9.2. Баға бойынша лидерлік
Құпия сөз келісіміне келу өте қиын, сондықтан олигополиялық нарық жағдайында баға белгілеудің басқа түрін қолданады. Бұл тәжірибені баға бойынша лидерлік (баға лидерлігі) деп атайды. Бұл жерде бағаны бір деңгейде сақтап қалу немесе келісілген өзгерту туралы формалды немесе жасырын мәміле жоқ. Әйткенмен, бір фирма бағасын өзгерткенде, қалғандары оған еліктейді.
Бағалық лидерліктің екі негізгі варианты болады: барометрлік және үстем.
Барометрлік бағалық лидерлік. Бір фирма ұдайы лидер бола бермейді, сөйтіп әрқашан баға тағайындамайды. Бір фирма экономика ахуалына сәйкес бағаны өзгертуді бастай бермейді, соңынан басқалары оған ілесе бермейді. Егер барометрлік лидер экономикалық факторларды намақұл бағаласа, қалған компаниялар өз бағаларын өзгертпеуі немесе болмашы өзгертуге баруы мүмкін. Ал егер фирма экономика ахуалын дұрыс есептесе, қалған фирмалар жаңа баға деңгейіне бейімделуі мүмкін. Ол орын алмаса, бағалық лидер бағаны өзгердуді тоқтату керек немесе қайталап барлықтарына тиімді болатындай бағаны өзгертеді. Осындай бір сарынды бағаны өзгертулер көп салаларда кездеседі, оның ішінде: автокөлікті жасау, болат құю, қағаз өндіру салаларында кездеседі. Сонымен қатар әуе тасымалдау индустриясында бірнеше мысалдар бағалық лидер соңынан басқа компаниялардың ілеспегенін көрсетеді.
Үстем бағалық лидерлік. Егер салада басқа фирмалардан өзінің өлшемімен және экономикалық маңыздылығымен көзге түсетін компания болса, онда үстем бағалық лидерлік пайда болады. Үстем фирма ең тиімді (яғни минималды шығындарымен) компания болуы мүмкін. Белгілі бір жағдайларда ол өзінен ұсақ бәсекешілерін бизнестен шығарып жіберуі мүмкін. АҚШ-та мұндай әрекеттер сот талқылауына алып келуі мүмкін, өйткені трестке қарсы заң бұзылды деп айып тағылады.
Осындай қиындықтан аулақ болу үшін үстем компания монополист ретінде әрекет етеді: бағаны тағайындағанда максимал пайданы алуды көздейді, бірақ ұсақ компаниялардың бар болуына және олар тауарларын лидердің бағасымен қанша сатқысы келсе, сонша сатуына мүмкіндік береді.
Үстем бағалық лидерлік моделін теория тұрғысынан түсіндіру оңай; оны 9.1 суреттен көруге болады.
Тенге
B
P
A
Q
Достарыңызбен бөлісу: |