Басқару экономикасы


Бақылау сұрақтары мен есептер



бет89/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   112
Байланысты:
treatise75256

Бақылау сұрақтары мен есептер

1. Егер компания «шығындар-плюс» калькуляциялау негізінде бағасын белгілесе, онда ол өз тауарларынан зардап шекпейді деген пікір дұрыс деп ойлайсыз ба? Түсініктеме беріңіз.

2. Бағалық кемсітуді кейде теңдік тұрғысынан қорғайды. Бұл жерде нені ойда тұтады?

3. Көп жылдар бұрын дәмхана иесі бір шынаяқ кофе 15 цент және шығыр нан мен майға 15 цент бағаларын белгілеген. Бір жолы сатып алушы кофе мен шығыр нан мен майға тапсырыс береді, оған жалпы бағасы 35 цент тұрады деп айтылды. Сатып алушы білгісі келіп, қай тауарға баға өскенін сұрады. Оған дәмхана иесі: «Ал сіз қалай ойлайсыз?» деп жауап берді. Сіздің пікіріңіз бойынша, қай тауарға және қай себеппен баға өсті?

4. Барометрлік пен басым бағалық лидерліктен арасындағы айырмашылықтарды атаңыз.

5. Картельдік баға мен монополиялық бағаның арасында ұқсастық бар ма?

6. Картельді қалыптастыруға және сақтап қалуға қандай жағдайлар қолайлы?

7. Телефон компаниялары жұмыс күндері бойында, кешкі уақытта. Түнгі немесе демалыс уақыттарында әр түрлі тарифтерді тағайындайды. Сіздің ойыңызша, бұл бағалық кемсіту болып келмей ме?

8. Келесілерге анықтама беріңіз және мысалдар келтіріңіз: а) трансферттік бағалар; б) психологиялық бағалар; в) «қаймақты қалқып алу»; г) «нарыққа ену бағасы».
9. Болжал бойынша, ұшақ жасап шығаратын компанияның жылдық тұрақты шығындары $50 млн., бір ұшаққа шаққан айнымалы шығындар $2 млн. құрайды. Егер өндіруші инвестицияланған капиталға 10% пайданы белгілеп, оны $400 млн. өлшемінде алса және бір жылда 100 үшақ жасауды жоспарласа, толық шығындарға қанша үстеме бағаны қосуы керек? Ал егер 150 ұшақты жасауды жоспарласа, үстеме баға қаншаға тең болуы керек?
10. Prestige Office Equipment Company офистік жиһаздың әр түрлі типін өндіріп сатады. роизводит и продает различные типы офисной мебели. Маңызды өнімінің бірі жоғары сапалы офистік үстел болып келеді. Өткен жылы осындай үстелдің 5 мыңы сатылды, әрқайсының бағасы $500 болды. Осы бұйым линиясынан өткен жылы $700 мың пайда алынды. Консультант компанияға үстел бағасын S30-ға азайтыңыз деп ұсыныс жасады, сонда тағы 500 үстелді қосымша сатып жалпы пайданы сақтап қалуға болады. Салалық журналының бағалауы бойынша, офистік жиһаз бойынша баға икемділігі (оның ішінде жазу үстеліне де) -1,8 құрайды.

Осы жылы бір үстелге шаққандағы үлестік айнымалы шығындардың өзгермеуін ескеріп, консультанттың ұсынысын бағалаңыз.

Жауап берерде консультанттың ұсынған бағалық икемділігін және жарияланған икемділіктің бағалауын ескеріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет