Басқару экономикасы


Баға белгілеу ерекшеліктері



бет83/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   112
Байланысты:
treatise75256

9. Баға белгілеу ерекшеліктері
9.1. Картелді ұйымдастыру

Бәсекенің қатаң жағдайында ұзақ уақыт бойында аман қалу үшін фирмалар жұмысты ең төменгі шығындар деңгейінде істеуі керек және минималды деңгейден асатын пайданы алуы қажет.

Әр компанияның ақырында монополист болуы үшін бәсекешілерінен күшті болуға мәжбүр ететін ынталандырма болады. Өнеркәсіптің олигополиялық саласында бірнеше ірі фирма болады, жеке фирманың н басқаларын жойдыру қолына келмейді. Монополист болу үшін көп компаниялардың монополист қатарында болғандай бірге қызмт істегені пайдалы. Басқа сөзбен айтқанда, картелді ұйымдастырып, олар бірлесіп қимылдауы керек. Картелді жасалауы жариясыз болуы мүмкін, бірақ көп жағдайда нақты келісім болу керек. Картелдер олигополиялық нарықта әрдайым табысты бола бермейді.

Картелдің қалыптасуына ықпал жасайтын жағдайлар:

1. Ірі фирмалардың шамалы санда болуы құпия сөз байласуға жағдай жасайды.

2. Фирмалардың жақын орналасуы картелді қалыптастыруға өз септігін тигізеді.

3. Картель өндіретін өнімнің бірыңғай болуы қатысушылардың бір бірін алдауға және өнім ерекшелігіне көңіл аударуға мүмкіндік бермейді..

4. Бизнестің басты жағдайларының рөлі өте қарама-қайшы болады. Әдеттегідей, картелдер саланың құлдырау уақытында пайда болады, сөйтіп компаниялар бағаның қиратушы әрекетіне қарсы тұрады. Алайда картелдер тарап кетуі мүмкін, егер өнімге сұраныс құлай берсе, әрқайсысы өз бетімен қиындықтан шығуды қалауы мүмкін. Экономика өрлей бастағанда қайтадан ұйымдасуы мүмкін. Сонымен, картелдер экономикалық циклдың кез келген кезеңінде жасалынып немесе ыдырап жатуы мүмкін.

5. Бизнеске кірісу қиын болу қажет, бұл жерде OPEC-ті жақсы мысал ретінде келтіруге болады. Негізгі ресурстарға ие емес елдерге мұнайды өндіруді бастап, монополиялардан табыс алу мүмкін емес.

6. Егер картель мүшелерінің шығындары бірдей болса, онда картель мүшелерінің пайдалылығында айырмашылықтар болмайды, картелді сақтап қалу оңай.

Картелде бірігу қымбатқа түседі. Біріншіден, картелді қалыптастыру көп қаражатты талап етеді. Екіншіден, картель мүшелерінің қызметіне мониторинг жүргізуге және әр түрлі қажетті шараларды іске асыруға қаражат жұмсалады.

Билік тарапынан жазалау акцияларына байланысты ықтимал шығындар болады. Сонымен, құпия сөз байласудан туған қосымша табыс айтылған шығындардан артық болуы тиіс.

Құпия сөз келісімі формалды емес түрінде де кездеседі. Мысалы, бір қаланың ішінде бензин құйып алатын колонкаларда бензинді бірдей бағамен сатады, тіс емдеушілер өз қызметіне бірдей баға орнатады және с.с. мысалдар жиі кездесіп тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет