сатып алушылар билігі
Нарық ішіндегі бәсеке
Жабдықтаушылар
Сатып алушылар
Тауарлар-ауытырғыш немесе қызмет-ауыстырғыш пайда болу қаупі
Тауар-ауыстырғыш нарықтары
8.2. Портердің бәсеке моделі
Саланың жалпы пайдалылық моделін жасағаннан кейін Портер келесі сұрақты талдауға кірісті: қай текті стратегия берілген нақты фирмаға саладағы орташа көрсеткіштерден артық пайда алуға көмектеседі? Орташадан жоғары табысты экономикалық пайда немесе үстеме пайда деп қарастыруға болады.
Портер инвестицияланған капиталдан орташа деңгейден жоғары пайда алу үшін екі стратегияны ұсынады.
Бірінші әдіс – ол «саралау», екінші – «шығындарды азайтудағы лидерлік».
Шынында, тағы үшінші әдіс бар: фирма маманданады немесе бүкіл ықтимал сатып алушылар нарығында емес, тек нақты нарық секторында шығындарды төмендету аясында лидер болады.
Бұл жерде де микроэкономика теориясының Портердің стратегияға қатысты идеяларына ықпал еткені көрінуде. Шығындарды қысқарту аясында лидерлік әдісі жетілген бәсекеге негізделгені ашық көрінуде, ал саралау әдісі монополия немесе монополиялық бәсекеге қатысы бар. Жетілген бәсеке нарығында барлық фирмалар баға алушылар болып келеді. Нақты фирманың экономикалық пайда алуының жалғыз-ақ жолы бар – ол шығындарды келесі төменгі деңгейде ұстап қалуы керек: Р = МС, ал Р мен АС арасындағы айырма оң болып қалуы керек. Басқару экономикасына арналған оқулықтың авторлары – П.Кио мен Р.Янгтің пікірлері бойынша, М. Портер шығындарды азайтуда лидерлік әдіс туралы идеяға дәл осылай келген деп жазады.
Монополия немесе монополиялық бәсеке жағдайында тауарларды мамандандыру төмен түсетін сұраныс қисық сызығына алып келеді, ал MR қисық сызығы сұраныс қисық сызығынан төмен орналасады. MR = МС ережесін басшылыққа алып, фирма сұранысы едәуір көп тауарлар линиясына АС-дан асатын бағаны орнатуына болады. Бұған ең шекті мысал – ол таза монополия. Тауар тек мамандырылған емес, сонымен қатар бірегей болып келеді. Монополиялық бәсеке жағдайында мамандандырылған фирма алған үстеме пайда уақыт өткен сайын азаюы мүмкін, егер жаңа фирмалар нарықта пайда болса, олар сұраныс қисық сызығын солға жылжытады. Портер бойынша ол туралы келесідей айтуға болар еді: жаңа фирмалардың келуі саралауға қатаң бағдарланған стратегияны ұстаған фирмаларға кең сұранысы бар тауарларды шығаратын фирмаға қарағанда анағұрлым әлсіз әсер етер еді.
Достарыңызбен бөлісу: |