9.4. Баға белгілеу әдістері
Баға белгілеудің бірнеше әдістеріне тоқталайық. Барлық салада кең таралған әдістің бірі «шығындар-плюс» әдісі болып келеді, бір қарағанға ол шекті баға белгілеу принципімен еш арақатынаста емес сияқты.
Егер өнімге жұмсалған тура (айнымалы) шығындар 1200 теңге болса, оған 900 теңге үстеме шығыстарын және 25%-ға тең сауданың қалаулы үстеме бағасын қоссақ, тауардың бағасы келесідей белгіленеді:
Тауар бағасы = (1200 + 900 + 0,25 х 2100) = 2625 теңге.
Мұндай әдісті жиі қарапайым әдіс деп атайды. Бірақ көзге түсетін қарапайымдық өзіне күрделі есептеулер мен алғышарттарды енгізеді:
1. Қай жолмен орташа айнымалы шығындар есептелінеді?
2. Қай жолмен тұрақты шығындар есептелінеді? Неге бағаны есептеуге тұрақты шығындарды енгізеді? Экономикалық теория бойынша тұрақты шығындар бағаға ықпал жасамайды.
3. Қай жолмен сауданың үстеме бағасын анықтайды? Әдетте, сауда үстеме бағасы сатушыға «адал» пайда әкелуі керек деп жатады. Егер солай болса, сұраныс есепке алына ма?
«Шығындар-плюс» әдісі және шекті баға белгілеу әдісі бір біріне өте жақын. «Шығындар-плюс» әдісінде – тұрақты да, айнымалы үстеме шығындар да – әдеттегідей біршама стандартты немесе қалыпты санға есептелінеді, бухгалтерлер солай жасайды. Бұл белгілі өткен мезгілдегі нақты шығындар, олар балама шығындарға кірмейді.
Бірақ экономика теориясы, үлестік шығындар өнім санына тәуелді өзгереді және болжалған сан түпкі нәтижеге сәйкес келмеуі мүмкін, дейді. Оның үстіне, айтқанымыздай, тұрақты шығындар бағаны белгілеуге қатыспайды.
«Қалыпты» сан – X нүктесінде – шығындарды есептеу қажет, бірақ басқа өнім бірлігінің саны басқа шығындармен өндіріледі. Осы сыни ескертпелерді ескерсек, «шығындар-плюс» әдісінің кемшіліктері соншалықты елеулі бола қоймайды. Шығындарды есептегенде балама шығындарын алып тастауға еш себеп жоқ. Тіпті оларды енгізбесек те, қалыпты пайданы (балама шығынның басқа аты) сауда үстеме бағасына оңай қосуға болады.
Бүгінде «шығындар-плюс» әдісі ұзақ мерзімді концепциясы (long-term concept) болып келеді деп айтылуда. Егер осылай болса, онда экономика теориясына сәйкес барлық шығындар айнымалы болып келеді, тура шығындарды бөлу ұзақ мезгіл бойы қосымша айнымалы шығынды бағалау болып келеді. Фирма стандарттық шығындар есептелетін аралық шеңберінде тауарды өндіреді, сол аралықта өнім бірлігінің көлеміне тәуелді шығындар өзгеру мәселесі болып тұрады.
Онымен қоса, егер қисық сызығы көлденең болса, шекті шығындар осы аралықтағы орташа шығындарға ұқсас болып келеді, сондықтан бағаны орташа шығындар негізінде белгілеу шекті шығындар негізінде бағаны белгілеуіне ұқсас болады.
Оның үстіне, экономикалық теория жетілген бәсеке жағдайында ұзақ мерзімді келешекте пайданың, қалыпты түрінен басқа, барлық түрі ғайып болады, деп айтады. Сондықтан сауда үстеме бағасы қалыпты пайда болып келеді.
Алайда, шынайы бәсеке күресі жетілмеген болуы ықтимал, сондықтан фирма сұраныстың төмен түсетін қисық сызығымен ісі болуы мүмкін. Онда сұраныстың қисық сызығы туралы сұраққа келеміз. Егер үстеме баға «адал» пайда алуға қатысты болса, онда сұраныс жағдайларына назар аудармаса да болады. Бірақ бұл үстеме бағаның өлшемі толық икемсіздікпен сипатталады деген сөз.
Тәжірибеде сауда үстеме пайызы әр тауарға өзгеше болып келетінін байқауға болады. Компания бір тауарға басқаларына қарағанда аз береді, бұл баға туралы шешім қабылдағанда сұраныс пен бәсеке жағдайы ескерілетінін көрсетеді.
Үстеме баға сұраныс икемділігіне теріс пропорционал болып келеді. Оны мынадан көруге болады: егер фирма күшті бәсекеге тап болса, сұраныс қисық сызығы көлденең немесе соған жақын болады. Бұл жағдайда фирма тым үлкен үстеме баға қойып еркінсінбейді.
Тағы бір маңызды жағдайды қарастыру қажет. Фирмалар кей кезде бір тауардың өзіне үстеме бағаны өзгертіп тұрады. Бұл өзгерістер сұраныстың немесе шығындардың ауыткуынан туады. Егер олар орын тепсе, фирма жаңа жағдайға бейімдеп, үстеме бағаны өзгертеді, сөйтіп өзінің пайдасын көбейтіп немесе сақтап қалуға талпынады. Яғни ол баға белгілеудің шекті әдісіне сәйкес әрекет жасағаны. Кәсіпкерлер жеткілікті білімі болмағандықтан шекті табыс және шекті шығындар қисық сызықтарын діл бағалай алмайды. Сондықтан «шығындар-плюс» әдісі шекті әдісін жақсы ауыстыратын әдіс болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |