Басқару экономикасы


сурет. Үстем бағалық лидерлік



бет85/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   112
9.1 сурет. Үстем бағалық лидерлік
Бүкіл сала үшін сұраныстың қисық сызығы – . Үстем фирманың шекті шығындарының қисық сызығы – . Фирма-ізбасарларының шекті шығындарының қисық сызықтарының сомасын көрсетеді.

Лидердің сұраныс қисық сызығы фирма-ізбасарлардың шекті шығындардың қисық сызығынық әр нүктесін сұраныстың жалпы қисық сызығынан алғанда болады. Себебі мынада: шағын фирмалар өз тауарын біріккен шекті шығындардың қисық сызығына сәйкес ұсынатын болса, онда үстем фирма -да көрсетілген тауарға сұранысың сол жағына орналасады.

Егер лидердің шекті табысының қисық сызығын әдеттегідей бейнелесек, онда лидер өзіне максимал пайда әкелетін А нүктесіндегі өндіру көлемін, В нүктесіндегі бағаны орнатады.

Кейін одан ұсақ фирмалар осы бағамен келісіп, қалған нарықты қамтамасыз етеді. Сонымен, фирма-ізбасарлар Р бағасында сұраныстың көлденең қисық сызығына тап болады. Мұндай жағдай көшбасшы фирманы қанағаттандырады. Бұл оның пайдасын максимал көбейтеді және шағын фирмаларды сақтап қалуға мүмкіндік береді, сот талқылауына түспейді.

Керісінше, ізбасарлары баға соғысына былықпай (ол сотта ұтылып қалуы өте ықтимал) нарықтың бір бөлігін қамтамасыз етеді. Картель жағдайындай, үстем бағалық лидерлік барған сайын құлдырауда. Нарық өскен сайын салаға жаңа фирмалар келеді, сөйтіп фирмалардың өзара тәуелділігі бәсеңдейді. Технологиялық өзгерістер баға құрылуына өзгерістер енгізуі мүмкін, ал ол ұзақ мерзімді келешекте үстем фирманың көшбасшылығын әлсіретуі мүмкін.

Егер компания бірнеше нарықта ұқсас тауарларды сатса, оларға әр түрлі бағаларды тағайындауы мүмкін. Мұндай тәжірибені бағалық кемсіту деп атайды. Бағалық кемсіту келесі құбылыстарды білдіреді:

- шығындары ұқсас тауарлар әртүрлі нарықта әртүрлі бағамен сатылады;

- бағаның шекті шығындарына қатысы ұқсас тауарларда өзгеше болады.

Бағалық кемсітудің болуы құнның өзгешілігінен емес, сұраныс өзгешелігінен туады. Бағалық кемсітуді орнатуға талпынудың себебі оның пайданы көбейтуге жағдай жасауында. Тауар тұтынушылары тұрғысынан, төмендеу бағалары бар нарық бағасы бірдей болған нарықпен салыстырғанда пайда дәмелендіреді. Алайда, жоғарырақ баға бар нарықтар тиімсіз жағдайда қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет